Тақырып бойынша сұрақтар: 1) Қандай сөз табын үстеу дейді ? 2) Үстеулер тұлғасына қарай нешеге бөлінеді ? 3) Қандай үстеулер негізгі үстеулер деп аталады? 4) Негізгі үстеулер сын есімнің қай шырайының жұрнағы арқылы түрлене алады ? 5) Қандай үсеулер туынды үстеулер деп аталады ? 6) Туынды үстеулер қандай жолдармен жасалады ? 7) Қандай жұрнақтар есім сөздеріне жалғанып, туынды үстеу жасайды ? 8) Үстеулердің біралуаны қандай көнеленген қосымшалар жалғану арқылы жасалған ? 9) Күрделі үстеулер қандай жолдар арқылы жасалады ? 132-жаттығу.Мына сөйлемдерді көшіріп ,үстеулердің астын сызыңдарОлардың
құрылымы жағынан қандай үстеу екенін және қалай жасалғанын айтыңдар .
1.
Сәтжан бірде тік жүріп ,бірде тасқа жабыса өрмелеп, жартастың
кеудесіне таман келді.(С.Бег) 2) Иесіз қалған екі пулеметті қатар қойып алып,
екеуімен кезек-кезек ата бастады.(Ә.Ә) 3) Шу дегенде болатын тосырқаулық
та,салқын сыпайыгершілікпен амандасу да бірте-бірте жойылды.(М.И.) 4)
Сол күні кешке қарай қызметін бітіріп ,Жанна велосипедпен зырлатып келе
жатты . 5) Қазір алдында жатқан өзеннің төменгі жағындағы ілгерілі –
кейінді орналасқан үш шоқының түбіне барды (Т.А.). 6) Жас ұшқыштың
жауынгерлік жолы осылайша басталды. (С. Б.)
7). Осылай етіп алғаны ағат болған (М.Ә.) .
§ 93. Үстеулердің мағыналық түрлері .
Үстеулер тұлғасына қарай бірнеше топқа бөлінгені сияқты мағына-ларына
қарай да бірнеше топтарға бөлінеді . Үстеулердің сөйлем ішінде беретін
мағыналары алуан түрлі бола тұрса да , оларды негізгі сегіз топқа бөлуге
болады : 1) мезгіл үстеулері 2) мекен үстеулері 3) мөлшер үстеулері 4) сын-
қимыл (бейнелік) үстеулері 5) күшейту (ұлғайту) үстеулері 6) мақсат
үстеулері 7) себеп-салдар үстеулері