«Қазақ тілінің тарихи грамматикасы»



бет10/10
Дата27.06.2016
өлшемі0.72 Mb.
#160045
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Шақ қатегориясы. Шақ категориясы ашық райға тән болып табылады. Етістіктің негізгі, басты категорияларының біріне жататын бұл категория тұлғаларының молдығымен және күрделілігімен ерекшеленеді. Әрбір шақ формасы (өткен шак, осы шақ, келер шақ) тарихи тұрғыда тұлғалық әрі семантикалық жағынан қалыптасудың жемісі.

Ашық райдың ішінде еткен шақ тұлғалары формаларының көптігімен айрықшаланады. -ды еткен шақ формасы — барлық түркі тілдерінде кездесетін әрі ең көне тұлғалардың бірі. Орхон-Енисеи

ескерткіштері тілінде -ды (ді, -ты, -ті) қосымшасының түбірге жалғануы дыбыс үндестігі заңына сәйкес те, қайшы да келіп отырған. Яғни, үнді дауыссыздарға аяқталған сөздерден соң қатаңнан да ұяңнан да басталуы ұшырасады: адырылды (адырылты), өлті (өлді). Сондай-ақ, қатаңға біткен түбірлерге де бірде -ды/-ді, бірде -ты/-ті форманттарының тіркесу жағдайлары кездеседі: (качды) качты, тоқытдым (тоқыттым). XI ғасыр ескерткіші «Диван луғат ат-түрікте» сирек те болса -ды/-ді аффиксінің қатаң түбірлі етістікке тіркесуі ұшырасып қалады (чокді, тоқды).

М.Қашқари -ды өткен шақ түлғасының қандай жағдайда қатаң немесе ұяң вариантта жалғанатындығын арнайы көрсетіп кетеді. Оның айтуынша, бұл формант қатаң дауыссыздарға біткен етістіктерге тіркескенде -ты тұлғасына айналады. Орхон-Енисей дәуіріне қарағанда орта ғасыр ескерткіштері тілінде (Құдатқу біліг», «Диван») дыбыс үндестігінің белгілі бір қалыптасу деңгейіне жеткендігі байқалады. -ды өткен шағының құрамындағы дауыстылардың өзгеріп кездесу құбылысы да назар аударар мәселе. Орта ғасыр жазбаларында еріндік -ду, -дү вариантты өткен шақ тұлғалары I және II жақта кездесіп отырады (көрдүм, болдүм); III жақтағы қолданысы өте сирек, негізінен «Қодекс команикуске» тән: түштү, кәрдү. Ибн Муханна, М.Қашқаридың пікірінше мүндай құбылыс диалектілік сипатқа ие. М.Қашқари аталған өткен шақ құрамындағы дауыстыға байланысты үш топты беліп керсетеді. Бұл топтау бойынша түріктер «бардым», оғыздар және басқалар «бардам», арғулар «бардум» дейді. Еріндік дауыстылы еткен шақ формасының колданылуы бір жағынан ерін үндестігінің көрінісі болса, екінші жағынан тайпалық тілдер ерекшелігімен байланысты.



-ды өткен шақ тұлғасының арғы негізі жайлы көзқарастарды негізінен үш топқа бөлуге болады. Түркологтардың басым көпшілігі -ды формасының шығу негізін қимыл есімімен байланыстырады.

Мұндай көзқарастың тууына тұңғыш түрткі болған О.Бетлинктің пікірінше -ды формантының қалыптасуы мынадай: алдық-ым> алдыг-ым>алды-ым, алды-м. Ал П.М.Мелиоранский бұл форманың негізі етістіктен жасалған -ды, -ты тұлғалы есім дей келіп, сығынды, ағынды сөздерін мысалға келтіреді. Осы көзқарасты жақтаушы К.Броккельман бойынша есім -ыт, -іт тұлғалы: алыт-ым>алт-ым>алд-ым. Зерттеушілер ішінде өзіндік пікірімен ерекшеленетіні — П.Кузнецов. Оның түйіндеуінше -ды өткен шақ тұлғасы -дық шақ формасынан келіп шыққан. Түркологтардың келесі бір тобы -ды формантын түрлі көмекші сөздермен және морфологиялық көрсеткіштермен байланыстыра қарайды. Мысалы, А.Қазем-Бек і(ідім, ідің, іді), В.Радлов тур кемекші етістіктеріне, С.Е.Малов -ты көсемшесіне, А.Н.Кононов тәуелдік жалғауының ежелгі формасына апарып тірейді.

Тілдік фактілер, жазба ескерткіштер материалдары алғашқы көзқарастағы ғалымдар пікірінің дұрыстығына айғақ бола алады.Ортағасырлық жазбаларда -да формалы етістіктердің атрибуттық қолданысы кездеседі. М.Қашқари еңбегінде: кесішді нең — кесілген нәрсе, көмілді нең — көмілген нәрсе, йумшады нең — жұмсарған, нәрсе: «Құдатқу білікте»: өтрүнді иегіл — таңдағаныңды же. Көне ескерткіштер мен қазіргі кейбір түркі тілдерінде (түрік, га-гауз) -ды өткен шағының көмекші етістіктермен тіркесу құбылысы да оның өзіндік ерекшелігін көрсетеді: йығлады эрди (Рабғузи) қачтылар ерди (Тефсир), көртүм ерти (Алтын йоруқ), тәрдим ерди («Құдатқу біліг»). Мұндай қолданыс XV ғасырғадейін актив сипатта болған.

Бұл айтылғандар -ды өткен шақ тұлғасының даму жолының күрделілігін әрі оның арғы негізінің қимыл есімі екендігін дәлелдейді.

Өткен шақ формасының -ған есімшелі түрінің шақтық мәнде өнімді қолданылуы XIII—XIV ғасырлардан басталады. Қазіргі түркі тілдерінде (оғыз тобын есептемегенде) еткен шақ функциясындағы тұлға ретінде кеңінен кездеседі. Шақтық мағынасы дегенде сөйлеу кезеңінен бұрын болған іс-әрекетті бейнелеп, сөйлеушінің қимылдың нәтижесіне баса кеңіл бөлуі ұғынылады. Бүл ерекшелік көпшілік түркі тілдеріне тән. Орта ғасырлардан бергі кезеңде аталған форманың предикативтік те, атрибутивтік те қолданыстағы қызметі өсе түседі. Ал оғыз тілдерінде -мыш тұлғасының қолданысы актив деңгейде жалғаса береді.

Орта ғасыр жазбаларында -ған өткен шағының турур және оның қысқарған тур, дур тұлғаларымен тіркесіп жұмсалуы ұшырасады: Аңар көклер, йерлер өртүклүки йәме көрген турур, ешиткен турур (Тефсир). Улуғ аталарымыз Түркстандын келген турур (Шежіре — терекме»). Мұндай құбылыс негізінен III жаққа (кейде I жаққа) тән болып келеді. Тілдің тарихи дамуы барысында -ған өткен шағының көмекші етістік тіркесінсіз қолданылуы күшейе түседі. Болымсыз түрі -ма аффиксі мен ермес көмекші сөзі арқылы жасалады. Жоқ сөзі тіркесіп болымсыздық мән бергенде -ған тұлғалы етістік тәуелді жалғауларымен, түрленеді (алғаным йоқ). Қазақ тілінде (әдеби, ауызекі тіл) жоқ сөзімен берілетін болымсыздық мағынаның үш түрінің бірінде осы жолдың кездесуі (алғаным жоқ, алғам жоқ, алған жоқпын) бұл тұлғаның көнелілігінің белгісі болса керек. Ескерткіштер тілінде — ма-ған формасының жиі қолданылуы XV—XVI ғасырлардан басталады. Оған қарағанда -ған ермес тұлғасының кездесуі әрірекке XI—XII ғасырларға кетеді.

Қазақ тіліндегі -ып көсемшелі өткен шақ тұлғасын ретроспективті қарастыру оның даму жолының мына тұрғыда еткендігін көрсетеді: I -ып + турур + мен>ып + тур + мен>-ып + мен>-ып-пын;

II -ып + турур + сен>-ып + тур + сен>-ып + сен>ып + сың; III -ып + турур > -ып + тур > ып + ту>-ып + ты.

Қазіргі түркі тілдерінің бірқатарында (азербайжан, ұйғыр, қырғыз, түрікмен) еткен шақтың бұл түрі жіктелу үлгісінің өзіндік қолданысымен айрықшаланады. -ыпты тұлғалы өткен шақ Орхон-Енисей жазбаларында кездеспейді. Ескерткіштер тілінде алғашқы -ып + турур + мен формасында ұшырасуы XIII—XIV ғасырлардан басталады. «Тефсир», «Оғызнамада», сонымен бірге XVII ғасыр шығармалары «Шежіре-и-терекме», «Шежіре-и-түркіде» қолданылған: «Заид Расулға айтыб турур» («Тефсир»), «Барчасының атларыны йуқарыда бир бир айтыб турурмиз (Ш.Тер.). Көне қыпшақ тілінің ескерткіші «Кодекс куманикусте» де кездеседі. «...дунйаға тириклик берип турур, Христос бизге тоғуп турур». XIV ғасыр жазбаларынан белгілі -ып + тур + мен формасы XV ғасырдан кейін өнімді қолданыла бастаған. «Кодексте», «Ат тухвада» -ып + тыр + мен түрінде езулік вариантымен берілген. Осы қолданыстың ізін қазіргі түркі тілдерінің ішінде хакас, шор, тува, қырғыз, алтай тілдерінен көруге болады. XV ғасырдан бергі ескерткіштерде актив қолданыста кездесе бастаған -ып + мен формасының алғашқы фиксациясы XIII—XIV ғасыр жазбаларынан көрінеді; «Тефсир», «Оғызнамада» бірен-саран ұшырасуы байқалады: «Балықны йах-шы сақлабсен» («Оғызнама»), «Ул, не ким сен келтүрүб сен («Тефсир»). Белгілі бір дәуірлерде -ып көсемшелі өткен шақтың үш түрінің де қатар қолданылуы кездесіп отырған. Мұндай ерекшелік грамматикалық тұлғалардың саралана бастауының алғашқы сатысының көрінісі болса керек. Тілдің ішкі заңдылықтары негізінде әрқашан сұрыпталу процесінің жүріп жатуы бір функцияны атқаратын бірнеше вариантты формаларының ең ықшамдысын ғана таңдауға алып келеді. Қазіргі қазақ және туыстас түркі тілдеріндегі -ып көсемшелі өткен шақ формасы, сөйтіп о бастағы -ып + турур + мен тұлғасының ықшамдалуы нәтижесінде дамып қалыптасқан.

Назар аударар жайт — ескерткіштер тіліндегі -ып формантты өткен шақтың білдіретін мағыналық қырлары. Э.Наджиптің көрсетуінше «Гүлстанда» бұл тұлға екі түрлі мағына берген. Бір жағдайларда берген мағынасы қазіргі қазақ, өзбек, ұйғыр тілдеріндегідей болып келеді. Яғни, сөйлеуші куә болмаған, қатыспаған немесе оның еркінен тыс болған я басқа біреулерден естіген іс-әрекетті білдіруі ұғынылады: «Сорды кім мұңа не болып турур: айт-тылар, хемр ішіп, ұрұс етіп кісі өлтүрүп турур («Гүлстан»). Екінші бір жағдайларда жоғарыдағыдай модальдік реңк болмайды да, беретін мағынасы -ды, -ған тұлғалы еткен шақ формасымен сәйкес келеді.

Өткен шақ ішінде аналитикалық формалардың да езіндік қалыптасу жолын байқауға болады. Күрделі шақ тұлғаларының көмекші етістік тіркесі арқылы жасалатыны белгілі. Орхон-Енисей жазбаларында, «Диван луғат ат-түрік», «Құдатқу біліг», «Хибат-ул хақайық», «Тефсир», «Оғызнамада» көмекші етістік ерті, ерді түрінде келсе, XV ғасырдан бергі дәуірде бұл тұлғамен еді формасы да қатар қолданыла бастаған. Ал қазіргі кезеңде түркі тілдеріндегі аналитикалық шақ формасының сыңары ретінде еді көмекші етістігі қолданылады. Тарихи тұрғыда ең көне аналитикалық шақ формаларының біріне -мыш ерті тұлғасы жатады. Алғаш Орхон-Енисей ескерткіштерінен мәлім болып, XV ғасырға дейін актив қолданылған. «Алп ер бізіңе тегміш ерті» (Күлтегін); «мусылман болмыш ердиләр» («Тефсир»). Түркі тілдерінің дамуы барысында оғыз тобындағы тілдерде өнімді қолданылып, нәтижесінде осы топқа тән ерекшелікке айналған. Жазба ескерткіштерде XIII—XIV ғасырлардан бастап кездесетін күрделі өткен шақ түлғасы -ған. «Бабырнама», «Шежіре-й-терекме», «Шежіре-й-түркіде» жүмса-лып отырған: «Сизлер аңа ынанған ердіңіз» («Тефсир»).

Функциялық және семантикалық жағынан -мыш ерді формасымен ұқсас бұл тұлға өнімді қолданылу сипатына ие болып, келе-келе қыпшақ, қарлұқ тобындағы тілдердің ерекшелігіне айналып кеткен. «Қүдатқу білікте» ескі үйғыр ескерткіштерінде кездесетін аналитикалық өткен шақ формаларының бірі -ды ерті (ерді) тұлғасы: берді ерді (КБ.), көртүм ерті (Алтын ярук), алды ерті (Юр). Мағынасы -ған еді, -мыш ерді формаларымен сәйкес келетін бүл тұлға қазіргі гагауз, түрік тілдерінде сақталған. Көне түркі тілдеріне тән болған, кейін ығысу нәтижесінде қолданылудан шығып қалған күрделі өткен шақтың бір түрі -дуқ ерті формасы «Тефсирде», Рабғузи шығармасында кездеседі. «Мен бутларны хақиқат көрмедүк ердім, турдум, Маккага бардым, көрдүм. (Теф.); «Эй, ата, биз йабанда йылқы, қарамал, күзәйү, болуб, Иусуфны отағ да қойдуқ ерді (Рабғ.)» Қазіргі қазақ тілінде кеңінен қолданылатын -п еді аналитикалық өткен шақ формасының алғашқы ұшырасуы XIII—XIV ғасырлардан («Тефсир», «Оғызнама», «Қисса ал энбие») басталады: «Берке эмгек бирле ел күнни босып ерді» (он), «Тоқы мушриклар таба кетиб ердиләр (Теф.)». XV ғасырдан кейінгі кезеңдерде бұл қосымшаның өнімді жұмсалуы байқалады.

Жіктеу жалғауларын тікелей қабылдау арқылы қазақ тілінде нақ осы шақ (жай түрі) мәнін беретін төрт қалып етістігінің (отыр, тұр,.жатыр, жүр) қалыптасу жолын бақылау олардың XII—XIV ғасырлардан бергі кезеңде осы функцияда қолданыла бастағанын көрсетеді. Бұл төрт етістіктің жазбалар тілінде осы шақ мағынасын беруі -ур есімшесінің тіркесуіне байланысты болған. Тілдің даму процесінде ықшамдалу нәтижесінде қазіргі қалыпқа түскен. Олардың ескерткіштерде қолданылуы мынадай болып келеді: «Иүрүрмен йерде изни көрмек үчүн» (МН.). «Сулайман тахт үзе ол турур» (Рабғ.). «Иүгүрүб тышқары чықты ерсе көрді: Иав турур (Ш. Тер.). Нақ осы шақтың күрделі түрі жазба ескерткіштер тілінде XIV ғасырдан жұмсала бастайды да сирек кездесуімен ерекшеленеді; «Халқның тұзың йейүб йүрүрмен (Ш. Тер.).

Қазақ тіліндегі ашық рай тұлғаларының дамуын жалпы түркі тілдеріндегі шақ категориясының қалыптасу процесімен, ескерткіштер тілімен байланыста қарастыру белгілі бір қорытындылар жасауға мүмкіндік береді. Тілдің тарихи даму барысында шақ және рай тұлғаларының өзара жіктелісі болған. Шақ формаларының бірқатары функңионалды-семантикалық және құрылымдық өзгеріске түскен. Соның нәтижесінде кейбіреулері ығысып, қолданудан шығып қалып жатса, екінші бір тұлғалар дербес шақ формасына айналып отырған. Жеке ұлт тілдерінің түркі семьясынан бөлініп, қалыптасуына байланысты әрбір түркі тілдеріндегі шақ формалары өзіндік дыбысталу және семантикалык, даму сатысымен ерекшелене бастаған.

Етістіктердің жақ, сандық жалғауларды қабылдау мәселесі негізінен жіктік, тәуелдік және көптік жалғауларға байланысты әңгімеленеді. Айналып келгенде, етістік тұлғаларының жақ, сан жайлы ұғым туғызуы аталған грамматикалық формаларды қабылдауы болып табылады. Осыдан бұрынғы тақырыптар бойынша айтылғандарды қорыта келгенде, етістіктерге жалғанатын жақтық және сандық жалғаулар үш түрлі топқа бөлінеді. Бұндай әр түрлілік, бір жағынан, жекелеген етістік категорияларының тарихи ерекшелігін көрсетсе, екінші жағынан, белгілі бір дәрежеде сол қосымшалардың тарихи дамуы, өзгеру сатыларын да байқатады.

Келер шақ, осы шақ тұлғаларына, өткен шақ есімшелеріне, -п көсемшелеріне I, II жақтық мәнді туғызу үшін I, II жақ жіктеу есімдіктерінің толық түрі тіркесе айтылған немесе солардың фонетикалық езгеріске түскен тұлғалары жалғанған:



жекеше көпше

I — мен, -біз, -міз,

II — сен, -сің.

III жақта ол есімдігі,тг/рг/р көмекші етістігі қолданылғаң, Алайда III жақты білдірудің мұндай тәсілі тұрақты, айнымайтын құбылыс емес кейде ол есімдігі де, көмекші етістік те айтылмайды. Қосымша орнына жіктеу есімдіктердің қолданылуы V—VIII ғасыр ескерткіштерінде, сол сияқты XI—XVI ғасыр ескерткіштерінде де ұшырасып отырады: «Тәпсірде»— Тақы Хақиқатда мен қорқұтған-мен і оғул, сен айдың, біз ешітдіміз. МҚ-да: Мен ет тоғрағаймен т. б.

Жақ қосымшалардың қазіргі қазақ тіліндегідей қысаң дауыстылармен айтылуы тілдің «жаңа» дәуіріне қатысты екені айқын. Жақ қосымшаларын қабылдау ерекшеліктері тұрғысынан айрықша атап айтар жай, -п көсемшелеріне және -ады тұлғалы ауыспалы осы шақ тұлғаларына байланысты. Жалпы түркі тілдерінің тарихы көсемше тұлғаларына тікелей жіктік жалғауларыныңжалғануын білмейді. -п көсемшесінің өткен шақ мәнінде жұмсалуы көне түркі тілінде мына сипатта болып отырады: йана бір қул ал-қалы мені білен кенелішіп турур (юр.). ...ана Мариямдан тэн алып кіші болуп турур (КК). Сөйтіп -п көмекшісі жақ бойынша тікелей жіктелмеген. Жіктік жалғау -п көсемшесіне тіркес айтылған «байланыстырушы» тұр етістігінің есімше (турур) тұлғасына жалғанған. Кейін тұр етістігі фонетикалық езгерістердің нәтижесінде нольдік тұлғаға айналған:

XIII—XIV ғғ. қатысты жазбалар тілінде-ақ бұл тұлғаның -« + мен (сол сияқты: -п + сен, -п + ты (ды) түрі ұшыраса бастайды: У.і, не кім сен коруб-сен (Тефсир). -ады тұлғасы да осындай өзгерістің нәтижесі. Абулғазы ханның «Шежіре-й-түркі, «Шежіре-и-терекме» шығармалары тілінде мына сияқты қолданыстар кездеседі: Соруб турурлар: кім болур сен уа щайдын келер турур сен. Дінмухамед хан улуғ ләшкер бірлен келе турур- Тез оғыз елінің ічінде уруш болуб қызыл қан қара суб тек ақа турур. Осы фактілер негізінде -ады тұлғасының қалыптасуын мына тәрізді жолмен жүрді деп ойлау керек: 1. -а + турур> -Ч + тур>-а + ды; 2. -а + турур + мен//сен>-а + тур/ур/мен//сен>-а + + мен//сен>-а+мын// + сың;

I—II жақтарда тек есімше түлғасы емес, бүтін сөз (турур) түсіп қалған. Ал III жақта есімше түлғасымен қоса түбірдің соңғы дыбысы да түсіп қалып, қосымша ықпал заңдылығына ұшыраған (-а + ты, -а>ды).

Жақтық және сандық жалғауларының екінші түрі жіктеу есімдіктердің толық түрі емес, солардың кысқарған, өзгерген сыпатын танытады. Мұндай қосымшалар -ды тұлғалы өткен шақ етістіктері мен шартты рай тұлғаларына жалғанады:

жекеше көпше

I -м, -қ, -к, мыз, -міз, -муз, -мұз,

II -ң, -ңыз, -ңіз,

III -(-лар, -лер).

V—VIII ғасыр ескерткіштері тілінде II жақ (жекеше де, көпше де) -ғ аффиксі арқылы да берілген: Ыдуқ Отүкен йыш будун бар-дығ (ҚТ). Махмуд Қашқари бұл қосымшаны арғу тілінің ерекшелігі дейді: «Сөйлеуші бірлікте болса -м-мен -тапындым, тыңдаушы бірлікте болса -ң -тапындың, езге жақ бірлікте болса -ы -тапынды. Сондықтан: тапундуғ-табындың. Сен аны қачурдуғ — сен оны қашырдың». Бұл қосымша қазіргі башқұрт, татар, құмық тілдерінде ұшырасады. Бұл жерде ескеретін ерекшелік: -са тұлғасьгның жақ қосымшаларын қабылдауда -ды тұлғасымен бірдей болуы, -ды тұлғасы, осыдан бұрын айтылғандай, о баста қимыл есім, сондықтан оның жақ қосымшаларын қабылдауы тәуелді жалғаулы есімдерге үқсас. Ал -са осы күйінде таза етістік екені мәлім. Олай болса, оның есімдерше түрленуін қалай түсіндіруге болады? Мәселе мыынада: көне түркі тілінде шартты рай тұлғасы -сар, қосымшаның соңғы элементі есімше жасаған тұлға, жақ қосымшалары әуелі сол есімше түлғасына жалғанған, кейін -түсіп, қалған дәуірде ол бұрынғы ізбен — таза етістік негізге жалғанатын болып қалыптасады: -сар + мен>-са/р/+ мын>-са + мын. Сонымен, бұл да есімше негізді тұлғадан дамыған. Көп замандар бойы көпше I жақтың қосымшалары және -мыз жарыса қолданылғаны байқалады. I жақ көпше мәнінде (өткен шақ етістіктерінде) екі қосымшаның біреуінің ғана түрақталуы кейінгі жайт.

Қазіргі түркі тілдерінің кепшілігі жедел өткен шақтың көпше I жағында аффиксін ғана қолданса, алтай, хақас тілдерінде -мыс, -быс аффикстері қолданылады. Қосымшалардың үшінші түрі бұйрық, қалау рай тұлғаларына жалғанады:

Жекеше Көпше

I -ай, -ей, -айын, -ейін, -алың, -елің, -алым, -елім,

II -ғыл, -гіл, -ың, -ің, -ыңыз, -іңіз,

III -сун, -сүн, -сун(лар), -сүн(лер).

Сонымен, қазіргі тіліміздегі шақ тұлғаларының қайсысы да тарихи тұрғыдан көбіне есімшелер негізінде қалыптасқан. Етістіктердің жақтық жалғауларына байланысты айта кететін тарихи ерекшелік мынадай: V—VIII ғасыр жазбалары тілінде шартты рай тұлғасы қазіргідей тәуелдік жалғаулары бойынша өзгермеген. XI ғасырдағы оғыз, қыпшақ, сувар тайпалары тілінде -дуқ тұлғасы есімшелердің ешбір жақ қосымшасынсыз үш жақта да сол күйінде қолданылғандығын М.Қашқари ескертеді. Ал қа зіргі дәуірде сары ұйғыр тілінде жақ жалғаулары қолданылмайды.

Оның үстіне, түркі тілдерінде III жақта (бұйрық райдан басқа) жақтық қосымша жоқ және еш уақытта болмаған. Сонымен, түркологияда айтылып жүрген жақтық қосымшалар түркі тілдерінде о баста болған категория емес, кейін тілдің даму барысында пайда болған категория дейтін пікірдің дәлелденуіне едәуір фактілер барлығы айқындалады.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:


  1. Шақ, жақ категорияларының қалыптасы тарихы

  2. Етіс, рай категорияларының қалыптасы тарихы.

Әдебиеттер:

1. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А,1988.

2. Томанов М., Қордабаев Т. Тарихи грамматика мәселелері. А,1975.

3. Мұсабаев Ғ. Қазақ тілі мен грамматикасы тарихынан. А,1986.



14-Дәріс

Тақырыбы: Үстеу, одағай, еліктеу сөздер, шылаулар тарихынан

Жоспар:

  1. Үстеулер

  2. Одағайлар

  3. Еліктеу сөздер

  4. Шылаулар

Мақсаты: Үстеулер шығу төркіні, қалыптасу тәсілін қарастыру.

Мазмұны: Есім сөз таптарының ішінде оқшау тұратыны – үстеулер. Үстеулер шығу төркіні, қалыптасу тәсілі жағынан да әр қилы. Морфологиялық жағынан үстеулер бірде есім негізді болып отырады. Осындай әр тұлғалық оларды біршама кеш қалыптасқан грамматикалық класс деп қарауға мүмкіндік береді. Бүгінгі тілдегі көпшілі үстеу сөздердің құрама бөлшектерге оңай ажырауы да соған дәлел.

Есімдердің бір тобы түп негізі жағынан басқа сөз таптарымен ұштасып жатады. Егер сандық ұғымды білдіретін сөздердің қалыптасуы аналитикалық ойдың синтездеу дәрежесіне көтерілуінің нәтижесі екенін еске алсақ, мұндай пікірдің дұрыстығы әсте талас туғызбайды.

Сонымен есім сөз таптарының дамуы, тарихи өзгерісі олардың бірыңғай қалыптасуына алып келеді. Есім сөз таптарын, оларға тән категориялар мен тәсілдерді тарихи тұрғыдан қарастырғанда да осы ерекшелік ескерілуге тиіс болады.

Есімдер тобындағы сөздердің ішіндегі дербес қолданылатыны. Есімдердің басқа топтары осы зат есімдер айналасына топталып, осыған қатысты ғана қолданылады. Сөйтіп зат есімдер тек заттық мән-мағына туғызушы ғана сөздер емес, соғансйкес дербес қолданылатын да сөздер.

Қазіргі қазақ тіліндегі үстеу категорияларының негізгі түрлері көне түркі тілінде де кездеседі. Ол тілде де зат есімдер басқа сөз таптарымен салыстырғанда септелетін, көптелетін, тәуелденетін сөздер есебінде ерекшеленген.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:


  1. Үстеулердің қалыптасу тәсілдері

  2. Үстеу негізгі белгілері, сипаты, қалыптасу, даму жолы

  3. Үстеудің арғы негізі туралы пікірлер

  4. Одағай сөздер

  5. Шылаулар тарихы

  6. Еліктеуіш сөздер

Әдебиеттер:

1. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А,1988.

2. Томанов М. Тіл тарихы туралы зерттеулер. А., 2002

3. Қайдаров Ә., Оразов М. Түркологияға кіріспе. А,1986.

4. Айдаров Ғ. Көне ұйғыр жазба ескерткіштерінің тілі. А,1995.
15-Дәріс

Тақырыбы: Тарихи синтаксис

Жоспар:


  1. Жай сөйлем синтаксисі

  2. Құрмалас сөйлемдер

Мақсаты: Синтаксистік құрылыстағы тарихи өзгерістерді қарастыру.

Мазмұны: Синтаксистік құрылыстағы тарихи өзгерістердің тілдің басқа салаларына әсері мен ықпалы. Синтаксистік байланыс тәсілдерінң дамуы. Байланыс түрлерінің қалыптасуы.

Сөз тіркесінің дамуы. Ескі түркі тіліндегі есімді тіркестердің қалыптасқан түрлері және құрамы, тіркесу тәсілдері. Кейінгі дәуірлерде есімдер тіркестер аумағының ұлғаюы. Изафеттік тіркестер. Олардың үш түрінің түркі тілдері дамуының үш кезеңіне тәндігі.

Түркі тіліндегі сөйлем номинативті екендігі, оның тарихи себептері. Баяндауыш – сөйлемді ұйымдастырушы мүше. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібінің қалыптасуы.

Оқшау сөздердің құрамы мен түрлерінің дамуы.



Жай сөйлемдердің ескі түркі тіліндегі түрлері, құрылымдық ерекшеліктері. Қазақ тілі синтаксисінің көне заманғы даму тарихында негізінен ауызекі тіл мен фольклорлық шығармаларға тән аз сөзді, қарапайым сөйлемдердің басым болғандығы, ХҮІІІ-ХІХ ғғ. Жазба нұсқалары мен іс-қағаздарында, мерзімді баспасөзде шұбалаңқы сөздердің кездесе бастағандығы.

Оқшауланған мүшелердің қалыптасуы. Оқшау сөздердің жеке түрлерінің қалыптасуы. Бұл процестің сөйлем құрылысының дамуымен, жазба тіл құрамындағы жіктеліспен ұштасып жататындығы.



Құрмалас сөйлемдердің жеке топтарының дамуында жазба тілдің рөлі. Құрмалас сөйлем жүйесінің дамуы. Құрмалас сөйлемнің алғашқы салаласа байланысқан түрі жай сөйлемдердің мағыналық ішкі жақындықтарына қарай бірігуінен пайда болды деген пікір. Құрмаластырушы грамматикалық тәсілдердің қалыптасуы, оның құрмалас сөйлем жүйесін дамытудағы рөлі. Сабақтас сөйлемдердің жеке түрлерінң қалыптасуы туралы пікірлер.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.Тарихи синтаксис мәселелері

2.Синтаксистік тұлғалардың дамуы, түрлері

3.Есімді сөз тіркестері, етістікті сөз тіркестері, ондағы өзгерістер

4.Сөз тіркесінің даму бағыттары

Әдебиеттер:

1. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А,1988.

2. Қашқари М. Түбі бір түркі тілі. А,1993.

3. Мұсабаев Ғ. Қазақ тілі мен грамматикасы тарихынан. А,1986.

4. Ағманов Е. Қазақ тілінің тарихи синтаксисі. А,1986.



Тәжірбиелік сабақтар

Қазақ тілінің тарихи грамматикасы пәні


1

1. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А,1988.

2. Томанов М., Қордабаев Т. Тарихи грамматика мәселелері. А,1975.

3. Томанов М. Тіл тарихы туралы зерттеулер. А., 2002


Қазақ тілі тарихын кезеңдерге бөлу

1

1. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А,1988.

2. Томанов М., Қордабаев Т. Тарихи грамматика мәселелері. А,1975.

3. Томанов М. Тіл тарихы туралы зерттеулер. А., 2002

4. Қайдаров Ә., Оразов М. Түркологияға кіріспе. А,1986.

5. Қашқари М. Түбі бір түркі тілі. А,1993.

6. Сағындықов Б. Қазақ тілі лексикасы дамуының этимологиялық негіздері. А,1994.

7. Мұсабаев Ғ. Қазақ тілі мен грамматикасы тарихынан. А,1986.

8. Айдаров Ғ. Көне ұйғыр жазба ескерткіштерінің тілі. А,1995.

9. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. А,1966.

10. Қордабаев Т. Тіл білімінің қалыптасу, даму жолдары. А,1982.

11. Қашқари М. Түбі бір түркі тілі. А, 1993.

12. Айдаров Ғ. Күлтегін. Алматы, «Ғылым», 1997.

13. Аманжолов С. Тарихи грамматика курсына керекті материалдар. Алматы, «Ғылым», 1964.

14. Аманжолов С. Түркі филологиясы және жазу тарихы. Алматы, «Санат», 1996.



Қазақ тілі тарихын зерттеудің әдістері

1

1. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А,1988.

2. Томанов М., Қордабаев Т. Тарихи грамматика мәселелері. А,1975.

3. Томанов М. Тіл тарихы туралы зерттеулер. А., 2002

4. Қашқари М. Түбі бір түркі тілі. А,1993.

5. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. А,1966.

6. Қордабаев Т. Тіл білімінің қалыптасу, даму жолдары. А,1982.



Тарихи фонетика. Қазақ тілі фонетикалық жүйесі дамуының негізгі ерекшеліктері


1

1.Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А,1988.

2. Томанов М., Қордабаев Т. Тарихи грамматика мәселелері. А,1975.



Тарихи лексикологияның зерттеу нысаны, салалары. Қазақ лексикографиясының тарихы

1

1. Қашқари М. Түбі бір түркі тілі. А,1993.

2. Сағындықов Б. Қазақ тілі лексикасы дамуының этимологиялық негіздері. А,1994.



Тарихы морфология


1

1. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А,1988.

2. Томанов М., Қордабаев Т. Тарихи грамматика мәселелері. А,1975.

3. Томанов М. Тіл тарихы туралы зерттеулер. А., 2002

4. Мұсабаев Ғ. Қазақ тілі мен грамматикасы тарихынан. А,1986.

5. Есенқұлов А. Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі қосымшалар. А., 1976.


Зат есім. Зат есімнің жалғаулары

1

1. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А,1988.

2. Томанов М., Қордабаев Т. Тарихи грамматика мәселелері. А,1975.

3. Мұсабаев Ғ. Қазақ тілі мен грамматикасы тарихынан. А,1986.


Зат есімнің септік категориясы


1

1. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А,1988.

2. Томанов М., Қордабаев Т. Тарихи грамматика мәселелері. А,1975.

3. Мұсабаев Ғ. Қазақ тілі мен грамматикасы тарихынан. А,1986.


Сын есімның қалыптасуы


1

1. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А,1988.

2. Томанов М., Қордабаев Т. Тарихи грамматика мәселелері. А,1975.

3. Мұсабаев Ғ. Қазақ тілі мен грамматикасы тарихынан. А,1986.


Сан есімдер тарихы



1



1. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А,1988.

2. Томанов М., Қордабаев Т. Тарихи грамматика мәселелері. А,1975.

3. Мұсабаев Ғ. Қазақ тілі мен грамматикасы тарихынан. А,1986.


Есімдік


1

1. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А,1988.

2. Томанов М., Қордабаев Т. Тарихи грамматика мәселелері. А,1975.

3. Мұсабаев Ғ. Қазақ тілі мен грамматикасы тарихынан. А,1986.


Етістік категорияларының дамуы


1

1. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А,1988.

2. Томанов М., Қордабаев Т. Тарихи грамматика мәселелері. А,1975.

3. Мұсабаев Ғ. Қазақ тілі мен грамматикасы тарихынан. А,1986.


Етістіктің рай, шақ категориясы


1

1. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А,1988.

2. Томанов М., Қордабаев Т. Тарихи грамматика мәселелері. А,1975.

3. Мұсабаев Ғ. Қазақ тілі мен грамматикасы тарихынан. А,1986.


Үстеу, одағай, еліктеу сөздер, шылаулар тарихынан.


1

1. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А,1988.

2. Томанов М. Тіл тарихы туралы зерттеулер. А., 2002

3. Қайдаров Ә., Оразов М. Түркологияға кіріспе. А,1986.

4. Айдаров Ғ. Көне ұйғыр жазба ескерткіштерінің тілі. А,1995.



Тарихи синтаксис


1

1. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А,1988.

2. Қашқари М. Түбі бір түркі тілі. А,1993.

3. Мұсабаев Ғ. Қазақ тілі мен грамматикасы тарихынан. А,1986.

4. Ағманов Е. Қазақ тілінің тарихи синтаксисі. А,1986.





5 Студенттердің өздік жұмыс тақырыптары

5.1 Көне түркі жазба мұраларындағы дауысты дыбыстар жүйесі

5.2 Көне түркі мұралары мен қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар

5.3 Көне түркі жазба мұраларындағы бір буынды сөздердің мағынасы

5.4 Көне түркі мұраларындағы сөз таптарының жіктелу сипаты

5.5 Көне түркі мұраларындағы етістік

5.6 Дыбыстық өзгерістердің тарихилығы

5.7 Сөз мағыналарының тарихи дамуы

5.8 Сөзжасамдық процестің тарихи сипаты

5.9 Сын есімнің дамуы


Реферат тақырыптары

1 Сан есімнің таңбалық сипаты

2 Есімдіктің жіктелуі

3 М.Қашқари сөздігіндегі грамматикалық категориялардың берілу жүйесі

4 М.Қашқари сөздігіндегі географиялық атаулар

5 М.Қашқари сөздігіндегі кісі аттары

6 М.Қашқари сөздігіндегі атаулардың мағыналық құрылымы

7 Ж.Баласағұн дастанының дүниетанымдық маңызы

8 А.Иассауи шығармасының дүниетанымдық маңызы

9 «Кодекс Куманикус» шығармасының тілі





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет