Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


қуанғаннан алқынып Ә.Ә. ). 2) Майбасар қысылғаннан



Pdf көрінісі
бет269/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

қуанғаннан алқынып Ә.Ә. ). 2) Майбасар қысылғаннан  лекітіп күле берді
( М.Ә.). 
3. Есімшеге себепті, соң шылаулары тіркесіп айтылып та себеп 
пысықтауыш жасалады. 1) Олар бар мүмкіндікті дұрыс пайдалана білгендігі
себепті мұндай жетістіктерге ие болып отыр.
4. Есім сөздері мен есімшелерге үшін  шылауы тіркесіп айтылу арқылы 
да себеп пысықтауыш жасалады. 1) Оған еңбек тәртібін бұзғандығы үшін 
сөгіс жарияланды. 2) Қазақ сахна өнерін дамытудағы жиырма бес жылдық 
еңбегі үшін Парасат ордені берілді.
 
 
§125. Мөлшер пысықтауыш 
 
Етістік баяндауышты немесе етістіктен болған өзге мүшелерді сан, 
мөлшерлік жағынан айқындап, пысықтап тұратын пысықтауыштың 
түрін м ө л ш е р п ы с ы қ т а у ы ш деп атайды. 
Мөлшер пысықтауыштар қ а н ш а ? н е ш е ? қ а н ш а л ы қ ? қ а л а й ? 
деген сұрақтарға жауап береді. Мынандай жолдармен жасалады: 
1. Көп, аз, тегіс, жаппай, сонша, соншама, мұнша, мұншама, аз-аздан, азды-
көпті, азғантай тәрізді мөлшер мәнді үстеулер етістік сөзерімен тіркесіп 
келіп, мөлшер пысықтауыш болады. 
1)Ол бүгін күндегіден ерекше боп, соншалық жақындай түскен ( М. Ә.).
2) Мұншалық дінің қатты болар ма? ( Қ. Н.). 3) Содан бері тіршілік 
осылайша өтіп жатыр ( Т. Әлімқ.). 4) Қонақ аз отырып, көп сынайды (М. 
М. ). 5). Қазақ соғыстарында жаралану көп те, өлім аз болады ( Ғ. М.). 6) 
Әлгі әзірде сәл ғана көз шырымын алып еді, жол соқты болған денесі 
кәдімгідей сергіп, тыңайып қалыпты ( Б. Соқп. ). 
 
Тақырып бойынша сұрақтар: 
 
1) Пысықтауыш сөйлемде қандай қызмет атқарады? 
2) Пысықтауыштар қандай сөз таптарынан жасалады? 
3) Пысықтауыштар мағыналық қарым-қатынасына қарай нешеге бөлінеді? 
4) Мезгіл пысықтауыш нені білдіреді ? Сөйлемде қандай сөздер мезгіл 
пысықтауыштың қызметін атқарады? 
5) Мекен пысықтауыш нені білдіреді? Сөйлемде қандай сөздер мезгіл 
пысықтауыштың қызметін атқарады? 
6) Мақсат пысықтауыш қалай жасалады.? Қандай сұрақтарға жауап 
береді? 


291 
7) Сын –қимыл пысықтауыш деп қандай пысықтауыштарды айтады? 
Сөйлемде қандай сөздер сын-қимыл пысықтауыштың қызметін 
атқарады? 
8) Себеп пысықтауыш деген не? 
9) Мөлшер пысықтауыштар қандай сөздерден жасалады.? 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет