Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы
-ып, -іп, -п, -а, -е, -й жұрнақтарының
бірі жалғанған көсемше, не
болмаса -дай, -дей жұрнағы жалғанған есімше
болып келсе, қимыл-сын бағыныңқылы сабактас сөйлем жасалады. Мысалы:
1)
Әр сыныптың есігі ашылып, оқушылар тысқа шығып жатты. (М. И.)
2)
Абай есіктен кіре, үйде отырған үлкендерге ашық дауыспен айқын етіп
сәлем берді. (М. Ә.) 3)
Қоқыштың сондай түрін көре тұра, біз ол үйде
жұмаға жақын жаттық. (С. М.) 4)
Ауыз үйде ешбір жан қалмай жұрттың
бәрі Кирилл Петровичті көруге кеткен болатын. (А. П.) 5)
Әр өңешке бір
өгізше кіріп бара жатқандай, әркімнің аузына қадалады. (Ғ. М.)
204 -жаттығу. Мына сөйлемдерді оқып шығыңдар да, қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас
сөйлемдерді теріп жазыңдар. Бағыныңқы сөйлемнің қандай тұлғада тұрғанын айтыңдар.
1)
Әр ұлттан бір көркемдікті алып, өзгеше бір сұлу жасаған тәрізді.
(Ғ. М.)
2) Зор бітімі тұнжырап, суық томсарып алған
. (Әб. Нұр.) 3)
Аяғындағы етігі
суға әбден балбырап, өзі де әбден қалжыраған Құсбек алқынған бойында
тасқа жантайып отыра кетті.
(К. О.) 4) Қонақ келгенін тосып отырғандай,
лезде ауыл азаматтары жинала бастады.
(3. Ш.) 5)
Екі жағы білеулене
жұмырланып, шеке тамыры көгеріп шыға келді. 6) Кузьменко тысқа құлақ
түріп, бірнеше минут бойыиа төсекте қозғалмай жатты.
(Қ. Т.) 7) Домбыра мен
өлеңге әулігіп жүріп, мен Молдағазыдан оқи алмадым және со бір күндері
тағы бір айтысқа қатынасуға тура келді.
(С. М.) 8) Әр үйде қысыр сауылып,
жылтыр қара сабалар ертеңді-кеш күрпілдей пісіліп жататын.
(М. Ә.)
Достарыңызбен бөлісу: