«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен (оқыту қазақ тілінде емес) тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы 8-сынып



бет5/13
Дата15.02.2024
өлшемі188.13 Kb.
#491868
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Тжб 8- сынып

Айтылым


Берілген сұрақтардың бірін таңдап, жұбыңызбен пікірталасқа түсіңіз. Жұбыңызға сұрақ қойыңыз. Өз ойыңызды, жауабыңызды дәлелдермен негіздеңіз.
[10]

  1. Сіздің болашақтағы өнертабысыңыз және оның маңызы қандай ?

  2. Сарқылатын энергия көздерін пайдалану немесе баламалы энергия көздерін пайдалану

  3. Онлайн сауданың артықшылығы мен кемшіліктері






Балл қою кестесі


Тыңдалым, оқылым



Тапсырма

Жауабы

Балл

Қосымша ақпарат

Тыңдалым

1

b

1

Әр дұрыс жауапқа 1 балдан

2-3

А,В

2

4-5

А) Көмір мен көгілдір отыннан өндірілген энергия арзан, бірақ олардың қоры таусылуға жақын.
В) Күн энергиясы қоршаған ортаға зиян келтірмейді, тасымалдау құралдары қажет емес.

2

Оқылым

1

d

1

Әр дұрыс жауапқа 1 балдан

2

b

1

3-5

А) сәбиде өмірге келмес бұрын ана құрсағында жатқанда тербеліске түсіп, рефлекс қалыптасатындығы туралы айтылған
В) бала жыласа
С) үй шаруасындағы әйелдің уақытын үнемдейді.

1
1
1

Жазылым


Балл

Мазмұны (5 балл)

Тіл сапасы (5 балл)

5

Өте жақсы
Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанры, стилі толық сәйкес келеді. Ойын жүйелі түрде жеткізеді. Лексикалық минимумды қолдануы жоғары, стильдік қолданысы өте дұрыс.

Өте жақсы
Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды өте дұрыс қолданады.
Елеусіз қателері ойды түсінуге кедергі келтірмейді.

4

Жақсы
Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанры сәйкес келеді. Ойын жеткізеді. Лексикалық минимумды жеткілікті қолданады, стильдік қолданысы дұрыс.

Жақсы
Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды дұрыс қолданады.
Елеусіз қателері ойды түсінуге кедергі келтірмейді.

3


Қанағаттанарлық
Мәтін құрылымын (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанрын, стилін сақтауға тырысқан. Ойын жеткізуде ішінара ауытқулар кездеседі. Лексикалық минимумды қолдануға тырысады, стильдік қолданысы орташа.

Қанағаттанарлық
Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда ішінара қателер жібереді.
Елеусіз қателер көп, бірақ ойды түсінуге кедергі келтірмейді.

2


Төмен
Мәтін құрылымын (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанрын, стилін сақтауы

Төмен
Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда қателері көп




шектеулі. Ойын жеткізуде ауытқулар көптеп кездеседі. Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі, стильдік қолданысы төмен.

болғандықтан, ойды түсінуге кедергі келтіреді.




Өте төмен

Өте төмен




Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және

Грамматикалық және пунктуациялық




қорытынды) мүлдем ескерілмеген.

тұлғаларды қолдануда өрескел қателер

1

Жазба жұмысы жанрға, стильге сәйкес

көп, ойды түсіну өте қиын.




емес. Ойын жеткізе алмаған.







Лексикалық минимумды қолдануы







шектеулі.




Айтылым


Балл

Негізгі ойды ашуы (5 балл)

Сөз қолданысы (5 балл)

5

Өте жақсы
Тақырыпты және сұрақты өте жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабы тез әрі орынды. Ойын жүйелі түрде жеткізеді.

Өте жақсы
Лексикалық минимумы мол, стильдік қолданысы өте дұрыс. Орфоэпиялық нормаларды дұрыс қолданады. Арасында елеусіз қателер жібергенімен, ойды түсінуге кедергі келтірмейді.

4

Жақсы
Тақырыпты және сұрақты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып береді, ойын орынды жеткізеді.

Жақсы
Лексикалық минимумы жеткілікті, стильдік қолданысы дұрыс. Орфоэпиялық нормаларды қолданады. Арасында қателер жібереді.

3

Қанағаттанарлық
Тақырыпты және сұрақты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып береді, ойын орынды жеткізеді.

Қанағаттанарлық
Лексикалық минимумы жеткілікті, стильдік қолданысы дұрыс.
Орфоэпиялық нормаларды қолданады. Арасында қателер жібереді.

2

Төмен
Тақырып пен сұрақты түсінуде және күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады. Ойын жеткізуде ішінара ауытқулар кездеседі.

Төмен
Лексикалық минимумды қолдануға тырысады, стильдік қолданысы орташа. Орфоэпиялық нормаларды қолдануда елеусіз қателер жібереді.

1

Өте төмен
Тақырып пен сұрақты түсінуде және күтпеген сұрақтарға жауап беруде қолдауды қажет етеді. Ойын жеткізуде өрескел ауытқулар кездеседі.

Өте төмен
Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі, стильдік қолданысы төмен.
Орфоэпиялық нормаларды қолдануда қателерді жиі жібереді.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет