Қазақ тілінің сөзжасамы А. Б. Салқынбай – ф.ғ. д., профессор І. Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы



бет3/43
Дата21.05.2023
өлшемі0.78 Mb.
#474056
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
Қазақ тілінің сөзжасамы

Сөзжасамның зерттеу Сөзжасамның негізгі
нысаны нысаны – туынды сөздің
мағыналық құрылымын
талдау, оның жасалуын, негізделуін, атау сөз ретінде қалыптасу сипатын айқындау. Сөзжасамдық ұя, сөзжасамдық қалып, сөзжасамдық белгі, сөзжасамдық жұп, сөзжасамдық тізбек, сөзжасамдық мағына, сөзжасамдық тип, сөзжасамдық тәсіл – туынды сөздің негізгі белгілерін айқындайтын теориялық мәселелер. Бұлар да сөзжасам саласының негізгі зерттеу нысаны болып саналады.
Сөзжасамның негізгі Тіл білімінің кез келген
бірлігі саласының өзіндік негізгі
бірлігі болады. Айталық, лексикологияның негізгі бірлігі – сөз, фонетиканың бірлігі – дыбыс, морфологияда сөз бен қосымшалар, синтаксисте – сөйлем деп танылса, сөзжасамның негізгі бірлігі – туынды сөз. Туынды сөздің құрамы оның жасалу тәсілі арқылы анықталады. Сөз мағынасы дамуы арқылы, негіз бен сөз тудырушы жұрнақтың жалғануы арқылы, екі негіз сөздің бірігуі немесе қосарлануы арқылы, сөздердің тіркесуі арқылы туынды сөздер жасала алады.
Туынды сөздердің Тіл-тілдегі сөздердің
жасалу тәсілдері жасалу жолы ұқсас.
Мұның өзі, ең алдымен, тілдің ішкі табиғатымен байланысты. Тіл адамзат баласының ортақ мұрасы деп тануымыздың өзі олардың ортақ заңдылықтарын айқындаудан шығады. Тілдер арасындағы ортақ заңдылықтардың көрінісі сөзжасам жүйесінен, оның жасалу тәсілдерінен де айқын байқалады. Кез келген тілдік жүйенің жаңа сөз жасау үрдісі, дәстүрі ортақ заңдылықтың бар екенін көрсетеді. Олардың негізгі ерекшелігі мен айырмашылығы тек қай сөзжасамдық тәсілдің белсенді жұмсалуымен ғана анықталады. Айталық, қазіргі үндіеуропа тілдерінде сөзжасамдық жүйенің флексиялық тәсілі ерекше орын алса, буындардың аналитикалық жолмен бірігуі арқылы жаңа сөз жасау тәсілі полисинтетикалық тілдердің негізгі сипатты белгілерін танытады. Түркі тілдерінің жалғамалы тіл деп танылуы олардың синтетикалық сөзжасам жүйесі арқылы сөз жасау қабілетінің белсенділігін көрсетеді. Бірақ бұл тілдерде өзге сөзжасамдық тәсілдер болмайды деген сөз емес. Кез келген тілдік жүйеде сөз жасау тәсілдерінің қай-қайсысы болса да кездеседі, тек олардың сөз жасау белсенділігі әртүрлі болады. Мұның өзі тіл-тілдегі әмбебаптық қасиетті танытса керек.
Қазақ тіліндегі туынды сөздер семантикалық, синтетикалық немесе морфологиялық, аналитикалық, кейде фонетикалық сөзжасам тәсілдері арқылы жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет