Азаматтық авиацияда әуеайлақтық қамтамасыз ету қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қыркүйектегі №1057 Қаулысы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы»



бет5/5
Дата25.02.2016
өлшемі1.17 Mb.
#21472
1   2   3   4   5

2. Көктайғақ түзілімдерін жою
      9. Көктайғақ түзілімдерінің алдын алуға және оны жоюға механикалық, жылу және химиялық құралдар арқылы қол жеткізіледі.
      Әуеайлақтың метеорологиялық станциялары (ӘМСТ) 2 сағаттан кешіктірмей әуеайлақ қызметіне мұзтайғақтың түзілуі туралы ескертеді.
      10. Жаңа жауған қардың төсемнің мұздаған үстіңгі бетіне жабысып қатуының алдын алу және дымқыл қардың немесе жаңбырдың жаууымен қатар жүретін температураның көтерілуі кезінде қар қабатының қарлы-мұзды қабыққа айналуына жол бермеу үшін жаңа жауған қарды төсемнен табиғи қар тазалау әдісімен тез арада және толық жою қажет.
      11. Тығылмайтын жылу машинасының қозғалысын қамтамасыз ету үшін оның алғашқы жүріп өтуі саптамасы бар реактивті қозғалтқышты бойлық осьті бойлай орналастырған кезде жүргізіледі. Машина реактивті қозғалтқыштың пайдаланылған газының оператор кабинасына енуі жүрмейтін бағытта қозғалады.
      Машиналардың кейінгі жүріп өтуі авиақозғалтқыштың бойлық оське 15-450 бұрышпен орнатқан кезде жүргізіледі. Қозғалтқышты орнату бұрышы және оның орналасуы желдің бағытымен және пәрменімен ұштастырылуға тиіс. Ерекше қолайсыз жұмыс жағдайларында қозғалтқыштың орналасу жағдайын өзгерту арқылы пайдаланылған газдың оператор кабинасына желмен енуін толық болдырмау мүмкін емес кезде машиналар қозғалысы кері бағыттағы бос жүріспен тек қана бір бағытқа (желмен) жүргізу керек. Алдыңғы жүріп өту 15-20 см. үзіліп отыруы тиіс, бұл төсемде өңделмеген учаскелердің пайда болу мүмкіндігін болдырмайды.
      Қозғалыс аралығы шамамен 20-25 м саны кемінде үш жылу машиналарын барынша тиімді қолдану.
      12. Жылу машиналарында оның жағдайына, машинаның конструктивтік ерекшеліктеріне және оның үстімен базалық шассидің доңғалақтары жылжитын жабынның жай-күйіне байланысты оларға орнатылған ВК-1 реактивтік қозғалтқышы айналуының ең жоғары рұқсат етілетін жиілігінің есептік шамасы осы Қосымшаның 1-кестесінде көрсетілген.
      13. Жылу машинасы қозғалысының 0,55 м/с (2 км/сағ.) кем емес жылдамдығы кезінде немесе ол тоқтағанда төсемнің қалдық газдарымен шамадан тыс қыздырылуы нәтижесінде оның үстіңгі қабатының бұзылуы, сондай-ақ, төсем жапсарынан шыққан битумдық толтырғыш балқып, оның үрленуі болуы мүмкін.
      Машина тоқтаған кезде саптама жиектерінен төсемнің жақын жапсарына дейінгі аралық 2,0-2,5 м. кем болмауға тиіс, бұл ретте оператордың турбина роторының айналу жиілігін төмендетуі немесе реактивтік қозғалтқышты тоқтатуы қажет.
1-кесте
ВК-1 реактивтік қозғалтқышы айналуының рұқсат етілетін жиілігінің есептік шамасы



Үстімен базалық жылу машинасының доңғалақтары жылжитын жабынның жай-күйі (асфальтбетон, цементбетон)

ВК-1 авиақозғалтқышы роторының рұқсат етілетін жиілігі, Гц (об/мин)

Авиақозғалтқыш осі мен ТМ-59М машинасы базалық шассиінің бойлық осі арасындағы бұрыш

00

300

Көктайғақ

66,6 (4000)

41,6 (2500)

Қар

91,6 (5500)

66,6 (4000)

Ылғалды

116,6 (7000)

108,3 (6500)

Дымқыл

150,0 (9000)

141,6 (8500)

Құрғақ

158,3 (9500)

158,3 (9500)

      Ескертпе: Жылу машиналарында авиақозғалтқыштардың басқа түрлерін пайдаланған кезде олардың жұмыс режимі оларды жасау және пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарда белгіленеді.


      14. АНС химиялық реагенті жеке бөлшектерінің (түйіршік) мөлшері 1-4 мм борпылдақ құрылымға ие болуға тиіс. Нығыздалған реагент кесектерін төсемге шашу алдында ауыл шаруашылығы тыңайтқыштарын ұсатқыштардың көмегімен ұсақталуға тиіс.
      15. АНС қолдану технологиясы мынадай негізгі операциялардан тұрады:
      реагентті мұзтайғақтың үстіңгі бетіне себу;
      төсемнің үстіңгі бетінен мұз қалдықтарын және түзілген ерітіндіні жинау;
      төсемдердің үстіңгі бетін ішінара құрғата отырып, соңғы тазарту.
      16. Химиялық реагентті себу РУМ типті сепкіштің және құм себетін машиналардың көмегімен жүргізіледі. Реагент шығынының талап етілетін нормасы машина қозғалысының жылдамдығымен және сепкіш тетіктің шығар тесігінің көлемімен қамтамасыз етіледі. РУМ жұмысының әртүрлі режимдеріндегі реагенттің орташа шығыны кестеде көрсетілген. ПР-130 құм сепкішінің реагентті таратуы 1,66 м/с (6 км/сағ.) дейінгі қозғалыс жылдамдығы кезінде жүзеге асырылады. Мұндай жылдамдықта реагент шығыны 70-100 г/м, ал, 2,22-2,7 м/с (8-10 км/сағ.) жылдамдық кезінде – шамамен 50 г/м2 құрайды. Құм сепкіштердің қозғалысын екі еңісті көлденең бейіні бар төсемдерде айналма (пішінді) схема бойынша осьтен шетке қарай, ал бір еңісті көлденең бейіні бар төсемдерде челнокты схема бойынша – төсемнің барынша жоғары жиегінен төменгі жиегіне қарай жүргізу керек. Желдің жылдамдығы 5 м/с асқан кезде төсемнің көлденең бейінінің түріне қарамастан, машиналардың қозғалысын ҰҚЖ-ның жел жағынан бастап челнокты схема бойынша ұйымдастырған жөн.
      17. Мұзтайғақ түзілімдерін химиялық реагентпен бұзған кезде, мұз қабыршағы борпылдақ болып, төсемнің үстіңгі бетімен қабысуын жоғалтқанда бұл үшін қар тазалағыштардың щеткасын пайдалана отырып, төсемді жер жылымықты қардан тазарту қажет. Реагент мұзбен әрекеттеспеген төсемде бұзылған мұз қалдықтарын, сондай-ақ, түзілген реагент ерітіндісін қалдыруға үзілді-кесілді тыйым салынады.
      18. Кейбір жағдайларда ілінісу коэффициентін арттыру үшін төсемді әуеайлақтың жинау машиналарымен немесе жел машиналарымен кептіру қажет.
      19. Реагенттің су ерітіндісін кейіннен су шашатын машина цистернасында немесе онымен су шашатын машиналарды толтыра отырып, басқа да үлкен ыдыстарда дайындауға болады. Ерітіндіні дайындау үшін температурасы 50-600 С суды қолдану керек. Шоғырлануы 50 %-дан жоғары ерітіндіні стационарлық ыдыстарда дайындауға және қолданар алдында қажетті шоғырландыруға дейін суық сумен сұйылтуға болады. 1 м3 белгілі бір дәрежеде шоғырланған ерітіндіні алу үшін суды және реагентті шығындау нормалары осы Қосымшаның 2-кестесінде көрсетілген.
2-кесте
1 м3 ерітінді алу үшін суды және реагентті шығындау нормалары



Ауа температурасы,0С

Реагент ерітіндісінің шоғырлануы, массасы бойынша %

Қолданылатын ерітіндінің есептік температурасы, 0С (қату температурасы)

1 м3 ерітінді дайындау үшін реагент көлемі, кг

Бөліктердегі 50 %-дық ерітінді мен судың құрамы (ерітінді: су)

реагент

су

-5 дейін

25

-8

280

840

1:1

–5-тен
-7 дейін

30

-10

340

810

1:0,67

-7-ден
-9 дейін

35

-12

410

770

1:0,43

-9-дан
-11 дейін

40

-14

490

720

1:0,25

-11-ден төмен

50

-19

630

630

1:0

Азаматтық авиацияда   


әуеайлақтық қамтамасыз ету
қағидасына 14-қосымша 
РУМ–3 қозғалысының әртүрлі жылдамдығы кезінде және қақпақтың ашылу бұрыштарында реагент шығынының кестесі
      
Азаматтық авиацияда  
әуеайлақтық қамтамасыз ету
қағидасына 15-қосымша 
Көктайғақ қабыршағы 1 мм астам қалыңдаған кезде АНС реагентінің
және төсемнің 1 м2 карбамидінің орташа шығыны
1-кесте



Реагент жағдайы

Өлшем бірлігі

Ауа температурасы, 0С

0-ден -3-ке дейін

–3-тен -6-ға дейін

–6-дан –8-ге дейін

–6-дан –10-ға дейін

–10-нан –12-ге дейін

Ұнтақ

г/м2

50

75

100

125

150

2-кесте




Ауа температурасы,0С

0-ден -3-ке дейін

–3-тен -6-ға дейін

–6-дан –7-ге дейін

Реагент шығыны, г/м2

25

40

50

Азаматтық авиацияда  


әуеайлақтық қамтамасыз ету
қағидасына 16-қосымша 
Топырақ беріктігінің көрсеткішін анықтау
      Топырақ беріктігінің көрсеткіші У-1 соқпасының көмегімен және тікұшақты сынама басқару арқылы анықталуы мүмкін. Соқпа (6-қосымшаның 1-суреті) мынадай үш бөліктен: оған әрбір 1 см сайын (6-қосымшаның 2-суреті) бөлу сызығы салынған ұштықтан, ұштықты топыраққа қағуға арналған массасы 2,5 кг гирьден (6-қосымшаның 3-суреті), оның бойымен гирьді жылжытуға арналған бағыттағыш өзектен (6-қосымшаның 4-суреті) тұрады.
      Топырақ беріктігінің көрсеткішін өлшеу үшін У-1 соқпасы ұшымен топыраққа тігінен орнатылады, гирь бағыттағыш өзекке 50 см биіктікке (тірекке дейін) көтеріліп, түсіріледі. Гирь құлап барып, ұштықтың өзекшесін топыраққа соғып кіргізеді.
      Гирьді лақтыру ұштық 10 және 30 см тереңдікпен топыраққа енгенше қайталанады. Жұмыс барысында ұштықты 10 см енгізу кезіндегі гирьмен соққылау саны есептеледі және 30 см өспелі қорытындымен тіркеледі.
      Одан кейін әрбір орынға 10 және 30 см енгізу үшін жеке жасалған өлшеулерден орташа арифметикалық мән анықталады. 6-қосымша 5-суретінің кестелері бойынша соққылау санының орташа мәндерімен топырақтың 10 және 30 см тереңдіктегі беріктігі анықталады.
      Өлшеу орнындағы топырақтың беріктігі мына формула бойынша анықталады:

      мұндағы м - өлшеу орнындағы топырақтың беріктігі, кПа (кгс/см2);
      10 - топырақтың 10 см тереңдіктегі беріктігі;
      30 - топырақтың 30 см тереңдіктегі беріктігі.
      Топырақ беріктігінің көрсеткіші олардың санына бөлінген өлшеу орындары топырағының беріктігі көрсеткіштерінің орташа арифметикалық мәні ретінде анықталады. ӘК нақты типі соқпағының өлшенген тереңдігі бойынша топырақ беріктігінің көрсеткіші 6-қосымшаның 6-суретінде берілген кестелер бойынша анықталады.
      Гирьдің массасын тұрақты түрде тартып, бақылап отыру қажет. Бақыланатын параметрге рұқсат беру + 10 г құрайды.
      Мысал: Ан-2 тікұшағының негізгі тіреуіш доңғалақтарына қатысты соқпақ тереңдігі 3 см тең екенін ескере отырып, топырақ беріктігінің көрсеткішін анықтау талап етіледі. Кесте бойынша Ан-2 тікұшағы үшін 3 см тең соқпақ мәнін табамыз және осы нүктеден онда топырақ беріктігі көрсеткішінің мәні алынған ординаталар осімен қиылысуға дейінгі перпендикулярды қалпына келтіреміз. Бұл мысалда топырақ беріктігінің көрсеткіші 490,5 кПа (5 кгс/см2) тең.
Азаматтық авиацияда   
әуеайлақтық қамтамасыз ету
қағидасына 17-қосымша 
Ұшақтардың әртүрлі үлгілері үшін тығыздалған қардың талап етілетін беріктігі



Ұшақ үлгісі

Ұшақтың салмағы, т

Тығыздалған қардың беріктігі
(кгс/см2)

Тұрақты ұшулар үшін (пайдалану беріктігі)

Әртүрлі ұшулар үшін (ең төменгі рұқсат етілетін беріктік)

Ту-154

Ил-76т


Ту-134

Ан-12


Ан-24

Як-40


Л-410

Ан-2


98,0

153,0


45,0

61,0


21,0

16,1


5,7

5,5


-

784,8 (8)

822,9 (9)

822,9 (9)

688,7 (7)

784,8 (8)

784,8 (8)

392,4 (4)



1236,0 (12,4)

588,6 (6)

688,7 (7)

688,7 (7)

490,5 (5)

490,5 (5)

392,4 (4)

249,3 (3)


Азаматтық авиацияда  


әуеайлақтық қамтамасыз ету
қағидасына 18-қосымша 
Қар беріктігінің сыртқы ауа температурасына тәуелділігі кестесі
      
Азаматтық авиацияда   
әуеайлақтық қамтамасыз ету
қағидасына 19-қосымша 
Сурет
      
      Қар жамылғысы бар ұшып көтерілу жолағының көлденең бейіні
      1 - жүріп өту жолағы (ұштас жолақтар); 2 - тығыздалған қар жамылғысы; 3 - ТҰҚЖ ені; 4 - қар жамылғысы
Азаматтық авиацияда   
әуеайлақтық қамтамасыз ету
қағидасына 20-қосымша  
Тікұшақтардың кейбір түрлеріне арналған құрғақтағы ұшып көтерілу жолақтары мен қону алаңдарының өлшемі



р/с


Өлшем элементтері және бірліктері, м

Тікұшақтарға арнаған элементтердің
өлшемі

Ми-6

Ми-8

Ми-2

Ка-26

Ұшып көтерілу жолақтары

1

ҰЖ ұзындығы

200

120

120

100

2

ҰЖ ені

50

30

25

35

3

TҰҚЖ ұзындығы

190

110

110

80

4

TҰҚЖ ені

20

20

15

15

5

ТАЖ ені

15

5

5

10

6

ТАЖ ұзындығы

5

5

5

10

Қону алаңдары

7

Қону алаңдары

50х50

40х30

35х15

35х15

8

Қону алаңдары жұмыс ауданы

20х20

10х10

5х5

5хN

9

ТАЖ ені, м

15

15

15

15

      Тікұшақтардың басқа түрлеріне арналған өлшемдерді шығарушы зауыттар және/немесе пайдалану құжаттамасы анықтайды.


Азаматтық авиацияда  
әуеайлақтық қамтамасыз ету
қағидасына 21-қосымша 
Әуеайлақтың жасанды жабындылар ақауларының жоспарын жасау Қатты емес жабындылардың ақауларын сыныптау және шартты белгілері
1-кесте



р/с


Ақау түрі

Ақау схемасы

Шартты мәні

1

Өздігінен сызылған ұсақ байланыспаған талшықты (Н) сызаттар (С)



НС

2

3,5-20 м аралығында орналасқан жекелеген, бойлық (Б) немесе көлденең (К) өтпе (асфальт-бетон қабатының барлық қалыңдығы) сызаттар, сондай-ақ жабындының бұрмаламайтын бейіні негізінде тігістер мен сызаттардың сызылуын қайталайтын  көрсетілген сызаттар




БС 3,5 – 4м
КС 15 – 20м
БК 4 х 15 м

3

Ұшақтың негізгі тірегі жолтабанының қозғалысы бойынша орналасқан бойлық (Б) және жанама (Ж) немесе өтпе сызаттар


ҰҚЖ

Б

4

Жиектерінің бояуы кеткен және ілінісу негізі одан әрі бұзылып тұйық фигура құрайтын шашыраңқы сұлбалы сызат (С) торы (Т)
Ұяшық мөлшері 0,03-ден 1 м-ге дейін.



СТ 0,1 – 0,5 м

5

Асфальт-бетон қабатының қалыңдығына үстіңгі (Ү) ойықтар (О)

Fяр, м2,

ҮО

6

Жабындының көлденең 3 метрлік рейкамен өлшенген жолтабан (Ж) тереңдігі

hгк, см

Ж – 0,3 см

7

Төменгі қабаты бойынша  асфальт-бетонның жоғарғы қабатының толқыны және үстіге жылжуы (Ж)

Dукл, см

ҮЖ

8

... м2 алаңға арналған бояулары бар бетінің тозуы (Т) және өшірілуі

м2

Т 20 м2

9

Жергілікті (Ж) жабындының жауын-шашын (Ж) негізінде, ... см тереңдігі себебінен шөгуі

Dеңіс, см

ЖЖ 5 см

10

... м2 алаңда жол шұңқырларын жөндеу (ЖЖ)

Fжж, м2

ЖЖ 6 м2

11

... см жоғары тегіс емес негізде қар еру кезеңінде жабындының суыққа (С) көтерілуі (ісуі)

Dеңіс, см

С 3 см

2-кесте
Қатты емес жабындылар ақауларын сыныптау және шартты белгілері





р/с


Ақау түрі

Ақау схемасы

Шартты мәні

1

Барлық табақ қабыршығы (Қ)



Қ м2

2

Отыру сызаттары (ОС)



ОС, м/м

3

Арматураның бетіне шығуы (Арм)



Арм, м2

4

Ошақты қабыршықтар (Қ), раковиналар (Рак)



ОҚ, Рак, м2

5

Жиектердің сыну (ЖС), ойықтар (О)



ЖС, В, м2

6

Бойлық, көлденең және диагоналды өтпе сызаттар (ӨС)



ӨС, м/м2

7

Үштен асатын өтпе сызаттар – тақталардың бұзылуы (Тб)



Тб, м2

8

Шөгу, ойма (Ш)



Ш, м2

      



2-сурет. Қатты жабынды
Азаматтық авиацияда  
әуеайлақтық қамтамасыз ету
қағидасына 22-қосымша 
3.2-кесте Тікұшақ алаңының желілері



Шағын

6 метрге 6 метр

Орташа

12 метрге 12 метр

Үлкен

15 метрге 15 метр


© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет