Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 6–сынып оқушыларына арналған аралық аттестаттау тапсырмалары І нұсқа



бет49/62
Дата23.04.2024
өлшемі0.56 Mb.
#499663
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   62
6-сынып эмтихан (1) (3)

Эссе тақырыптары
1.Менің отбасым
2. Менің анам мейірімді
3. Жазғы демалыс кезінде
4. Кітап –алтын қазына
5. Таулар сыры


Айтылым
Берілген тақырыптардың бірін таңдап, жұбыңызбен диалог құрастырыңыз.(6-8сөйлем)
Ұсынылатын тақырыптар
1.Ауыл мен қала ерекшеліктерін сипаттап айтыңыз.
2. Қазақстанда қандай таулар бар? Олар туралы не білесіз?
3. Отбасының бала тәрбиесіне қатысы қандай?


Жауап кілті:
Оқылым
1.В
2.В
3.С
4.С
5. В


XXІІ нұсқа
Оқу мақсаттары:

6.1.2.1 тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы арқылы негізгі ойды анықтау;


6.3.1.1 мәтіндегі негізгі және жанама ақпаратты анықтау, өмірдегі кейбір жағдаяттармен байланыстыру;
6.4.5.1 жазба жұмыстарында сөзге қосымша жалғауда үндестік заңын ескеріп, орфографиялық нормаға сай дұрыс жазу; сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану;
6.2.2.1 тақырып бойынша диалогті бастау, жалғастыру, аяқтаудың ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын білу
Бағалау критерийлері:

  • тірек сөздер,жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы арқылы негізгі ойды анықтайды;

  • мәтіндегі негізгі және жанама ақпаратты анықтайды, өмірдегі кейбір жағдаяттармен байланыстырады;

  • жазба жұмыстарында сөзге қосымша жалғауда үндестік заңын ескереді, орфографиялық нормаға сай дұрыс жазады, тыныс белгілерді дұрыс қолданады;

  • тақырып бойынша диалогті бастау, жалғастыру, аяқтаудың ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын біледі;

Тыңдалым
Аудиомәтінді тыңдап, сұрақтарға жауап беру арқылы негізгі ойды анықтаңыз.
Отбасы –сыйластық, түсіністік орнаған орта, кішкентай Отан, табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Отбасы –мемлекеттің дұрыс қалыптасуының ең басты тірегі, бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Жеке адамның бойындағы ар –ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы- алғашқы қадам. «Отан - отбасынан басталады» деген нақыл сөзді дәлел ретінде алсақ болады. Отбасында құндылықтар мол болуы керек. Сонда ғана әр отбасында тәрбиеленіп жатқан ұрпақ отбасылық махаббатқа, ата-ана мейіріміне бөленіп, болашақта Отанымыздың дамуына айтарлықтай үлес қоса алатын азамат болып шығады. Бұл қасиеттер тек тәрбие арқылы келетінін ұмытпауымыз керек. Қазіргі жаһандану кезеңінде өмір сүріп жатқан жастар осы құндылықты бағалай алмайтын сияқты. Себебі отбасындағы бала тәрбиесін түрлі гаджеттер мен планшеттер алмастыруда. Осы кезде дана Әл-Фарабидің мына сөзі ойға келеді: «Білім алмас бұрын, мықты тәрбиені қалыптастыру керек, тәрбиесіз алған білім қоғамға өте қауіпті». Кез келген адамның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның санасында көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді.

1.«Отан – отбасынан басталады» дегенді қалай түсінесің? ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


2. Отбасындағы қандай құндылықтарды білесің?


________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
3. Адамның бойындағы жақсы қасиеттердің қалыптасуына не әсер етеді?
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Оқылым
Біздің қала
Біз Алматы қаласында тұрамыз. Алматы қаласы– ең әдемі қалалардың бірі. Таудан төмен қарай созылған тіп-тік, әдемі көшелері неше түрлі ағаштармен көмкерілген. Көшелердің екі жағынан сылдыраған мөлдір бұлақтар ағып жатады. Достық атындағы сарай, Спорт сарайы, Оқушылар сарайы және көп қабатты қонақ үйлер өздерінің керемет көркемдігімен көздің жауын алады. Қаланың оңтүстігін басынан өмір бойы қар кетпейтін ақ бас Алатау қоршаған. Тау беттерін қысы-жазы өзгермей, ылғи жап-жасыл болып тұратын шыршалар мен қарағайлар, ақ қайыңдар жапқан.
Қалада тарихи орындар, мұражайлар, көрікті жерлер, бақтар өте көп. Қаланың батысы мен шығысынан Үлкен Алматы, Кіші Алматы өзендері ағып жатады. Алматы қаласының табиғаты- сирек кездесетін тамаша табиғат!
1. Алматы қаласы қандай қала?
А. таза
В. лас
С. әдемі
Д. сұлу
2.Ол қай қалада тұрады?
А. Астанада
В. Алматыда
С. Қарағандыда
Д. Шымкентте
3. Қалада тарихи орындар, мұражайлар, көрікті жерлер, бақтар өте көп. Асты сызылған сөздерге қандай жалғау жалғанған.
А. Тәуелдік жалғау
В. Септік жалғау
С. Көптік жалғау
Д. Жіктік жалғау
4. Мәтінде қандай спорт сарайы туралы айтылған?
А. «Достық» атындағы спорт сарайы
В. «Балуан шолақ» атындағы спорт сарайы
С. «Медеу Спорт Кешені»
Д. «Қазақстан» спорт кешені

5. Алматы қаласының табиғаты қандай?


А. жақсы
В. жаман
С. тамаша
Д. әдемі


Жазылым. Берілген тақырыптардың бірін таңдап, эссе жазыңыз.(90-100)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет