Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі


Өзіңіздің шығармашылық әлеуетіңізді бағалаңыз



бет94/96
Дата22.02.2023
өлшемі1.11 Mb.
#469915
түріСабақ
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   96
аза cтан Республикасы білім ж не ылым министрлігі

Өзіңіздің шығармашылық әлеуетіңізді бағалаңыз

Ұсынылған жауаптардың біреуін таңдаңыз:


1.Сіз қоршаған әлемді жақсартуға болады деп санайсыз ба?
А) иә;
б) жоқ;
в) иә, бірақ кейбір тұстарын ғана.
2. Қоршаған әлемнің маңызды өзгерістеріне өзім қатыса аламын деп ойлайсыз ба?
А) иә, көп жағдайда;
б) жоқ;
в) иә, кейбір жағдайларда.
3. Өзіңіздің кейбір идеяларыңыз сіз таңдайтын қызмет саласында маңызды прогресс әкеледі деп санайсыз ба?
А) иә;
б) менде ондай идеялардың болуы қайдан?
В) маңызды прогресс болмаса да, қандай да бір жетістік әкелуі мүмкін.
4. Сіз болашақта бір нәрселерді еш қағидаға қарамастан өзгерте алатындай аса маңызды рөл атқарамын деп санайсыз ба?
А) иә, сөзсіз;
б) екі талай;
в) мүмкін.

5. Сіз бір нәрселерді істеймін деп шешім қабылдағанда істің ойдағыдай шығатынына сенімдісіз бе?


А) әрине;
б) орындай аламын ба деп жиі күмәнданамын;
в) көбінесе сенімдімін.
6. Сізге таныс емес іспен, яғни осы кезеңде сіздің құзырлылығыңыз жоқ, мүлдем білмейтін іспен айналысуға ықыласыңыз бола ма?
А) иә, кез келген белгісіздік мені қызықтырады;
б) жоқ;
в) барлығы да сол іске және жағдайларға байланысты.
7. Сізге таныс емес іспен айналысуға тура келіп тұр. Сол істе жетістікке жетуге ықыласыңыз бола ма?
А) иә;
б) қолдан келсе, сол да жақсы;
в) егер ол онша қиын болмаса, онда иә.
8. Егер сізге таныс емес іс ұнаса, сол іс туралы барлығын да білгіңіз келе ме?
А) иә;
б) жоқ, ең негізгісін ғана үйрену керек.
В) жоқ, мен тек қана өзімнің құмарлығымды қанағаттандырамын.
9. Сіз сәтсіздікке ұшырасаңыз:
а) саналы мағынаға қарамастан да, белгілі бір уақыт табандылық танытасыз;
б) іске аспайтынын түсінгеннен-ақ, бұл іске бірден қол сілтейсіз
в) кедергіні жеңе алмайтындығыңызға көзіңіз жеткенінше, өз ісіңізді жалғастыра бересіз.
10. Мыналарды негізге ала отырып, мамандықты таңдау керек:
а) өз мүмкіндіктерін және өз перспективаларын;
б) мамандақтың тұрақтылығын, маңыздылығын, қажеттілігін, сұранысын;
в) мәртебесін (престиж) және ол қамтамасыз ететін артықшылықтарды.
11. Саяхаттап жүрген кезде өтіп кеткен маршрутта оңай бағдарлай аласыз ба?
А) иә;
б) жоқ;
в) егер сол жер ұнаса және есімде қалса, онда иә.
12. Әңгіме аяқталысымен онда айтылғандардың бәрін бірден есіңізге түсіре аласызба?
А) иә;
б) жоқ;
в) маған қызықтысының бәрін есіме түсіремін.
13. Таныс емес тілде айтылған сөзді естігенде, оның мағынасын білмей-ақ, сол сөзді қатесіз буындап қайталап айта аласыз ба?
А) иә;
б) жоқ;
в) қайталаймын, бірақ онша дұрыс емес.
14. Бос уақытта сіз артық көресіз:
а) жалғыз қалғанды, ойланып-толғанғанды;
б) компанияда болғанды;
в) жалғыз болам ба, әлде компанияда ма, маған бәрі бір.
15. Сіз қандай да бір іспен айналысып жүрсіз. Сіз оны мына жағдайда ғана тоқтатуға шешім қабылдайсыз:
а) іс аяқталды және де сіздің ойыңызша өте жақсы орындалған сияқты;
б) сіз орындалған іске азды көпті ризасыз;
в) іс орындалған сияқты, дегенмен оны одан да жақсы істеуге болады.
Бірақ қажеті қанша?
16. Сіз жалғыз болғанда:
а) қандай-да бір нәрселер туралы армандауды жақсы көресіз, ол абстрактылы да болуы мүмкін;
б) қалай да өзіңізге нақты бір жұмысты табуға тырысасыз;
в) кейде армандауды жақсы көресіз, бірақ ісіңізбен байланысты нәрселер болса.
17. Қандай да бір идея сізді қызықтыра кетсе, онда сіз ол туралы ойлай бастайсыз:
а) қайда және кіммен болғаныңызға қарамастан;
б) жалғыз қалғанда ғана;
в) тыныштық бар жерде ғана.
18. Сіз қандай да бір идеяны қорғаған кезде:
а) егер оппоненттердің дәлелдері сізге нанымды болып көрінсе, сол идеядан бас тарта аласыз;
б) қандай дәлелдер ұсынылса да, өз пікіріңізде қаласыз;
в) егер қарсыласу тым күшті болса, өз пікіріңізді өзгертесіз.
Енді баллдарыңызды санаңыз.
А жауабына – 3 балл, б жауабына – 1 балл, в жауабына – 2 балл есептеледі. Сұрақтар сіздің білімпаздығыңызды, өзіңізге сенімділіңізді, тұрақтылығыңызды, көру және есту арқылы есте сақтауыңызды, тәуелсіздікке ұмтылысыңызды, абстракциялану және жиналу қабілетіңізді диагностикалайды. Бұл көрсеткіштер шығармашылық әлеуеттің сапасы болып табылады.
Егер де Сіз 48 және одан да артық балл жинасаңыз, онда сіздің бойыңызда едәуір шығармашылық әлеует бар, ол сізге шығармашылық мүмкіндіктердің мол таңдауын ұсынады. Егер Сіз іс жүзінде өз қабілеттеріңізді пайдалана алсаңыз, онда сізге шығармашылықтың сан алуан формаларына қол жеткізуге жол ашық.
Егер сіз 24—47 балл алсаңыз, онда сіздің бойыңызда жасап шығаруға, тудыруға мүмкіндік беретін сапалар бар, бірақ сіздің шығармашылығыздың кедергілері де бар. Ең қауіптісі – қорқыныш сезімнің болуы, әсіресе міндетті жетістіктерге жетуге бағыт алған адамдарда. Сәтсіздікке ұшырау қорқынышы шығармашылықтың негізі – қиялды шырмалайды (сковывает). Қорқыныш әлеуметтік те, қоғамдық мінеушіліктен болуы мүмкін. Кез келген жаңа идея күтпегендік, таңдану, көпшілікпен қабылданбау, айналадағылардың мінеуі (осуждения) сияқты кезеңдерден өтеді. Басқалар үшін жаңа, үйреншікті емес болып табылатын мінез-құлықты, көзқарасты, сезімдерді мінеу қорқынышы шығармашылық белсенділікті шырмалайды, шығармашыл тұлғаны құртады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   96




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет