Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет266/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   262   263   264   265   266   267   268   269   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

§ 122. Мақсат пысықтауыш 
Етістік баяндауышпен я етістіктен болған өзге мүшемен байланысты 
болып, етістіктегі қимылдың мақсатын білдіретін пысықтауышты м а 
қ с а т п ы с ы қ т а у ы ш дейді. 
 Мақсат пысықтауыштар не істеуге? не үшін? не мақсатпен? неге бола? 
неге? деген сұраулардың  біріне жауап береді. 
Мақсат пысықтауыштар мына сияқты сөз таптарының тұлғалық 
ерекшеліктері арқылы жасалады. 
1. Мақсат пысықтауыштары жорта, әдейі, қасақана сияқты мақсат 
үстеулерінен болып келеді. 1) Мұның бәрін ол жорта істеді. 2) Өзінің 
пароходсымағын бөтен кеменің жолына қасақана жібереді. (Л. К.) 
2. Есім сөздерінен кейін үшін шылауының тіркесе айтылуы арқылы 
мақсат пысықтауыш болады. Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін. Жоқ-барды, 
ертегіні термек үшін. Қөкірегі сезімді, тілі орамды Жаздым үлгі жастарға 
бермек үшін. (А. Қ.) 


3. Тұйық райлы етістік тұлғасындағы қимыл есімдері барыс жалғауында 
келіп мақсат пысықтауыш болады. 1) Радист қолына қаламын алып, бәрін 
жазып алды да, командирге баяндауға жүгіріп кетті. (Л. К.) 2) Жиналып 
жұртым алдыма, тыңдауға мені келіп түр. (Ж- Ж-) 3) Өзіміз де тыныстауға 
мейманханамызға беттедік. (С. М.) 
4. Зат есім сөздері -қалы, -келі, -ғалы, -гелі жұрнақтары арқылы жасалған 
көсемшелерге тіркесе айтылып мақсат пысықтауыш жасалады. 
1) Бөжейлер Құнанбайдың үстінен арыз айтқалы Қарқаралыға кетіп 
барады. (М. Ә.) 2) Сізге сәлем бергелі бұрыл дым. (С. М.) 
167-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, мақсат пысықтауыштардың астын сызыңдар. 
Олардың қай сөз табынан жасалып тұрғандығын айтыңдар. 
1)Дәмін қарау үшін командирге апаруға болады. 2) Мен бөтен теңіздегі 
белгісіз балықтарды өз байлығымызбен тамақтандыруға жалданғаным жоқ. 3) 
Тесікті бітеу үшін ауыр брезентті кеменің нағыз түбіне тастай бастады. 4) 
Бейбітшілік үшін, Отан үшін олар әзір тұрады. 5) Біздің адамдарға түсінікті 
болу үшін тілмаш мұның бәрін дәл қалпында айтып берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   262   263   264   265   266   267   268   269   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет