Қазақ тілін дидактикалық ойындар арқылы қатысымдық тұрғыдан меңгертуде қазақ тілінің салалары өзара бірлікте қарыстырылады



бет21/32
Дата19.06.2016
өлшемі2.86 Mb.
#147920
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   32

41

тілдерімен) бұзылған тілдер қатары сұғдақ, қанжақ, арғу, худан, тибет және ябақу, татар, басмык тайпаларының тілін енгізеді».

Міне осы түркі тілдерінің даму сатысында бір жағынан, көпшілік түркі тілдеріне негізделген жалпыға ортақ әдеби тілмен бірге ("Құдатғу білік", "Хибат-ул хақайық), ислам дінінің ықпалымен араб-парсы элементтері көптеп ене бастап, екінші жағынан оғыздар, қыпшақтар, қарлұқтар арасы алшақтай түсіп, өзіндік тілдік ерекшеліктері айқын көріне бастайды.

Қазіргі ұлттық тілдердің лексикалық құрамы мен фонетикалық-граматикалық жағындағы өзгерістердің болуы жоғарыда айтылған түркі тілдерінің негізін құраған ру-тайпалардың алшақтай түсіп, жеке-жеке ұлт тілдерінің қалыптасуына негіз жасауында.

Жаңа қоғамдық формация, мәдени-экономикалық қарым-қатынастар жаңа ұғымдарды дүниеге келтірді. Кезінде олардың көбісінің қай тілде болмасын атауы жоқ сөздер болатын.

Міне, осындай өміршең талаптан туған зәрулікті қанағаттандырудың екі түрлі жолы бар. Оның бірі - әр тілдің өз ішкі заңдылықгарына сүйене отырып жаңа сөздер жасау да, екіншісі - басқа тілдерден әзір тұрған сөздерді қабылдау немесе сөзбе-сөз аударып алу.

Бұл сөз еткелі отырған БСО лексикасындағы терминдер осы екеуінің соңғысына көбірек келіңкірейді. Енді тілімізде қолданылып жүрген осы терминдердің кейбіріне тоқталайық:

42


  1. Сөз (слово) — азербайжанша сөз, өзбекше суз
    түрікменше соз, қырғызша соз, татарша су, ұйғырша соз,
    түрікменше соз башқүртша ьуз.

  2. Мағына (значение) - азербайжанша мана, өзбекше
    мано, түрікше анлам, қырғызша ман, татарша мана, ұйғырша
    мана, түрікменше ман, башқұртша мағана.

  3. Сөздік (словарь) - азербайжанша лұғат, өзбекше
    сузлик, түрікше созлик, қырғызша созлик, татарша сузлик,
    уйғырша лұғат, түрікменше созлик, башкұртша ьузликі.Ь.

Бұдан көріп тұрғанымыз — бірқатар сөздер кейбір фонетикалық өзгешеліктері болмаса, жалпы түркі тіддерінде бірдей аталады екен (Қосымша Б). Төңкерістен кейінгі дәуірде лексика саласының дамуындағы үлкен бір арна - орыс тілінен, неорыс тілі арқылы басқа тіддерден сөз алу болса, жоғарыда келтірілген мысалдардан шығатын қорытынды - өзінің тарихи даму сатыларында көптеген түркі тілдеріне тән ортақ нәрсе -бұлардың лексикалық қорына басқа тілдерден терминдер қабылдауы бір деңгейде болды. Десек те бұл тұжырым оңтүстік түріктерге (әзірбайжан, түрік, өзбек) қарағанда көне түркі, қыпшақ, қазіргі алтай, саян, сібір түріктеріне тән деуге болады.

БСО мәтіндеріндегі терминдердің басым бөлігін қазақтың төл сөздері құрайды. Мысалы: түбір сөзі (149 с/қ) лингвистикалық термин болуымен бірге, екінші бір мағынасында өсімдіктердің жер астындағы бөлшегі деген мағынаны да білдіреді. Ал жұрнақ сөзі терминдік мағынасына



43

қоса қалдық немесе "заттың бір шағын бөлшегі" ұғымын да білдіреді.

БСО мәтіндеріне тән нәрсенің бірі —лық жұрнағының варианттары арқылы жасалған терминдердің көптеп кездесуі. Оқулық мәтіндеріндегі мұндай терминдердің саны -9 (564 с.қ.). Мысалы: атау септік (319 с.қ.), есімдік (12 с.қ.), жіктік жалғауы (9 с.қ.), үндестік заңы (4 с.қ.) т.б.

Кейбір лингвистикалық терминдер түркі халықгары үшін ортақ болып табылады. Мысалы: әдеби тіл термині азербайжан тілінде адаби дил, өзбекше адаби тил, түрікше едебидші, қырғызша адабитші, татарша адаби тип, ұйгарша адаби тил, түрікменше адаби дил, башқұртша адаби тил (Қосымша Б).

Сондықтан да кейбір терминдерді қазақ тілінде аударуда қиындықгар болса немесе дүрыс аударылмаса, онда бүл терминнің түркі тілдеріндегі аудармаларын ескерген жөн деп есептейміз.

БСО мәтіндеріндегі лингвистикалық терминдердің көпшілігі калька арқьшы жасалған (12 сөз, 795 с.қ.) Мысалы: дыбыс -звук (254 с.қ.), есім сөздер - именные слова (36 с.қ.), жак. -лицо (286 с.қ.) т.б. Кейбір терминдер оның сол арқылы аударылып отырған тідцегі эквивалентімен алынған:



сөз - слова (1190 с.қ.), буын - слог (130 с.қ.) т.б.

Дефис деген сөзден басқа барлық лингвистикалық терминдер қазақ тіліне аударылған және өзгеріссіз қолданылған (23-кесте):

44

Біздіңше, егер қазақ тіліне баска тілдерден енген терминдердің дәл осы мағыналық ұғымын беретіндей қазақ тіліндегі эквиваленті болмаған жағдайда оны өзгеріссіз сол қалпында қалдырған жөн секілді.

Біз бұл зерттеулерімізде қазақ тіліндегі лингвистикалық терминдерге қатысты барлық мәселелерді жан-жақты қарастыруды мақсат тұтқан жоқпыз, тек оны толықтыру жолдарына қатысты өз ойымызды білдірдік.

Жоғарыда келтірілген мысалдарден мынадай қорытынды жасауға болады:

1. Лингвистикалық терминдердің жасалуы негізінен
қазақтың байырғы лексикасын пайдалану арқылы іске асып
отыр.

2. Қолданылып жүрген терминдерді белгілі бір жүйеге


келтіріп, реттеу үшін БСО мен оқу кұралдарын құрастыру
барысында дұрыс деп есептелетін терминдерді сол
күйінде қалдырып, ал аударылған тілдегі қажетті эквивалетін
сұрыптау барысында сол терминнің таралу, яғни кеңінен
қолданылу жағын ескерген дұрыс.

БСО лексиканың реттестірілуіндегі тағы бір маңызды нәрсе -оқулық мәтіндеріндегі үндестік заңының сақталуында бірізділіктің жоқтығы, тілдік норманың бұзылуы дер едік.

50-70 ж.ж. БСО мәтіндеріндегі лингвистикалық терминдердің

қолданылуы




Термин сөздер

Абсолютті жиілік

Термин сөздер

Абсолютті жиілік

45





50 ж.

70




50 ж.

70




БСО

ж.




БСО

ж.







БСО







БСО

атау септік

139

21

жаттығу

749

135

әліппе

3

7

жекеше

18

25

барыс жалғау

2

27

жуан дауысты

76

72

бастауыш

11

35

жіктік жалғау

9

29

баяндауыш

55

37

жіктеу есімдігі

13

10

болымды

13

10

жіңішкелік белгі

4

-

болымсыз

13

11

жіңішке

88

64

буын

130

157

жіктеу

9

29

дауысты.дыб.

67

125

зат есім

95

61

дауыс-з дыб.

43

54

қатаң

57

6

дефис

10

15

қос сөз

12

12

дыбыс

254

323

қосымша

115

77

есім

36

57

көптікжалғау

28

7

есімдік

12

70

көпше

19

21

етістік

84

97

көмектес

31

5

жазу

18

112

күрделі сөз

16

34

жайылма

25

10

лепті сөйлем

12

5

жақ

268

394

мағына

61

38

жалаң сөз

25

24

мазмұндама

1

2

жалғау

129

102

мазмұн

25

73

жалғаулы сөз

8

21

мақала

8

5

жалқы есім

20

7

нүкте

84

316

жалпы есім

9

7

септік жалғау

31

167

жүрнақ

66

35

сөз

1190

170

жатыс септік

13

20

туынды сөз

16

7

сөздік

5

17

тыныс белгі

12

35

сөйлем

407

729

тәуелдік жалғау

15

69

сөйлемше

1

-

тіл

65

110

сұраулы сөйлем

11

9

ұгым

3

7

сын есім

50

59

ұяң

40

4

табыс септік

7

79

үнді

9

6

текст

2

112

үндестік заң

4

13

толымды

1

8

үтір

5

1

тұрлаулы мүше

5

5

хабарлы сөйлем

10

7

тұрлаусыз мүше

52

96

шығыс септік

4

15

түбір

149

96

ілік септік

16

17
















10

Үндестік заңы — агглютинативті тілдерге, оның ішінде қазақ тіліне тән құбылыстың бірі. Соның арқасында

46

қазақ тілі фонологиялық жүйесінін өзіндік ерекшеліктері бар тіл калпын сақтап қалуда. Алайда, соңғы кезде бұл заңның кағидалары сақталынбай, "қолдан жасалынған" қайшылықтары көбейіп кетті. Бұл әсіресе орыс тілінен және орыс тілі арқылы үнді-еуропа тілдерінен енген сөздерді жазуда анық байқалады. Себебі, ғалым ағаларымыз кезінде бул жөнінде "Орыс тілінен және орыс тілі арқылы Еуропа тілдерінен енген сөздерді орыс тілінде қалай айтылып, қалай жазылса, казақ тілінде де оларды солай жазу керек" - деген болатын. Ал енді араб-парсы тілдерінен енген сөздерге байланысты мұндай заң болмаса да осы сөздерді үндестік заңына бағындырып та, бағындырмай да жазып жүрміз. Негізінен, мұндағы белгілі бір жүйенің болмауы - тіліміздегі үндестік заңының бұзылуында дер едік. Себебі, мектепте оқушыларға үндестік заңын оқытып, үйретеміз де, ал жазу барысында ол заңды сақтамаймыз. Егер де оқушылар басқа тілдерден енген сөздерді айтылуы бойынша мұғалым, кітәп, қәзір деп жазса, оны түзетіп мұғалім, кітап, қазір деп жаздырамыз. Ал қазан төңкерісіне дейін қазақ тіліне араб-парсы тілінен ғана емес, орыс тілінен енген сөздер де үндестік заңына бағынып айтылып та, жазылып та келгені белгілі: бәтеңке, жәрмеңке, кәмпит, кереует, бөрене т.б. Ал қазір жазудағы морфологиялық ұстанымға көбірек арқа сүйейтін болдық. Мысалы, қазіргі ділмар, діндар, пәтуа, білімдар сөздерін ділмәр, діндәр, пәтуә, білімдәр деп неге жазбасқа?!



47

Кезінде Халел Досмүхамедұлы "Бір жуан сөз, бір жіңішке сөз екеуі бірігіп қосылғанда көбіне жуан сөз өзгеріп, жіңішкеріп кетеді",-дей келіп, бай-шешек, гүл-айым деген сөздерді мысалға келтірген болатын. Егер осы қағидаға сүйенетін болсақ, онда зерттелініп отырған 50 ж. мектеп оқулықтары мәтіндеріндегі кездесетін кіна (2 с.к), кітап (344 с.к), құдыретті (1 с.қ), корек (17 с.к), кауіпті (4 с.к), кате (6 с.к), қаперсіз (1 с.к), қасиет (5 с.к) т.б. араб-парсы тілдерінен енген сөздерді үндестік заңына бағындырып кінә, кітәп, құдыреты, көрек, қауыпты, қата, кәперсіз, кәсиет деп жазуға болмас па еді?! Соңғы кездері кіна сөзі кінә деп жазылғанымен, оған қосымша жалғанған жағдайда бұл реттілік тағы да бұзылғандығын көреміз: кінәлайтындай (70 ж. БСО 1 с.қ). Біздер қарастырған 50 ж. БСО мәтіндершдегі үндестік заңына бағынбай жазылған кайткен сөзі кәйткен болып айтылса, Қәз/р — кәзір, қазіргі кәзіргі, қайтеді кәйтеді, қайтсін кәйтсін, қайтіп кәйтіп, қабілет кабылет, мұғалім мұғалым болып айтылатыны даусыз. Біз келтірген сөздердің екінші варианттарын қолданғанды дұрыс дер едік.

Тіліміздің лексика саласындағы осы келеңсіздік морфологияға да әсер етпей калған жоқ. Оған мысал ретінде тіліміздегі үндестік заңына бейімделіп үлгермей қалған көмектес септігінің жалғауларын (баламен, дауылмен, қармен т.б.), меншіктілікті білдіретін -нікі, -дікі, -тікі қосымшаларын айтуға болады. Төңкеріске дейін қазақтардың тілінде көмектес

48

септігінің қосымшасының жуан варианты (атпан келді, арбаман көшті) мен оныкы, мұнықы сияқты оралымдар болған.

Алайда тілге деген немқұрайдылық, әркелкі пікірлердің салдарынан мұндай қосымшаларды қазір қолданудан шығарып тастадық деуге боларлық. Бүгінде жуан сөзден кейін де, жіңішке сөздерден кейін де тек жіңішке қосымшалар (-мен, -бен, -нікі, -дікі, -тікі) жалғанады.

50 ж. БСО мәтіндеріндегі көмектес септігінің жалғаулары бүкіл жалғаулардың 3,09% үлесін құрайды (1490 с.к). Оның ішінде 1,62%-ы жуан дауысты дыбыстардан тұратын буындарға біткен сөздерге жалғанған. Мұның бәрі тіліміздегі сөздердің үндесіп айтылуын әлсіретіп, жазуымыздағы ала-құлалыққа алып келеді. Ал білім негізі бастауыш сыныптарда қаланатын болғандықтан, жоғарыда келтірілген кірме сөздердің жазылуын реттеу БСО мәтіндерінен басталғаны жөн секілді.



БСО мәтіндеріндегі үндестік заңына бағьштайтын кейбір сөздердің қолданылу жиілігі


Сөздер

Абсол

ютгі жиілік

Сөздер

Абоолютті жиілік

50 ж. БСО

70 ж. БСО

50 ж. БСО

70 ж. БСО


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет