«Қазақ тілі стилистикасы» пән бойынша эмтихан сұрақтары


Түсіндірме сөздік, синоним, диалектологиялық, антоним, фразеологиялық тағы да басқа тағы басқа сөздіктердің стилистика пәні бойынша маңызын атап көрсетіңіз



бет16/39
Дата21.01.2023
өлшемі157.83 Kb.
#468597
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   39
СТИЛИСТИКА СЕССИЯ ЖАУАПТАРЫ

15. Түсіндірме сөздік, синоним, диалектологиялық, антоним, фразеологиялық тағы да басқа тағы басқа сөздіктердің стилистика пәні бойынша маңызын атап көрсетіңіз.
Сөздік халықтың рухани, мәдени өмірінде үлкен рөл атқарады, одан белгілі бір дәуірдегі қоғамдық білім, таным көрінеді. Сөздік қатынас құралы ретінде тілдің жетілуіне, бір қалыпқа түсуіне мүмкіндік тудырады. Сөздіктің лингвистикалық (тілдік) және энциклопедиялық екі түрі бар. Лингвистикалық сөздіктерге түсіндірме сөздік, аударма сөздік, терминологиялық сөздік, фразеологиялық сөздік, диалектологиялық сөздік, синонимдер сөздігі, антонимдер сөздігі, омонимдер сөздігі, сөзжасам сөздігі, тарихи сөздік, этимологиялық сөздік, орфоэпиялық және орфографиялық сөздік жатады. Ал энциклопедиялық сөздікке философиялық, педагогикалық, психологиялық, саяси экономикалық, астрономиялық сөздіктер жатады.
Түсіндірме сөздік – әдеби тілде жалпылама және жиі қолданылатын сөздердің нақты мағыналарын, ауыс мағыналарын, оларға қатысты тұрақты сөз тіркестерін талдап, иллюстрациялық материалдар арқылы түсіндіретін біртілді сөздік. Түсіндірме сөздіктің алға қоятын мақсаты – бір тілдің белгілі дәуірдегі жалпыхалықтық сипат алған сөздеріне мағыналық, стильдік әрі грамматикалық жан-жақты сипаттамалар беріп, тілдің қазіргі даму тұрғысындағы сөздік құрамының сан мөлшерін біршама анықтау, сөздердің мағыналық нормаларын, стильдік түрлі қолданыстарын саралап көрсету. Сонымен қатар сөздердің жазылуы мен айтылуындағы нормалардың ең дұрыс деген қалпын айқындай отырып, соған нақтылы түсінік беруді қарастырады. “Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі” ең алғаш рет екі том болып, 1959 және 1961 жылдары І.Кеңесбаев басшылығымен шықты. 1974-1986 жылдары толықтырылып, А.Ысқақов басшылығымен он том болып жарық көрді. Бұл сөздік стильдік белгілер негізінен 4 топқа жіктеледі:
1. Әдеби тіл шеңберінен тыс қолданылу шегін көрсететін белгілер: қарап. (қарапайым сөз), тұрп. (тұрпайы сөз), сөйл. (сөйлеу тіліне тән сөз), диал. (диалектілік сөз), т.б.
2. Әдеби тілдің белгілі бір саласында жұмсалатынын көрсететін стильдік белгілер: кәсіб. (кәсіби сөз), кітап. (кітаби сөз), діни (діни сөз), тар. (тарихи сөз), жаңа (жаңа сөз), поэт. (поэтикалық сөз), т.б.
3. Ғылым-өнердің бір саласында жұмсалатынын көрсететін белгілер: биол. (биология), хим. (химия), муз. (музыка), авиац. (авиация), т.б.
4. Сөздердің әртүрлі стильдік бояуын көрсететін белгілер: экспр. (экспрессивті сөз), эмоц. (эмоционалды сөз), сып. (сыпайы сөз). Сонымен қатар сөздікте үнемі болмаса да, қай тілден келгендігін көрсететін белгілер де қойылған: ар. (араб сөзі), моңғ. (моңғол сөзі), ор. (орыс сөзі).
Әрбір сөздің мағынасы мен реңкін айқындауға берілген нақтылы мысалдар, келтірілген иллюстрациялық материалдар сөздің қолдану аясын, стильдік мәнін мүмкіндігінше толық және айқын етіп дәлелдеуді көздейді. Мысалы: Әке зат. 1. Балалы болған ер адам. Абайдың өз әкесі - Құнанбай, атасы - Өскенбай, арғы атасы - Ырғызбай (М.Әуезов, Әр жыл.). 2. Малдың, т.б. жан-жануардың еркегі, аталық мал. Құлагер әкең тұлпар, шешең сұңқар, Соғып ең дөненіңде сегіз арқар (Ақан сері, Шығ.). 3. Ауыс. Бір нәрсенің ең зоры, үлкені. Қуырдақтың әкесін түйе сойғанда көрерсің (мақал). 4. Сөйл. Өзінен жасы кіші
Тілдегі диалектілік сөздердің мағынасын әдеби сөздер арқылы түсіндіретін сөздік диалектологиялық сөздік деп аталады. Ауызекі тілдегі сөз айырмашылықтарын жинап, теріп, жеке сөздік етіп шығару жалпы халық тілінің сөз байлығын жете білуге үлкен жәрдем етеді, тіл тарихын салыстырып зерттеуге себін тигізеді. Экспедициялық материалдардың негізінде Ж.Досқараевтың “Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері” атты тұңғыш сөздігі 1955 жылы басылып шықты (оған қазақ тілінің 1521 жергілікті ерекшелігі енгізілген).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет