«Қазақ тілі» пәнінің оқу-әдістемелік кешені «Кәсіби бағытталған шет тілі» пәнінің


КАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК



бет2/5
Дата20.06.2016
өлшемі0.5 Mb.
#149665
1   2   3   4   5

КАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК

ӘНҰРАНЫ

Музыкасын жазған Шәмші Қалдаяқов

Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов,

Нұрсұлтан Назарбаев
Алтын күн – аспаны,

Алтын дән – даласы,

Ерліктің дастаны,

Еліме қарашы!

Ежелден ер деген,

Даңқымыз шықты ғой.

Намысын бермеген,

Қазағым мықты ғой!


қайырмасы: Менің елім, менің елім,

Гүлің болып егілемін,

Жырың болып төгілемін, елім!

Туған жерім менің – Қазақстаным!


Ұрпаққа жол ашқан,

Кең байтақ жерім бар.

Бірлігі жарасқан,

Тәуелсіз елім бар.

Қарсы алған уақытты,

Мәңгілік досындай.

Біздің ел бақытты,

Біздің ел осындай!


қайырмасы: Менің елім, менің елім,

Гүлің болып егілемін,

Жырың болып төгілемін, елім!

Туған жерім менің – Қазақстаным!




  1. Мәтінді мәнеріне келтіріп оқып, мазмұнын айтып беріңіздер.



7,8,9-Сабақ. 3. Қазақ тілінің лексика жүйесі. Синоним. Омоним. Антоним. Тұрақты тіркестер.

Мәтін: Сәлем беру. Амандау салты.
Дыбысталуы, жазылуы, естілуі бірдей, ал мағыналары басқа-басқа сөздерді омоним дейміз. Мысалы: Жаз – зат есім, жаз – етстік. Ер – батыр, еркек, күйеу; ер – атқа салатын ер.

Синоним айтылуы, естілуі, жазылуы әркелкі, мағыналары бір-біріне жақын сөздер. Мысалы: надан-топас; әсем-әдемі, көркем-сұлу; үлкен-зор, т.б.

Антоним дегеніміз сөздердің бір-біріне қарама-қарсы айтылуы. Мысалы: Үлкен-кіші, аласа-биік, жоғары-төмен, ақ-қара, т.б.

Тұрақты тіркестер дегеніміз – бірнеше сөзден құралып, бір мағынаны білдіретін бір лексикалық единициа ретінде жұмсалатын сөздердің тіркесі.

Тұрақты тіркестер дайын қалпында арасына сөз қосылмай жұмсалады. Мысалы: Ит өлген жер – алыс; Төбе шашы тік тұрды – қорықты; Қаз пен көздің арасында – жылдам т.б.

Сәлем беру. Амандасу.
Ерте заманда ата-бабаларымыз "ер, әйел" деп бөлінбей бірімен-бірі "Армысыз?" деп амандасқан. "Бармыз" деп жауап қайтарады екен. Ерлер өзінен үлкен адамдарға оң қолын кеудесіне қойып "Ассалаумағалейкум!" деп сәлем беретін, үлкендер "Уағалейкумәсәлем!" деп сәлемін алатын болған. Бұл екі сөздің де мағыналары өте терең. Біріншісі - "Алланың нұры жаусын!" деген мағына берсе, екіншісі - "Саған да нұр жаусын!" деген мағына береді екен. Басқа мұсылман елдері осы сәлем беру мен сәлем алуды ер, әйел деп бөлмей жаппай қолданса, ал қазақ халқына сәлем беру мен сәлем алу тек ер адамдар арасында ғана болуға тиісті деген ұғым қалыптасқан. Сондықтан, ер балаға сәлемді қалай берудің жолын үйретсе, қыз балаға амандасудың жолын үйретеді, яғни, қыз бала өзінен үлкен адамдарға (ер болсын, әйел болсын) басын сәл иіп, "Сәлеметсіз бе?" деуі керек.

Нәресте сәлем беріп амандасқанда, аман-сәлемді жай ғана қабылдай салмайды: "Таудай азамат бол! Көп жаса!" -деп алғыстарын жаудырады. Мұның өзі баланы ынталандыра, құлшындыра түседі. Ол енді сәлем беруде, амандасуда қате жібермеуге тырысады. Үлкендердің жақсы лебізін естуге құмартады. Егер үлкен кісі баланың аман-сәлемін жай ғана қабылдай салса, бала жүрегі қанағат таппайды, нәумез болып қалады. Қазіргі көп айтылатын "Бала тәрбиесі - баршаға ортақ" дейтін сөздің түп төркіні осында болса керек. Сөйтіп, қазақ даласында бала тәрбиесі тек өз ата-анасының ғана міндеті емес, дүйім жұрттың ортақ ісіне айналған.


Амандасу салты

Амандасу қай халықтың болмасын мәдениетінің алғашқы беташары сияқты. Әр халықтың амандасу рәсімі, салттары алуан түрлі болып келеді. Мысалы, славян халықтары бір-біріне қол беріп амандасса, жапон, қытай, үнді халықтары қос қолын бірлестіріп, маңдайына тигізіп тағзым ету арқылы амандасу рәсімін жасаған. Ал Орта Азия мен Африкадағы мұсылмандар ертеде оң қолын жүрегінің басына апарып тағзым ету арқылы амандық рәсімін жа-саған. Сондай-ақ мұсылман халқында амандық салты "Ассалаумағалейкум!" деген сөзден басталады. Ол жақсы тілек: "Сізге алланың нұры жаусын" деген сөз. Сәлем алушы қария "Уағалейкум ассалам!" деп оң қолын ұсынады.

Осылай қол алысып сәлемдесуден кейін амандасушылар алма-кезек:


  • Дені-қарныңыз сау ма?

  • Мал-жаныңыз, қора-қопсыңыз аман ба?

- Еліңіз тыныш па? - деген сияқты амандасу сұрағын жалғастырады.

Ал екіншісі:



  • Деніміз сау.

  • Мал-бас аман.

  • Ел іргесі тыныш, т.б. -деп ризашылықпен жауап береді.

Ұзақ сапардан келген ағайынға жиылып келіп амандасу немесе алыс сапарға аттанғалы жатқан адамға жиылып барып "Жол болсын!" деп тілек айту дәстүрі болған. "Алты жасар бала жол жүріп келсе, алпыстағы шал барып амандасады" деген мақал соның айғағы.

Ал ауыл аралап жүріп жастар жасы үлкен қарияның үйіне бас сұғып, амандаспай кетсе, сол азаматтың үлкеңді сыйлауы кем, надан екенін бетіне басып, "Амандасуға да жарамады", "Жетесіз" деп сөгетін болған. Бұл тәрбие негізі амандық-саулық сұраудан басталады, оны білмеген адамның көргені шамалы деген ұғымды білдіреді. Бұдан туатын қорытынды: қазақ халқының амандасу салты - мазмұны жағынан өте бай, ол жастарды кішіпейілдікке, ибалыққа, сыйласымдылыққа баулуды мақсат еткен ата дәстүрі екені даусыз.

Сыйға сый, сыраға бал.

Еңкейгенге еңқей, атаңнан қалған құл емес. Шалқайғанға шалқай, пайғамбардың ұлы емес.



Мәтін бойынша тапсырма.

1-тапсырма: Төмендегі сөздердің синонимін табыңыздар:

Үлгі: Жаппай - дүйім, барша.

Жаппай, ынталану, алғыс, лебіз, міндет, беташар, жетесіз, сыйлы, алғашқы.

2-тапсырма: Бас, жас, бай, ер, қол сөздерінің омонимін табыңыздар.

Үлгі: бас – з.е., дене мүшесі.

бас - етістік.

3-тапсырма: "Нәумез болып қалу", "түп төркіні осындай", "тағзым ету", "сыйласымдылыққа баулу" тіркестерін қалай түсінесіз, оларды қолдана отырып, сөйлемдер құрастырыңыздар.

4-тапсырма: Мәтіннен дыбыс үндестігіне байланысты сөздерді тауып жазыңыздар.

Үлгі: көкірегіне

5-тапсырма: Сіз көптен көрмеген досыңызды кездестірдіңіз. Екеу ара әңгімелеріңізді, жоғарыдағы мәтіндерді пайдалана отырып, диалог құрап жазыңыздар.

1. Мәтінмен танысып, мәнерлеп оқып шығыңыздар.


  1. Мәтіннің студенттерге берер тәлімі қандай? Түсіндіріңіздер.

  2. "Ұлдың ұяты әкеге, қыздың ұяты шешеге" - деп қараған
    халқымыздың өсиетіне өз көзқарасыңыз қандай?

  1. Ұлттық отбасына қатысты бірнеше мақал-мәтелдер айтыңыздар.

  2. Мәтіннің мағынасын өз сөздеріңізбен айтыңыздар.


10,11,12-Сабақ. 4. Қазақ тілінің морфологиясы. Сөз құрамы. Қосымша.

Мәтін: Қазақстан қалалары. Семей.
Морфология – сөз және оның формалары туралы ілім. Морфологияның негізгі обьектісі – морфемалар. Олар – сөздің түбірі және оған жалғанатын қосымшалардан тұрады. Сөздің лексикалық немесе грамматикалық мағынасын білдіретін әрбір жеке ең кіші бөлшегі морфема деп аталады.

Түбірден кейін тұрып, жаңа сөз тудыратын қосымшаны жұрнақ дейміз. Жұрнақтың екі түрі бар: 1) сөз тудырушы жұрнақтар; 2) сөз түрлендіруші жұрнақтар.

1. Мәтінді оқып, қысқаша мазмұнын айтып беріңіз.


  1. Мәтінді азат жол бойынша мағыналық топтарға бөліп,
    жоспар құрыңыз.

  2. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып диалог
    құрастырыңыз.

Тақырыбы: "Астана қаласына сапар".

Сапар, жолсерік, кешендер, құрылыс, Есіл өзені, тарихи
маңызды, кең әрі түзу көше, сәулетті ғимарат.


Ақмола (Астана)
Ақмола - 13-14 ғасырда тұрғызылған сәулетті күмбез. Ондай тастан, күйдірген кірпіштен жасалған күмбездер Есіл мен Нұра бойында көп. Ақмола Кеңгір бойындағы Домбауыл сияқты кешендер солардың ескі түрінің бірі. Оның қабырғасы төрт бұрышты текше түрінде қаланып, үстінде шардың жартысына ұқсаған, не киіз үйдің төбесі тәрізді күмбез орнатқан.

Күмбез жолаушының көзіне алыстан жарқырап көрініп, Есіл өлкесінің аты болады. Есіл бойында дуан салынғаннан (1832) бері, Ақмола сол дуанның, кейін Ақмола қаласының, оның уезінің және облысының ресми атына айналады. Ол жерде болған тарихи күмбез 19 ғасырдың 2-жартысында қирап бітті. Тарихта, ел есінде тек оның аты ғана сақталған.

Қазақстан астанасы жөнінде айтсақ, Акмола астана болуға лайық. Географиялық орны жағынан жазық далада орна-ласқандықтан астана бола қалғанда оған сәулетті ғимараттар салынып, қала созыла беретіні белгілі ғой. Осы жағынан Ақмола өте қолайлы. Нұра, Есіл өзендерінің бойына жақын орналасқан, ол қаланы сумен қамдаудың көзі.

Егер, Қазақстан картасына көз жүгіртсек Ақмола қаласы қазақ жерінің дәл орталығы. Теміржолдың да, тас жолдың да торабы. Ақмола Қазақстанның оңтүстігіне де, солтүстігіне де, шығысына да, батысына да бірдей орталық. Ақмоланың астана болуы қазақ ұлтының миграциясына да пайдасын тигізері даусыз. Және де мұның саяси-стратегиялық маңызы бар екенін де ұғуымыз керек. Ол дегеніміз Сарыарқаның байлығына қазақты қожа ету.

Облыс 1939 жылы қазанның он төртінде кұрылған. Аумағы -133,0 мың шаршы шақырым. Халқы - 1002,0 мың адам. Облыстың 12 ауданы бар.
Жаттығу жұмыстары:

1-тапсырма: Зат есімдерді теріп алып, тұлғасына қарай кесте бойынша жазыңыз.




Негізгі түбірлі зат есім

Туынды түбірлі зат есім

Біріккен түбірлі зат есім

Қос сөзді зат есім












1. Шығанақ оған бала, оқушы деп қана қарамайды. 2. Астана Есіл, Нұра өзендерінің жағасында орналасқан. 3. Олжабекті ит- құсқа жем қылмай алып қайтқан мылтықты адам осы - Шығанақ. 4. Жастар жағы ойнап-күліп тойды қыздырып жіберді. 5. Байдың үйінің алдында қойлар көгенделіп тұр. 6. Қойшы бар жұмысты бітіріп демалуға кетті.


2-тапсырма: Сөздіктен берілген сөздердің орысша баламасын тауып жазыңыз.

Жолаушы Қожа болу

Ресми аты Аумағы

Сәулетті Аудан

Ғимарат
3-тапсырма: Грамматикалық категорияларына қарай зат есім сөздерге талдау жасаңыздар.

Түн ортасы ауа жел бәсеңдеп, бұлт ыдырай бастады. Кертөбел атын күзетіп жатқан Айбас екен. Маған балаң мен келінің аянышты емес, мына сен аяныштысың. Өнер - халықтың рухани азығы. Бірақ ел құлағы елу, отыз тістен шыққан сөз отыз рулы елге жетеді. Түн ішінде Жайықтан өтіп кетіпті. Қазақ - сөз қадірін өз қадірім деп білген халық.


4-тапсырма: Мәтіннен сын есімдерді теріп жазып, талдау жасаңыз.

5-тапсырма: Көмекші есімдерді тауып, шығыс, көмектес септіктерінде септеңіз.


Жайыққала - Теке - Орал
1775 жылға дейін қазіргі Орал деп жүрген қаламыздың Жайық қалашығы аталып келгені тарихтан белгілі. Жағасына осы қала орналасқан өзен де Жайық деп аталатын. Жайық - ежелгі түрік сөзі, мағынасы жайлы отан. Жайықтың жағасында скифтердің, гот-тардың, ғұндардың, аварлардың, хазарлардың, печенегтер мен қыпшақтардың үндері қалған. Бұл Жайық солардың ұрандарын бойына сіңірген.

ХІІІ-ХҮ ғасырларда бұл өлкенің Алтын Ордаға қарағаны белгілі. Алтын Орданың сауда-саттық, әрі мәдени орталығы болған Сарайшық та Жайықтың бойында. Бұны Еділ бойынан келген казак-орыстар 1580 жылы құртып жіберген. Казактардың бұл ойраны Ермактың озбырлығымен ұласып кеткені де мәлім.

XVII ғасырдың аяқ шенінде-ақ жікке бөлінген, байы мен кедейі іріктеліп шыққан казактар XVIII ғасырда алпауыттарға қарсы бас көтере бастайды. 1667-1671 жылдардағы Степан Разин басшы-лығымен көтерілген қара халық, бұдан 100 жыл өткеннен кейін Е.Пугачевтің туының астына жиналады. 1773 жылдың 17 қыркүйегінде Е.Пугачев пен И.Зарубин-Чика бастаған көтерісшілер тобы алғаш рет Жайық даласында атқа қонады. Осы Жайықта болған бақытсыз оқиғаларды мүлдем ұмыттыру үшін Екатерина ІІ 1775 жылы Жайық өзенін Орал өзені деп, Жайық қаланы Оральск деп өзгертеді. .

Патшаның бұйрығы өз алдына, Жайықтың Самар беті мен Бұқар бетін тең жайлаған қазақ халқы Жайығын Жайық деп, Ораль-скіні Теке деп атаудан еш жаңылмайды. Сол өлкеде қылышы жарқылдаған Махамбет те "Волга-Урал екі өзен" демей, "Еділ-Жайық екі өзен" деп жалынды жырға қосады.

1868 жылы Теке Батыс Қазақстан өлкесіндегі үлкен бір облыс орталығына айналады. XIX ғасырдың басында Теке қаласы орыс интеллигенциясының назарын өзіне бұра бастайды. Әуелі орыс география қоғамын ұйымдастырушылардың бірі А.И.Левшин келсе, оның еңбегімен танысқаннан кейін, 1773-1775 жылдардағы шаруалар көтерілісі болған жерлерді өз көзімен көру үшін А.С.Пушкин 1833 жылдың 21 қыркүйегінде Текеге келіп түседі. Бұл кездегі оның жолбасшысы, соңынан әрі ғалым, әрі жазушы ретінде аты шыққан В.И.Даль еді.

Сол шамада Текеде 12 400 адам тұратын, 4 алаңы, 85 көшесі болған.

Сөз соңында айтарымыз, патша II Екатеринаның қырсықтығынан ежелгі атын жоғалтқан қалаға не Жайыққала, не Теке деген атын қайтарып берсе деген ұсыныс жасаймыз.

(Баспасөзден)


Мәтін бойынша тапсырмалар:
1-тапсырма: Орыс тіліне аударыңыз.

1775 жылға дейін қазіргі Орал деп жүрген қаламыз Жайық аталған. Жайық - ежелгі түрік тілінде жайлы отан деген мағынаны білдіреді. Жайықта болған қанды оқиғаларды ұмыттыру үшін Екате-рина II 1775 жылы Жайық өзенін Орал, Жайық, қаласын Оральск деп өзгертеді, Қазақ халқы патшаның бұйрығына қарамай қаласы мен өзенін өз атымен атаудан жаңылмайды.


2-тапсырма: Көмекші есімдерге талдау жасаңыз.

Дәл осы кезде тыста, үй сыртында, жүгірген балалардың дауысы естіліп еді. Жүгіріп қасына барған Хакімге танымайтын адамша тосырқап қарады. Тозған үй ішінен жылу кеткен. Үй сыртына кеп түскен ат дүбірімен аралас үрген ит дауысы келеді.


3-тапсырма: Көмекші есімдерді теріп жазып, сөйлем құраңыз.

Артта, ішіне, қасында, жанында, жанына, сыртта, қала, үлкен, ескі, кең, маңындағы, алға.


Семей
Семей - Қазақстанның ірі, мәдениетті қалаларының бірі.

Семейдің өзіне тән ұзақ даму тарихы бар. Қаланың 16-17 ғасырлардағы ежелгі аты - Доржынкит. Ол патша үкіметінің ресми құжаттарында "Тас мешіт" деген атпен XVI ғасырдың басынан бел-гілі. I Петр тапсырмасымен бұл жерге арнайы келген әскер басшы-ларының хабарларында бұл қоныс "Гудские каменные палаты", "Семь палат" деп аталған. Өйткені қалада ерекше көзге түсетін жеті сарай болған. 1718 жылы Семей қамалын жаңадан тұрғызуға жіберілген Чередов пен Бухгольц Жеті шатыр сарайларының биіктігі мен әшекейлеріне таң қалады. Бұл екеуінің жазуы бойынша Жеті шатырдың құрылыстары Бұхар мазарларының стилімен салынған. Онда ғажайып суреттер, кітаптар, қолжазбалар болған. Сарайдағы жазулардың бір тобын 1717 жылы Бухгольц I Петрге сыйға тартқан. I Петр ол жазулардың мазмұнын айыру үшін Париж академиясына жібереді. Бұл жазулар қазір сонда сақталуда. Жеті шатыр сарайының ең бағалы қазыналарының бірі - суреттер. Әр сарайдың ішкі қабырғалары ғажайып суреттермен көркемделген.

Семей бекінісінің іргесі 1718 жылы қаланғаннан кейін, 1782 жылдан уездік қала. Қала іргесі қаланған кезден-ақ Орта Азия ха-лықтары мен көршілес елдердің Шәуешек, Құлжа, Қашғар қалаларымен сауда Жібек жолы арқылы жүргізілді.

Семейде 1870 жылы май шығаратын екі завод, сабын қайнататын бес завод, он алты кірпіш заводы және 1353 тұрғын үй болған.

Сол жылдары оқу орындарынан бір уездік училище, бір әйелдер училищесі, бес мұсылман медресесі болған.

Совет өкіметі жылдарында маңызды экономика және мәдени орталықтарының біріне айналды. Қалада тамақ, жеңіл машина жөндеу, металл өңдеу және құрылыс материалдары кәсіпорындары салынған болатын. 1975 жылдың басында мұнда арматура, кабель, газ аппаратурасы, протез, тәжірибелік-тері-былғары, жол-құрылыс техникасы, автомобиль, тұрмыстық машиналар мен аспаптар жөндеу зауыттары, цемент, тері-бетон комбинаттары, аяқ-киім, шұлық, тігін, жүн фабрикалары және басқа жеңіл-өнеркәсіп орын-дары болды.

Қала тұрғындарына көптеген тұрмыстық кәсіпорындар, жоғары оқу орындары, қазақ, орыс драма театрлары, өлке тану мұражайы, қазақтың ұлы кемеңгері Абай Құнанбаевтың, орыс жа-зушысы Ф.М.Достоевскийдің әдеби-мемориалдық мұражайлары қызмет көрсетеді.

Семей ет және сүт өнеркәсібі технологиялық институты 1965 жылы Жамбыл технологиялық институтының бір бөлімі болып ашылды, ал 1980 жылдың қаңтар айынан бастап, Семей қаласында өз алдына Семей ет және сүт өнеркәсібі технологиялық институты болып өзгеріп құрылды.

Семей мемлекеттік институты - жоғары дәрежелі маман дә-рігерлер дайындайтын оқу орны 1953 жылы ашылды. 1961 жылға дейін бір ғана емдеу факультеті болды. Қазір бірнеше факультет бар.

Семей зоотехникалық-малдәрігерлік институты 1951 жылы ұйымдастырылған.

Семей педагогика институты педагог кадрлар дайындайтын жоғары оқу орны. Институт 1937 жылы құрылған.

Семей облыстық өлкетану мұражайы 1883 жылы ашылған. Ол жер аударылғандар Е.П.Михаэлис, А.А.Леонтьев, А.А.Блэк, Н.И.Долгополов және Абай Құнанбаевтың қатысуымен құрылды. Қазір мұражайда 35 мыңдай экспонат және 33 мың данадан аса ғылыми әдебиет бар.

Облыс 1939 жылғы қазанның он төртінде құрылған. Аумағы -179,6 мың шаршы шақырым. Халқы - 838,3 мың адам.


Сөздік

Мәдениетті Көркемделген

Ресми құжат Бекініс

Әшекей Мұражай

Мазар Мамандар

Қолжазба Дәреже

Өлке тану
Жаттығу жұмыстары:
1. Берілген сөйлемдерден тәуелдік жалғауын табыңыздар.

Семей - Қазақстанның ірі, мәдениетті қалаларының бірі. Ол патша үкіметінің ресми құжаттарыңда 'Тас мешіт" деген атпен бел-гілі. Жеті шатыр сарайларының биіктігі мен әшекейлері Бұхар ма-зарларының стилімен салынған. Әр сарайдың ішкі қабырғалары ғажайып суреттермен көмкерілген.



2. Берілген сөздермен сөйлем құрастырыңыз, талдаңыз.

Суреттер, балалық, әңгіме, жолы, халі, орын, ауыл, бақыты, өмірі, сыйлық.

3. Мәтіннен берілген сұрақтарға жауап жазыңыз, талдаңыз.

  1. Семей қаласы патша үкіметінің ресми құжаттарында қалай
    аталған?

  2. Жеті шатыр сарайларының стилі қандай стильге жатады?

  3. Семей мәдени-экономикалық орталық ретінде қашаннан
    белгілі?

  4. Семейде қандай оқу орындары болған?

4. Берілген сөздерді пайдаланып, сөйлем құрастырыңыз. Сөйлемдерден тәуелдік жалғауын тауып, талдаңыз.

Экономика, мәдени, орталық, жеңіл өнеркәсіп, кә-сіпорындарында, мамандар, әдеби-мемориалдық мұражайлар.
13,14,15-Сабақ. 5. Тәуелдік жалғауы. Жіктік жалғауы. Септік жалғауы. Көптік жалғауы.

Мәтін: Қазақтың билері. Төле би. Қазыбек би. Әйтеке би.
Жіктік жалғау

(Формы спряжения)
Жіктік жалғау — іс-әрекеттің кімге қатысты екенін білдіретін грамматикалық категория.

Қазақ тілінде есімдер де, етістіктер де жақ бойынша түрлене алады. Жіктік жалғаулары жақтық мағына берумен қатар, жекеше, көпше мағыналарды да бере алады. Қазақ тілінде жіктік жалғаудың төрт түрі бар.



Жалғаулардың орын тәртібі

(Порядок расположения окончаний)
Қазақ тілінде қосымшалардың өзіндік жалғану тәртібі бар. Сөзге жұрнақ, сонан кейін көптік, тәуелдік, септік және жіктік жалғаулары бірінен соң бірі жалғанады.

Көптікжалғау

(Аффиксы множественности)
Көптік жалғауы сөздерге көптік мағына беретін көптік жалғаулары арқылы жасалады: -лар, -лер, -тар, -тер, -дар, -дер.

Тәуелдік жалғау

(Притяжательные аффиксы)
Тәуелдік жалғау заттың белгілі біреуге тән екендігін білдіреді. Орыс тіліңде мұндай қосымша жоқ: дәптер+ім (моя тетрадь), дәптер+ің (твоя тетрадь).

Септік категориясы (Категория склонения)
Септік жалғауы сөз бен создің арасын байланыстырып, оларды өзара карым-қатынасқа түсіреді. Қазақ тілінде 7 септік бар.

Образование падежных форм имен существительных осуществляется с помощью падежных окончаний. В казахском языке имеется 7 падеж­ных форм.




Септіктер

(Падежи)

Сұрақтары

(Вопросы)

Жалғаулары

(Окончания)

1. Атау

(Именительный)



кім? не? (кто? что?)




2. Ілік

(Родительный)



кімнін? ненің? (чей? чья? чье? кого? чего?)

-нып, -нің, -дың

-ДІҢ, -ТЬЩ, -ТІҢ

3. Барыс

(Датедьно-направит-й)



кімге? неге? қайда? (кому? чему? куда)

-ға, -ге, -ка, -ке

-а, - е, - на, - не



4. Табыс (Винительный)

кімді? нені? (кого? что?)

-ны, -ні, -ды,

-ДІ, -ТЫ, -ТІ, -H

5. Жатые

(Местный)



кімде? неде? қайда? кашан?

(у кого? в ком? у чего?

в чем? на чем? где? когда?)


-да, -де, -та, -те, -нда, -нде

6. Шыгыс

(Исходный)



кімнен? неден? қайдан? (от кого? у кого? от чего? из чего? откуда?)

-дан, -ден, -тан, -тен, -нан, -нен

кіммен? немен? қалай? (с кем? с чем? как?)



-мен (менен), -бен (бенен), -пен (пенен)

7. Көмектес

(Творительный)




ТӘУКЕ ХАН (1680-1718) ЖӘНЕ ОНЫҢ БИЛЕРІ
Тәуке хан – Жәңгір ханның баласы. Ол атақты Төле биге, Қаз дауысты Қазбек би мен Әйтеке билерге арқа сүйеп, феодалдық ақсүйектер сұлтандары әлсіретіп,хандық өкіметтің үстем болуын жақтады. Ол жоғарыда аталған бас билермен кеңесе отырып Жеті жарғы әдет зандарын шығарды.Онда негізінен қазақтардың әдеттегі заңдарының бірқатар ережелері бекітілгенмен, жинақ феодалдық құрылысты нығайтуға бағытталған еді.Тәуке ханның хандықты нығайту әрекетінен нәтиже шықпады:қазақ хандықтары бытыраңқы күйде қала берді. Тәуке хан енді Ресеймен дипломатиялық және сауда байланыстарын орната бастады. 1716 жылы Тәуке хан жоңғарларға қарсы шығу үшін Ресейден әскери көмек сұрауға мәжбүр болды. Өйткені 1690 жылдардың аяғында басталған ойрат және қазақ хандарының арасындағы қарулы қақтығыстар жиілеп, жау басым болып тұрды.

Тәуке хан ел басқаруда беделі зор билер мен батырлардың тобына сүйеніп, феодалдық бытыраңқылыққа бейім тұрған хандар мен сұлтандардың рөлін тежеуге тырысты. Ол тұрақты хан кеңесі, билер кеңесін құрып, жыл сайын Құлтөбеде (Ташкент түбінде) Үш жүздің шонжарларын шақырып съезд өткізіп тұрды. Билер тобының қатысуымен Үш жүздің арасындағы маңызды мәселелер шешілетін болды. Олар халықты басқаруға арналған заң шығару мен сот істеріне араласты. Бірте-бірте жергілікті басқару істерін де қолдарына алды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет