«Қазақ тілі» пәнінен тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы



Pdf көрінісі
бет15/25
Дата09.11.2022
өлшемі0.6 Mb.
#464417
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25
1 ¦Ю¦и ¦б¦Ю¦з ¦Ъ¦-¦¬¦-TЕTБ¦¦¦¬¦¦ TП¦¬TЛ¦¦ ¦в1 10¦¦¦¬ ¦Х¦Ь¦Э

Барлығы 
45 минут 
30 


 
«Қазақ тілі» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары 
 
3-тарау. Адамзат дамуының жаһандық мәселелері 
Тыңдалым мен айтылым 
 
Тапсырма
1. Мәтінді басшылыққа ала отырып, көпшілік алдында сөз сөйле. Ол үшін мәтінді мұқият 
оқып шық. Мәтіндегі негізгі ақпараттарды, тақырыпқа қатысты қажетті сөздер мен 
тіркестерін мазмұндауда қолдан. Өз көзқарасыңды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар 
арқылы дамытып, дәлелде.
2. Өз жұбыңды мұқият тыңдауға тырыс. Оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын 2 
сұрақ қой. Жұбыңның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңді 
білдір. 
[10]
1-мәтін 
ХХ ғасырдың соңында адамзат өркениеті жаңа сапалы жағдайға қадам басты. Оның 
ең маңызды көрсеткіштерінің бірі – жаһандық мәселелердің пайда болуы. Жаһандық 
мәселелер адамзатты өз 249 болмысының шегіне дейін жеткізіп, арттағы жүріп өткен 
жолына бір қаратты. Бүгінде адамзат өз алдына қойған мақсаттарына баға беріп, өз даму 
траекториясына қажетті түзетулерді енгізуі тиіс. Себебі жаһандық мәселелер адам 
баласын өзін өзгертуге әкелуде. Қазіргі таңда ғаламшардың бүкіл халықтары бір ауыздан 
қабылдайтын жаһандық құндылықтар жүйесін қалыптастыру қажеттілігі туындап отыр.
Адамзаттың жаһандық мәселелері – ғаламшардың бүкіл халықтарының өмірлік 
мүдделеріне тиісті, шешілуі бүкіл әлем елдерінің бірлескен күшін талап ететін мәселелер. 
Жаһандық мәселелер дегенде тұтас әлемге, сонымен қатар, жекелеген аймақтар мен 
елдерге тиісті терең әлеуметтік табиғи қайшылықтардың кешені түсініледі. Жаһандық 
мәселелерді аймақтық, жергілікті және жеке мәселелерден ажырата білу керек. 
Ядролық қарудың дүниеге келуімен соғыс пен бейбітшілік мәселесі жаһандық сипат 
алды. Әлемді зұлымдық жайлады. Зұлымдық адамдар жасаған құндылықтардың, тіпті 
адамдардың өздерінің де көзін жойған соғыс майдандарында көрініс тапты. Соғысқа 
қарсы күрестің ең алғашқы қадамы алдымен сол соғыстан бас тарту болуы керек-ті.
Тағы бір толғандырар мәселе– адамның физикалық және рухани денсаулығы. 
Ақпараттық ауыртпалық, әсіресе, үлкен қалалардағы үдей түскен өмір сүру ырғағы, 
дәрілік препараттарды шектен тыс қолдану – бәрі адамға залал келтіретін тенденция.
(188 сөз) 
https://jasgalym.kz/studentterge/820-azrg-zhaandy-mseleler-adamzat-bolashay-kontekstnde.html
  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет