Кеңес беру-алдын алу бағыты. Осы бағытқа жаңадан келген оқушылармен, оқуда немесе өзара қарым-қатынас жасау барысында қамығып қысылатын, өмірлік ауыр жағдайға тап болған балалармен жеке сұхбаттасу жатады. Сонымен 2020-2021 оқу жылы әлеуметтік-психологиялық қызмет ата-аналарға, балаларға және педагогтарға 372 жеке және топтық кеңес берілді. Әрдайым жеке сұрақтар бойынша ата-аналар мен мұғалімдерге кеңес беріліп отырады.
Ата-аналармен және балалармен жүргізілетін әңгімелердің негізгі тақырыптары «Психикалық денсаулық», «Бала - ата-ана қарым-қатынасы», «ПБЗ қолданудың алдын алу», «Оқудағы қиындықтарды жеңу», «Оқушылардың жас ерекшеліктері», «Оқуға қызығушылықты арттыру», «Кәсіптік бағдар». Мұғалімдердің өтініштерінің негізгі тақырыптары: балалардың сабақтан кетуі, оқудағы үлгерімсіздігі, оқуға деген ынтаның болмауы, ата-аналардың тәрбие үрдісінен шеттетілуі, әлеуметтену деңгейінің төмендігі және шиеленістің артуы, оқушылардың алаңдаушылығы мен ашуланудың артуы, мұғалімнің эмоционалдық күйзелісі болып табылады.
Бұдан басқа, карантинге және қашықтан оқытуға көшуге байланысты ата-аналар мен оқушыларға онлайн кеңес беру ұйымдастырылды, мессенджерлерде ұсыныстар үнемі жарияланып тұрды. «Ата-аналарға қашықтықтан оқыту бойынша кеңестер», «Балалармен қалай қарым-қатынас жасау керек», «Жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу», «Балалар ашулануының алдын алу», «Баламен жанжал кезінде қарым-қатынас ережелері», «Жасөспірімнің жас ерекшеліктері туралы», «Табысты бесінші сынып оқушысы», «Қатыгез қарым-қатынастың алдын алу», «Жыныстық қолсұғылмаушылық туралы», «Мазасыз баланың ата-аналары», «Ғаламтордағы қауіпсіздік», «Жасөспірімдердің шылым шегуі мен алкогольді тұтынуының алдын алу», «Балалардың қорқыныштары», «Кибербуллинг», «Баланың психикалық денсаулығын қалай сақтау керек» және т. б.
Балалардың ерекше санатын мектепішілік есепте және БП есебінде тұратын тәуекел тобындағы оқушылар құрайды. Мұндай балалар әлеуметтік-психологиялық қызметтің және мектептің басқа да қызметкерлерінің жүйелі бақылауын талап етеді. Әлеуметтік психолргиялық қызмет осы балалармен сенімді қарым-қатынас орнатуды мақсат етеді. 2020-2021 оқу жылында психологиялық қызмет мамандарының ерекше назары келесі оқушылардың мәселелеріне аударылды: Иванова А., Шишикин С., Селищев Т., Горбунов Р., Сизова Т., Дисенов А., Гусак Н., Красноперова Д., Вальд А., Соколенко А.
2020-2021 оқу жылында ЖТК отырысында 8Г сынып оқушысы Иванова Алина Васильевнаның отбасы ісі қаралды.
Достарыңызбен бөлісу: |