37
провинцияларының бірі-Лабродордың үстімен ұштық ( І. О.). 3.Осы бір
көңілді елегізткен қаһарлы күндері генерал-майор Панферовтың штабына
армия командашысы келді. Қасына екі-ақ адам ертіп, жалғыз «Виллиспен»
жүрген генералды ешкім байқай қойған жоқ ( Т.Ахт. ). 4.
Жақындап қалған
снарядтың даусын танып, Раушанды еппен тез жатқызды ( Т. Ахт. ).
5.Бұрынғы педагогтік дәстүрді бұзып, шәкіртіне қол беріпқоштасуы
Алябьевтің өзіне де, Әлияға да ерсі көрінді ( Ж. Ж.).
§ 16. Дыбыс үндестігі
Түбір сөз бен қосымшаның жігінде немесе сөз тіркестерінің аралы-
ғында көрші дыбыстардың бір-біріне ықпал етіп, үндесуін д ы б ы с
ү н д е с т і г і дейді.
Түбір мен қосымшаның жігінде көршілес
келетін көбінесе дауыссыз
дыбыстар болады да, көршілес дауыссыз дыбыстар бір-бірімен ықпалдасады,
яғни дауыс қатысына қарай жасалуы жағынан бір тектес дыбыстар ғана қатар
тұра алады. Егер де көрші келген дыбыстар екі түрлі болып келсе, бірінің
ықпалына екіншісі еріп, көрші дыбыстың сапасы өзгереді. Мысалы,
көл деген
сөзге
-тер қосымшасын жалғауға болмайды, сол сияқты
ат деген сөзге
-дар
қосымшасын жалғауға болмайды, өйткені бірінші сөздің соңғы дауыссыз ды-
бысы, ауыз жолды үнді дыбыс, өзінен кейін ұяң дыбыстың келуін талап етеді.
Сондықтан оған жалғанатын көптік жалғау
-тер күйінде болмай,
-дер болып
жалғанады.
Екінші
ат сөзінің соңғы дыбысы қатаң болғандықтан, оған жалғанатын
қосымшаның басқы дыбысы да қатаң болып, көптік
жалғау қосымшасы -дар
болмай,
-тар күйінде жалғанады. Ал
тұз деген сөзге
-шы жұрнағы жалғанса,
қосымшаның басындағы қатаң
-ш дыбысы түбірдің соңындағы ұяң
-з
дыбысына ықпалын тигізіп, айтылуда түбірдің соңындағы
з дыбысы
ш
дыбысына айналып естіледі. Бірақ ол жазуда ескерілмей, түбірі сақталып
тұзшы түрінде жазылады. Сол сияқты
боз құнан деген анықтаушы, анық-
талушы сөз тіркестерінің аралығындағы көрші дыбыстардың алдыңғысы
соңғысына
әсер етіп, айтылуда екінші сөздің басындағы қатаң
қ дыбысы ұяң
ғ дыбысына айналып естіледі. Бірақ
боз ғунан болып жазылмай, сөздердің
бастапқы тұлғалары сақталып
боз құнан күйінде жазылады.
Сөйтіп
түбір мен қосымшаның жігіндегі, сөз тіркестеріндегі көршілес
Достарыңызбен бөлісу: