«Қазақ тілі стилистикасы» пән бойынша эмтихан сұрақтары



бет17/39
Дата21.01.2023
өлшемі157.83 Kb.
#468597
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   39
СТИЛИСТИКА СЕССИЯ ЖАУАПТАРЫ

Фразеологиялық сөздік тілдегі сан алуан тұрақты сөз тіркестерін қамтиды. Қазақ тілі неше қилы фразеологиялық сөз тіркестеріне өте бай. Бұлар аз сөзбен көп мағынаны жеткізуде айрықша қызмет атқарады. Көркем бейне жасауда тұрақты сөз тіркестерінің алатын орны ерекше. Қазақ тілінің тұңғыш фразеологиялық сөздігі 1977 жылы І.Кеңесбаевтың авторлығымен жарыққа шықты. Онда он мыңнан астам фразеологиялық тіркес қамтылған. Әрбір фразеологизмнің мағынасына түсініктеме беріліп, қолданылу орайы көрсетілген.
Мысал. Бауыры суыды. Күдер үзді. Бауыры суып, аямас қас көргендей барлық жанды… Не айтайын? – деп тоқтап қалды (М.Ә.)
Тілдегі бір-біріне синоним болатын, мағыналас сөздердің сөздігі синонимдік сөздік деп аталады. Қазақ тіліндегі синонимдерді жүйелеп зерттеу, оның алғашқы сөздіктерін жасау 20 ғасырдың 2 жартысында Ә.Болғанбаев еңбектерінен басталады. 1962 жылғы “Қазақ тілінің синонимдік сөздігінде” 4000-нан астам сөз қамтылған.
Мысал. Еркелеу, шолжаңдау, арсалаңдау, арсалақтау, наздану. Бала тіпті шолжаңдап жұрттың алдына шығып кетіпті (Р.Райымқұлов). Аяулы ару наздана келіп, ақ білегін мойынға орады (М.Сатыбалдиев).
Мағынасы бір-біріне қарама-қарсы сөздердің сөздігі антонимдер сөздігі деп аталады. Қазақ тіл білімінде антонимдерді топтастыруда екі түрлі көзқарас бар: бірі - антонимдердің пайда болуын логикалық қарама-қарсылықпен байланыстырып, тілдік қатынастар негізінде топтастару. Осыған орай Ж.Мусиннің сөздігінде антонимдер лексикалық, сөзжасамдық, морфологиялық, фразеологиялық, стилистикалық деңгейде талданған. Екіншісі, антонимдерді универсалды тілдік құбылыс ретінде философия, логика, психология, лингвистика ғылымдарының түйіскен тұстарымен салыстыра отырып, кешенді бағытта топтастару.

  • Зат есім антонимдер (бас-аяқ, басшы-қосшы, елдік-жаулық).

  • Сын есім антонимдер (семіз-арық, жұмсақ-қатты, үлкен-кіші).

  • Етістік антонимдер (шекісу-бекісу, ақтау-қаралау, жылату-жұбату).

  • Үстеу антонимдер (кері-ілгері, бүгін-ертең).

  • Фразеологиялық антонимдер (абыройы асты - абыройы төгілді, еңбегі жанды - арам тер болды).

Пайдаланылған әдебиет: Қалиев, Ғ. Болғанбаев Ә. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. 223-235 беттер
2-ші блок




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет