-қыр, -ғыр, -кір, -гір: білгір, өткір, ұтқыр, ұшщыр, т.б.
-мыш, -міш: жасамыс, тарамыс, жазмыш, болмыс, тарамыс, т.б.
-қы, -кі: жинақы, қазақы, бүлдіргі, күрдіргі, сыдырғы;
- ыр, -ір, -р: жұмыр, сығыр, тықыр, білгір, алғыр т.б.;
у: таяу, баяу, қызу, жадау т.б.;
-аған, -еген: тебеген, жатаған, сүзеген, қашаған, алаған, береген т.б.;
мсақ, -мсек: келімсек, өлімсек, тілемсек, жарамсақ, алымсақ, т.б.
алақ, -елек: еңкелек, қаңғалақ, бұлтанақ, шыжғалақ, жалталақ т.б.
анақ: сұғанақ, шығанақ, шұқанақ, т.б.
ын, -ін, -н: ортан, түтін, еркін, ұзын, жайын т.б.
ІҮ. Себепші негізге үстеулік мағына қосатын
сөзжасамдық тұлғалар:
-ша, -ше. Дәстүрлі грамматикада бұл тұлға үстеу тудырудағы негізгі әрі өнімді жұрнақ ретінде түсіндіріледі.
Себепші негізге валенттілігіне қарай жалғанатын –ша, -ше СТТ-сы әртүрлі семалық парадигмалық қатынас жасай алады:
іс-әрекеттің істелу сипаты: батырша, адамша, менше, сенше, т.б.
іс-әрекеттің орындалу амалы: қысқаша, басқша, көнеше, жаңаша т.б.
іс-әрекеттің орындалу сипатын салыстыру мағынасында: Құнанбайша, Оразбайша, құсша, сұңқарша, итше т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |