Азаматтық авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығының нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қаңтардағы №156 Қаулысы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі


Бет үстінен көтеріңкі орналасқан тікұшақ айлақтары үшін



бет10/22
Дата12.06.2016
өлшемі10.35 Mb.
#129916
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22

Бет үстінен көтеріңкі орналасқан тікұшақ айлақтары үшін
кедергілерді шектеу
      624. Бет үстінен көтеріңкі орналасқан тікұшақ айлақтары үшін кедергілерді шектеу беттеріне қатысты талаптар, 616-620 тармақтарда көрсетілген беттік деңгейдегі тікұшақ айлақтарына қойылатын талаптарға сәйкес келеді.
      625. Бет үстінен көтеріңкі орналасқан тікұшақ айлағы үшін бір бірінен кем дегенде 1500 алыстайтын, қонуға кірудің және ұшып-көтерілу кезінде биіктік жинақтаудың ең болмағанда екі беті қарастырылады.
Вертопалуба үшін кедергілерді шектеу
      Төменде келтірілген техникалық талаптар, палубалық тікұшақ айлақтарынан басқа, құрылыстарда орналасқан және пайдалы қазбалар кендерін әзірлеу, ізденістер жүргізу, құрылыстар салу сияқты мақсаттарда пайдаланылатын вертопалубаларға қатысты қолданылады.
      626. Вертопалубаның кедергілерден бос секторы болады.
      Вертопалубаның шектелген кедергілер секторы болуы мүмкін (615-тармақты қараңыз).
      627. Кедергілерден бос сектордың шектерінде, кедергілерден бос беттің деңгейінен асатын жылжымайтын объектілер орналаспайды.
      628. Вертопалубаға тым жақын маңда тікұшақтардың кедергілерден қорғанысы тікұшақ айлағының деңгейінен төмен кеңістікте қамтамасыз етіледі. Бұл қорғаныстың беті, FATO аймағының ортасында басталатын, ең болмағанда 1800-тік доғалы сектордың шектерінде созылады және осы сектордың шектерінде FATO аймағының шектерінен бастап көлденең жазықтықтағы бір бірлік тік жазықтықтағы бес бірлікке келетін төмендеу градиентіне ие. Бұл төмендеу градиенті, 1 және 2-классты ұшу-техникалық сипаттамаларына сәйкес ұшуларды орындайтын көпқозғалтқышты тікұшақтар үшін  1800-тік сектордың шектерінде көлденең жазықтықтағы бір бірлік тік жазықтықтағы үш бірлік қатыстығына дейін азаюы мүмкін (72-қосымшаның суреті).
      629. Егерде, қондырғыны кедергілерден бос сектордың шектерінде пайдалану үшін бір немесе бірнеше жылжымалы кедергілердің бар болуы қажет болса, онда бұл кедергі(лер) 300-тан аспайтын және FATO аймағының ортасынан бастап өлшенетін доға шектерінің сыртына орналаспайд.
      630. 1500-тік доғалы шектелген кедергілер бетінің/секторының шектерінде, FATO аймағының ортасынан өлшенетін, 0,62 D мәніне тең қашықтыққа дейін, FATO аймағының үстіндегі объектілердің биіктігі 25 см ден аспайды. Осы доғаның сыртында және 0,83 D дейінгі қашықтықта шектелген кедергілер беті, тік жазықтықтағы бір бірліктің көлденең жазықтықтағы екі бірлікке келетін еңкіштігімен жоғары қарай созылады (73-қосымшаның суреті).
Кеме палубаларындағы тікұшақ айлақтары
1. Кеменің тұмсық немесе артқы бөлігінде орналасқан арнайы
жабдықталған тікұшақ айлақтары
      631. Тікұшақтар пайдаланатын алаңшалар кеменің тұмсық немесе артқы бөлігінде орналасатын жағдайларда, оларға 625, 628, 630 т-да келтірілген кедергілерді шектеу критерийлері қолданылады.
2. Тікұшақ айлағының кеменің ортаңғы бөлігінде орналасуы
      632. FATO аймағының алдынан және артынан, әрқайсысы 1500-тік доғалы және FATO аймағының D бастапқы шеңберінің қырында жатқан ұштары бар симметриялы орналастырылған екі секторлар орналасады. Осы екі секторлармен шектелген аймақтың шектерінде, барынша жоғары биіктігі 25 см және тікұшақтардың қауіпсіз ұшулар орындауын қамтамасыз ету үшін қажетті құралдардан басқа, FATO аймағының деңгейінен асатын объектілер орналастырылмайды.
      633. Қызметтік арналымы олардың FATO аймағының шегінде орналасуын талап ететін объектілер (мысалы жарық-сигналдық жабдық немесе аулар), салыстырмалы биіктігі бойынша 2,5 см-ден аспайды. Бұндай объектілер, тікұшақтар үшін қауіп төндірмейтін жағдайда ғана бұл аймақта бола алады.
      Әлеуетті қаупі бар объектілердің мысалы ретінде сырғанағыш шассимен жарақтандырылған тікұшақтардың динамикалық төңкерілуін тудыруы мүмкін аулар немесе палубадағы бекіткіш элементтер болып табылады.
      634. Кедергілерден қосымша қорғанысты қамтамасыз ету мақсатында, FATO аймағының алдынан және артынан, 1500-тік доғалы екі секторлар шектерінің бүкіл ұзынабойымен тік жазықтықтағы бір бірліктің көлденең жазықтықтағы бес бірлікке келетін қатыстықтағы биіктеме градиентері бар беттер орналасады. Көлденең жазықтықта бұл беттер, өзіне FATO аймағында қызмет көрсетілуі тиіс ең үлкен тікұшақтың кем дегенде 1 D мәніне тең қашықтыққа созылады және оларға ешбір кедергілер ене алмайды.
3. Кеменің бүйірлік бөлігінде орналасқан
жабдықталмаған тікұшақ айлақтары
      635. Тікұшақтың қауіпсіз пайдаланылуына қажетті (мысалы аулар немесе жарық-сигналдық жабдық) және барынша жоғары биіктігі 2,5 см дейінгі құралдардан басқа ешқандай объектілер FATO аймағының шегінде орналастырылмайды. Бұндай объектілер, егер олар тікұшақтар үшін қауіп төндірмесе ғана, аймақта орналастырыла алады.
      636. D бастапқы шеңберінің алдыңғы және артқы нүктелерінен бастап кеменің тұмсығы мен артындағы тұтқаларға дейін, FATO аймағы диаметрінің 1,5-іне тең аймақ орналасады, бұл ретте ол кеме өсіне перпендикулярлы, бастапқы шеңбердің диаметріне қатысты, симметриялы орналасады. Осы сектордың шектерінде, тікұшақтар ұшуларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қажетті және барынша жоғары биіктігі 25 см құралдардан басқа FATO аймағының деңгейінен асатын объектілер орналаспайды.
      637. Ені кем дегенде бастапқы шеңбері диаметрінің 0,25-іне тең горизонтальдік бет қарастырылады және ол, FATO аймағы мен кедергіден бос секторды бастапқы шеңбер диаметрінің 0,05-іне тең биіктікте айнала қоршайды; бұл бетке бір де бір объект кірмейді.
4. Шығырлық алаңшалар
      638. Кемелердің борттарындағы шығырлық жұмыстарға арналатын алаңшасы, диаметрі 5 м және бос аймақтың шегінен диаметрі 2 D шеңберленген маневрлеу аймағының ішіне қарай созылатын бос шеңберлі аймақты қамтиды (77-қосымшаның суреті).
      639. Маневрлеу аймағы екі аймақтан тұрады:
      1) бос аймақтың және диаметрі кем дегенде 1,5 D шеңбердің шегінен созылатын ішкі маневрлеу аймағынан;
      2) ішкі маневрлеу аймағының және диаметрі кем дегенде 2 D шеңбердің шегінен созылатын сыртқы маневрлеу аймағынан тұрады.
      640. Белгіленген шығырлық алаңшаның бос аймағының шегінде оның бетінің деңгейінен жоғары ешбір объектілер орналаспайды.
      641. Белгіленген шығырлық алаңшаның ішкі маневрлеу аймағының шегінде орналасқан объектілер салыстырмалы биіктігі бойынша 3 м-ден аспайды.
      642. Белгіленген шығырлық алаңшаның сыртқы маневрлеу аймағының шектерінде орналасқан объектілер салыстырмалы биіктігі бойынша 6 м-ден аспайды.
13. Визуалды құралдар. Таңбалау және маркерлер
Тікұшақ айлағының тану таңбалауы
      643. Тікұшақ айлағында, тікұшақ айлағының тану таңбалауы қамтамасыз етіледі.
      644. Тікұшақ айлағының тану таңбалауы FATO аймағының шектерінде, оның ортасында немесе аймақ ортасына жақын орналасады, немесе, егер ол ҰҚЖ-ның белгілеу таңбаларымен қоса пайдаланылса, аймақтың әр шетінде орналасады.
      645. Аурухана жанындағы тікұшақ айлағының таңбалауынан басқа жағдайда, тікұшақ айлағының тану таңбалауы ақ түсті Н әрпінен тұрады. Таңбалау өлшемдері 78-қосымшаның суретінде көрсетілген өлшемдерден кем болмауы тиіс, ал егерде бұл таңбалау 6-параграфты бөлігінің талабына сәйкес FATO аймағын белгілейтін таңбалаумен қоса пайдаланылса, оның өлшемдері үш есе ұлғайтылады.
      646. Аурухана жанындағы тікұшақ айлағына арналатын тану таңбалауы 78-қосымшаның суретінде көрсетілгендей, ішінде Н әрпі бар квадраттың әр жағына жанасатын квадраттардан құрылатын ақ айқаспа аясындағы қызыл түсті Н әрпінен тұрады.
      647. Тікұшақ айлағының тану таңбалауы, Н әрпінің көлденең сызығы (белдігі) қонуға соңғы беттеу сатысы ретінде жиі таңдалатын бағытқа қатысты тік бұрышпен орналасатындай етіп бағдарланады. Тікұшақ айлағының бетінде, көлденең сызық, 78-қосымшаның суретінде көрсетілгендей, кедергілерден бос секторды шектейтін бұрыштың биссектрисасының бойында немесе оған параллельді жатады.
      648. Тікұшақ айлағында, Н тікұшақ айлағының тану таңбалауы белгісінің өлшемі, жалпы ені 3 м-ден астам емес және әріп элементінің ені 0,75 м-ден аспайтындай, биіктігі бойынша 4 м-ді құрауы тиіс. 
Тікұшақ айлағы атауының таңбалауы
      649. Тікұшақ айлағы атауының таңбалауы, көзкөрінімдік танудың басқа құралдары жеткіліксіз болған тікұшақ айлағында қамтамасыз етілуі тиіс.
      650. Тікұшақ айлағы атауының таңбалауы,горизонталь бетіне қатысты мүмкіндігінше, оның үстінен барлық бұрыштармен көрінетіндей болып орналасуы тиіс. Кедергілер секторы бар жерлерде таңбалауыНтану таңбалауының кедергілер тұрған жағында орналасуы керек.
      651.Тікұшақ айлағы атауының таңбалауы тікұшақ айлағының атауынан немесе радиотелефонияда пайдаланылатын, тікұшақ айлағының әріптік-сандық белгілерінен тұрады.
      652. Таңбалау белгілерінің биіктігі, бет деңгейіндегі тікұшақ айлақтары үшін кем дегенде 3 м, ал бет үстінен көтеріңкі орналасқан тікұшақ айлақтары мен вертопалубалар үшін кем дегенде 1,2 м болуы тиіс. Белгілердің бояуы қоршаған аяға қарама-қарсы түсте болуы тиіс.
      653. Түнде немесе шектеулі көрінім жағдайында пайдалануға арналатын тікұшақ айлағы атауының таңбалауы ішінен немесе сыртынан жарықтандырылады.
Ең жоғарғы шекті массаны таңбалау
      654. Ең жоғарғы шекті массаның таңбалануы бет үстінен көтеріңкі орналасқан тікұшақ айлағына, және вертопалубаға салынуы тиіс.
      655. Ең жоғарғы шекті массаның таңбалануы TLOF аймағының шегінде, оның қонуға соңғы кіру сатысы ретінде жиі таңдалатын бағыттан көзбен жақсы шолынатындай болып орналасуы тиіс.
      656. Ең жоғарғы шекті массаның таңбалануы бірмәнді, екімәнді немесе үш мәнді саннан тұрады. Таңбалау тоннамен (1000 кг) өрнектеледі және жақын тұрған 1000 кг дейін дөңгелектеледі, сонан соң т әрпі қойылады. Мемлекеттер, ең жоғарғы шекті массаны фунттармен өрнектеген жағдайларда Ең жоғарғы шекті массаның таңбалануы жақын тұрған 1000 фунтқа дейін дөңгелектей отырып тікұшақтың мың фунттардағы рұқсат етілетін массасын көрсетеді.
      Мемлекеттер, ең жоғарғы шекті массаны фунттармен өрнектегенде, тек метрикалық тонналарды белгілеуге пайдаланылатын «т» әрпін қосуға болмайды. Мемлекеттер, британдық өлшемдер мен салмақтар жүйесінің бірліктерін пайдаланатын жағдайларда, таңбалау бойынша нұсқаулық материалдар Тікұшақтар жөніндегі нұсқауда (Doc 9261) мазмұндалады.
      657. Ең жоғарғы шекті массаның таңбалауын ең жақын тұрған 100 кг дейін дөңгелектеп көрсету керек. Мәндер бір ондық белгіге дейінгі дәлдікпен өрнектеледі және ең жақын тұрған 100 кг дейін дөңгелектенеді, олардан кейін т әрпі қойылады.
      658. Таңбалаудың сандық және әріптік белгілерінің түсі аяға қатысты қарама-қарсы болуы тиіс, ал сандар мен әріптердің пішіні мен өлшемдері 79-қосымшада көрсетілген суреттегідей болуы тиіс. Кеңістіктің ашық теңіздегі платформада немесе палубалық тікұшақ айлағындағы сияқты шектеулі болатын жағдайында таңбалау белгілерінің жалпы биіктігін, сандардың ені мен қалыңдығын тиісті дәрежеде азайта отырып, кем дегенде 90 см етіп қарастырып, таңбалау белгілерінің өлшемдерін кішірейту қажет болуы мүмкін.
Ең жоғарғы шекті D мәнін таңбалау
      659. D мәнінің таңбалауы бет үстінен көтеріңкі орналасқан тікұшақ айлағында, және вертопалубада салынуы тиіс.
      660. Ең жоғарғы шекті D мәнінің таңбалауы FATO аймағының шектерінде орналасуы тиіс және қонуға соңғы кіру сатысы ретінде жиі таңдалатын бағыттан көзбен жақсы шолынатындай болып салынуы тиіс.
      661. D мәні, FATO аймағының бетіне, оның аясында қарама-қарсы келетін бояумен, көбінесе ақ түспен салынады. D мәні, ең жақын тұрған бүтін санға дейін дөңгелектенуі тиіс, бұл ретте 0,5 аз жағына қарай дөңгелектенеді, мысалы 19,5 19 деп, ал 19,6 20 деп дөңгелектенеді.
Ұшып-көтерілу мен қонуға кірудің соңғы сатысы
аймағының маркері немесе таңбалауы
      662. FATO аймағының таңбалауы немесе таңбалары, жер бетінің деңгейінде орналасқан тікұшақ айлағында FATO аймағының ұзақтығы анық айқындалмаған жағдайда салынады.
      663. FATO аймағының таңбалауы немесе таңбалары FATO аймағының шегінде орналасады.
      664. FATO аймағы таңбалауының немесе таңбаларының келесі аралықтары болады:
      1) аймақтың пішіні квадрат немесе тік төртбұрыш тәрізді болған жағдайда, әр бұрышында таңбалауды немесе таңбаны қоса, әр жағында ең болмағанда үш таңбалауы немесе таңбалары орналасқан кезде, тең аралықтары ары кеткенде 50 м-ді құрайды;
      2) аймақ кез келген басқа пішінге, соның ішінде шеңбер пішініне ие болған жағдайда, таңбалаулардың немесе таңбалардың барынша аз саны беске тең кезінде аралықтары ары кеткенде 10 м-ді құрайды.
      665. FATO аймағының таңбалауы ені 1 м тік төртбұрышты жолақ түрінде болады, ал оның ұзындығы, 9 м-ге тең, немесе FATO аймағының жақтарын белгілейтін ұзындықтың бестен бір бөлігіне тең болады. Таңба пайдаланылған жағдайларда, оның сипаттамалары, таңбаның биіктігі жердің бетінің немесе қар жамылғысының деңгейінен 25 см-ден аспайтын жағдайлардан басқа, 14-қосымшаның І томының 5.5.8.3 т. көрсетілген сипаттамаларға сәйкес келеді.
      666. FATO аймағының таңбалау белгілерінің түсі ақ болады.
Ұшып-көтерілу мен қонуға кірудің соңғы сатысы
аймағының белгілерін таңбалау
      667. FATO аймағын белгілейтін таңбалауы 19-қосымшаның суретінде көрсетілгендей, FATO аймағының басталатын тұсында орналасады.
      668. FATO аймағын белгілейтін таңбалауы жоғарыда 12.1. бөлімінде көрсетілгендей, Н әрпімен толықтырылған, 80-қосымшаның суретінде көрсетілгендей, ХААҰ/ИКАО-ның 14-қосымшасының І томының 5.2.2.4 және 5.2.2.5 т-да суреттелген ҰҚЖ белгісінің таңбалауынан тұрады.
Дәлдеп қону нүктесінің таңбалауы
      669. Тікұшақ айлағында дәлдеп қону нүктесінің таңбалануы пилоттың TLOF аймағына енуінен бұрын белгілі бір нүктеге қарай ұстаған бағытымен қонуға кіруді орындауы қажет болған жағдайларда қамтамасыз етілуі тиіс.
      670. Дәлдеп қону нүктесінің таңбалануы FATO аймағының шектерінде орналасады.
      671. Дәлдеп қону нүктесінің таңбалануы, бұрыштарының бірінің биссектрисасы қонуға ең ыңғайлы беттеу бағытымен бірдей келетін тең қабырғалы үшбұрыш болып табылады. Таңбалану 81-қосымшаның суретінде көрсетілген өлшемдерге сәйкес үздіксіз ақ сызықтардан тұрады.
Қону және жерден көтерілу аймағының таңбалануы
      672. Егерде TLOF аймағының периметрі айқын көрінбесе, тікұшақ айлағында TLOF аймағының таңбалануы қамтамасыз етіледі.
      673. TLOF аймағының таңбалануы TLOF аймағы периметрінің бойымен орналасады.
      674. TLOF аймағының таңбалануы ең болмағанда 30 см үздіксіз ақ сызықтан тұрады.
Қону нүктесін/берілген орналасу орнын таңбалау
      675. Тікұшақтың қонуы немесе нақты бір орында орналасуы қажет болатын жағдайларда қону нүктесінің/берілген орналасу орнын таңбалау қамтамасыз етіледі.
      676. Қону нүктесінің/берілген орналасу орнының таңбалауы, пилоттың орындығы таңбалаудың үстінде, шассиі тиісті жүктемені көтере алатын аймақтың ішінде және тікұшақтың барлық бөліктері кез келген кедергіден қауіпсіз қашықтықта болатындай етіп орналасады.
      677. Вертопалубада, қону нүктесі таңбалауының ортасы FATO аймағының ортасында орналасады. Аталған таңбалау, егерде авиациялық зерттеу осылай ығыстырылуды қажет деп тапса және таңбалаудың мұндай ығыстырылуы ұшулар қауіпсіздігіне теріс әсерін тигізбейтін болса, сектордың есептелуі басталатын сызықтан 0,1 D-ден артық емес қашықтыққа ығыстырылуы мүмкін.
      D мәні 16 м-ге тең немесе одан кем болған жағдайда, кеменің тұмсық бөлігінде немесе кез келген вертопалубада орналасқан тікұшақ айлағында таңбалауын немесе қону нүктесін жылжытпаған жөн деп саналады.
      678. Қону нүктесінің/берілген орналасу орнының таңбалауы, сызығының ені кем дегенде 0,5 м құрайтын сары түсті шеңбер болып табылады. Вертопалубалар үшін сызықтың ені ең болмағанда 1 м-ді құрайды.
      679. Шеңбердің ішкі диаметрі, TLOF аймағында өзіне қызмет көрсетілуі тиіс ең үлкен тікұшақтың 0,5 D-іне тең болады.
      680. Ау FATO аймағының бетінде орналасқан жағдайда, ол қону нүктесін/берілген орналасу орны таңбалауының бүкіл бетін жабу үшін әбден жеткілікті болуы және басқадай маңызды таңбалауды көлегейлемеуі тиіс.
Вертопалубаның кедергілерден бос секторын таңбалау
      681. Вертопалубада, кедергіден бос сектор таңбалаумен қамтамасыз етілуі тиіс.
      682. Вертопалубаның кедергілерден бос секторының таңбалауы FATO аймағы периметрінің бойымен немесе TLOF аймағының таңбалауында орналасады.
      683. Вертопалубаның кедергілерден бос секторының таңбалауы кедергілерден бос сектордың басын және осы сектор шектерінің бағыттарын көрсетеді.
      684. Шевронның биіктігі TLOF аймағы таңбалауының еніне тең, бірақ та кем дегенде 30 см-ді құрайды. Әр шевронның иіні 79 см болу тиіс. Шеврон көзге жақсы көрінетін түспен салынады.
Вертопалубаның бетін таңбалау
      685. FATO аймағымен шектесетін вертопалуба беті, ілініс коэффициенті жоғары жабынды салу жолымен жасалатын қара түсті бояумен таңбаланады. Беттің жабыны іліністің сапалық сипаттамаларына теріс әсерін тигізуі мүмкін жағдайларда, вертопалубаның бетін жабынмен өңдемеу қажеттілігі туындауы мүмкін. Палубалық таңбалау белгілерін контрастілі түспен ерекшелеу арқылы таңбалау белгілерінің көрінімділігін жақсарту қажет.
Вертопалубаның қонуға тыйым салынған секторын таңбалау
      686. Вертопалубаның қонуға тыйым салынған секторын таңбалау, тікұшақтың белгіленген курстық бұрыштар диапазонында қонуды орындауына жол бермеу қажет болған жағдайларда қамтамасыз етіледі.
      687. Қонуға тыйым салынған сектордың таңбалау белгілері қолданыстағы курстық бұрыштар шектеріндегі FATO аймағы шегінің бағытында тағайындалған орналасу орнының қону нүктесінің таңбалауында орналасуы тиіс. 82, 83-қосымшаның суреті.
      688. Қонуға тыйым салынған сектордың таңбалауы ақ және қызыл таңбалау жолақтарынан тұратын штрихтер түрінде болады. 82-қосымшаның суреті. Құрылысқа/кемеге қонуға тыйым салатын таңбалау 83-қосымшаның суреті келтірілген.
БЖЖ-ын таңбалау
      ХААҰ/ИКАО-ның 14-қосымшасының І томының 5.2.8 және 5.2.9 тт. мазмұндалған БЖЖ осьтік сызығының таңбалауына және бұру-жылжу кезіндегі тосу орындарының таңбалауына қатысты техникалық талаптар, тікұшақтардың жер үсті бұру-жылжуына арналатын БЖЖ-ға тең дәрежеде қолданыла алады.
Әуе арқылы бұру-жылжуға арналатын БЖЖ таңбалары
      689. БЖЖ, әуе арқылы бұру-жылжуға арналатын таңбалармен белгіленуі тиіс. Бұл таңбалар, тікұшақтардың жер бетімен бұру-жылжуына арналатын БЖЖ-да пайдаланылмауы тиіс.
      690. Әуе арқылы бұру-жылжуға арналатын БЖЖ таңбалары БЖЖ-ның осьтік сызығының бойымен орналасады және олардың арасындағы аралық түзусызықты учаскелерде ары кеткенде 30 м, ал қисықсызықты учаскелерде – 15 м-ді құрайды.
      691. Әуе арқылы бұру-жылжуға арналатын таңба сыңғақ болады және орнатылған күйінде бет үстінен немесе қар жамылғысының бетінен оның биіктігі 35 см-ден аспайды. Пилотқа көрінетін таңбаның беті тік төртбұрыштық пішінде болады және биіктігінің еніне қатыстығы шамамен
      3:1 және барынша аз көрінімдік ауданы 150 см2 болады. 85-қосымшаның 1-суреті.
      692. Әуе арқылы бұру-жылжуға арналатын таңба тиісінше сары, жасыл және сары түстерге боялған үш тең көлденең жолақтарға бөлінеді. Егерде әуе арқылы бұру-жылжу үшін таңба түнде пайдалануға арналса, таңбалардың ішкі жарықтандыруы болады немесе олар жарық шағылыстыратындай болып жасалады.
Әуе арқылы бұру-жылжу бағдарларының маркерлері
      693. Әуе арқылы бұру-жылжу бағдары әуе арқылы бұру-жылжу маршрутының маркерлерімен белгіленуі тиіс.
      694. Әуе арқылы бұру-жылжу бағдарларының маркерлері әуе арқылы бұру-жылжу бағдарының осьтік сызығының бойымен орнатылады және түзусызықты учаскелерде 60 м-ден астам емес және қисықсызықты учаскелерде – 15 м аралықпен орналастырылады.
      695. Әуе арқылы бұру-жылжу бағдарының маркері сыңғақ болады және орнатылған күйінде бет үстінен немесе қар жамылғысының бетінен 1 м биіктіктен аспайды. Пилотқа көрінетін таңбаның беті тік төртбұрыштық пішінде болады және биіктігінің еніне қатыстығы шамамен 1:3 және барынша аз көрінімдік ауданы 1500 см2 болады. 85-қосымшаның 2-суреті.
      696. Әуе арқылы бұру-жылжу бағдарының маркері тиісінше сары, жасыл және сары түстерге боялған үш тең тік жолақтарға бөлінеді. Егерде әуе арқылы бұру-жылжу үшін таңба түнде пайдалануға арналса, көрсетілген маркердің ішкі жарықтандыруы болады немесе ол жарық шағылыстыратындай болып жасалады.
Жүкшығырдың көмегімен жүктерді өңдеу аймағының таңбалануы
      697. Мамандандырылған жүкшығырлық алаңшада шығырлық алаңшаның таңбалануы қамтамасыз етіледі (77-қосымшаның суреті).
      698. Жүкшығырлық алаңша, оның ортасы (орталары) шығырлық алаңшаның (алаңшалардың) кедергілерден бос аймағының ортасымен (орталарымен) қиюласатындай болып орналастырылады.
      699. Жүкшығырлық алаңшаның таңбалануны шығырлық алаңшаның бос аймағының таңбалауынан және шығырлық алаңшаның маневрлеу аймағының таңбалауынан тұрады.
      700. Жүкшығырлық алаңшаның бос аймағының таңбалануы түсі жақсы ажыратылатын және диаметрі кем дегенде 5 м біртұтас шеңберден тұрады.
      701. Жүкшығырлық алаңшаның шеңберлі маневрлеу аймағы, ені 0,2 м үзік жолақпен шектелген, диаметрі кем дегенде 2 D шеңберден тұрады және бояуының түсі жақсы көрінетін таңбалауы бар. Шеңбердің ішіне пилотқа жақсы көрінетін «ТЕК ҚАНА ШЫҒЫР» жазу жазылады. 77-қосымша.
14. Оттар
Жалпы ережелер
      1. Аэронавигациялық емес жер үсті оттарын экрандауға және жер үсті және тереңдетілген типтік оттардың конструкциясына қатысты техникалық талаптарды қамтитын 14-қосымшаның І томының 5.3.1 бөлімін қараңыз.
      2. Тікұшақ айлақтары мен вертопалубалардың кемелер жүзуіне жарамды су кеңістігінің жанында орналасқан жағдайында аэронавигациялық жер үсті оттары кемелер жүрісіне қиындықтар тудырмауына көңіл бөлу керек.
      3. Тікұшақтар әдетте, бөтен жарық көздеріне тым жақындайтындықтан, егерде бұндай оттар халықаралық ережелерге сәйкес орнатылатын навигациялық оттарға жатпаса, олардың тікелей немесе шағылысып, көзбен қарай алмайтындай әсерін болдырмайтындай етіп экрандалуын немесе орналастырылуын қамтамасыз ету әсіресе маңызды.
      4. Төменде келтірілген техникалық талаптар жабдықталмаған FATO аймағында немесе қонуға дәлме-дәл емес кіруге арналатын FATO аймағында пайдалануға арналатын жүйелер үшін әзірленген. 
Тікұшақ айлағының маягі
      702. Тікұшақ айлағының маягі тікұшақ айлағында келесі жағдайларда қарастырылуы тиіс:
      1) алыстан визуалды бағыттау қажет деп есептелсе және мұндай бағыттау басқадай визуалды құралдармен қамтамасыз етілмесе; немесе
      2) айналысын қоршаған оттар тікұшақ айлағын тануға қиындықтар тудырғанда.
      703. Тікұшақ айлағының маягі, тікұшақ айлағында немесе оның жанында, мүмкіндігінше биіктемеде және жақын қашықтықта пилоттың көзін қарықтырмайтындай етіп орналастырылады.
      Тікұшақ айлағының маягі жақын қашықтықта пилоттың көзін қарықтыратын жағдайда, пилоттың қонуға кірудің соңғы сатыларын орындауы және қонуы кезінде маяк уақытша өшіріле тұруы мүмкін.
      704. Тікұшақ айлағының маягі, белгіленген формат бойынша тең аралықтармен қайталанатын ақ түсті қысқа жарқылдардың қайталанатын топтамасын сәулелейді.
      705. Маяк оты барлық бағыттардан көрінуі тиіс.
      706. Әр жарқылдың жарығының тиімді күшінің таратылу мәндері 87-қосымшада көрсетілген мәндерге тең болуы тиіс.
      Жарықтылықты реттеу жөн деп қабылданған жерде, жарық күшін 10 және 3% деңгейінде белгілеген дұрыс деп саналады. Сонымен қатар, қонуға кірудің соңғы сатысында пилоттардың көз қарықтыруына жол бермеу үшін жарықты экрандау қажет болуы мүмкін.
Жақындау оттарының жүйесі
      707. Жақындау оттарының жүйесі пилоттарға түнгі уақытта қонуға кірудің ең ыңғайлы бағытын көрсету мақсатқа лайық және іс жүзінде мүмкін болатын тікұшақ айлағында қамтамасыз етілуі тиіс.
      708. Жақындау оттарының жүйесі қонуға кірудің жиі таңдалатын бағытындағы түзусызық бойында орналасады.
      709. Жақындау оттарының жүйесі, 30 м-ге тең бірдей аралықтармен бір қатарда орналасқан кем дегенде үш оттан және 86-қосымшаның суретінде көрсетілгендей, FATO аймағының периметрінен 90 м қашықтықтағы ұзындығы 18 м жарық көкжиегінен тұруы тиіс.
      710. Жарық көкжиегін құрайтын оттар көлденең түзусызықтың бойымен мүмкіндігінше дәл, осьтік сызықтың оттар желісіне перпендикулярлы орналасуы тиіс және осы сызықта екіге бөлінуі және 4,5 м аралықпен орналасуы тиіс.
      711. Егерде қонуға соңғы кірудің траекториясын едәуір көрінімді етуге қажеттілік туындаса, жарық көкжиегінен соң 30 м-лік біркелкі аралықпен қосымша оттар орналастыру керек. Қоршаған ортаның жағдайына қарай жарық көкжиегінен соң орналасқан оттар тұрақты сәулеленетін оттар немесе жүгіргіш жалтылдақ оттар болуы мүмкін.
      Жүгіргіш жалтылдақ оттар, айналаны қоршаған оттардың жақындау оттарының жүйесін тануды қиындататын жерде пайдалы болуы мүмкін.
      712. Егерде FATO аймағында дәлме-дәл емес қонуға кірулерді жүзеге асыру үшін жақындау оттарының жүйесі орнатылған болса, бұндай жүйенің ұзындығы кемінде 210 м болуы тиіс.
      713. Тұрақты сәулеленетін оттар барлық жаққа бағытталған ақ оттардан тұрады.
      714. Тұрақты сәулеленетін оттардың бөлінуі, қонуға дәлме-дәл емес кіру кезіндегі FATO аймағы үшін 3 есе ұлғайтылуы тиіс жағдайлардан басқа, 92-қосымшаның суретіндегі безендірмеге сәйкес болуы тиіс.
      715. Жүгіргіш жалтылдақ оттар, барлық жаққа бағытталған ақ оттардан тұрады.
      716. Жүгіргіш жалтылдақ оттар жарқылының жиілігі секундына бір жарқылға тең болуы тиіс, ал осы оттар жарығының бөлінуі 92-қосымшаға сәйкес болуы тиіс. Жарқылдардың тізбектік реті ең алыс оттан басталып, жарық көкжиегіне қарайтын бағытта жалғасады.
      717. Басымды жағдайларға қатысты оттар қарқындылығын реттеу үшін тиісті жарықтылық басқаруы қарастырылуы керек.
      Жарық күшінің келесі мәндері лайықты деп саналады:
      1) тұрақты сәулеленетін оттар – 100, 30 және 10 %;
      2) жалтылдағыш оттар – 100, 10 және 3 %.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет