«Қазақ тілі» пәнінен тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы



Pdf көрінісі
бет13/25
Дата09.11.2022
өлшемі0.6 Mb.
#464417
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25
1 ¦Ю¦и ¦б¦Ю¦з ¦Ъ¦-¦¬¦-TЕTБ¦¦¦¬¦¦ TП¦¬TЛ¦¦ ¦в1 10¦¦¦¬ ¦Х¦Ь¦Э

Барлығы
10 
 
 
Жазылым
Балл
Сипаттамасы 


 
21 
9-10
Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен көркем тіл құралдары орынды 
қолданылған.
Ойын еркін әрі толық жеткізеді, күрделі әсерлерді жеткізе алады, 
техникалық қателерді жібермейді.
7-8
Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен тіл құралдары үйлесімді түрде 
қолданылған.
Ойын анық әрі еркін білдіруі тиісті әсерді береді, жіберілген кейбір 
техникалық қателер түсінуді қиындатпайды.
5-6 
Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен кейбір сипаттау құралдары 
қолданылған.
Ойын анық білдіреді, бірақ бір сарыннан шықпайды, техникалық қателер 
(мәтіндегі сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, 
шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық 
қателер, пунктуацияның жоқтығы) жалпы әсерді бұзады.
3-4 
Құрылымы жүйесіз немесе анық емес, нақты суреттеу мен қарама – 
қайшылықтарды баяндау қабілеті жетіспейді.
Сөз саптауы нақты болғанымен, жүйесіздік байқалады, жиі техникалық 
қателер (сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, 
бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, 
пунктуацияның жоқтығы) жібереді.
1-2 
Көркем тіл құралдары аз қолданылған немесе мүлдем қолданылмаған.
Сөздер кейде анық емес, техникалық және құрылымдық қателер (сөздердің 
байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен 
етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның 
жоқтығы) мағынаны толық түсінуге қиындық келтіреді.
Жазылым жұмысының бастапқы нұсқасы (мұғалімге бағыт алу үшін) 
Менің отаным – Қазақстан. Құс ұясыз болмайтындай, адам Отансыз өмір сүре 
алмайды. Ата-бабамыз сыйлаған осынау ұлан-ғайыр мемлекетті әрі қарай көркейтіп, 
гүлдендіру – бәрімізге ортақ борыш. 
«Теңіз тамшыдан құралады» демекші, елдің дамуы үшін әр азаматтың қосар үлесі 
зор. Өз тарапымнан мемлекетіміздің киім өнеркәсібінің дамуына үлес қосқым келеді. 
Жеңіл өнеркәсіптің мақсаты – тұрғындарды, ең бастысы тиімді, жоғары сапалы киіммен 
қамтамасыз ету. Қазақстанның жеңіл өнеркәсібінің жақсы шикізат базалары: мақта, жүн, 
табиғи былғары. Дегенмен, ол экономикадағы «шешімін таппаған» сала болып есептеледі. 
Жеңіл өнеркәсіп – материалдан гөрі еңбекті көп қажет ететін, экологиялық жағынан таза 
және көбінесе әйелдер қызметінің саласы. Киім үлгісінің дизайнері – жеңіл өнеркәсіп 
саласының бір түрі. Тігін өнімдерін құру және жоба жасау – дизайнердің негізгі міндеті. 
Дизайнер мамандығының кәсіптік саласына киімнің коллекциясы, техникалық құжат құру 
жатады. 
Бүгіннің өзінде Қазақстанда жасалған деген брендтік бұйымдар өзіміздің ішкі 
нарықтарды бірітіндеп жаулай бастады. Жастар арасында да отандық киім үлгілері жақсы 
сұраныста. Халық жергілікті өнімдерге әрдайым қолдау көрсетіп отырады. Қазақстанда 
қазіргі таңда «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-
2021 арналған бағдарламасы» және «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік 
бағдарламалары сәтті түрде жүзеге асырылуда. Билік тарапынан жеке кәсіппен айналысам 
деушілерге көмек көрсетіледі. Бұл мәселе еліміздің экономикалық саясатының маңызды 
құрамдас бөлігі ретінде барлық мемлекеттік мәселелерде айтылып жүр. 
Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынов «Басқадан кем болмас үшін біз білімді, бай, 
һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға 
бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек» - деп дәл айтқан. 
Әрқайсысымыз қолдан келгенше отанымызды өркендетуге күш жұмсайық. 


 
22 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет