Қазақ тілінің сөзжасамы А. Б. Салқынбай – ф.ғ. д., профессор І. Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы



бет4/43
Дата21.05.2023
өлшемі0.78 Mb.
#474056
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
Қазақ тілінің сөзжасамы

Семантика-фонетикалық тәсіл – кей дыбыстардың сәйкесуі нәтижесінде жаңа сөз жасау мүмкіндігі.
Семантикалық сөзжасамдық тәсіл – сөз тұлғасы өзгермей-ақ, жаңа мағыналы туынды сөз жасауы.
Семантика-синтетикалық тәсіл – сөзжасамдық негізге сөз тудырушы жұрнақтардың жалғануы арқылы екіншілік мағына туғызуы.
Семантика-аналитикалық тәсіл – негіздердің бірігуі немесе тіркесуі, қосарлануы арқылы ерекше мағыналы атау жасау қабілеті.
Сонымен, сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы. Оның өзіндік зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеттері, ерекшелігі, ұғымдары бар. Сөзжасам – атау жасау процесі.

Пайдалануға қажетті негізгі әдебиеттер:



  1. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. - Алматы, 1998.

  2. Оралбаева Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. –Алматы, 2002.

  3. Қалиев Ғ. Қазақ тіліндегі сөзжасам мәселелері. – Алматы, 2002.

  4. Салқынбай А.Б. Тарихи сөзжасам. Семантикалық аспект. - Алматы, 1999.

  5. Құрманәлиев К. Қазақ тіліндегі сөзжасамдық ұя проблемаларының ғылыми-теориялық негіздері. –Алматы, 2002.

  6. Қасым Б. Қазақ тіліндегі күрделі сөздер: уәждеме және аталым. -Алматы, 2001.

Тапсырма:

  1. Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы.

  2. Сөзжасамның негізгі зерттеу нысаны.

  3. Сөзжасамның өзге пәндермен байланысы.

  4. Сөзжасамның негізгі тұлғалары.



ІІ. Сөзжасамның ұғымдары мен негізгі теориялық мәселелері


Атау теориясы туралы Атау теориясы (номинация
теориясы) табиғаттағы

  1. заттар мен құбылыстардың аталу себебін түсіндіреді. Номинация термині латынның “nomіnatіo” (атау) сөзіне негізделген.

Атау процесі болмыстың, ұғымның, есімнің арасындағы қатынас арқылы айқындалады. Бұл қатынасты ғылым тілінде кейде семантикалық үшбұрыш деп те атайды. Болмыс – атаудың денотаты, яғни атау арқылы таңбаланған бүкіл заттар мен құбылыстардың қасиеттері мен белгілерінің жиынтығы. Ұғым – есімнің мәні, яғни атаудың категориялық-тілдік белгілерінің, экспрессиялық белгілерінің жиынтығы. Есім – белгілі мағына мен мәнге негізделген дыбыстық қатардан тұратын тілдік танымдағы атау сөз. Есім санада тілдің құрылымдық жүйесіне сәйкес анықталатын тілдік кілт (языковой код) арқылы таныла алады.
Ойлау-тіл-қарым-қатынас – тілдің өмір сүруінің негізі. Болмысты тек ойлау арқылы тану мүмкін емес, ойдың ең негізгі қаруы – тіл. Адам баласының табиғаттағы заттар мен құбылыстарды тануы тек тіл арқылы ғана жоғары дәрежеде орындала алады. Тіл мен ойлау бір-бірімен тығыз байланысты. Адам баласының ойлау жүйесінің өрелігі тілдің оралымдылығымен, бейнелілігімен астасып жатады. Бұл туралы Шығыстың ұлы ойшылы Ж.Баласағуни ХІ ғасырдың өзінде-ақ “Сөз – ойдың көрінісі” деп жазған болатын. Адам қоршаған ортаны танып-біліп, алған білігін, таныған ұғымын сөзбен таңбалайды, атау туғызады.
Сөздің жасалу жүйесі мен атау ретінде қалыптасуы күрделі де ұзақ процесс. Табиғаттағы барлық болмыстың адам санасында бейнеленген мүсінін, белгісін, қасиетін таңбалау мүмкіндігінің негізінде атау жасалады, сөйтіп танылған зат не құбылыс туралы хабар жеткізу, жадта белгілеу қажеттігі орындалады. Сөз – шындық өмірдегі зат пен құбылыстың адам санасында бейнеленген таңбасы, осы таңбаның тілдік жүйеде анықталып, атау ретінде қалыптасқан мағыналық түрі.
Атау арқылы әлем бейнесі тілде таңбаланады. Әлем бейнесінің белгісі, қасиеті, қимыл-қозғалысы, әрекеті, сапасы мен мөлшері, жағдайы, көлемі т.б. көрініс табады. Сөз адам танымының бейнелеуіш қызметінің нәтижелерін де таңбалайды. Адам баласының әлем бейнесінің белгісі мен қасиетін тануы үнемі және бірте-бірте болатын ұзақ процесс. Осы процестің өн бойында белгілі зат не құбылыстың әртүрлі ерекше белгілері танылады да, әртүрлі мағыналы атаулар жасалады. Осыған сәйкес есімдердің синонимдік, антонимдік, көпмағыналылық жүйесі қалыптасады.
Сөз – адам баласының ой-санасында танылған әлемдік бейненің, болмыстың танымдық белгісі. Адамзат тіл арқылы табиғаттағы таныған, білген заттар мен құбылыстарға атау береді. Ұлттық таным мен ұлттық тілдің бірлігі мен байланысы осы жерде тоғысады. Ата-бабадан мирас болып келе жатқан қасиетті тіл қатынас құралы ғана емес, көнеден сақталған тарихи таным мен тағылымды жеткізуші де. Егер тіл арқылы халықтық дүниетаным ұрпаққа жетпесе, қоғам да мәдениет те дамымаған болар еді. Демек, тілдің дамуы қоғамдық өмірмен, мәдени дамумен тығыз байланыста.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет