Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі


-ші дәріс Жоғары оқу орындарында оқу-тәрбие процесін басқарудағы мұғалімнің шеберлгі



бет49/96
Дата22.02.2023
өлшемі1.11 Mb.
#469915
түріСабақ
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   96
аза cтан Республикасы білім ж не ылым министрлігі

18-ші дәріс Жоғары оқу орындарында оқу-тәрбие процесін басқарудағы мұғалімнің шеберлгі.
1.ЖОО-да маманның кәсіби дайындығын жетілдіруге қойылатын талаптар.
2. Жоғары мектепте оқыту мен тәрбие беру процесінің ерекшеліктері.
3. Жоғары оқу орындарындарындағы оқытушылардың шеберлгі.
Әдебиеттер:
1.ҚР жаңа формация педагогінің үздіксіз педагогикалық білім беру тұжы-рымдамасы// Егеменді Қазақстан, 2005 ж.
2. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 ІІІ Заңы.
3. Усманов Ә.Ә., Сәрсенбаева М.Б. Педагогика. Орта кәсіптік оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы. – Алматы, 2005. – 402 бет.
4.Кухарев Н.В. На пути к профессиональному совершенству: Кн. для учителя. – М.: Просвещение, 1990.–59с. (Мастерство учителя: идеи, советы, предложения).
5.СадықовТ.С.,ӘбілқасымоваА.Ж.Жоғары мектепте білім берудің дидактикалық негіздері: Оқу құралы.-Алматы, «Ғылым» ғылыми баспа орталығы,2003.-168 б.
6.Бағыбаева М. Педагогикалық шеберлік және жоғары оқу орындары оқытушыларының өсу негіздері. //Психологияны мектепте және ЖОО-да оқыту. Преподавание психологии в школе и в ВУЗах. №3, 2006. – 11-12 б.
7.ОмароваА.С.Болашақ оқытушылардың педагогикалық шеберлігін қалып-тастырудағы кейбір мәселелер. //Білім-Образование, №4, 2006. – 23-25 б.
8. Основы педагогического мастерства.Упражнения. Тесты. Советы начина-ющему педагогу. Учебно-методическое пособие / Сост. Т.П. Смолькина. - Караганда, 2002.-88 стр.
Қай мемлекеттің болсын өркениеттілігін көрсеткіші оның білімі мен ғылымы. Ғылымды дамытатын терең білімді ұрпақ тәрбиелеу мұғалімнің қолында. Біздің мемлекетіміздің білім саласында осындай тың бет бұрыстарға қадам басуы заңды да. Осыған орай, егемен еліміздің білім беру ісінде реформалар жасалуда. «Ғасырдың мектебі мен мұғалімі қандай болу керек?» деген негізгі сұраққа жауап ізделуде. Мұғалімді даярлау барлық кезеңдерде мәнін жоймайтын мәселелер қатарына жатады, себебі қоғамның әлеуметтік-экономикалық міндеттері өзгеріске ұшырап отырады, ал мұның бәрі педагог кадрларын мамандық даярлау жүйесіндегі көзқарастарды байыта қарауға жетелейді. Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, өз ісінде қасаңдық пен жаттандылықтан аулақ, практикалық үйлестіруді шебер меңгерген, психологиялық-педагогикалық диагностика қоя білетін іскер мұғалім қажет. «Еліміздің болашағы бүгіннен басталады» деген Үндеуінде Елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Бүгінгі Егемен Қазақстанның ұлт саясатында мәдениет пен ұлттық мәдениетті қатар кіріктіре меңгерту арқылы жеке тұлғаны жан-жақты дамыту, қалыптастыруда ұстаздар үлесі мол» деген . Халыққа білім беру ісі өндіргіш күштердің даму деңгейіне, өндірістік қатынастардың қалыптасуына байланысты. Сонымен бірге, білім беру ісінің дамуы қоғам дамуының әлеуметтік-экономикалық міндеттеріне әсер етеді. Қазақстан Республикасындағы білім беру процесі халқымыздың ұлттық дәстүр-салтына, мәдениетіне, экономикасына және саяси өміріне негізделіп іске асырылады.
Білім беру саласына қатысты нормативтік құжаттарда: білім беру туралы Заңында, жоғары білім беру тұжырымдамасында, Қазақстан Республикасының жаңа формация педагогінің үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасында, “жаңа қоғам мұғаліміне” қойылатын талаптар көрсетілген.
Білім беру жүйесінің негізгі басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, сондай-ақ, жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту болып табылады, деп білім беру Заңында көрсетілген.
Бұл болашақ маман дайындау үлгісінде оның тұлғалық сапалары мен қасиеттерін қалыптастырудың маңызын көрсетеді. Тұлғалық бағдарлық бағытта білім беру нәтижесі білім, біліктілік және дағды жүйесіне шығармашылық іс-әрекет тәжірибесіне және эмоционалдық көңіл- күйді көрсете білуге, тұлғаның ерікті қарым-қатынасына педагогикалық бейімделген қалыптастыру ретінде түсіндіріледі.
Сондықтан, маманның кәсіби құзырлығының әлеуметтік және тұлғалық түрлеріне ерекше мән беріледі. Бұл үшін, біріншіден, ақпараттық қоғамда кез келген маманның іс-әрекеті күшейтіледі, екіншіден, білім парадигмасының өзгеруі кәсіби білім, біліктілік пен дағдыға маманның дайындығын қалыптастырудың, ойлаудың әдіснамасын дамытудың қажеттілігін көрсетеді, үшіншіден, ізгілікті және әлемдік интегративті үрдістер тенденциясы алдымен көпмәдениетті тұлғаны қалыптастырудың қажеттілігін айқындайды. Маманның кәсіби дайындығының классикалық үлгісі мазмұндық, тұлғалық және процессуалдық технологиялық бөліктерден тұратыны белгілі. Бұл үлгі бойынша мамандарды даярлау бүгінде жаңа мазмұнға ие болуда.
Жоғары педагогикалық білім берудің теориясы мен практикасы және мұғалім кадрларын даярлау проблемасына арнап еңбек жазған ғалымдар: С.И. Архангельский, Ю.К.Бабанский, Е.П.Белозерцев, Н.В.Кузьмина, А.В.Петров- ский, В.А.Сластенин,А.И.Щербаков т.б. Қазақстанда Н.Д. Хмель, А.Г.Колмаков, И.Б.Мадин, Л.З. Рустемов, Сейталиев Қ.Б.т.б.
Болашақ мұғалімнің шеберлігі және олардың кәсіби даярлау мәселелеріне байланысты еңбек жазғандар: Б.Р.Айтмамбетова, А.Е. Әбілқасымова, Қ Закирьянов, З.А.Исаева, Э. И. Шыныбекова т. б.
Жоғары оқу орындарында мұғалімнің моделін жасауда педагогика ғылымының докторы М.Сарыбековтың берген моделіне назар аударсақ, ол төмендегідей:
Біріншіден: модельдің негізіне жан - жақты қабілетті, өзінің өмірлік және кәсіби бағытын біліп, соны ұстана алатын маман - мұғалім алынған.
Екіншіден: автордың көзқарасы бойынша жоғары оқу орындарында сабақ санын көбейтіп қана қоймай, оның кәсіби дайындығына баса назар аудару, болашақ мамандарда педагогикалық ойлау қабілетін шыңдау керектігі туралы сөз қозғалады. Сондықтан, бұл моделдің басты міндеті: жоғары оқу орнында тұлғалық - кәсіби аспектілермен мұғалімнің еңбек технологиясын байланыстыру.
Үшіншіден: міндетті орта білім жағдайында, әр түрлі білім алу тәсілдерінің көптігінен, мұғалім білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерін меңгеріп, оқу-тәрбие ісін ұйымдастырушы болуы шарт.
Төртіншіден: мұғалімнің кәсіби - педагогикалық іскерліктерінің ара- сында бұл моделде алғашқы орынға педагогикалық жағдаяттарды, құбылыстарды, фактілерді саралай білу қабілетін қойған.
Бесіншіден: мұғалімнің адамгершілік бағыты оның тәрбиелік жұмыс әдісінен көрінуі тиіс.
Алтыншыдан: бұл модельде болашақ маманның кәсіби - педагогикалық әрекетінде ол жаңа ұрпақ балаларымен жұмыс істейтіндігі ескеріледі. Бұл мектептегі оқу-тәрбие үрдісіне жаңа әдіс-тәсілдер енгізіп, білімге жаңа дәстүрлі емес инновациялық технологияларды енгізумен сипатталады. Ж Жоғарыда аталған талаптардың іске асуы мұғалімнің шығармашылығын қажет етеді. Ал шығармашылық - педагогикалық шеберлікке жетудің аса маңызды жолы.
Қазіргі кезде әрбір қоғам мамандарының алдына қойған талаптарына сәйкес «маман моделін», маман профессиограммасын жасау міндеті жұртшылықтың назарын өзіне аударуда.
Бүгінгі білім жүйесіне уақыт талабына сай өзгерістер енгізу- жоғары оқу орындарында оқу- тәрбие процестерін ұйымдастырудың дәстүрлі жүйесінің орнына, білім алушылардың белсенді, өз бетінше жұмыс жасауын көтермелейтін кредиттік жүйесі енгізіліп, оқу- тәрбие процесін жаңаша көзқараспен қарап, жаңаша ұйымдастыру қажеттілігі туындап отыр.
Жоғары оқу орындарының түлектерін ауылдық жерлерде жұмыс істеуге тарту және орнықтыру тетігін әзірлеу мәселесі қолға алынып жатқаны белгілі. Жоғары оқу орындарының мүмкіндіктері педагог кадрлардың біліктілігін арттыруда жан-жақты пайдаланылмайды. Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау мәселелерін шешу жөнінде шет елдермен тәжірибе алмасу қарастырылуда.
Педагог кадрларды даярлау, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау саласында төмендегідей жағдайлардың ескерілуі көзделіп отыр:
-жетекші университеттер базасында жоғары оқу орындарының педагог кадрларын даярлау, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау жүйесін қалпына келтіру және одан әрі дамыту;
-педагог мамандықтарының білім беру бағдарламалары мазмұны жаңарту, білім берудің вариативтік (өзгермелі) үлгілерін жасау;
-педагог кадрларды даярлау бағадарламаларына оқытудың бүкіл жылдары бойы үздіксіз педагогикалық және психологиялық – педагогикалық практиканы енгізу;
-екінші мамандықтың қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша, оның ішінде мемлекеттік тіл, шетел және ана тілдері, информатика, психология пәндер бойынша мұғалімдерін қайта даярлау;
-болашақ мұғалімдер үшін олардың даярлық деңгейін тәуелсіз кәсіби бағалаумен қоса үш айдан бір жылға дейінгі педагогикалық тағылымдаманы енгізу;
-12- жылдық мектепте және мектепке дейінгі, арнаулы, жалпы қосымша және кәсіптік білім беру ұйымдарында жұмыс істеу үшін педагог маман-дықтар бойынша мамандар даярлауға мемлекеттік тапсырысты ұлғайту;
-педагогтарды және басшыларды аттестаттаудың және қайта аттестаудың, мұғалімнің педагогикалық қызметін сертификаттаудың жаңа жүйесін әзірлеу;
-педагогтардың еңбегін ынталандырудың және олардың жергілікті жерлерде тұрақтандырудың тетіктерін жетілдіру;
-білім берудің жаңа мазмұнын, оқыту технологиялары мен сабақ беру әдістемелерінің өзгергенін ескере отырып, мұғалімдер мен білім беру ұйымдарының басшыларын қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыру;
-білім беру ұйымдары басшыларын білім берудегі менеджмент бағдарламалары бойынша даярлауды жүзеге асыру;
-жоғары оқу орындары арасындағы, халықаралық шарттар мен бағдарламалардың негізінде мемлекеттік жоғары оқу орындары оқытушы-ларының біліктілігін арттыру мен қайта даярлау көзделеді.
ЖОО білім берудің ерекшелігіне тоқталатын болсақ ол- қазіргі кездегі ЖОО жариялылығы мен болашақ мамандарды «оқыту» парадигмасынан «оқу» парадигмасына көшу, кредиттік оқыту жүйесі арқылы іске асырылуда.
Жоғары мектептегі оқу-тәрбие процестерін ұйымдастырудың мектетептегі оқу-тәрбие процесіне қарағанда ерекшелітері бар, бастысы-кәсіби бағытылығында.
Жоғары оқу орындарындағы оқыту формаларының өзгешелігі: дәріс, семинар және зертханалық- практикалық, СБӨОЖ сабақтарға бөлінуі. Сонымен қатар, студенттің өздік жұмысы басым болып келеді, яғни, үштен бір бөлігін құрайды.Жоғары оқу орындарындағы оқыту процесінің тағы бір айырмашылығы- «оқытушы-студент» қатынасында өтеді. Студент оқушыға қарағанда көп мөлшерде белгілі бір процестің елеулі субъектісі болады. Жоғары оқу орындарында болашақ мамандарды кәсіби даярлау процесі тәжірибе алу барысында жоғары курстарда іске асырылады. Сонымен қатар, жоғары оқу орындарында студент қөп өз бетімен ізденеді, ғылыми әрекет кәсіби жұмыстың -негізгі атрибуты ретінде қарастырылып , студент ғылыми-зеттеу жұмыстарымен көп айналысады: реферат жазып, курстық, дипломдық жұмыстарды орындайды.Жоғары оқу орындарында тәрбие жұмысында да ерекшеліктер бар. Студенттік шақ- қызығы мол, бірақ, қыйындықтары да мол кездесетін кезең. Осы кезеңде студенттердің әлеуметтендіру процесі өтеді.
Әлеуметтендіру- іс-әрекет және қарым-қатынас арқылы жеке адамның әлеуметтік тәжірибені меңгеру процесі мен нәтижесі. Индивидтің қарым-қатынасы және іс-әрекеті барысында жүзеге асатын процесс және оның әлеуметтік тәжірибені игеруінің нәтижесі. Бұл процестің нәтижелі болуы өзін-өзі тәрбиелеу мен байланысты болып келеді.
Өзін-өзі тәрбиелеу-адамның өз бойындағы ұнамсыз, жағымсыз мінез- құлықты жеңуге, ұнамды, жақсы қасиеттерді қалыптастыруға, жетілдіруге бағытталған жүйелі де саналы әрекеті. Бұл тұрғыдан алып қарағанда, топ кураторының атқаратын міндеттері орасан зор. Оған әрбір студенттің жетістіктерін бақылап мониторинг жасап отыру жүктеледі. Сондай-ақ, ол студенттердің өмірінде кездесетін түрлі проблемалардың дұрыс шешілуіне байланысты әрекет жасап, қызықты іс-шаралар өткізіп тұрады. Қазіргі кезде жыл сайын шығатын Елбасының жолдауларын студенттермен бірге талқылап, олардың мазмұнымен танысып, ондағы білім беру саласындағы міндеттерді іске асыруға ат салысады. Үздік оқитын студенттердің кандидатураларын стипендия тағайындау үшін ұсыныстар жасайды. Сонымен қатар, ол болашақ мамандығын игеруге де көмек көрсетіп, ақыл - кеңес беріп отырады. Куратордың жұмысы күрделі және сан қилы, барлық мәселелерді шешу үшін дайын рецепт жоқ, сондықтан, кураторлық жұмысқа адамгершілігі, үлгі-өнегесі мол, белсенді, шығармашылықпен жұмыс атқара білетін оқытушы лайықты.
ЖОО-ның педагогтарына қойылатын талаптар жоғары мектептегі оқу-тәрбие процестерін ұйымдастырудың ерекшеліктеріне байланысты болып келеді. Білім беру бағдарламаларына инновациялық педагогикалық техноло-гияларды еңгізе алатын, ізденушілік, зерттеушілік және шығармашылық қызмет дағдылары қалыптасқан, оқытудың ақпараттық және қашықтан оқыту технологияларын, көп тілді меңгерген, үнемі білімін жетіілдіретін, рефлексиялық, эмпатиялық қабілеттері жетілген, ғылыми дәрежесіне сай мінез-құлқы қалыптасқан, әдепті, толерантты шебер оқытушы болуы қажет.
ЖОО-ғы оқытушыларға студенттерге білім беру, тәрбиелеу және оларға басшылық ете білу үшін келесі мәселелерге баса назар аудару керек:
-ЖОО-дағы оқытушы студенттерді тыңдата және тыңдай білуі;
-құзырлылығы жетілген, дүниетанымының кең болуы;
-педагогикалық технологияларды, оқытудың белсенді әдістерін тәжірибеде шығармашылықпен қолдана білуі;
- өзін-өзі үнемі жетілдіріп отыруға ұмтылуы;
- сөз қоры мол, сөйлеу мәдениеті жетілген;
- адаммен қарым-қатынас жасай білуі, эмпатиялық қабілетілігі;
- студенттерге сенім артып, алға ұмтылуға үйрету,
-байқампаз, рефлексияға қабілетті болуы;
-ғылыми зерттеушілік қабілеттілігі, қандай жағдайда болсын шешім қабылдай білуі т.б. - қажетті қасиеттер,оларсыз педагогикалық қызметтің нәти-жесі төмен болатыны белгілі.
«Сабақ беру - үйреншікті жай шеберлік емес, ол - үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер»,- деп Ж. Аймауытов айтқандай, мұғалім еңбегі – ғылым, педагогикалық өнер, таланттылық сияқты элементтерден тұратын әр қырлы әрекет. Педагогикалық әрекеттің жартысы рационалдық технологияға негізделсе, екінші жартысы өнер, яғни, педагогикалық шеберлікпен байланысты.
Студенттерге ұнайтын оқытушы:
Жеке тұлғалық қасиеттерге : ақкөңілдік, ұстамдылық, басқаларға сене білу түсіне білу қабілеті,басқаларға құрметпен қарай білу, намысына тимеу, әдептілік, толеранттылық, адалдық, әзілдесе білуі, кешірімді болуы т.б.жатқызамыз.
Ұйымдастырушылық қабілеті: демократиялығы, ұжымның пікірімен санаса білуі, ынтымақтастық, әділдік, жүйелілік, көмек көрсетеуге дайындық, жауапкершілік.
Іскерлік қасиеттері: жан-жақты білімі, өзінің пәнін жетік білу, түсінікті, қызықты түсіндіре білуі, интерактивті әдістерді, технологияларды қолдана білуі.
Сыртқы мәдениеті: жақсы киінуі, жүріс-тұрысы, жағымды дауысы, студентердің үлгі алатын адамы болуға тиіс.
Өзін тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
1.ЖОО-да кәсіби дайындықты жетілдіруге қойылатын талаптар қандай?
2.Жоғары мектепте оқыту мен тәрбие беру процесінің ерекшеліктері қандай?
3. ЖОО-ғы оқытушыларға қойылатын талаптар қандай?
4.Жоғары оқу орындарындарындағы оқытушылардың шеберлігі туралы сіздің пікіріңіз қандай?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   96




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет