Азаматтық авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығының нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қаңтардағы №156 Қаулысы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі


Метеоақпарат, техникалық талаптар, ӘҚҚК диспетчерлік пункттерінің жабдығы



бет7/22
Дата12.06.2016
өлшемі10.35 Mb.
#129916
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22

Метеоақпарат, техникалық талаптар, ӘҚҚК диспетчерлік пункттерінің жабдығы
      396. Жұмыс бағдарына сәйкес келетін метеоақпаратты көрсету құралдарына берілетін көлемге мыналар кіруі тиіс:
      1) ҰҚЖ-дағы көріну алыстығы (орнатылған көріну датчиктерінің санына сәйкес 2 немесе 3 мәндері бар және сырттай бақылау кезінде бір мәні бар);
      2) көріну дәрежесі (ең төменгі мәні);
      3) бұлттардың төменгі шекарасының биіктігі (тігінен көріну);
      4) бұлттардың мөлшері (жалпы және төменгі қабаттағы);
      5) магниттік төмен түсуге қатысты түзетілген желдің бағыты;
      6) 2 минуттағы желдің орташа жылдамдығы;
      7) желдің барынша жоғарғы жылдамдығы (желдің екпіні);
      8) ҰҚЖ табалдырығының деңгейіне келтірілген қысым;
      9) әуеайлақтағы немесе әуеайлақ ауданындағы авиация үшін қауіпті метеорологиялық құбылыстар;
      10) ауаның температурасы;
      11) ауаның салыстырмалы ылғалдылығы немесе шық нүктесінің температурасы;
      12) өлшемдерді (бақылауларды) өңдеуді аяқтау уақыты.
      397. Көрсету құралдарына берілетін барлық метеоақпарат тіркеудің техникалық құралдарында тіркелуі тиіс.
      Метеохабарлаудың радиоканалы, дауыс зорайту және телефон байланысы арқылы берілетін метеоақпарат магнитофондық жазбамен құжатталауы тиіс.
      398. Метеобақылаушылардың жұмыс үй-жайларында және ӘҚҚК диспетчерлерінің жұмыс орындарында орнатылатын метеорологиялық параметрлер көрсеткіштері бір ғана өлшегіштерге қосылуы тиіс.
      399. АМӨЖ-бен жабдықталған ҰҚЖ (бағыттары) бар әуеайлақтарда АМӨЖ-ның ҰҚЖ-дағы көріну ұзақтығы, көрінудің метеорологиялық қашықтығы, бұлттардың төменгі шекарасының биіктігі (тік көрініс), жел параметрлері туралы ақпараты көрсету құралдарына автоматты түрде жіберіліп отыруы тиіс.
      І санатты және санатсыз бойынша ұшулар мен қонуларды, қонуға кіруді қамтамасыз ету үшін арналған ҰҚЖ бар әуеайлақтарда индикациялаудың жылжымалы блоктарында метеоролгиялық ақпаратты жаңарту кезеңдігі 30 немесе 60 минут.
      Құрамында ІІ және ІІІА санатты дәлдікпен (бағыты) қонуға болатын ҰҚЖ бар әуеайлақта ҰҚЖ-ның көріну қашықтығы туралы, көрінудің метеорологиялық қашықтығы, бұлттардың төменгі шекарасының биіктігі (тік көрініс), желдің параметрлері туралы ақпарат көрсету құралдарына автоматты түрде 1 минуттан кешіктірілмей берілуі тиіс.
      Метеоақпаратты көрсету құралдарына (индикациялау блоктарына) жіберу уақыты өлшеулерді (бақылауларды) өңдеу аяқталғаннан кейін 15 с аспауы тиіс.
      400. Әуеайлақта орнатылған метеорологиялық жабдық 56-қосымшаның кестесінде көрсетілген диапазондарда және рұқсат етілген қателіктер шегімен метеоөлшемдердің өлшеуін қамтамасыз етуі тиіс.
      401. Автоматтандырылған метеорологиялық өлшегіштер жүйелері мыналарды:
      1) автоматтық өлшеуді, өлшеу нәтижелерін өңдеуді және көрсету, тіркеу және байланыс желісінде ҰҚЖ-дағы көрінімнің ұзақтығы, көріну дәрежесі, бұлттардың төменгі шекарасының биіктігі (тігінен көріну), желдің параметрлері, ҰҚЖ табалдырығының деңгейіндегі қысым, температура мен ауаның ылғалдылығы туралы ақпаратты беруді;
      2) автоматтық түрде өлшенбейтін метеоөлшемдерді қолмен енгізуді (жалпы және төменгі қабаттағы бұлттардың мөлшері, атмосфералық қысым, оның ішінде авиация үшін қауіпті қысым), оларды өңдеу мен көрсету, тіркеу және байланыс желісіне беруді қамтамасыз етуі тиіс.
      402. Метеорологиялық радиолокаторлар мынадай талаптарды қанағаттандыруы тиіс:
      1) метеорологиялық әлеуеті кемінде 270 дБ;
      2) жетекті басқару панелінен берілетін жер бұрышының мәндері мен антеннаның нақты орналасуы арасындағы келісушілік ± 0,250-тен аспауы тиіс;
      3) антеннаның бағдар алу қателігі ± 10-тен аспауы тиіс;
      4) «ИЗО – ЭХО» жүйесін калибрлеу қатесі ± 3 дБ-ден аспауы тиіс.
      403. Датчиктерден алынатын сигналдарды көрсеткіштердің (тіркегіштердің) кіру құралдарына немесе ЭЕМ/ДЭЕМ-ға беруге арналған, сондай-ақ метеоақпаратты көрсету құралдарына (индикация блоктарына) беруге арналған байланыс желілері метеожабдықтың типіне арналған пайдалану құжаттамасында көрсетілген талаптарды қанағаттандыруы тиіс:
      Желінің тұрақты токқа кернеуі - 100 Ом/км аспайтын;
      Кабель экраны және жермен жалғасқан барлық басқаларына қатысты әрбір желі оқшаулануының кернеуі - кемінде 2000 МОм/км кем болмауы.
      404. Қалқан-бағдарлардың өлшемдері мыналардан кем болмауы керек:
      1) 800 метр қашықтыққа дейін орнатылатын қалқандар үшін 1,5х1,5 метр;
      2) 800-ден 1 500 метрге дейінгі қашықтыққа орнатылатын қалқандар үшін 2,5х2,0 метр;
      3) 1 500 метр және одан астам қашықтыққа орнатылатын қалқандар үшін 3,0х2,0 метр.
      405. Көрінімнің қалқан-бағдарлары мынадай түстерге боялуы тиіс:
      1) егер олар бақылау орнынан биік жерлерге, таулар, орман және басқа да объектілерге проекцияланатын болса қара-ақ түске (шахмат тәртібімен төрт торсызық түрінде);
      2) егер олар бақылау орнынан аспан аясында проекцияланатын болса қара түске.
      406. Тәуліктің қараңғы уақытында көрінім дәрежесін анықтау үшін қалқан-бағдарларға бақылау орнынан проекциялық немесе жеке дара қосылатын (өшірілетін) жарықтың дара көздері орнатылуы тиіс (60 Вт қуаттылықтағы электрлік шамдар).
      407. Сыныпталған әуеайлақтарда, сондай-ақ құралдар бойынша қонуға (ұшуға) кіруге сызбасы бар әуеайлақтарда әуеайлақтық диспечерлік пункттер құрылу тиіс.
      Әуеайлақтық диспетчерлік пункттер олардың қызметтік мақсатын, нақты орнатылған радиотехникалық, жарық-техникалық және метеорологиялық құралдарды ескере отырып, 57-қосымшаның кестесінде келтірілген жабдықтармен жарақтандырылуы тиіс.
      ӘҚҚК диспетчерлік пункттерінің нақты құрамы әуеайлақтың нақты жағдайларымен анықталады (ұшулардың қарқындылығы, ҰҚЖ-ның саны және т.б.).
      Диспетчерлік пункттерді біріктірген кезде жабдықтың құрамы өздерінің орындайтын қызметтік арналымына сәйкес келуі керек.
6. Электрмен жабдықтау және электр жабдықтары, ІІІ санаты
жағдайындағы авариялық-құтқару құралдары, жұмыс және әрекеттесу
тәртібі
Әуеайлақтарды электрмен жабдықтау және электр жабдықтары
      408. Әуеайлақ, электрмен жабдықтау сенімділігінің дәрежесі бойынша бірінші санатты электр энергиясын тұтынушыларға жатады.
      409. Қонудың санатталған жүйелерімен (ҚЖО-1, ҚЖО-2/3 жарық-сигналдық жабдықтарымен, РМЖ-1, РМЖ-2/3 қонуға аспаптық кірудің радиомаяктық жүйелерімен) жабдықталған әуеайлақтарды электрмен жабдықтау кем дегенде екі тәуелсіз көздерден, әдетте, электр берудің тәуелсіз желілері бойынша орталықтандырылған электрмен жабдықтау (ОЭЖ) арқылы жүзеге асырылуы тиіс.
      410. Бұл әуеайлақтарды электрмен жабдықтаудың бір көзінен екінші көзіне ауыстыру автоматты түрде жүзеге асырылуы тиіс.
      411. Электр энергиясын әуежайға аталған көздерден электр берудің екі желісі арқылы беру кезінде және олардың біреуінің істен шығуы кезінде екінші желінің өткізу қабілеттілігі оған қосылған барлық электр тұтынушылары үшін электр энергиясының берілуін қамтамасыз етуі тиіс.
      412. Әуеайлақтың екінші тәуелсіз электрмен жабдықтау көзінен электр энергиясын жеткізу экономикалық тұрғыдан тиімсіз кезінде жергілікті электр станциясымен резервтеумен орталықтандырылған электрмен жабдықтаудың бір көзінен немесе автоматты көздермен жүзеге асыруға болады.
      413. Жергілікті электр станциясы автоматты түрде өзара резервтеуші екі агрегаттармен жабдықталуы тиіс, олардың әрқайсысы әуежайдың толық жүктемесіне есептелуі тиіс.
Әуеайлақтың объектілерін электрмен жабдықтау
      414. Электрмен жабдықтау сенімділігінің дәрежесі бойынша электр энергиясын тұтынушылар санаты және оларды электрмен қоректендірудегі барынша ұзақ рұқсат етілген үзіліс уақыты 58-қосымшаның кестесінде келтірілген мәндерге сәйкес келуі тиіс.
      1. Электр қабылдағыштар санаттар Электр қондырғыларын құру ережелерімен белгіленген санаттарға сәйкес келеді (ҚР ЭҚҚЕ).
      2. Сенімділік дәрежесі бойынша электрмен жабдықтау жөніндегі талаптар объектісі кепілді қоректендіру қалқанына (бұдан әрі - КҚҚ) жатады.
      415. Қашықтан басқару, бақылау және ақпаратты көрсету қондырғыларын электрмен жабдықтау сенімділігінің санаттары ӘҚҚК тиісті объектілерін, радио жабдықтарын, жарық-сигналдық және метеорологиялық жабдықтарды электрмен жабдықтау санаттарынан төмен болмауы тиіс.
      416. Бірінші санаттағы айрықша топтың (АТ) электр энергиясын қабылдағыштарын электрмен қоректендіру электр энергиясының кем дегенде үш тәуелсіз көзінен жүзеге асырылуы тиіс. Электрмен жабдықтаудың келесі жолдары болуы мүмкін:
      1) сырттай тәуелсіз екі көзден (екі трансформатор арқылы екі кабель желісі арқылы) және автономды көзден;
      1) әрқайсысы сырттай тәуелсіз көздерден резервтелетін дизель-электр агрегаттан;
      2) үздіксіз қоректендірудің сермерлік агрегатынан;
      3) аккумуляторлық батареядан;
      4) үздіксіз қоректендіру көздерінен.
      2) бір сыртқы көзден, бір дизель-электр агрегатынан және автономды көздердің бірінен:
      1) әрқайсысы тәуелсіз көздерден резервтелетін дизель-электр агрегаттан;
      2) үздіксіз қоректендірудің статикалық немесе сермерлік агрегатынан;
      3) аккумуляторлық батареядан;
      4) үздіксіз қоректендіру көздерінен.
      417. ІІІ санат бойынша жабдықталған ҰҚЖ үшін бірінші санатты ерекше топтағы (ЕТ) электр энергиясын қабылдағыштардың электрмен қоректендіруі келесі нұсқалардың бірі бойынша жүзеге асырылуы тиіс:
      1) екі сыртқы тәуелсіз көздерден (екі кабельдік желімен екі трансформатор арқылы) және дизель-электр агрегатынан арқылы, бұл ретте тұтынушылар үздіксіз қоректендірудің аккумуляторлық көздері арқылы қосылады;
      2) екі сыртқы тәуелсіз көздерден (екі кабельдік желімен екі трансформатор арқылы) және ІІI санат метеожағдай туындағанда мәжбүрлеп іске қосылатын үздіксіз қоректендірудің дизель-генераторлық көзі арқылы жүзеге асырылады.
      418. Екі сыртқы көздің және автономдық дизель-электрлік агрегаттың жағдайында автономдық дизель-электрлік агрегаттың іске қосылуы мен жұмыстық режимге шығуы екі көздің кез келгенінде кернеу жоғалған сәттен бастап ары кеткенде 15 секунд өткен уақытта қамтамасыз етілуі тиіс. Тұтынушыларды электрмен қоректендірудің сыртқы көзден жұмыстық режимге шыққан автономдық дизель-электрлік агрегатқа өтуі немесе дизель-электрлік агрегаттан сыртқы қоректендіру көзіне өтуі кезіндегі электр энергиясын берудегі үзіліс уақыты 1 с-тен аспауы тиіс.
      419. Бір сыртқы көз және екі автономды дизель-электр агрегаты болған жағдайда негізгі көз ретінде оны сыртқы көзбен автоматты түрде резервтеумен әрі қарай 15 секундтан аспайтын уақытпен автономды дизель-электр агрегатына өте отырып, сыртқы көзді резервтеумен оған 1 с аспайтын уақыт ішінде өту уақытымен кез келген дизель қолданылуы мүмкін.
      420. Бір сыртқы көз және бір автономды дизель-электр агрегаты және үздіксіз қоректендіру көзі (аккумуляторлық батареялар) болған жағдайда сыртқы көзді үздіксіз қоректендіру көзімен (аккумуляторлық батареялар) резервтей отырып әрі қарай 15 секундтан аспайтын уақытпен жұмыстық режимге шыққан автономды дизель-электр агрегатына 1 с аспайтын уақыт ішінде өту арқылы сыртқы көзден жұмыс істеу қамтамасыз етілуі тиіс.
      421. Тұтынушыларды бір көзден екіншісіне ауыстырып қосу резервтік қоректендіру көзін автоматты түрде төмен жүктеме жағында ары кеткенде 1 секунд ішінде іске қосуды қамтамасыз ететін құралмен жүзеге асырылады.
      422. Объект жабдығының негізгі және резервтік жиынтықтарын электрмен қоректендіру төмен вольтты тарату құралы шиналарының түрлі секцияларынан қарастырылуы мүмкін.
      423. Бірінші (І) санаттағы электр энергиясын тұтынушылар электр энергиясының кем дегенде екі тәуелсіз өзара резервтеуші көздерінен (автоматты коммутациядан) қамтамасыз етілуі тиіс, олардың біреуі автономды болуы керек.
      Объектіде сыртқы тәуелсіз көздерден электр энергиясын іске қосқыштар болған кезде Г, Д, Е класстағы әуеайлақтарда қоректендірудің автономды көздерін орнатуды қарастырмауға болады.
      424. Екінші (ІІ) санаттағы электр энергиясын тұтынушылар электр энергиясымен екі тәуелсіз өзара резервтеуші қоректендіру көздерінен қамтамасыз етілуі тиіс.
      425. ӘҚҚК объектілерінің КҚҚ-ына, радиожабдықтарына, жарық сигнал беру және метеорологиялық жабдықтарына тек осы объектілердің жұмысын қамтамасыз ететін және оларға қызмет көрсететін тұтынушыларды ғана қосуға рұқсат етіледі (апаттық жарықтандыру, технологиялық: жылыту, желдету және кондиционерлеу).
      426. Жарық-сигналдық жабдықтың (бұдан әрі – ЖСЖ) және радиотехникалық жабдықтың (бұдан әрі – РТЖ) объектілеріндегі ТҚС-та орнатылған трансформаторлардың қуаттылығы және қоректендіруші желілердің өткізушілік қабілеті, шекті асқын жүктемені ескере отырп осы ТҚС-қа қосылған барлық электр энергиясын тұтынушылардың электрлік жүкмеленуінің максимумын қамтамасыз етуі тиіс.
Қоректендірудің дербес көздері
      427. Дизель-электрлік агрегаттары тікелей осы объектіде, сондай-ақ кез келген ЖСЖ немесе РТЖ объектісінде орналасуы мүмкін.
      428. Дизель-электрлік агрегаттар автоматтандырылуы тиіс. Автоматтандыру деңгейі бірінші санаттағы тұтынушылар және бірінші санаттың ерекше тобы үшін екінші дәрежеден төмен болмауы керек.
      429. Әрбір агрегаттың қуаттылығы аталған объектіге қосылған барлық бірінші топтың ерекше тобы мен бірінші санаттың электр қабылдағыштарының, сондай-ақ олардың жұмысын қамтамасыз ететін және қызмет көрсететін электр энергиясын тұтынушылардың ең жоғары жүктемелігін қамтамасыз етуі тиіс.
      430. Қоректендірудің резервтік көздері ретінде қолданылатын аккумуляторлық батареялар немесе үздіксіз қоректендіру көздері буферлік режимде жұмыс істеуі тиіс немесе олардың автоматикасы қоректендірудің аккумуляторлық батареяларға немесе үздіксіз қоректендіру көздеріне өтуін және содан соң 58-қосымшада көрсетілген уақыттан аспайтын уақыт ішінде автономдық дизель-агрегатқа өтуін, және сенімділік деңгейі бойынша бірінші санаттың ерекше тобына жатқызылған тұтынушылардың жұмысын қамтамасыз етуі тиіс:
      1) ЖСЖ оттарын – кем дегенде 5 минут ішінде;
      2) КРМ, ГРМ, авиациялық әуе байланысы құралдарын кем дегенде 30 минуттың ішінде;
      3) МРМ кем дегенде 2 сағаттың ішінде;
      4) ӘҚБ АҚ кем дегенде 15 минуттың ішінде.
      431. Бірінші санаттың ерекше тобының электр қабылдағыштарын басқа объектіде орнатылған агрегаттан қоректендіру осы электр қабылдағыштарын орнату объектілерін жүргізілген жекелеген кабельмен жүзеге асырылады.
      Бірінші санаттың электр қабылдағыштарын аталған агрегат орнатылған объекті мен осы электр қабылдағыштар орналасқан объекті арасындағы екі сәулелі төмен вольтті сұлба бойынша қоректендіру жекелеген кабельді төсеместен жүзеге асырылуы мүмкін.
4-параграф. Авариялық-құтқару құралдары және ІІІ санаты жағдайындағы жұмыс және әрекеттесу тәртібі
      432. Әуеайлақта талап етілетін өрт қауіпсіздігі деңгейі бойынша (бұдан әрі - ӨҚТД) әрбір ҰҚЖ-ның санаты анықталуы тиіс. ӨҚТД бойынша ҰҚЖ-ның санаты ҰҚЖ-да пайдаланылатын ӘК-нің едәуір үлкен өлшемдеріне байланысты 59-қосымшаның кестесімен анықталады.
      433. Егер едәуір үлкен ӘК фюзеляжының ең үлкен ені 59-қосымшада көрсетілген өлшемнен асып түсетін болса, онда ӨҚТД бойынша әуеайлақтың санаты фюзеляждың ұзындығы бойынша 59-қосымшада белгіленген сатымен салыстырғанда бір сатыға (оныншы сатыны қоспағанда) жоғары болуы керек.
      434. Әскери кезекшіліктегі ӨА саны, осы ӨА-гі өрт сөндіруші заттардың ең аз мөлшері (ӨСЗ) және ӨСЗ берудің жиынтық өнімділігі 60-қосымшаның кестесінде берілген мөлшерден төмен болмауы керек.
      435. Әр өртсөндіргіш автомобиль төмендегідей жарақтандырылуы тиіс:
      1) өрттік-техникалық жабдықпен (өртсөндіру жеңдері, қол өрттік оқпандары, көбік генераторы);
      2) апаттық ӘК-ден адамдардың әкетілуін қамтамасыз ететін құралдармен (баспалдақ, фюзеляжді кесуге арналған құрылғы, бекіту бауларын кесуге арналған пышақтар);
      3) өрттен құтқарушы топтардың жеке құрамды қорғауға арналған жеке құралдарымен (тыныс алу аппараттары, каскалар, жылу-қорғау киімдері);
      4) қолдану саймандарымен (сүймен, өрт балтасы, күрек, дәубалға).
      436. Әуеайлақта кезекші (ӨҚТД қамтамасыз ететін) ӨА-да болатын мөлшермен салыстырғанда көбік түзушінің кем дегенде екі еселі қоры және ӨА-ны сумен қайтара толтыруға арналатын кем дегенде екі пункт болуы тиіс.
      437. Бірінші ӨА-ның (белгіленген ӨҚТД қамтамасыз ететін санның) ҰҚЖ-ның кез келген нүктесінде өрістеу уақыты дабыл сигналы жарияланған сәттен бастап ӨСД беруді бастаған уақытқа дейін 3 минуттен аспауы, ал келесісі – 4 минуттен аспауы тиіс.
      438. ӨҚТД бойынша 4-10 санаттағы әуеайлақтарда шассиі істен шыққан ұшақтарды апаттық қондыру кезінде ҰҚЖ-ын көбікпен жабу (көбікті жолақты жағу) мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс. 61-қосымшаның кестесінде келтірілген мөлшерден кем емес өлшемдермен көбікті жолақты жағу көбікті ҰҚЖ-ға беруді бастаған уақыттан 10 минуттен аспауы қажет.
      439. Әуеайлақта ӨҚЖ, әуеайлақтың өрт сөндіру автомобильдерінің және басқа да апаттық-құтқару құралдарының кезекшілігін қамтамасыз ету мен орналастыру үшін апаттық-құтқару станциясы (станциялары) болуы тиіс. Апаттық-құтқару станциялары ТКП, ӨБП, ӘҚҚК диспетчерлік пункттері (ұшулардың басшысы), БП және ӨҚҚ тарапынан келетін дабыл сигналдары мен хабарламаларды қабылдауға арналған құралдармен жабдықталуы тиіс.
      440. Әуеайлақта жергілікті жердің географиялық және климаттық жағдайларын ескере отырып, таңдап алынатын, әуеайлақ ауданында апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған, оқиға болған жерге құтқарушылар мен апаттық-құтқару жабдықтарын жеткізуді қамтамасыз ететін, өту қабілеті жоғары көлік құралы болуы тиіс.
      441. уеайлақта осы әуеайлақта пайдалануға жіберілген ең ірі ӘК-нің жолаушылар сыйымдылығының төрттен бір бөлігіне есептелінген, зембілдермен және таңу материалдарымен бірге апаттық медициналық салмалармен жабдықталған санитарлық автомобиль (автомобильдер) және/немесе фургон-тіркеме болуы тиіс. Тіркеме-фургонды буксирге алу үшін көлік құралы қарастырылуы тиіс.
      442. Ұшу мен қону су бетінде (теңіз, ірі көл және су қоймасы) жүргізілетін әуеайлақ мыналармен жабдықталған жүзбелі көлік құралдарымен (катерлер, моторлы қайықтар) қамтамасыз етілуі тиіс:
      1) ТКП және ӨБП-мен әуе байланысы құралдары;
      2) судағы жұмыс орнын жабдықтауға арналған жабдықтар;
      3) дыбыстық және жарық сигнал беру құралдарымен;
      4) аталған әуеайлақта пайдалануға жіберілген ең ірі ӘК-нің жолаушылар сыйымдылығына сәйкес келетін мөлшерде топтық және/немесе жеке жүзу құралдарымен жабдықталуы тиіс.
      Басқа ұйымдармен және кәсіпорындармен өзара іс-қимыл жасау жоспарлары бойынша жүзу құралдарымен қамтамасыз етуге жол беріледі.
      443. Апаттық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізуге, басшылық жасауға арналған тұрақты командалық пункті (ТКП) болуы тиіс және ол электр байланысын жасауға арналған мынадай құралдармен жабдықталуы тиіс:
      1) жылжымалы командалық пунктпен;
      2) өрт байланысы пунктімен (ӨБП);
      3) ӘҚҚК диспетчерлік пунктерімен (ұшулардың басшыларымен);
      4) әуежай қызметтерімен және объектілерімен;
      5) азаматтық авиациядағы іздестіру мен құтқарудың аймақтық үйлестіру орталығымен;
      6) әрекеттесуші ұйымдармен, кәсіпорындармен және мекемелермен;
      7) жергілікті әкімшілік және заң қорғау органдарымен.
      444. Әуеайлақта, оқиға орнындағы апаттық-құтқару жұмыстарына басшылық жүргізуге арналатын өткіштігі аса жоғары көлік құралында орындалған жылжымалы командалық пункті (ЖКП) болуы тиіс. ЖКП дыбысүдеткіш қондырғысымен немесе мегафонмен, дүрбімен және ҚКП-імен арадағы әуе электр байланысымен, апаттық-құтқару станцияларымен, ӘҚҚК диспетчерлік пункттерімен (ұшулар басқарушысымен), 440-тармақта көрсетілген әуеайлақтық өртсөндіргіш автомобильдерімен және өткіштігі аса жоғары көлік құралдарымен жарақтандырылуы тиіс.
      445. Әуеайлақта, бақылауға арналатын оптикалық құралдармен (дүрбімен) және ұшулар басқарушысын, өрт сөндіргіш-құтқарушы топтардың басшысын және ӨБП диспетчерін ӘК-де авиациялық немесе төтенше жағдай туындаған кезде хабарландыруға арналатын құралдармен жарақтандырылған барлық ҰҚЖ-дағы ӘК ұшып-көтерулері мен қонуларын бақылауға арналатын бақылау пункті (пункттері) болуы тиіс.
      446. Әуеайлақта өрттік байланыс пункті (ӨБП) болуы тиіс, ол мынадай жарақтандырылады:
      1) ҚКП-імен, апаттық-құтқару жұмыстарының басшысымен, ТЖМ ӨҚҚБ ӨБ-інің өрттен қорғау күзетінің диспетчерімен, әуеайлақтық өртсөндіргіш автомобильдермен, ӨҚКП-імен және бақылау пунктімен (пункттерімен) электрбайланысы құралдарымен;
      2) әуеайлақта авиациялық оқиға немесе төтенше жағдай туындаған кезде дабыл жариялау және өрттен қорғау-құтқару топтары мен ТКП-ін хабарландыру құралдарымен жабдықталған өрттен қорғау байланысының пункті (ӨБП) болуы тиіс.
      447. III санаттық қонуға дәлме-дәл кірумен жабдықталған ҰҚЖ-да ұшуларды жүргізген уақытта, егерде IIIВ санаты жағдайында әуеайлақтық өртсөндіргіш автомобильдерін (ӨА) тұрақты АҚС-тан шепке шығару уақыты белгіленген нормаларды қанағаттандырмаса әуеайлақтық өртсөндіргіш автомобильдері тұрақтарының ұшулар жүргізілген уақытта оларды орналастыруға арналатын орындары қарастырылуы тиіс. Автотұрақтарды орналастыру орындары ең болмағанда, кедергілерге, РМЖ-нің қауіп шегіндегі аймақтарына қойылатын талаптарды ескере отырып таңдалуы тиіс.
      448. Әуеайлақта әуеайлақ бойынша басшылықта және ауданында ұшуларды жүргізу жөніндегі нұсқаулықта (Әуеайлақтың аэронавигациялық паспортында) ІІІ санат бойынша пайдалану жағдайындағы әуеайлақ қызметі жұмысының және өзара іс-қимылының тәртібі әзірленуі және көрсетілуі тиіс.
2-бөлім. Тікұшақ айлақтары
1. Тікұшақ айлақтарының деректері және тікұшақ айлақтарының
физикалық сипаттамалары
Тікұшақ айлақтарының жіктемесі
      449. Бет үстінен көтеріңкі орналасқан тікұшақ айлақтары «Д» көлеміне қарай үш класқа бөлінеді: І класс – 24-тен 35 метрге дейін (бірақ 35 м. қоса емес); ІІ класс – 15-тен 24 метрге дейін (бірақ 24 м. қоса емес); ІІІ класс – 15 метрге дейін (бірақ 15-м. қоса емес). «Д» - қайсы мәні жоғары болуына байланысты, тікұшақтың габариттік ұзындығы (ені).
      Бет деңгейіндегі тікұшақ айлақтары «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-тарауының 63-б. ережелеріне сәйкес жіктеледі.
Тікұшақ айлағының сипаттамалары, өлшемдері
      450. Тікұшақ айлағының бақылау нүктесі әуеайлақпен біріктірілмеген тікұшақ айлағы үшін тағайындалады. Тікұшақ айлағының бақылау нүктесі тікұшақ айлағының бастапқы немесе жоспарланған геометриялық ортасының жанында орналасады және әдетте, оның бастапқы орналасу орны өзгеріссіз қала береді.
      451. Тікұшақ айлағының бақылау нүктесінің орналасатын орны өлшенеді және аэронавигациялық ақпарат қызметінің өкілетті органына градус, минут және секунд өлшемінде хабарланады.
      452. Тікұшақ айлағының асырылымы және тікұшақ айлағы асырылымының орнындағы геоид толқыны өлшенеді және аэронавигациялық ақпарат қызметінің өкілетті органына жарты метрге немесе бір футқа дейінгі дәлдікпен хабарланады.
      453. Халықаралық азаматтық авиацияның әуе кемелеріне арналатын тікұшақ айлағы үшін, қону мен әуеге көтерілу аймағының асырылымы және геоид толқыны және/немесе қонуға соңғы кіру және әуеге көтерілудің соңғы сатысы аймағының әр табалдырығының асырылымы (қажет болған жағдайда) өлшенеді және аэронавигациялық ақпарат қызметінің өкілетті органына:
      1) қонуға дәл емес кірулер үшін жарты метр немесе бір футқа дейінгі дәлдікпен, ал
      2) қонуға дәл кірулер үшін метрдің төрттен бір бөлігіне немесе бір футқа дейінгі дәлдікпен хабарланады.
      Тікұшақ айлағындағы әр құрылыс үшін тиісті дәрежеде келесі деректер өлшенеді немесе сипатталады:
      1) Тікұшақ айлағының типі: бет деңгейінде орналасқан, бет үстінен көтеріңкі орналасқан немесе вертопалуба.
      2) қону және жерден көтерілу аймағы: өлшемдері ең жақын метрге немесе футқа дейінгі дәлдікпен, еңкіштігі, бетінің типі, көтергіштік қабілеті тоннада (1000 кг);
      3) қонуға кіру және ұшып-көтерілу аймағының типі: FATO типі, нөмірін белгілейтін (егер қарастырылған болса) градустың жүзден бір бөлігіне дейін дәлдіктегі шынайы пеленг, ұзындығы, ені ең жақын метрге немесе футқа дейінгі дәлдікпен, еңкіштігі, бетінің типі;
      4) қауіпсіздік аймағы: ұзындығы, ені және бетінің типі;
      5) тікұшақтарға арналған жер үсті БЖЖ, әуемен бұру-жылжу үшін БЖЖ және әуемен қозғалу бағдары: белгіленуі, ені және бетінің типі;
      6) перрон: бетінің типі, тікұшақтар тұрағы;
      7) кедергілерден бос жолақ: ұзындығы, жер бетінің пішіні;
      8) қонуға кіру сұлбаларының визуалды құралдары, таңбалануны және FATO, TLOF, БЖЖ және перрондардың оттары;
      9) құрал-аспаптар бойынша қону жүйесін (ILS) құрайтын курстық және глиссадалық радиомаяктардың немесе микротолқындық қону жүйесінің (MLS) азимуталдық және бұрыштық-өңірлік антенналарының және TLOF немесе FATO тиісті жиектері арасындағы ең жақын метрге немесе футқа дейінгі дәлдіктегі қашықтықтар.
      454. Аэронавигациялық ақпарат қызметінің өкілетті органына келесі географиялық координаттар градустармен, минутпен және секундтың жүзден бір бөлігінде өлшенеді және хабарланады:
      1) қону немесе жерден көтерілу аймағының және/немесе қонуға кірудің және ұшып-көтерілудің соңғы сатысы аймағының әр табалдырығының (қажет болғанда) геометриялық ортасының;
      2) тікұшақтарға арналған жер үсті БЖЖ, әуемен бұру-жылжу үшін БЖЖ және әуемен қозғалу маршрутының тиісті осьтік сызығы нүктелерінің;
      3) тікұшаққа арналған әр тұрақ орнының;
      4) тораптық диспетчерлік аудандағы (2-аудан) және тікұшақ айлағындағы (3-аудан) кедергілердің;
      Аэронавигациялық ақпарат қызметінің өкілетті органына сондай-ақ ең жоғарғы асқын биіктіктің мәні, кедергілердің типі, таңбалануы және жарықпен қоршалуы (егер ондайлары бар болса).
      Тікұшақ айлағы үшін тиісті жағдайларда ең жақын метрге немесе футқа дейінгі дәлдікпен келесі арақашықтықтар хабарланады:
      1) орналастырылатын ұшып-көтерілу арақашықтығы (TODAH);
      2) орналастырылатын үзілген ұшып-көтерілу арақашықтығы (RTODAH);
      3) орналастырылатын қону арақашықтығы (LDAH).

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет