«Қазақ тілі мен әдебиетінен» эсселер жинағы


 Әбунасыр әл-Фарабидің: «Еліңнің болашағын білгің келсе, маған жастарыңды көрсет



Pdf көрінісі
бет8/31
Дата30.05.2024
өлшемі336.49 Kb.
#502130
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   31
Эссе жинағы

8. Әбунасыр әл-Фарабидің: «Еліңнің болашағын білгің келсе, маған жастарыңды көрсет,
сонсоң айтып берейін» деген пікірінің өмірмен байланысы қандай?
«Жастар ең алдымен нық білім негізін 
қалап алуға ұмтылулары қажет»
Н.Назарбаев
«Еліңнің болашағын білгің келсе, маған жастарыңды көрсет, сонсоң айтып берейін»
деген пікірді айтқанда, Әл-Фараби бабамыз елдің болашағын сеніп тапсыруға тұрарлық
жастарды көргісі келген болар?!. 
«Ақыл - жастан, асыл - тастан», «Жас келсе - іске» дейді атам қазақ. Алайда, сол жастар
батыр бабаларымыздың алып берген тәуелсіздігі мен еркіндігіне лайық па деген сұрақ туады
менде. Заманымыздың болашақ бағдарына айналады деген өскелең ұрпақтың қазіргі кездегі хал
– ахуалы қандай екен?
Жастар дегенімізде ойымызға бірден арыстандай айбатты, жолбарыстан да қайраты асқан
бұрынғы уақыттың Абылайлары, Бауыржандары, Әлия мен Мәншүктері еске түседі. Сонау
кездегі он алтыдағы жас қазақ қыздары мен қазақтың ержүрек жігіттерінің істеген ерліктері
қазіргі күннің амандығының кепілдігіне айналғандай. Қазақ халқы ежелден ұрпақ тәрбиесіне
баса назар аударып, перзентін бесіктен бастап адамгершілік пен имандылыққа баулыған.
Сондықтан кешегі ұрпақ қандай қиыншылықты бастан өткерсе де, ана сүтімен, әке өнегесімен
бойларына сіңген тәрбие-тәлімін жоғалтпады.
Әйтсе де, біздің жастарымыздың басым бөлігі елге тұтқа болар жасқа жетсе де, ірілік
көрсетудің орнына қу тірліктің қамын күйттеп кеткен жайы бар сияқты. Иә, бұрын елге тұтқа,
жұртқа үлгі болған жігіттерді «жігіттің сырттаны», «ердің тарланы» деп атайтын. Ал қазір
«қоғамдағы қазақ жігіттерін қандай аңға теңесе болады?» деген ойға қаламыз. Шынында,
«Алаштың ұлдары» өз аттарына лайық па? Көңілге күдік ұялататыны сол, бір-бірімен жиылып
алып, әңгіме-дүкен құру, көп күліп, аз ойлау, қиын жағдайда жігері жасып, жылап жіберу,
«Анандидің» сериясын түгендеп, айналасына мән берместен «айфонға» үңіліп, соның барын
мақтаныш ету бүгінгі жас жігіттерге тән қасиет болып бара жатқандай. 
Көпке топырақ шашуға болмас, аға ұрпақтың ісін жалғап, білім шыңына ұмтылған қазақ
жастары баршылық. Мысалы, «1993 жылдан бері 13 мыңнан астам жас маман "Болашақ"
бағдарламасының стипендиаты атанған» (
https://informburo.kz/kaz/bolasha-badarlamasyna-alay-
tstm-mtkerge-arnalan-nsauly.html
). Елімізде жастардың жан-жақты білімді игеруіне, шетелдің кез-
келген беделді оқу орындарында дәріс алуына мүмкіншілігі бар. Сол мақсатта мемлекет
тарапынан қыруар қаржы да бөлінген, тек ынта болса болғаны.
Қорыта айтқанда, қазіргі жастарға сенуге болады, бірақ оларға ақыл айтар ағалары мен
жөн сілтейтін жетекші ұйымдардың жұмысын жандандыру қажет. Ал осы Алаш жұртының
көрер жарығын әлі де жалғастырамыз десек, жарқын болашақ кепілі болар жастарымыздың
бағытын жақсы тәрбиеге бұруымыз керек. (322 сөз).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет