-па, -пе, -ба, -бе, -ма, -ме СТТ тіліміздегі -мақ тұлғасы арқылы жасалған. ХҮІІІ-ХІХ ғасырдан бастап, -у қимыл есімнің белсенді жұмсалуымен байланысты қолданыс аясы қимыл атаулық мәннен, сөзжасамдық позицияға бірте-бірте алмасқан. Жаңа туынды мағына сөздің лексикалануы нәтижесінде орындалатындықтан, қимылдық мағына мен заттық мағына қатар жүреді де, олардың ерекше мағыналық құрылымы контексте ажыратылады. Тұлғаның мағыналық парадигмасы да осы ерекшелік арқылы айқындалады:
іс-әрекеттің атаулық мағынасы: ілме, суырма, тапсырма, баяндама, жолдама, ескертпе т.б.;
іс-әрекет, процесс нәтижесінде туындайтын атаулық мағына: жайма (нан), сүзбе, көмбе, қатырма т.б.;
мекендік мағына: басқарма, баспа, қойма, үйме, жайма (базар), бөлме, күйме, т.б.;
құралдық мағына: тартпа, түйме, шалма, сапта кездеме, қапсырма (түйменің бір түрі) т.б.
-м, -ым, -ім. Белсенді жұмсалатын СТТ.
абстрактылы мән туғызатын сема: сенім, сезім, төзім, тыйым, ұғым, кешірім, т.б.
мекендік мән туғызатын сема: күзем, ұйым, бөлім, жайылым, ұжым, т.б.
нақты зат атауы семасы: бұйым, киім, өнім, бұрым, соғым, құрым, т.б.
бүтіннің бөлшегі семасы: бір қырым, асым, шөкім, шоқым, тұтым, т.б.
қимылдың атауы мағынасы: алым, салым, қайрылым, сөйлесім, т.б.
терминдік атау жасауда белсенді қолданылуда: сөйленім, қолданым, таралым, сөзжасам, терминжасам, айтылым, жазылым, түркітаным, т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |