Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


лықтың  қойлары семіз . Біздің шаруашылықтың



Pdf көрінісі
бет273/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

лықтың  қойлары семіз . Біздің шаруашылықтың жайлаудағы бойдақ 
қойлары семіз.
5. Пысықтауыштар да толықтауыш сияқты өзі пысықтайтын етістіктен 
болған мүшеден бұрын тұрады . Пысықтауыштардың үстеуден (қимыл 
үстеуінен басқа), етістіктен болған түрлері сөйлемде орын талғамайды. Өзі


пысықтайтын етістікке таяу тұрып та , алыс тұрып та байланыса береді.
Мысалы: Екінші бригада егін ору жұмысына кеше кірісті . Кеше екінші 
бригада егін ору жұмысына кірісті.
Сын есімнен, қимыл үстеулерінен болған пысықтауыштар сөйлемде орын 
талғайды.Өзі пысықтайтын етістіктен болған мүшемен қабыса байланысады . 
Мысалы: Тоғызыншы сыныптың оқушысы Болат өте жақсы сөйледі . 
Абайлар үйге сөйлей кірді.
Сөйлемдегі сөздердің, сөйлем мүшелерінің дағдылы орын тәртібімен қатар 
олардың қалыпты орындарын өзгертіп қолдануға да болады. Сөйлем 
мүшелерінің қалыпты орнын ауыстырып, инверсия жасау сөйлеуге стильдік 
өң береді.
Қазақ тілінде сөйлем мүшелерінің дағдылы орын тәртібін ауыстырып 
қалдану төмендегі түрде келеді . 
1.Әдетте баяндауыш сөйлемнің ең соңында келіп ,бастауыш баяндауыш-
тан бұрын айтылатын болса , автордың сөзінен құрылған сөйлем төл сөзді 
сөйлеммен жалғаса айтылғанда , бұлар «де»көмекші етістігі арқылы байла-
нысады да автордың сөзінен құралған сөйлемнің бастауышы баяндауыштан 
кейін қолданылады.1)- Ғапу етіңіз. Рас, қолайсыз екен-ау! – деп , ыңғайсыз-
данып қалды Чайков. (Ғ.М.) 2) – Үкіметтің оң қолы өзіміз емес пе? – деді де, 
ойына бойлай берді Мейрам. 3) – Біздің тұзақ осылай болады, - деп, қалжың-
дай келді Жанәбіл. (Ғ.М.) 4) – Үйге кіргесін естіртіңдер, мына Кенжетайды 
кіргізейік! – деген жауап берді Асқар. (С. М.) 
2. Өзінің тыңдаушысына ерекше әсер ету үшін, шығармаға стильдік өң 
беру үшін жазушылар кейде сөйлем мүшелерінің қалыпты тәртібін өзгертіп, 
инверсия жасайды. Бастауышты баяндауыштан кейін қолданады. Тіпті, кейде 
тұрлаусыз мүшелерді де баяндуыштан кейін келтіріп жазады.
а) 1) Адам тіршілігінің алуан түрлерін көріп жатыр Мейрам. 2) Бұл менің 
туған жерім болса да, сырын сізден аз біледі екем. 3) Сол трубаны қоршап 
жатыр ауылдар. (Ғ. М.) 
Бұл сөйлемдердегі Мейрам, екем, ауылдар деген бас тауыштар 
баяндауыштан кейін айтылып, сөйлемнің аяғында келіп тұр.
ә) 1) Еріксіз бұрылды қоңыр үйге (Ғ. М. ). Мейрам қатты риза болып 
шықты Боқайға. ( Ғ. М.). Кәкітайды жығып бердіңдер ме шынымен? (М. Ә.).
Бұл сөйлемдерде үйге – мекен пысықтауыш, Боқайға – жанама толықта-
уыш, бізді – тура толықтауыш, шынымен- сын-қимыл пысықтауыш. Бұлар 
өздерін меңгеріп тұрған етістік баяндауыштардан кейін айтылып, сөйлемнің 
соңында келіп тұр.
 
171-жаттығу. Мәтінді окып шығып, сөйлемдегі сөздердің өзара байланысын 
көрсетіңдер де, олардың сөйлемде орналасу тәртібін айтып беріңдер. 
Әлі шам жағылған жоқ, жұрттың көбі тыста мал жайлап жүр. Шығыс 
жаққа қараған терезенің алдында қос тізерлеп, екі шынтағын тізесінің алдына 
салып, иегін қолдарының үстіне қойып Абай отыр. Бұдан басқа оң жақта, жер 


297 
төсектің үстінде, бала уатқан Зере бар (М.Ә.). Кенет күркенің іші суып 
кеткендей болды. Топ ортасына енгенде, Ақан сытылып шетке шықты (З.Ш.). 
Жұрттың бәрі қос маңына шоғырлана қалған екен. Сенің ешқандай басы 
байлы адамың жоқ, адамдардың бәрі де атаманның қол астында. Мезгіл 
қыстың басы емес, көктем таяп келеді (Ә.С.). Мүкарама бұрыштағы үлкен 
айнаның алдына барып, шашын түзеп жатыр (Х.Е.). Баланы артына міңгестірді 
де, қойды алдына салып, ауылға айдап келді (З.Ш.). 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет