Азаматтық авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығының нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қаңтардағы №156 Қаулысы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі


Тікұшақ айлақтарының типтері және



бет8/22
Дата12.06.2016
өлшемі10.35 Mb.
#129916
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22

Тікұшақ айлақтарының типтері және
физикалық сипаттамалары
      1. Төменде келтірілген техникалық талаптар тек жер үсті тікұшақ айлақтарына ғана қатысты. Су бетінде орналасқан тіұшақ айлағы қарастырылатын жағдайларда қажетті критерийлерін тиісті өкілетті орган тағайындай алады.
      2. Бұру-жылжу маршруттарының және тікұшақтар тұрақтары орындарының өлшемдері қорғаныс аймағын қоса қамтиды.
Бет деңгейіндегі тікұшақ айлақтары
      455. Бет деңгейінде орналасқан тікұшақ айлақтарында ұшып-көтерілудің және қонуға кірудің соңғы сатысының бір аймағы (FATO) қарастырылады.
      FATO аймағы ұшу-қону немесе бұру-жылжу жолақтарында немесе солардың жанында орналасуы мүмкін.
      456. FATO аймағы кедергілерден бос болады.
      457. FATO аймағының өлшемдері:
      1) 1-класстық ұшу-техникалық сипаттамаларына ие тікұшақтардың пайдалануына арналғанда, Тікұшақтарды ұшуда пайдалану нұсқауында (ҰПН/РЛЭ) қарастырылған сипаттамаларға сәйкес болады. Еніне қойылатын талаптар жоқ кезінде қолданылатын ені FATO аймағында қызмет көрсетілуі тиіс ең үлкен тікұшақтың ең ірі габариттік өлшемінен кем болмауы тиіс;
      2) 2 немесе 3 классты ұшу-техникалық сипаттамаларына сәйкес тікұшақтардың пайдалануына арналғанда, диаметрі төменде көрсетілген мәндерден кем емес шеңберді құрайтын аймақты қоса енгізуге жеткілікті болып қарастырылады:
      1) FATO аймағында қызмет көрсетілуі тиіс ең үлкен тікұшақтың барынша жоғары ұшып-көтерілу массасы (МТОМ) 3175 кг-дан астам болған жағдайдағы ең ірі тікұшақтың 1D мәнінен кем емес;
      2) FATO аймағында қызмет көрсетілуі тиіс ең үлкен тікұшақтың барынша жоғары ұшып-көтерілу массасы (МТОМ) 3175 кг немесе одан кем болған жағдайдағы ең ірі тікұшақтың 0,83 D мәнінен кем емес болуы тиіс.
      Тікұшақтың ҰПН-да FATO термині қолданылмайтын жағдайларда, тиісті ұшу бейіні үшін тікұшақтың ҰПН-да көрсетілген барынша аз қону/ұшып-көтерілу аймағы пайдаланылады.
      458. FATO аймағының орташа еңкіштігі кез келген бағытта ары кеткенде 3%-дан аспайтын мәнді құрайды.
      459. FATO аймағының беті:
      1) алып жүруші винт ағынының әсеріне төзуі;
      2) тікұшақтардың ұшып-көтерілуді және қонуды орындауы үшін кері әсерін тигізуі мүмкін оның тегіссіздіктері болмауы;
      3) 1-кластық ұшу-техникалық сипаттамаларына сәйкес тікұшақтардың өздерінің үзілген ұшып-көтерулерін орындауы үшін жеткілікті көтергіштік беріктігі болуы тиіс.
      460. 2 немесе 3 класстық ұшу-техникалық сипаттамаларына сәйкес тікұшақтардың пайдалануына арналған қону және жерден көтерілу аймағы (TLOF) айналасындағы FATO аймағының беті статикалық жүктемеге төзімді болуы және жердің әсерін қамтамасыз етуі тиіс.
Тікұшақтар үшін кедергілерден бос жолақтар
      461. Тікұшақтар үшін кедергілерден бос жолақтар қарастырылған жағдайда олар орналастырылған үзілген ұшып-көтерілу аймағы соңында орналастырылады.
      462. Кедергілерден бос жолақтың ені тікұшақтар үшін тиісті қауіпсіздік аймағының енінен кем емес болып қарастырылады.
      463. Кедергілерден бос тікұшақ жолағының беті көтерілу еңкіштігі 3%-ға тең беттің үстінен жоғары шықпауы тиіс, ал оның төменгі шегі ретінде FATO аймағының шегінен өтетін көлденең сызық болып саналады.
      464. Кедергілерден бос тікұшақ жолағында орналасқан және әуедегі тікұшақтардың қауіпсіздігіне әлеуеттік қауіп төндіретін объект кедергі ретінде қарастырылуы және жойылуы тиіс.
Қону және жерден көтерілу аймақтары
      465. Тікұшақ айлағында кемінде бір TLOF аймағы қарастырылады.
      1.TLOF аймағы FATO аймағының шектерінде немесе одан тыс орналасуы мүмкін.
      2. Қосымша TLOF аймақтары тікұшақтардың тұрақ орындарымен біріктірілуі мүмкін.
      466. TLOF аймағы, қызмет көрсетілуі осы аймақ үшін есептелген ең үлкен тікұшақтың кем дегенде 0,83 D диаметрі бар шеңберді сыйдыруға жеткілікті өлшемдерге ие болатындай етіп қарастырылады.
      TLOF аймағы кез келген конфигурациялы болуы мүмкін.
      467. TLOF аймағының еңістері, аймақ бетінде су іркілмеуі үшін жеткілікті болып орналастырылады, және кез келген бағытта еңкіштігі 2%-дан аспайды.
      468. TLOF аймағы FATO аймағының ішінде болған жағдайда, TLOF аймағы динамикалық жүктемені көтере алатындай болуы тиіс.
      469. TLOF аймағы тікұшақтың тұрақ орнымен біріктірілген жағдайда, статикалық жүктемені және қызмет көрсетілуі осы аймақ үшін есептелген тікұшақтардың жылжуы кезінде туындайтын жүктемені көтере алатын TLOF аймағы қарастырылуы тиіс.
      470. TLOF аймағы FATO аймағының ішінде болған жағдайда, TLOF аймағының ортасы FATO аймағының шегінен кем дегенде 0,5 D қашықтықта орналасуы тиіс.
Қауіпсіздік аймақтары
      471. FATO аймағының айналасы қауіпсіздік аймағымен қамтамасыз етіледі, ал оның бетінің қатты болуы шарт емес.
      472. Көзкөрінімдік метеорологиялық жағдайда (КМЖ/ВМУ) 1 классты ұшу-техникалық сипаттамаларына сәйкес тікұшақтардың пайдалануына арналған FATO аймағын қоршайтын қауіпсіздік аймағы FATO аймағында қызмет көрсетілуі тиіс ең үлкен тікұшақтан асатын қандай мән артығырақ болуына байланысты, FATO аймағы контурының шегінен ары қарай ең болмағанда 3 м-ге немесе 0,25 D қашықтыққа дейін созылады, бұл ретте:
      1) FATO аймағы төртбұрышты болғанда, қауіпсіздік аймағының әр сыртқы жағы кем дегенде 2 D құрайды; немесе
      2) FATO аймағы шеңберлі болғанда, қауіпсіздік аймағының әр сыртқы диаметрі 2 D-ге тең болады.
      473. Көзкөрінімдік метеорологиялық жағдайда (КМЖ/ВМУ) 2 және 3-классты ұшу-техникалық сипаттамаларына сәйкес тікұшақтардың пайдалануына арналған FATO аймағын қоршайтын қауіпсіздік аймағы FATO аймағында қызмет көрсетілуі тиіс ең үлкен тікұшақтан асатын қандай мән артығырақ болуына байланысты, FATO аймағы контурының шегінен ары қарай 3 м немесе 0,5 D қашықтыққа дейін созылуы тиіс, бұл ретте:
      1) FATO аймағы төртбұрышты болғанда, қауіпсіздік аймағының әр сыртқы жағы кем дегенде 2 D мәнін құрайды; немесе
      2) FATO аймағы шеңберлі болғанда, қауіпсіздік аймағының сыртқы диаметрі 2 D-ге тең болады.
      474. Қауіпсіздік аймағының шегінен 10 м қашықтыққа дейін 450 көтерілген еңкіштікпен орналасатын және ол арқылы кедергілер өтпейтін қорғалған бүйірлік бетпен қамтамасыз етіледі; бұл ретте, егер кедергілер FATO аймағының тек бір жағынан ғана орналасса, олар бұндай еңкіштігі бар бүйірлік бет арқылы енуі мүмкін.
      475. тікұшақтардың құрал-аспаптық метеорологиялық жағдайда (ҚАМЖ) ұшуларына арналған FATO аймағын қоршайтын қауіпсіздік аймағы:
      1) көлденең бағытта осьтік сызықтың әр жағынан кем дегенде 45 м-ге созылуы тиіс; және
      2) бойлық бағытта FATO аймағының шектерінен кем дегенде 60 м-ге созылуы тиіс. 62-қосымша.
      476. Өздерінің қызметтік арналымына байланысты осы аймақта орналасуы мүмкін сынғақ объектілерден басқа ешбір жылжымайтын объектілердің қауіпсіздік аймағында болуына жол берілмеуі керек. Тікұшақтардың ұшулары кезінде қауіпсіздік аймағында жылжымалы объектілердің болуына тыйым салынады.
      477. Өздерінің қызметтік арналымына байланысты осы аймақта орналасуы қажет сынғақ объектілердің биіктігі, егерде олар FATO аймағы шегінің үстінде орналасса, және FATO аймағы шегінің үстінен 25 см биіктікте басталатын және FATO аймағынан шетке қарай 5% градиентпен көтерілетін жазықтықтың шегінен шықпайтын болса, 25 см-ден аспауы тиіс.
      478. FATO аймағының диаметрі 1 D-ден кем болған жағдайда, өздерінің қызметтік арналымына байланысты осы аймақта орналастырылатын объектілердің биіктігі 5 см-ден аспайды.
      479. Қауіпсіздік аймағының қатты бетінің көтерілетін еңісі, FATO аймағының шегінен ары қарай 4%-дан аспайды.
      480. Тиісті жағдайларда, алып жүруші винт ағынының әсерінен қатты заттардың шашылуына жол бермеу мақсатында қауіпсіздік аймағы бетінің тазартылуы қамтамасыз етіледі.
      481. FATO аймағына жанасатын қауіпсіздік аймағының беті FATO аймағы бетінің жалғасы болып табылады.
Жерүсті БЖЖ-ы және тікұшақтардың
жерүсті бұру-жылжу бағдарлары
      1. Тікұшақтарға арналатын жерүсті бұру-жылжу жолдары тікұшақтың өзінің тартымдық күшінің есебінен, дөңгелектерімен жер бетімен жылжуын жүзеге асыруына мүмкіндік беретіндей болуы тиіс.
      2. Төменде келтірілген техникалық талаптар тікұшақтардың маневрлері кезінде бірмезгілдік операцияларды орындау қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс. Сонымен қатар, алып жүруші винт ағынының әсерінен туындайтын желдің жылдамдығын ескеру қажет болуы мүмкін.
      3. БЖЖ ұшақтардың және тікұшақтардың пайдалануына арналатын жағдайда, ұшақтарға арналатын БЖЖ және тікұшақтарға арналатын жерүсті БЖЖ-ға қатысты ережелер қарастырылуы және едәуір қатаң талаптар қойылуы тиіс.
      482. Тікұшақтарға арналатын жер үсті БЖЖ-ының ені, өздеріне қызмет көрсетілуі үшін жер үсті БЖЖ-ын қажет ететін тікұшақтар шассиінің ең үлкен ені мәнінің (UCW) кем дегенде 1,5 мөлшеріне тең болып қарастырылады. (63-қосымша).
      483. Тікұшақтарға арналатын жерүсті бұру-жылжу жолының бойлық еңістігі 3%-дан аспайды.
      484. Тікұшақтарға арналатын жерүсті БЖЖ статикалық жүктемеге шыдауы тиіс және осы жерүсті БЖЖ өздеріне қызмет көрсетуі үшін есептелген тікұшақтар қозғалысының салмағына төзімді болуы тиіс.
      485. Тікұшақтарға арналатын жерүсті БЖЖ жер үсті бұру-жылжу маршрутының осьтік сызығы бойынша өтеді.
      486. Тікұшақтарға арналатын жерүсті бұру-жылжу маршруты осьтік сызықтан оның әр жағына қарай өздеріне қызмет көрсетілуге арналатын тікұшақтардың ең үлкен габариттік ені мәнінің кем дегенде 0,75 мөлшеріне тең қашықтыққа симметриялы болуы тиіс.
      487. Тікұшақтарға арналатын жерүсті бұру-жылжу маршрутында өздерінің қызметтік арналымына байланысты осы аймақта орналасқан сынғақ объектілерден басқа қандай да болсын объектілер қарастырылмайды.
      488. Тікұшақтарға арналатын жерүсті БЖЖ-да және жер үсті бұру-жылжу маршрутында тез құрғатылу қамтамасыз етіледі, бірақ та тікұшақтарға арналатын жер үсті БЖЖ-ының көлденең еңкіштігі 2%-дан аспауы тиіс.
      489. Тікұшақтарға арналатын жерүсті бұру-жылжу маршрутының беті алып жүруші винт ағынының әсеріне шалдықпайтындай болып дайындалуы тиіс.
Әуе БЖЖ-ы және тікұшақтардың әуе бұру-жылжу маршруттары
      Әуе БЖЖ әдетте, 37 км/сағ (20 түйін) мәнінен кем жол жылдамдығымен жердің әсеріне байланысты биіктікте бет үстіндегі әуе қозғалысының жүзеге асырылуын қамтамасыз етуі тиіс.
      490. Тікұшақтарға арналатын әуе БЖЖ-ының ені осы БЖЖ өздеріне қызмет көрсетуі үшін есептелген тікұшақтар шассиінің ең үлкен енінің (UCW) кем дегенде екі еселі мәніне тең болады. (64-қосымша).
      491. Тікұшақтарға арналатын әуе БЖЖ-ының беті апаттық қонуды орындауға жарамды болып қарастырылады.
      492. Тікұшақтарға арналатын әуе БЖЖ-ы бетінің көлденең еңкіштігі 10%-дан аспауы, ал бойлық еңкіштігі 7%-дан аспауы тиіс. Кез келген жағдайда, еңістердің өлшемдері, осы әуе БЖЖ-ы әуеде бұру-жылжу бойынша өздеріне қызмет көрсетуі үшін есептелген тікұшақтар типіне белгіленген еңкіштікке қатысты шектеулерден аспайды.
      493. Тікұшақтарға арналатын әуе БЖЖ әуедегі бұру-жылжу маршрутының осьтік сызығы бойынша өтеді.
      494. Тікұшақтарға арналатын әуе бұру-жылжу бағдары осьтік сызықтан оның әр жағына қарай симметриялы түрде өздеріне қызмет көрсетілуге арналатын тікұшақтардың кем дегенде ең үлкен габариттік еніне тең қашықтыққа созылады.
      495. Әуе бұру-жылжу бағдарының беті жердің әсерін қамтамасыз етуі тиіс.
Әуе арқылы жылжу бағдары
      Әуе арқылы жылжу бағдары жер бетінің деңгейінен 30 м-ден (100 футтан) жоғары емес биіктікте және 37 км/сағ (20 түйін) астам жол жылдамдығымен болуы тиіс.
      496. Әуе арқылы жылжу бағдарының ені кем дегенде:
      1) әуе арқылы жылжу бағдары тек қана күндізгі ұшуларға арналатын жағдайда, өздеріне қызмет көрсету үшін есептелген әуе арқылы жылжу бағдарын пайдаланатын тікұшақтардың ең үлкен габариттік енінің 7,0 D мәнін құрайды;
      2) әуе арқылы жылжу бағдары түнгі ұшуларға арналатын жағдайда, өздеріне қызмет көрсету үшін есептелген әуе арқылы жылжу бағдарын пайдаланатын тікұшақтардың ең үлкен габариттік енінің 10,0 D мәнін құрайды.
      497. Әуе арқылы жылжу бағдарының осьтік сызғы бағытындағы кез келген ауытқулар 1200-тен аспайды және 270 м-ден кем радиустық кері бұрылыс орындау қажеттілігін тудырмайтындай болып есептеледі.
      Әуе арқылы жылжу бағдарлары, авторотация режимінде немесе жұмыс істемей қалған бір қозғалтқышы бар тікұшақтардың қона алатынына мүмкіндік беретіндей болып немесе жердегі, судағы адамдарға дене зақымын келтіру немесе мүлікке зақым тигізу қауіпін барынша азайтатындай болып қарастырылады.
Перрондар
      498. Тікұшақтың тұрақ орнының еңкіштігі кез келген жағына қарай 2 %-дан аспайды.
      499. Тікұшақтың тұрақ орнының, оған осы тұрақта қызмет көрсетуге есептелген ең үлкен тікұшақтың 1,2 D мәніне тең диаметрі бар шеңберді сыйдыруға жеткілікті өлшемдері болады.
      500. Егер тікұшақтың тұрақ орны оны басып өтетін бұру-жылжуға пайдаланылса, тұрақ орнының және тиісті қорғаныс аймағының барынша аз ені бұру-жылжу бағдарының еніне тең болады (65-қосымша).
      501. Егер тікұшақтың тұрақ орны кері бұрылыс үшін пайдаланылса, тұрақ орны мен қорғаныс аймағының барынша аз өлшемі кем дегенде 2 D мәніне тең болады.
      502. Егер тікұшақтың тұрақ орны кері бұрылыс үшін пайдаланылса, оның айналасына, тікұшақ тұрақ орнының шегінен 0,4 D мәніне тең қорғаныс аймағы орналасады. 66-қосымша.
      503. Бірмезгілдік операцияларды орындау кезінде тікұшақтардың тұрақ орындарының қауіпсіздік аймақтары мен оларға қатысты бұру-жылжу бағдарлары жабылмайды (67-қосымша).
      Бірмезгілдік емес операциялардың орындалуы қарастырылатын жағдайда тікұшақтардың тұрақ орындарының қауіпсіздік аймақтары мен оларға қатысты бұру-жылжу бағдарлары жабылуы мүмкін (68-қосымша).
      504. Тікұшақтың тұрақ орны дөнгелекті тікұшақтардың жер бетімен бұру-жылжуы үшін пайдаланылатын жағдайда, оның өлшемдері, өздеріне осы тұрақта қызмет көрсетілуге арналатын дөңгелекті тікұшақтардың ең аз кері бұрылу радиусын ескереді.
      505. Әуе арқылы бұру-жылжу үшін пайдаланылатын тікұшақтың тұрақ орны және оған қатысты қорғаныс аймағы, жердің әсерін қамтамасыз етуі тиіс.
      506. Тікұшақтың тұрақ орнында және оған қатысты қорғаныс аймағында әлдеқандай бір жылжымайтын объектілер болмауы тиіс.
      507. Тікұшақтың тұрақ орнының орталық аймағы өзінде қызмет көрсетуге арналатын тікұшақтардың қозғалысына байланысты жүктемеге төзімді болуы және оның статикалық жүктемеге шыдайтын мынадай аймағы болуы тиіс:
      а) қызмет көрсетілетін ең үлкен тікұшақтың кем дегенде 0,83 D мәніне тең диаметрін құрайтын; немесе
      б) жер бетімен тұрақ орнын басып өтетін бұру-жылжуды орындауға арналатын тікұшақтың тұрақ орны жағдайында жер үсті БЖЖ мен ені бірдей аймағы болуы тиіс.
      Жер бетінде кері бұрылысты орындау кезінде пайдалануға арналатын тікұшақтың тұрақ орны жағдайында, орталық аймақтың өлшемдерін ұлғайту қажет.
Ұшып-көтерілу мен қонуға кірудің соңғы сатысы аймағының
ҰҚЖ-ға немесе БЖЖ-ға қатысты орналасуы
      508. FATO аймағы ҰҚЖ немесе БЖЖ қасында орналасқан жағдайларда және КМЖ жағдайындағы бірмезгілді ұшулар жоспарланғанда, ҰҚЖ немесе БЖЖ шегінің және FATO аймағы шегінің арасындағы қашықтық 69-қосымшаның кестесінде көрсетілген мәннен кем болмайтындай етіп орнатылады.
      509. FATO аймағын:
      1) қозғалтқыштың реактивтік ағыны қатты турбуленттікті тудыруы мүмкін, БЖЖ қиылысатын немесе тосу орындарының жанына; немесе
      2) ұшақтың құйындық ізі қалыптасуы мүмкін аймақтардың жанына орналастырмаған жөн.
8. Беттің үстінен көтеріңкі орналасқан тікұшақ айлақтары
      1. Тікұшақтардың бұру-жылжу маршруттарының және тұрақ орындарының өлшемдері қорғаныс аймағын қоса қамтиды.
      2. Бет үстінен көтеріңкі орналасқан тікұшақ айлақтарын жобалау бойынша нұсқаулық материалдар Тікұшақ айлақтары бойынша нұсқауда (Doc 9261) келтірілген.
      510. Бет үстінен көтеріңкі орналасқан тікұшақ айлақтары жағдайында, тікұшақ айлағының әртүрлі элементтерін жобалау кезінде, персоналдың, қардың, жүктердің, жанар-жағармай құйғыш және өрттен қорғағыш жабдықтың және т.б. болуына байланысты қосымша жүктемелер ескерілуі тиіс.
Ұшып-көтерілу мен қонуға кірудің соңғы сатысының
аймағы және қону мен жерден көтерілу аймағы
      Бет үстінен көтеріңкі орналасқан тікұшақ айлақтарында FATO аймағы және бір TLOF аймағы қиюласып орналасады деп болжанады.
      511. Бет үстінен көтеріңкі орналасқан тікұшақ айлағында ең болмағанда бір FATO аймағы қарастырылады.
      512. FATO аймағы кедергілерден бос болуы тиіс.
      513. FATO аймағының өлшемдері:
      1) 1-кластық ұшу-техникалық сипаттамаларына сәйкес тікұшақтардың пайдалануы үшін, Тікұшақтарды ұшуда пайдалану нұсқауында (ҰПН/РЛЭ) қарастырылған сипаттамаларға сәйкес болады. Еніне қойылатын талаптар жоқ кезінде ені FATO аймағында қызмет көрсетілуі тиіс ең үлкен тікұшақтың 1D мәнін құрайды;
      2) 2 немесе 3-классты ұшу-техникалық сипаттамаларына сәйкес тікұшақтардың пайдалануы кезінде, олар, диаметрі төменде көрсетілген мәндерден кем емес шеңберді құрауға болатындай аймақты қоса енгізуге жеткілікті болып қарастырылады:
      1) FATO аймағында қызмет көрсетілуі тиіс ең үлкен тікұшақтың барынша жоғары ұшып-көтерілу массасы (МТОМ) 3175 кг-дан астам болған жағдайдағы ең ірі тікұшақтың 1D мәнінен кем емес;
      2) FATO аймағында қызмет көрсетілуі тиіс ең үлкен тікұшақтың МТОМ-ы 3175 кг немесе одан кем болған жағдайдағы ең ірі тікұшақтың 0,83 D мәнінен кем емес болуы тиіс.
      514. 2 немесе 3-класты ұшу-техникалық сипаттамаларына сәйкес және МТОМ-ы 3175 кг немесе одан кем тіұшақтардың пайдалануына арналған жағдайда, FATO аймағының, диаметрі кем дегенде 1D шеңберді құруға мүмкіндік беретін аймақты қамтуға жеткілікті өлшемдері мен пішіні болады.
      FATO аймағының өлшемдерін анықтау кезінде асырылым мен температура сияқты жергілікті жағдайларды ескеру қажет болуы мүмкін. Тиісті нұсқаулық материалдар Тікұшақтар бойынша нұсқауда (Doc 9261) келтірілген.
      515. Бет үстінен көтеріңкі орналасқан тікұшақ айлағындағы FATO аймағының еңістері аймақ бетінде судың іркілуіне жол бермеуге жеткілікті, бірақ та кез келген бағытта 2%-дан аспайтындай болып қарастырылады.
      516. FATO аймағы динамикалық жүктемеге төзімді болуы тиіс.
      517. FATO аймағының беті:
      1) алып жүруші винт ағынының әсеріне төзімді болып қарастырылады;
      2) тікұшақтардың ұшып-көтерілуді және қонуды орындауы үшін кері әсерін тигізуі мүмкін оның тегіссіздіктері болмауы тиіс.
Кедергілерден бос жолақтар
      518. Тікұшақтар үшін кедергілерден бос жолақ қарастырылған жағдайда, ол орналастырылған үзілген ұшып-көтерлу аймағы соңында орналастырылады.
      519. Тіұшақтар үшін кедергілерден бос жолақтың ені тиісті қауіпсіздік аймағының енінен кем емес болып қарастырылады.
      520. Тікұшақтарға арналатын кедергілерден бос жолақтың беті, ол қатты болған жағдайда, 3% еңкіштікпен жоғары көтерілетін еңісі бар жазықтықтың үстінен шығып тұрмауы тиіс, бұл ретте, жазықтықтың төменгі шегі FATO аймағының жиегімен өтетін көлденең сызық түрінде болады.
      521. Тікұшақтарға арналатын кедергілерден бос жолақтың үстінде орналасқан және әуедегі тікұшақтарға қауіп төндіруі мүмкін объектілерді кедергі деп есептеу керек және олар әкетілуі тиіс.
Қону және жерден көтерілу аймақтары
      522. Бір TLOF аймағы FATO аймағымен бірге қиюласуы тиіс.
      Қосымша TLOF аймақтары тікұшақтардың тұрақ орындарымен қиюласуы мүмкін.
      523. FATO аймағымен бірге қиюласатын TLOF аймағы жағдайында, TLOF аймағының өлшемдері мен сипаттамалары FATO аймағының өлшемдері мен сипаттамаларына ұқсас болады.
      524. TLOF аймағы, тікұшақтың тұрақ орнымен қиюласқан жағдайда, TLOF аймағының, өзіне осы аймақта қызмет көрсетілуі тиіс ең үлкен тікұшақтың кем дегенде 0,83 D диаметрін құрайтын шеңберді қамтуға жеткілікті өлшемге ие болып қарастырылады.
      525. TLOF аймағының еңістері, аймақ бетінде судың іркілуіне жол бермеуді қамтамасыз етуі тиіс, бірақ та кез келген бағытта еңкіштігі 2%-дан аспайтындай болуы тиіс.
      526. TLOF аймағы тікұшақтың тұрақ орнымен біріктірілген және тікұшақтардың тек қана жер бетімен бұру-жылжуы үшін пайдалануға арналған жағдайда, TLOF аймағы статикалық жүктемені көтере алатындай және қызмет көрсетілуі осы аймақ үшін есептелген тікұшақтардың жылжуы кезінде туындайтын жүктемені көтере алатындай болуы тиіс.
      527. TLOF аймағы, тікұшақтың тұрақ орнымен қиюласқан және тікұшақтардың әуе арқылы бұру-жылжуы үшін пайдалануға арналған жағдайда, TLOF аймағының динамикалық жүктемеге шыдайтын аймағы болуы тиіс.
Қауіпсіздік аймақтары
      528. FATO аймағының айналасында қауіпсіздік аймағы орналасады, ал оның беті міндетті түрде қатты болуы шарт емес.
      529. Визуалды метеорологиялық жағдайда (КМЖ/ВМУ) 1-класты ұшу-техникалық сипаттамаларына сәйкес тікұшақтардың пайдалануына арналған FATO аймағын қоршайтын қауіпсіздік аймағы FATO аймағында қызмет көрсетілуі тиіс ең үлкен тікұшақтан асатын қандай мән артығырақ болуына байланысты, FATO аймағы контурының шегінен ары қарай кем дегенде 3 м-ге немесе 0,25 D қашықтыққа дейін созылады, бұл ретте:
      1) FATO аймағы төртбұрышты болғанда, қауіпсіздік аймағының әр сыртқы жағы кем дегенде 2 D-ге тең; немесе
      2) FATO аймағы шеңберлі болғанда, қауіпсіздік аймағының әр сыртқы диаметрі ең болмағанда 2 D-ге тең болады.
      530. Визуалды метеорологиялық жағдайда (КМЖ/ВМУ) 2 және 3-класты ұшу-техникалық сипаттамаларына сәйкес тікұшақтардың пайдалануына арналған FATO аймағын қоршайтын қауіпсіздік аймағы FATO аймағында қызмет көрсетілуі тиіс ең үлкен тікұшақтан асатын қандай мән артығырақ болуына байланысты, FATO аймағы контурының шегінен ары қарай кем дегенде 3 м-ге немесе 0,5 D қашықтыққа дейін созылады, бұл ретте:
      1) FATO аймағы төртбұрышты болғанда, қауіпсіздік аймағының әр сыртқы жағы кем дегенде 2 D-ге тең; немесе
      2) FATO аймағы шеңберлі болғанда, қауіпсіздік аймағының әр сыртқы диаметрі ең болмағанда 2 D-ге тең болады.
      531. Қауіпсіздік аймағының шегінен 10 м қашықтыққа дейін 45ғ көтерілген еңкіштікпен орналасатын және ол арқылы кедергілер өтпейтін қорғалған бүйірлік бет қарастырылады. Егер кедергілер FATO аймағының тек бір жағынан ғана орналасса, олар бүйірлік бет арқылы дәл осындай еңкіштікпен ене алады.
      532. Өздерінің қызметтік арналымына байланысты осы аймақта орналасуы мүмкін сынғақ объектілерден басқа ешбір жылжымайтын объектілер қауіпсіздік аймағында болмауы тиіс. Тікұшақтардың ұшулары кезінде қауіпсіздік аймағында жылжымалы объектілердің болуына жол берілмейді.
      533. Өздерінің қызметтік арналымына байланысты осы аймақта орналасуы қажет объектілердің биіктігі, егерде олар FATO аймағы шегінің үстінде орналасса, және FATO аймағы шегінің үстінен 25 см биіктікте басталатын және FATO аймағынан шетке қарай 5% градиентпен көтерілетін жазықтыққа енбейтін болса, 25 см-ден аспауы тиіс.
      534. FATO аймағының диаметрі 1 D-ден кем болған жағдайда, өздерінің қызметтік арналымына байланысты осы аймақта орналасатын объектілердің барынша қатысты биіктігі 5 см-ден аспауы тиіс.
      535. Қауіпсіздік аймағы бетінің көтерілетін еңісі, егер ол қатты болса, FATO аймағынан шетке қарай 4%-дан аспайды.
      536. Алып жүруші винт ағынының әсерінен қатты заттардың шашылуына жол бермеу мақсатында қауіпсіздік аймағының беті тиісті дәрежеде дайындалады.
      537. FATO аймағына жанасатын қауіпсіздік аймағының беті FATO аймағы бетінің жалғасын құрайды.
Жерүсті БЖЖ-ы және тікұшақтардың жерүсті
бұру-жылжу бағдарлары
      Төменде келтірілген техникалық талаптар тікұшақтардың маневрлері кезінде бірмезгілдік операцияларды орындау қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс. Сонымен қатар, алып жүруші винт ағынының әсерінен туындайтын желдің жылдамдығын ескеру қажет болуы мүмкін.
      538. Тікұшақтарға арналатын жерүсті БЖЖ-ның ені осы жер үсті БЖЖ өздеріне қызмет көрсетуі үшін есептелген тікұшақтар шассиінің ең үлкен енінің (UCW) кем дегенде екі мәнін құрайды.
      539. Тікұшақтарға арналатын жерүсті БЖЖ-ның бойлық еңістігі 3%-дан аспайды.
      540. Тікұшақтарға арналатын жерүсті БЖЖ статикалық жүктемеге шыдауы тиіс және осы жер үсті БЖЖ өздеріне қызмет көрсетуі үшін есептелген тікұшақтар қозғалысының салмағына төзімді болуы тиіс.
      541. Тікұшақтарға арналатын жерүсті БЖЖ жер үсті бұру-жылжу бағдарының осьтік сызығы бойынша өтеді.
      542. Тікұшақтарға арналатын жерүсті бұру-жылжу бағдары осьтік сызықтан оның әр жағына қарай симметриялы түрде өздеріне қызмет көрсетілуге арналатын тікұшақтардың ең үлкен габариттік енінен кем емес қашықтыққа созылады.
      543. Тікұшақтарға арналатын жерүсті бұру-жылжу маршрутында өздерінің қызметтік арналымына байланысты осы аймақта орналасуы мүмкін сынғақ объектілерден басқа қандай да болсын объектілер болмауы тиіс.
      544. Тікұшақтарға арналатын жерүсті БЖЖ мен жер үсті бұру-жылжу бағдары судың тез бұрылуын қамтамасыз етеді, тікұшақтарға арналатын жер үсті БЖЖ-ның көлденең еңкіштігі 2%-дан аспайды.
      545. Тікұшақтарға арналатын жерүсті бұру-жылжу бағдарының беті алып жүруші винт ағынының әсеріне төзімді болуы тиіс.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет