Практикалық сабақтар жоспары
Мақсаты, міндеттері: Практикалық сабақтар арқылы болашақ педагог - психолог студенттері алған білімдерін практикада қолдану жолдарын жетілдіреді. Болашақ мамандықты игеруде педагогикалық шеберліктің рөлін ұғыну арқылы өзін- өзі жетілдірудің өнерін үнемі жетілдіріп отырудың қажеттілігін түсініп, мұғалімнің педагогикалық шеберлігінің дамыту жолдарымен танысады.Алған білімді практикада қолданып, іскерліктерін, дағдыларын жетілдіріп дамытады. Болашақ мамандықты игеруде педагогикалық шеберлікті жетідіріп отырудың қажеттілігін ұғынады.
1. Тақырып: Ұстаздық шеберлік пәнін болшақ педагог –психологтарға оқыту қажеттілігі. Мақсаты: Пәнді оқудың қажеттілігін ұғындыру.Кәсіби жетілуде білім-біліктіліктің , іс- әрекеттің рөлін түсіну.
1. Ұстаздық шеберлік пәнін оқыту мақсат міндеттері.
2. Ұстаздық шеберлік пәнінің компоненттері.
3. Атақты педагогтардың шеберлік туралы ойлары.
4. Шеберліктің деңгейлері, шеберлікке жету жолдары.
5. Кәсіптік білімнің ерекшеліктері, құрамдас бөлімдері.
6.Педагогикалық біліктілік және педагогикалық іс- әрекет.
7. Педагогикалық іс- әрекет функциялары, түрлері.
2. Тақырып: Педагогтың өзін -өзі тәрбиелеу біліктілікті, шеберліті қалыптастыру жолы. Мақсаты: Ұстаздық шеберлікке жетуде өзін -өзі тәрбиелеудің орнын көрсету.
1.Мұғалімге қезіргі кезде қойылатын талаптар.
2. Педагогтың өзін -өзі тәрбиелеудегі белсенділік позициясының маңызы.
3. Мұғалімнің өзін - өзі оқыту және тәрбиелеу әрекеті; Өзін -өзі тәрбиелеу әдістері.
4. Шеберлікті қалыптастыру жолы.
3. Тақырып: Педагогикалық шеберліктің элементі- педагогикалық техника. Мақсаты: Ұстаздық шеберліктің қалыптасуында педагогикалық техниканың орнын ұғындыру.
1.Педагогикалық техника туралы түсінік, шеберлікке жетудегі рөлі.
2. Педагогикалық техниканың құрамдас бөліктері, шеберлікке жетудегі рөлі.
3. Сырт келбеті, мимика, пантомимика,
4. Зиянды әдеттер. Өзін -өзі меңгеру техникасы.
Достарыңызбен бөлісу: |