Қазақ тілінің сөзжасамы А. Б. Салқынбай – ф.ғ. д., профессор І. Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы



бет59/62
Дата15.02.2022
өлшемі0.82 Mb.
#455393
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62
Дәріс -әдістемелік оқу құралы. 1-басылым

сөзжасамдық қалыбы тәсілдің мол тараған

қалыбының бірі – қос сөздердің сөзжасамдық түрі. Дәстүрлі грамматикада морфологияның зерттеу нысаны ретінде қарастырылып келген қос сөздер жасалу жолы мен мағынасының күрделілігі тұрғысынан сөзжасамдық аспектіден сараланады. Олай болатын себебі, қос сөздер адам танымында ұғынылған болмыстың жаңа номинативтік белгілерін аналитикалық тәсіл арқылы таңбалап, ерекше мағынаны айқындайды, сондықтан туынды сөз ретінде танылады.

Қос сөздердің жасалуының өзіндік ерекшеліктері мен айырмашылықтары бар. Кез келген тұлға қосарланып келіп, туынды атау жасай алмайды. Әрі кез келген қос сөз туынды екіншілік мағына бере алмайды. Қос сөздердің туынды мағынасы болмыстың ерекше номинативтік белгісін таңбалауы арқылы айқындалуы шарт. Яғни заттар мен құбылыстардың ерекше қасиеті мен белгісін белгілеуі қажет.

Қос сөздер халық танымында қалыптасқан ұғымдардың ерекше белгілері мен қасиеттерін таңбалауда өзіндік маңызды рөл атқарады. Танылған болмыс туралы ұғымның өзіндік ерекшелігі мен сипатты белгілері бар екені аян. Қос сөздердің бірқатары ерекше номинативтік белгіні танытып, туынды сөз ретінде ерекше семаны таңбаласа, кейбіреуі зат пен құбылыстың белгілері мен қасиеттерінің кей ерекшелігін таңбалағанмен, өзіндік ерекше сема иелене қоймаған. Мұның өзі халық дүниетанымының болмыс туралы түсінігінің деңгейін танытады. Зат не құбылыс белгісінің номинативтік сипаты толық танылғанда, ерекше сема қалыптасып, жаңа екіншілік мағныа жасалады да, номинативтік белгі толық айқын болмаған жағдайда екіншілік сема деңгейіне жете қоймайды. Сондықтан мұндай тұлғаларда сөзжасамдық мағына болмайды. Бірдей сөздердің қайталануы, дыбыстық өзгеріс арқылы жасалған және күшейткіш буынды қос сөздердің мағынасы осындай тұлғажасам ретінде танылады.

Жаңа екіншілік мағына жасауда себепші негіздердің арасында мынадай басты сабақтастық сақталуы қажет:

1) мағыналары жақын, мәндес себепші негіздер қайталанып, атаудың номинативтік ерекше белгісін анықтайды (жүн-жұрқа, бала-шаға, жетім-жесір, жата-жастана, тамыр-таныс, күл-қоқыс, қазан-ошақ, жігіт-желең, ыдыс-аяқ, аз-кем) т.б.;

2) мағыналары қарама-қарсы себепші негіздер қайталанып, ерекше мағынаны туғызады (бұрын-соңды, алды-арты, әрі-бері, үлкенді-кішілі, ірілі-ұсақты, жақсылы-жаманды, т.б.) ;

3) сандық және сапалық жағынан бір-бірімен ыңғайлас, мәндес себепші негіздер қайталанып, жаңа туынды мағына жасайды (бес-алты, қырық-елу, жеті-сегіз, бір-екі, әке-шеше, әкелі-бабалы, ине-жіп, есік-терезе, т.б.);

4) қимыл-қоғалыстық мәнді сөздер бір-бірімен қосарланып келіп, сөзжасамдық жаңа мағына туғызып, туынды сөз ретінде таныла алады: жата-жастана, келе-келе, бара-бара, айта-айта, көре-көре, сөйлей-сөйлей, т.б. Мұндай атаулардың мағынасы құрамындағы себепші негіздің мағынасынан ерекше номинативті белгілерді таңбалайды. Келе-келе туынды сөзінің мағынасында келу тұлғасының семасы семантикалық шалғай өрісте қалады да, сөзжасамдық мағына – белгілі құбылыс не зат әрекеті бірте-бірте болатынын көрсетеді. Бара-бара туынды сөзінің мағынасында да бару семасы өзек семада сақталады да, негізгі сөзжасамдық мағына – белгілі бір әрекеттің созылыңқы уақытта орындалатыны туралы болады (Баланың мінезі бара-бара өзгереді т.б.).

Қос сөздердегі екіншілік мағынаны себепші негіз мағыналарындағы семалық өзгерістердің деңгейі арқылы айқындаймыз. Өзге де туынды сөздердегі мағыналық құрылым сияқты, қос сөздердің мағынасында да, себепші негіз мағынасынан ерекше, жаңа туынды мағына болады. Мысалы: бес-алты, әкелі-балалы, ыдыс-аяқ атауларының мағынасы құрамындағы себепші негіз мағыналарынан ерекше. Туынды сөз мағыналарында жинақтық, топтау, саралау мағыналары бар. “Бес”, “алты”, “әке”, “бала”, “ыдыс”, “аяқ” сөздерінің жеке тұрғандағы мағыналары ерекше. Ал қос сөз тұлғасында қолданылғанда, осы тұлғалар арқылы уәжделіп, жаңа мағынаға ие болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет