Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


әрі дамыту жаңа қогамның саналы еңбекшілерін тәрбиелеуді қамтамасыз



Pdf көрінісі
бет277/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

әрі дамыту жаңа қогамның саналы еңбекшілерін тәрбиелеуді қамтамасыз 
етуге тиіс... 
Бұл — бірнеше жайылма бірыңғай мүшелі жай сөйлемдер, мүнда 
қамтамасыз етуге тиіс
деген етістік күрделі баяндауышқа меңгерілгеи төрт 
бірыңғай тура толықтауыш бар. Бұл бірыңғай мүшелердің әркайсысының да 
өзіне қатысты бірнеше сөздері бар. Сондықтан мұндай бірыңғай мүшелер 
жайылма бірыңғай мүшелер деп аталады. 
 
173-жаттығу. Мәтінді көшіріп жазып, бірыңғай мүшелердің астын сызыңдар да, үстіне 
сұрауын жазыңдар. Олардың сөйлемнің қай мүшесімен байланысып тұрғандығын 
айтыңдар, түрлерін атаңдар. 
1) 
Сәуле мен Перизат келе Нұрлан мен Павелді сұрастырды. 2) 
Ерлікті сүю, еңбекті сүю, сүйгеніне жету, жете алмаса сол жолда құрбан болу 
еліміздің ежелгі дәстүрі емес пе еді? (Ә. Ә.) 3) Жасы өзгелерден кішірек, аласа 
бойлы, жұқа жүзді Айтқазы болыс өзгенің бәрінеп бұрын Базаралымен жақсы 
амандасты. 4) Сол Мыңжасар осы жүрген көп қазағыңнан әрі ақылды, әрі 
намыскер және қайсар да өжет! (М. Ә.) 5. Осыны біліп ол өзіне де, өзгелерге 
де қатал болды. (Т. А.) 6) Арманы — шөлге, желге мойымайтын, әрі жеміс 
беретін ағаш өсіру. (Ғ. Сл.) 7. Бұларың да не ерлікке, не әділдікке жараспайды. 
8. Келесі күні арқа жотасының әлденеше жерінен сыр іздеген зерттеушілер 
Қаранай, Шақпақ, Көксеңгір, Мейзен, Сегізауыз, Көкшетаулатып кезіп 
қайтатын жүрістеріне аттанды. (С. Бег.) 
§ 128. Бірыңғай мүшелердің тыныс белгілері 
1. Бірыңғай мүшелер өзара жалғаулықсыз келіп, дауыс ырғағы арқылы 
байланысып тұрса, бірыңғай мүшелердің арасына үтір қойылады. 
1) Топтың алдыңғы қатарында Абай, Көкбай, Шұбар — үшеуі өзгелерден 
озыңқырап оңаша әңгімелесіп келеді. (М. Ә.) 2) Арық, ұзын, еңкіштеу 
денесі әлі ширақ. (Ғ. М.) 
2. Бірыңғай мүшелердің арасы қайталанып айтылатын да, де, та, те, әрі, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет