Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


Негізгі үстеулер. Қазіргі кезде морфологиялық жағынан



Pdf көрінісі
бет203/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

1.Негізгі үстеулер. Қазіргі кезде морфологиялық жағынан 
бөлешектеуге келмейтін, белгілі тұлғада көнеленіп қалыптасқан үстеу 
сөздерді н е г і з г і ү с т е у л е р дейді.
Негізгі үстеулерге кеше,бұрын,қазір ,мана, бағана, әуелі,жоғары, төмен, 
ілгері,кері,бері,бермен,әрі ,әрмен, дәл, әдейі,жорта, әншейін,әрең, азар, дереу, 
шапшаң, тез,жылдам,үнемі,ұдайы,қасақана,сәл, мейлінше,нағыз,тек, 
лық,тым,ең,өте,тіпті, аса, әбден,мүлде,орасан,нағыз сияқты морфология-
лық құрамына қарай бөлшектеуге келмейтін,осы күйінде бір қимылдық,
сындық белгіні көрсететін сөздер жатады .
Негізгі үстеулердің көпшілігіне сын есімнің –рақ,-рек,-ырақ,-ірек,-лау,-леу 
сияқты шырай жұрнақтарын жалғап, мағналарын күшейтүге болады. 
Мысалы: 
бұрын 
бұрынырақ 
бұрындау 
ерте 
ертерек 
ертелеу 
ілгері 
ілгерірек 
ілгерілеу 
шапшаң 
шапшаңырақ 
шапшаңдау 
төмен
шөменірек 
төмендеу 
Кейбір күшейткіш үстеулерді өзге үстеулердің алдынан тіркестіріп айту 
арқылы да негізгі үстеулік мағынаны күшейтіп көрсетуге болады .
Мысалы: сәл бері, тым төмен, өте жоғары ,тіпті жылдам, тым тез, мүлде 
кейін т,б
2.Туынды үстеулер . Өзге сөз таптарынан түрлі қосымшалар
арқылы, сөз біріктіру және белгілі сөз тіркестерінің тұрақтануы арқылы 
жасалған үстеулерді т у ы н д ы ү с т е у дейміз. 
 
Туынды үстеулердің жасалуының бірнеше түрі болады. Олар мыналар : 
а) Сөздің түбіріне әр түрлі жұрнақ жалғану арқылы жасалған 
туынды үстеулер . 
1).-ша,-ше, жұрнағы жалғану арқылы туынды үстеу жасалады. Бұл үстеу
жасауда үлкен орын алатын өнімді жұрнақ болып саналады.Мысалы: 
орысша,қазақша , адамша,көзімше, ескінше, біздіңше, әзірше. 
2)-лай,-лей,-дай-,дей,-тай,-тей жұрнақтары есім сөздеріне жалғанып 
үстеу тудырады .Мысалы:жаздай,күздей,қыстай, астықтай, ақшалай, 
шикілей,астықтай, тірілей.  


3)-шалық, (-ша, -лық), -шама, (-ша, -ма) жұрнақтары сілтеу есімдіктеріне 
жалғанып мөлшерлік үстеу тудырады. Мысалы: соншама, соншалық, 
мұншама, мұншалық, осыншама, осыншалық.
4) -шылап, -шілеп жұрнағы есім сөздеріне жалғанып үстеу тудырады. 
Мысалы: жылқышылап, итшілеп, Асаншылап, Дүйсеншілеп т.б.
5)-дайын, -дейін, -тайын, -тейін жұрнағы есім сөздеріне жалғанып үстеу 
тудырады. Мысалы: қырандайын, қасқырдайын, түлкідейін, құрақтайын, 
бұлақтайын. 
6)-ын, -ін жұрнағы есім сөзлеріне жалғанып үстеу тудырады.Мысалы:
астыртын, үстіртін


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет