Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет153/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

Тақырып бойынша сұрақтар: 
 
1) Сөз таптарының ішіндегі сан есімдер қандай сөздер ? 
2) Сан есімдер тұлғасы мен мағынасына қарай нешеге бөлінеді ? 
3) Реттік сан есім қалай жасалады ? 
4) Жинақтық сан есім қалай жасалады ? 
5) Бөлшектік сан есім нені білдіреді ? 
6) Топтау сан есімдеріне қандай сан есімдер жатады ? 
7) Болжалдық сан есімдер қалай жасалады ? 
8) Сан есімдер сөйлемде қандай сөйлем мүшелерінің қызметін атқарады? 
 
 
 100-жаттығу. Мына сөйлемдерді көшіріп, сан есім сөздерінің астын сызыңдар. Оларға 
қандай қосымша жалғанып, сөйлемнің қандай мүшесінің қызметін атқарып тұрғанын 
айтыңдар. 
І. Екі пункіттен бір уақытта бір-біріне қарама-қарсы екі автомобиль шық-
ты.Сағатына біреуі 90 шақырым, екіншісі 110 шақырым жүрді.10 сағаттан 
кейін автомобильдер кездесті.Екі пункіттің арасын есептеп шығарыңдар. 
ІІ. 1) Екеуміз ілгері жортып кеттік (Ғ. Сл.). 2) Мұз алаңының үстіне қалың 
қамыс төсеп, қырықтаған адам қазанды қоршай отыра қалдық (Ә. С.). 3). 
Екеуміздің көзіміз енді ғана кездесті (Ғ.Мүсір.). 4).Үш-төрт ай қызметтес 
болып, бірге жүріп сыр алысқаннан кейін екеуміз жақсы тату жолдас болдық 
(Б. М.). Екеуі жиырма-жиырма бес жыл бір отасып келе жатқан абысын болса 
да, апалы-сіңлілі кісідей тату-ақ (Ғ. М.). 6). «Тәкежанның сегіз жүз жылқысы 
үшін Жігітек жағы сол жылқының орнына екі бестіден мың алты жүз бесті 
береді»-деп кесік айтты (М. Ә.). 
101-жаттығу. Бірінші бөлімдегі сан есімдерге тиісті тыныс белгілерін қойып, екінші 
бөлімдегі сан есімдердің цифрмен жазылғандарын сөзбен,сөзбен жазылғандарын цифрмен 
жазыңдар. 
І. 18 ге, 100 ден, 15 үй, 2 лерде, 2 курс, 20 том, ХХ том, 18 қараша, 2012 
жыл, ХІІ тарау, шілденің тоғызы 
ІІ. 35, 150, 565, 4795, 1970, он бесінші үй, жиырма бірінші пәтер, он 
бестерде, қырық жетіде, бір мың тоғыз жүз сексен алтыншы жыл, жүздеген 
адам, алпыстарда. 


175 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет