II бөлім
1.
|
Сабақтың үш кезеңінде қолдануға оңтайлы стратегиялардың тілдік дарындылықты дамытуға әсері:
|
1-кезең: қызығушылықты ояту кезеңінде:
№
|
Стратегиялар
|
Оқушы әрекетінің дарындылықты дамытуға әсері.
|
1.
|
«Тірек сөздер»
|
Берілген сөздер арқылы ойды кеңейту үшін басқа сөздік қолданыстарды іздей бастайды.
|
2.
|
«Болжау» кестесін құру.
|
Алдағы болатын құбылысты болжау үшін қиялға ерік береді, ал ойлау мен сөйлеу тығыз байланысты.
|
3.
|
«Үш қадамдық сұхбат»
|
Жүйелі де маңызды сұрақтар ойластырып, сұраққа ұтымды жауап іздеп, оларды хаттап жаза отырып, ауызша және жазбаша тілдік оралымдарды қолдану қабілері қалыптасады.
|
4.
|
«Бір айналым сөйлесу»
|
Бірінің ойын бірі жалғастыру арқылы логикалық байланысқа түседі.
|
5.
|
«Жазу әрекетін ұйымдастыру»
|
Тақырып таңдай келе, негізгі ойды жүйелеу үшін неғұрлым ұтымды шығатын сөздерді іріктейді.
|
6.
|
«Ұғымдар келеді»
|
Берілген сөзге орай ұғымдардың синонимдік қатарын құрастыру тілдік тапқырлықты қажет етеді.
|
7.
|
«Ой қозғау»
|
Бір сөз төңірегінде бірнеше ой өрбіту арқылы сөздік дәлдікке жетелейді.
|
|
2.
|
|
Мағынаны ашукезеңіндегі стратегиялар:
«Кең ауқымды лекция», «ЖИГСО-1», «ЖИГСО-2», «Қабырғаға қарап оқу», «Автор орындығы», «Көнәз» (Бұрыштар), «Жұптасып пікір алысу»,
«Түртіп алу»
тілдің танымдық іс-әрекетінің құралы, ойлау формасы және тілдік дарындылықты дамытудың негізі болып табылады.
|
3.
|
|
ой толғаныс кезеңінде қолдануға болатын стратегиялар:
«Т» кестесіОқушы қарама-қарсы ұғымдарды дәл беру
мақсатында керекті сөз қолданыстарын іздестереді.
« Екі жақты түсініктеме күнделігі» Таңдап алған үзіндіге
комментарий жасау барысында өзіндік сезімді үйлестіру үшін тілдік тәсілдерді таңдайды.
«Пікірталас»Мәселені ұтымды шешуге, өз көзқарасын
дәлелдей білуге талпына отырып, көпшілік ортада шешен сөйлеуге жаттығады.
«Еркін жазу»Оқылған материалға байланысты өз ойын білдіру үшін жазудың түрлі құралдары мен тәсілдерін таңдауы оқушының өзіндік жазу стилін қалыптастырады.
«Соңғы сөзді мен айтамын»Таңдап алған үзіндіге толық,
жан-жақты талдау жасау барысында өзгелерайтпаған пікірлерді табу үшін сөздерді ұтымды, дұрыс қиюластыруға тырысады. «Галереяға саяхат»Басты ұғымдарды беруде басқаданөзгеше, ерекше болу мақсатында жазылатынбұл жұмыс нағыз дарындылықты қажет етеді.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |