-қ, -ық, -ік, -ақ, -ек. Тілдің тарихи бастауында қимыл есім қызметін атқарып, қызметтік-семантикалық құрылымы дамуы нәтижесінде сөзжасамдық тұлғаға өзгерген. Сондықтан омонимдік тұлға емес, синкретті жұрнақ ретінде бағалануы керек. Көпмағыналылық нәтижесінде әртүрлі функциялық дамуға ие болған.
құрал-жабдық атауы семасы: тарақ, табақ, пышақ, күрек, қармақ, қайрақ, тұзақ, шарық, т.б.
нақты зат атаулары: төсек, бөстек, тамызық, сызық, көлік, көрік, т.б.
абстрактылы зат атаулары: бұйрық, тілек, сезік, өксік, күйік, қылық, былық, т.б.
-ыш, -іш, -ш. Бұл тұлға да әуелде қимыл есім қызметінде жұмсала келе, қызметтік-семантикалық құрылымы дамуы нәтижесінде, заттық мағынаны таңбалау үшін, заттану процесі арқылы туынды сөз жасау үшін қолданылған. Мысалы: қуаныш, өкініш, өтініш, сүйініш, жұбаныш, т.б.
Байқап отырғанымыздай, тарихи қимыл есім тұлғалары тіл дамуында заттық мән туғызатын сөзжасамдық тұлға ретінде қалыптасқан. Бұл тілдегі тарихи-эволюциялық процесс. Болмыстың ішкі қасиеті мен оны атау заңдылығынан туындай отырып, белгілі іс-әрекет пен құбылыстың және оның атауының есімі бір таңбамен таңбалана келе, кейінгі тіл дамуында заттық мағынаға алмасқан. Мұндай процесс грамматикалық тұлғалардың синкреттілігі ретінде қарастырылады. Тілімізде мұндай қимыл есімінің функциональдық-семантикалық дамуы арқылы пайда болған сөзжасамдық тұлғалар біршама:
- ыт, –іт, -т: бөгет, сарқыт, іркіт т.б
мыс, -міш: тарамыс, қылмыс, болмыс, жазмыш, тұрмыс, т.б.
-р, -ыр, -ір: тақыр, жұмыр, үңгір, шұңқыр, т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |