11. «...Артық ғылым кітапта,
Ерінбей оқып көруге» деген Абайдың қанатты сөзіндегі негізгі ойдың қазіргі замандағы кітап
оқумен байланысы бар ма?
Өзіңді-өзің тану үшін кітап керек.
Өзгені де тану үшін кітап керек.
( Расул Ғамзатов).
«Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» деп ойшыл Абай Құнанбаев айтып кеткендей,
түйсігі бар әрбір адам үшін ғылым мен білімнің қайнар көзі кітапта екенін ұғамыз. Абай Құнанбаев
«Жігіттер, ойын - арзан күлкі - қымбат» деген өлеңінде бозбалаларға өзінің ақыл-кеңесі мен шын
ықыласын білдіреді.
Шын көңілмен сүйсе екен, кімді сүйсе,
Бір сөзімен тұрса екен, жанса-күйсе.
Қырмызы қызыл жібек бозбалалар
Оңғақ бұлдай былғайды, бір дым тисе,-
деп жігіттерге жөн сілтейді. Абай атамыздың өсиет-өнегелерін бүгінгі күннің жігіттері жүзеге асырып
жүр ме? Олардың бойында осыған тән қасиеттер табыла ма?
Ең алдымен, Абай махаббат, достық мәселесін басқалардан анағұрлым кең, анағұрлым терең
түсінді. Ол жалпы адам баласының достығын жыр етті. Абай - ірі гуманист ақын. Сондықтан ол адам
адамды сүйе білуі керек деген идеяны берік ұстады. Абайдың көп өлеңдерінде адам баласы біріне-бірі
жаулық емес, достық іздесін деген пікір өзек болып тартылып жатады. Аталған өлеңде ақын былай дейді:
«Кемді күн қызық дәурен тату өткіз,
Жетпесе біріңдікін бірің жеткіз.
Күншіліксіз тату боп шын көңілмен,
Қиянатшыл болмақты естен кеткіз».
Абайдың түсінігінше, ең қызық өмір - татулық, достық. Бірақ ақынның бұл тілегі өз кезінде
орындалмады. Ру мен руды, бір ел мен екінші елді тыстырып, шабыстырып отыруды негізгі саясатының
бірі етіп отырған феодалдық, «адам - адамға қасқыр» деп білетін капиталистік қоғамдарда іске асуы
мүмкін емес болатын. Оны ақын сезіне де, түсіне де білді.
Жақында бір басылымнан аты дардай азамат ағамыз «ғаламтор, әлеуметтік желі тұрғанда, кітап
оқу деген үрдістен қалғалы қашааааан?» деп кергігенін көріп қатты шошыдым. «Кітап дегеніміз –
алдыңғы ұрпақтың келер ұрпаққа қалдырған өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар
едік» деген екен кезінде Ғабит Мүсірепов. Кітап оқымау, телефонға шұқшиып, бүкшиіп отырып, бір
нәрсені талмай іздеу – қазіргі жастардың дертіне айналып бара жатқандай. Одан қалды біреудің аяғы
тайып кетсе, телефон камерасына түсіріп алып, әлеуметтік желілерге масқара етіп жариялауға ұялмай
қызармай қалай дәті баратынынына таң қаласың?!
Бұрын бір оқыған кітабымызды екінші бір адамның оқуына беріп, кітаптан алған әсерімізді
бөлісуге асығатын едік. Йель университетінің ғалымдары кітап оқу өмірді 2 жылға ұзартады деп
дәләлдеген екен. «Өз араларыңда достарыңды арттыруға тырысыңдар. Компьютерге байланған бала
түптің-түбінде жалғыз қалады. Ал мұның арты жалғыздықтың кесірінен, жастардың өзіне қол салуымен
қайғылы аяқталып жатады». Мұны Елбасымыз Астанадағы №64 мектептің оқушыларымен кездесуде
айтты. (baq.kz/news) Әрине, қазір кітап қорларымыздың барлығы сандық жүйеге өтті де, жастар
кітапхана есігін ашудан қалды деп дабыл қағылуда. Тәулігіне 4-5 сағат баланың қолынан ұялы
телефонды алып, кітапқа үңілдіруді әдетке айналдырып көрейікші, нәтижесін сөзсіз байқайсыз.
Қорыта келе, Абай айтқан кітап берер асыл қасиеттерімізді жас ұрпақтың бойына жинақтайтын
кез жетті, оған еш кедергі де жоқ. Қыздарымыз – қылықты, ұлдарымыз – ұлағатты болса, ұлтымыздың да
іргесі мықты болмақ. Қыздың ары – елдің ұяты, ал елдің ұяты – ерге сын екенін жадымыздан
шығармайық! Менің қазіргі замандастарыма айтарым: жастық шағымызды босқа өткізбей, саналы басты
бір құралға тәуелді етпейік, желідегі желіккендермен емес, жанымызға шамшырақ жағатын, рухани білім
сыйлайтын кітаппен дос болайық!
|