Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет281/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

жерлерді игерушілер, кездескен қиыншылықтарды табандылықпен жеңе 
білді. 2) Біздерге, ел болашағы-жастарға, өз Отанымыздың игілігі үшін еңбек 
етуден ардақты міндет жоқ. 
Бұл сөйлемдердегі тың және тыңайган жерлерді игерушілер,ел 
болашағы-жастарға, деген сөздер өздерінің алдындағы айқындайтын,
дәлдейтін сөзімен тұлғалас келіп, бірінші сөйлемде бастауыш, екінші 
сөйлемде толықтауыш қызметінде тұрып, олар, біздерге деген сөздерді екінші 
сөзбен айқындап тұр. 
176-жаттпығу. Мына сөйлемдерді көшіріп жазып, оңашаланған айқын-дауыш 
мүшелердің астын сызыңдар да, қай сөзді айқындап тұрғанын керсе-тіңдер. 
1) Алғаш мұндай ерікті жұмыстар аптаның соңғы күні, сенбі күні, істелетін 
болды. 2) Электр станциясының ашылатын күні, 14 қараша да, келді. (А. К.) 3) 
Шоқан сықылды туған елін, қазақ даласын , шын жүректен сүйген
патриотты еліктіріп әкету мүмкін емес еді. ( С.Бегал.) 4) Біз, Алматының 
машина жасаушылары, Карповқа су торабының құрылысшыларынан жаңа 
тапсырыс қабылдадық. 5) Заводтың ұжымы — жұмысшылар, инженерлер,
техниктер —бұл тапсырысты тез орындауға шұғыл кірісті («С. К-») 6) Ал 
бүгін, 1954 жылдың 13 наурызынын 14 наурызына ауысқан түні, Москваның 
мол денесіндегі әрбір мүшесі маған ерекше әдемі сияқтанып көзім түскеннің 
бәріне сұқтана, таңырқап қараймын. (С. М.) 
2. Қосарлы айқындауыш мүше. Орнын ауыстырып қолданғаннан 
анықтауыштық мағынасы бұзылмайтын, анықтауыштық қызметі ғана 
алмасатын сөз тіркестерін қ о с а р л ы а й қ ы н д а у ы ш м ү ш е
дейді. 
Қосарлы айқындауыш мүшелердің екі жағы да, көбінесе, зат есім сөзінен 
болып келеді. Сондықтан бұлардың орнын алмастырса, олардың мағынасы 
бұзылмай, синтаксистік қызметі ғана алмасады, яғни анықтаушы сөз 
анықталушы сөзге айналады да, анықталушысы анықтауышқа айналады. 
Қосарлы айқындауыштың дағдылы анықтауыштан айырмасы орын талға-
майды. 
Мұғалім Асқар, ұста Болат, агроном жолдас, ұшқыш Сәлім, жазушы 
Сәбит, ақын Жамбыл деп те, олардың орнын алмастырып, Асқар мұғалім, 
Болат ұста, жолдас агроном, Сәлім ұшқыш, Сәбит жазушы, Жамбыл ақын 
деп те айтуға болады. 


Сол сияқты бірін-бірі айқындап, біріне-бірі тең мағынада ұсталатын 
телефон-автомат, магнитофон-аппарат, инженер-технолог деген сөздер де 
қосарлы айқындауыштардың қатарына жатады. 

177-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, қосарлы айқындауыш мү-шелердің 
астын сызып, олардың қалай жасалғанын айтыңдар. 
1) Трест бастығы Щербаков, механик Козлов, слесарь Лапшин дегендер өте 
іскер адам көрінеді. (Ғ. М.) 2) Жолшыбай механика цехына соққан Қазыбек 
қарттың көзі қаңырап қалған залға, залдың ішінде қаңтарулы тұрған 
станоктарға түсіп еді, жаны түршігіп, түсі бұзылып кетті. (Ә. Ә.) 3) Оны 
көргенде Қайырбек ақсақал тықыршып кетті. (Ғ. Сл.) 4) Бұлардың сөзін Баян 
бәйбіше келіп бөлді. (Ә. Ә.) 5) Ал, секретарь жолдас, не айтасың? (Ғ. Сл.) 6) —
Жолдас капитан, жауынгер Құлбаев окоп қазып жатыр,— деп баяндады. (Т. А.) 
7) Қайырбек карт көзі кілгірген жұртты бір күлдіріп, шатыр ішіне кіріп, қалың 
киімдерді кетеріп алып шықты. (Ғ. Сл.) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет