Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


§123. Сын-қимыл ( амал) пысықтауыш



Pdf көрінісі
бет267/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   263   264   265   266   267   268   269   270   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

 
§123. Сын-қимыл ( амал) пысықтауыш
 
Етістік баяндауышпен немесе етістіктен болған өзге мүшелер-мен
байланысты болып, етістіктегі қыймылдың қалайша өткенін не өтіп 
жатқанын, сындық-қимылдың сапасын және мөлшерін білдіретін 
пысықтауышты с ы н – қ и м ы л ( а м а л ) п ы с ы қ т а -у ы ш дейді. 
Сын-қимыл амал пысықтауыштар қ а л а й ? қ а л а й ш а ? қ а й т і п ? н е 
қ ы п ? н е е т і п ? к і м а р қ ы л ы ? н е а р қ ы л ы ? қ а н ш а
р е т ? н е ш е р е т ? деген сұрақтардың біріне жауап береді. 
Сын-қимыл пысықтауыштар мына сияқты сөз таптарынан жасалады . 
1. Көсемше, көбіне, сын-қимыл (амал) пысықтауыш болады. 1) Михаилдар
қарайламай жүріп кетті. (Ғ.Сл). 2) Күздің таңы баяулап атып келеді екен
(М.Ә.) 3) Нағима ана тесіле қарайды. ( Ғ.М.) 
2. Сын-қимыл және мөлшерлік үстеулер сын-қимыл амал пысықтауыш 
болып келеді. 2) Біз жөн сұрап тез шүйіркелесіп кеттік(.Ә.Ә.) 2. Бақанас 
бойының гүлденген талы, желек жамылған жас сұлудай, жел лебінен ақырын 
ғана ырғалады .(С.Бег).3. Басқамызға қайырылмастан тұп-тура Жалпақ 
балуанының шалбарына орала түсті.(Ғ. М)  
3.Кейбір септік жалғаулы сөздер (көбіне көмектес септік) қ а л а й ? ееген 
сұраққа жауап болып тұрса, сын-қимыл (амал) пысықтауыш болады.
1) Ол қуанышпен қарсы алады. (Ә.Ә) 2.)Халықтың оларға ызамен 
қарайтындығын көреді.(Л.К.) 3) Пәрменімен ағызып келе жатқан машина 
тоқтап қалды.(Ә.Ә.)


289 
4. Сын есім мен сан есім сөздері етістіктен болған мүшемен байланы-сып 
сын-қимыл (амал) пысықтауыш болды. 1.Әке қадірінің қандай екенін мен қазір 
жақсы білемін .(Б.С.) 2.Қырық өлшеде,бір кес. (М.М). 
5. Көп, аз сөздері етістіктен болған мүшенің алдында келіп,сын-қимыл
(амал) пысықтауыш болады. 1) Сәтжан көп тыңдады (С.Б) 2)Раушан аз 
мүдіріп үндемей қалды.(Т.А) 
6.Шылау тіркесіп айтылған сөздер де сын-қимыл (амал) пысықтауыш
болады. Алға қараушы телефон арқылы командирге баяндайды (Л.К.) 
7. Мезгілдік мағынасы бар есім сөздермен және есе,рет сөздерімен 
тіркескен сан есімдер сын- қимыл (амал) пысықтауыш болады. 
1) Алдынан үш рет жалғыз аяқ жол кездесті.(Т.А) Байыған соң екі есе 
қылып қайтарармын.
8.Есім сөздеріне, есімшелерге -дай, - дей, - тай, -тей жұрнағы жалғанып, 
етістіктен болған мүшемен байланысып, сын-қимыл (амал) пысықтауыш
болады. 1. Жылап аққан арық суын жалаңдаған сары құм жалмап алып
түк көрмегендей сазара түседі.(Ғ.М)2.Қаңбақтай көшкен тағдыр желі 
қуып, қайран ел жаңа жетті сыбағаға.(Қ.А.) 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   263   264   265   266   267   268   269   270   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет