Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен –сынып оқушыларына арналған аралық аттестаттау тапсырмалары Сынып:


Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 7–сынып оқушыларына арналған аралық аттестаттау тапсырмалары



бет4/17
Дата05.06.2024
өлшемі96.04 Kb.
#502327
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
№4 ОМ НАДИРА, АСЕЛЬ7-сынып емтихан[1]

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 7–сынып оқушыларына арналған аралық аттестаттау тапсырмалары
Сынып: 7 (оқыту өзге тілдегі сыныптар үшін)


3-бөлім. ЖЕРДЕГІ КЛИМАТТЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР
Сыныбы _________________
Күні ___________________
Білім алушының аты-жөні ___________________________


2-нұсқа
Оқу мақсаты:
7.1.6.1 тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде өз пікірін өзгелердің пікірімен салыстыра отырып жауап беру
7.3.3.1 прозалық және поэзиялық шығармалардағы кейіпкердің іс -әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образын талдау
7.4.2.1 эссе құрылымы мен дамуын сақтап, көтерілген мәселе бойынша келісу –келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу;
7.2.5.1 диалогке қатысушылар коммуникативтік жағдаяттың талаптарына сай «сөйлеуші -тыңдаушы» позицияларын еркін ауыстыру
7.5.1.2 Салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы, шырайлардың қызметін білу, жазба, ауызша жұмыстарда қолдану


Бағалау критерийі:
- тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде өз пікірін өзгелердің пікірімен салыстыра отырып жауап береді
- прозалық және поэзиялық шығармалардағы кейіпкердің іс -әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образын талдайды;
- эссе құрылымы мен дамуын сақтап, көтерілген мәселе бойынша келісу –келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазады;
- диалогке қатысушылар коммуникативтік жағдаяттың талаптарына сай «сөйлеуші -тыңдаушы» позицияларын еркін ауыстырады;
- Салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы, шырайлардың қызметін білу, жазба, ауызша жұмыстарда қолданады
Тыңдалым. Мәтінді тыңдаңыз. Мәтін бойынша тапсырмаларды орындаңыз. 0,5 балл
Табиғат – адамзат өмір сүріп жатқан орта, ортақ үй, ортақ мекен. Адам мен табиғат – егіз ұғым.
Табиғат болмаса, адам өмір сүре алмақ емес. Таза ауасы мен шипалы суы, ну орманы мен асқар тауы жоқ мекеннің қадірі де аз. Ағашы оталып, суы тартылған табиғаттың адамзат үшін берері де жоқ. Ал берері жоқ табиғатта адам қалай тіршілік кешпек. Судың да сұрауы бар емес пе?!
Қоршаған ортасы лас, суы лаң, ағашы улы табиғаттың адамға да зияны көп екені айтпаса да белгілі. Сондықтан табиғатты аялау, оған қамқорлық таныту жер бетіне келген кез келген жұмырбасты пенденің парызы мен борышы болуы керек. Халқымыз топыраққа шыққан жасыл шөптің өзін жұлуға тыйым салған. Өйткені шөп – таудың көркі, малдың жемі. Оны жұлу өзіңнің тамырыңа балта шабумен бірдей.
Табиғат – адамзаттың анасы. Дүниеге есігін ашқан сәбиге бар ризығы мен несібесін тосатын ана сынды табиғат та буыны қатаймаған адам баласына бар болмысын беріп, береке сыйлайды. Ырысымен бөліседі. Бала шақтан өтіп, ержеткен шақта анамызға қалай қамқорлық қылғанымыз сынды табиғат анаға да солай қамқорлық қылуымыз қажет. Ананың ашуы мен қаһары қашанда ауыр. Табиғат-ананың да қаһары адамзатқа жеңіл болмас.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет