«Қазақ тілі стилистикасы» пән бойынша эмтихан сұрақтары


Ғылыми стиль, оның стилистикалық категориялары, ірі және шағын ғылыми стиль түрлерінің жанрларына ғылыми сипаттама жасаңыз



бет13/39
Дата21.01.2023
өлшемі157.83 Kb.
#468597
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   39
СТИЛИСТИКА СЕССИЯ ЖАУАПТАРЫ

13. Ғылыми стиль, оның стилистикалық категориялары, ірі және шағын ғылыми стиль түрлерінің жанрларына ғылыми сипаттама жасаңыз.
Ғылыми стиль – ғылымның дамуымен, ғылыми-зерттеу еңбектердің пайда болуымен байланысты туған стиль. Оған әр мамандық, әр ғылым саласында жазылған шығармалар тілі жатады.
Ғылыми стиль мәселелерін зерттеу ісі көрнекті ғалымдар Ә.Қайдар, Ө.Айтбайұлы, Р.Сыздық, Б.Әбілқасымов, М.Серғалиев т.б. еңбектерінен басталып, қазіргі кезеңде оның әр түрлі тұрғыдан, әсіресе коммуникативтік-функционалдық, диахрондық-синхрондық аспектілерде қарастырыла бастауы Ш.Құрманбайұлы, Ш.Біләлов, Ш.Мәжітаева, Д.Әлкебаева, С.Әлісжанов, Ж.Әмірова, Ж.Құрмамбаева т.б. зерттеушілердің еңбектерінде жалғасын табуда.
Әдеби тілдің функционалды стильдері бүгінгі күй-деңгейіне белгілі даму жолдары арқылы келгені белгілі. Сондықтан кез келген стиль түрі, оның ішінде ғылыми стиль тек синхрондық тұрғыдан ғана емес, диахрондық тұрғыдан да сипатталып, теориялық терең меңгертуді қажет етеді. Қазақ тілінде ғылыми стильдің қалыптасуы, негізінен, өткен ғасырдың 20-30 жылдарынан басталады. Оның көш басында А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, Х.Досмұхамедов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, Т.Шонанов, Ә.Ермеков, Н.Төреқұлов, Қ.Жұбанов т.б. сынды тұлғалар тұрды. Оның ішінде қазақ тілінің ғылым тілі ретінде қалыптасып, дамуына А.Байтұрсынов еңбегінің үлесі зор. Мәселен, А.Байтұрсыновтың 1912-1928 жылдары жарық көрген әліппелері, оқулықтары мен тіл-құралдары, жазу, емле, терминология мәселелері жайындағы сыни мақалалары, қазақ тілінің табиғаты мен құрылымдық жүйесін танып- танытудағы осындай сан салалы еңбектері оның ғылым тілі ретінде толық қалыптасуына, ғылыми стильдің орнығуына зор ықпал етті. Сонымен қатар М.Дулатовтың «Есеп құралы», М.Жұмабаевтың «Педагогикасы», Ж.Аймауытовтың «Тәрбие жетекшісі», «Психологиясы», Х.Досмұхамедовтың «Жануарлары», «Табиғаттануы», «Адамның тән тірлігі, Қ.Кемеңгеровтың «Оқу құралы», «Қазақша-орысша тілмашы», Ә.Ермековтың «Ұлы математика курсы» т.б. еңбектерін ғылыми стильдің қалыптасуының алғышарттары деп тануға болады. Қазақтың ірі тұлғаларының, мәдениет қайраткерлерінің қазақша ғылым тілін дамытудағы келелі мәселелерді көтеруі тегіннен-тегін емес. Өйткені ғылыми тіл ғылым жетістіктерін, ғылыми ақпаратты жеткізетін тіл ғана емес, Ә.Қайдардың сөзімен айтқанда, «ғылым тілі бүгінде әдеби тіліміздің ең сүбелі саласы, жон арқасы».
Ғылыми стильде зерттеу нысаны болған зат, құбылыстар ғылыми негізде сипатталып, белгілі бір теориялық негіздермен дәлелденіп, логикалық жағынан нақтыланып, белгілі жүйеге құрылған өзекті, дәлелді, ой қисыны қорытындыланған ғылыми тұжырым жасалады. Кез келген ғылыми-зерттеу жұмысында теориялық тұжырым-қағидасының шынайылығына, ақиқаттығына сендіру, өзектілігін, жаңашылдығын дәлелдеу көзделеді. Демек, ғылыми стильдің екі түрлі қызмет атқаратындығын аңғарамыз: бірі – ғылыми ақпаратты жеткізу ғана емес, сол ақпараттың, көп жағдайда жаңалықтың ақиқаттығын дәлелдеу де; екіншісі – оқырманның немесе тыңдарманның логикалық ойлау қабілетінің белсенділігін арттыру . Осы аталған жайттар ғылыми стильдің негізгі сапалық белгілерін айқындайды. Олар:
- логикалылық;
- нақтылық не айқындылық;
- дәлдік – ғылыми стильдің сақталуына тән шарттар. Олай болса, ғылыми қарым-қатынас аясы айтылған ойдың нақтылығымен, қисындылығымен, бір мағыналы болуымен және дәлдігімен ерекшеленеді. Ғылым аясындағы ойлаудың басты түрі ұғым болып келеді. Н.Уәлиұлының тұжырымдауынша, ғылыми стильде тіл амал-тәсілдерінің дерексіз сипатта «ұғым» түрінде болуы ғылыми стильдің басты айырым белгісі болса, сөздің деректі сипат алып, оның образға көшуі көркем әдебиет стилінің басты айырым белгісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет