Азаматтық авиацияда әуеайлақтық қамтамасыз ету қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қыркүйектегі №1057 Қаулысы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы»


Қар НОТАМын толтыру жөніндегі нұсқаулық



бет4/5
Дата25.02.2016
өлшемі1.17 Mb.
#21472
1   2   3   4   5

2. Қар НОТАМын толтыру жөніндегі нұсқаулық
      Екі немесе үш ҰҚЖ-ға қатысты хабар беру кезінде 3-бағаннан (1-ҰҚЖ) бастап, ақпаратты, одан кейін 5 (2-ҰҚЖ) және 7 (3-ҰҚЖ) бағандарының ақпаратын беру керек (егер қажет болса).
      Ақпаратты беру үшін метрлік бірліктер пайдаланылуға тиіс. SNOWTAM ең жоғары пайдалану мерзімі – 24 сағат. ҰҚЖ жағдайына қатысты маңызды өзгерістер мыналар болып табылады:
      ілінісу коэффициенті мәнінің шамамен 0,05-ке өзгеруі;
      мына шектерден асатын жауын-шашын көлемінің өзгеруі:
      құрғақ қар үшін – 20, дымқыл қар үшін – 10 және жылымық қар үшін – 3 мм;
      10 %-ды немесе одан астамды құрайтын пайдаланылатын ҰҚЖ ұзындығына немесе еніне қатысты өзгеріс;
      жауын-шашын түріне немесе оның таралу аймағына қатысты кез келген өзгеріс;
      егер ҰҚЖ бір немесе екі жағында үлкен омбы қар болса, оның биіктігіне немесе ҰҚЖ осьтік желісінен оған дейінгі арақашықтыққа қатысты кез келген өзгеріс;
      ҰҚЖ оттары көрінуінің кез келген өзгерісі.
      А – әуеайлақ (тұрған жерінің төрт әріптік белгіленуі);
      В – күнді/уақытты (бақылау күні, айы және уақыты) белгілейтін 8 саннан тұратын топ.
      С – ҰҚЖ белгіленуі.
      Д – егер ҰҚЖ хабарланған ұзындығынан кем болса, ҰҚЖ-ның тазартылған бөлігінің ұзындығы (ҰҚЖ-ның тазартылған бөлігіне қатысты емес хабар беру үшін Т-бағанын қараңыз).
      Е – егер ҰҚЖ хабарланған енінен кем болса, ҰҚЖ-ның тазартылған бөлігінің ені, ҰҚЖ осьтік желісінен солға немесе оңға ығысу кезінде бұл белгілену нөмірі барынша аз ҰҚЖ шегінен анықталатынын ескере отырып, «L» немесе «R» қосу керек.
      F – SNOWTAM-да көрсетілгендей ҰҚЖ бүкіл ұзындығы. ҰҚЖ жеке учаскелерінде әртүрлі шарттарды белгілеу үшін көрсетілген нөмірлердің тиісті құрамалары пайдаланылуы мүмкін. Егер ҰҚЖ бір учаскесінде жауын-шашынның бірден астам түрі түссе, көрсетілген нөмірлер кіші нөмірден үлкен нөмірге жүйелі түрде берілуге тиіс. Егер жауын-шашын қабатының қалыңдығы рұқсат етілетін мәндерден асып кетсе, онда олар туралы Т-бағанында ашық мәтінмен хабарланады.
      G – жауын-шашынның орташа қалыңдығы, мм, ҰҚЖ ұзындығының әрбір 1/3 баға мынадай нақтылықпен беріледі: құрғақ қар үшін - 20-ға дейін, дымқыл қар үшін – 10 және жылымық қар үшін – 3 мм.
      H – белгілену нөмірі барынша аз шектен бастап жүйелі түрде ҰҚЖ ұзындығының әрбір 1/3 тежелу шарттары және ілініс коэффициентін өлшеу үшін қолданылатын құралдар. Егер үстіңгі беттің жағдайы немесе қолда бар өлшеу жабдығы тежелудің сенімді тиімділігін анықтауға мүмкіндік бермесе 9 кодын көрсету керек. Ілінісу коэффициентін өлшеу құралдарын ашық мәтінмен көрсету керек.
      Ескертпе. АТТ-2 көмегімен ілініс коэффициентін өлшеу кезінде нормативтік мәнге келтірілмеген (екі таңба) оның мәнін немесе болжанып отырған тиімділікті (бір таңба) көрсету қажет.
      J – үлкен омбы қар. Егер бар болса, биіктігін, см және ҰҚЖ шетінен арақашықтықты, м, қажеттілігіне қарай бұл белгілену нөмірі барынша аз ҰҚЖ шегінен анықталатынын ескере отырып, бір жағында «L» (сол жақтан) немесе «R» (оң жақтан) немесе екі жағында «LR» (сол жақтан - оң жақтан) көрсету керек;
      және биіктік сантиметрмен, ал ҰҚЖ шетінен арақашықтық метрмен өлшенеді;
      K – ҰҚЖ оттарын ажырату нашар болса, «Иә» деген белгіні және тиісінше «L» (сол жақтан), «R» (оң жақтан) немесе бұл белгілену нөмірі барынша аз ҰҚЖ шегінен анықталатынын ескере отырып, екеуін де - «LR» (сол жақтан - оң жақтан) көрсету керек.
      L – егер одан әрі тазарту болжанып отырса, ҰҚЖ ұзындығы мен енін көрсету; егер ҰҚЖ тазартылатын болса, «Бүкіл ҰҚЖ» белгісін көрсету керек.
      М – жұмыстарды аяқтаудың болжамды уақытын көрсету керек.
      N – РД-дағы шарттардың сипаттамасы үшін Р-бағанында көрсетілген кодты пайдалануға болады, ҰҚЖ-мен біріктірілген тиісті РД болмаған кезде, «Жоқ» деп көрсету керек.
      Р – егер қажет болса, «Иә» деген белгіні және бүйірлік аралықты, м, көрсету керек.
      R – перрондағы шарттардың сипаттамасы үшін Р-бағанында көрсетілген кодты пайдалануға болады, егер перрон пайдаланылмаса, «Жоқ» деп көрсету керек.
      S – кейінгі бақылауды/өлшеуді жүргізудің болжамды уақытын көрсету керек.
      T – маңызды жедел мәнге ие кез келген ақпаратты кез келген ақпаратты ашық мәтінмен беру, бірақ әрдайым тазартылмаған ҰҚЖ ұзындығын (Д-бағаны) және мынадай деректерге сәйкес ҰҚЖ ластану сипатын (F-бағаны) көрсету керек:
      ҰҚЖ ластануы – 10 %, егер ол 10 %-дан аз болса;
      ҰҚЖ ластануы – 25 %, егер ол 11-25 %-ды құраса;
      ҰҚЖ ластануы – 50 %, егер ол 26-50 %-ды құраса;
      ҰҚЖ ластануы – 100 %, егер ол 51-100 %-ды құраса.
Азаматтық авиацияда   
әуеайлақтық қамтамасыз ету
қағидасына 9-қосымша  
Кесте



Өлшеу жабдығының көрсеткіші

Ілінісу коэффициентінің нормативтік мәні

Тежелу тиімділігі

Деселерометр 1155М

АТТ-2 SFT

Суреттемелік сипаттамасы

Коды

0,42 және жоғары

0,4 және жоғары

0,42 және жоғары

Жақсы

5

0,41-0,40

0,39-0,36

0,41-0,40

Орташа/жақсы

4

0,93-0,37

0,35-0,30

0,39-0,37

Орташа

3

0,36-0,35

0,29-0,26

0,36-0,36

Орташа/нашар

2

0,34 және төмен

0,25 және төмен

0,34 және төмен

Нашар

1

0,29 және төмен

0,15 және төмен

0,29 және төмен

Cенімсіз

9

Азаматтық авиацияда   


әуеайлақтық қамтамасыз ету
қағидасына 10-қосымша  
Ұшып көтерілу-қону жолағын қардан немесе мұздан тазарту кезіндегі жылу немесе жел машиналары қозғалысының схемасы
      
Азаматтық авиацияда   
әуеайлақтық қамтамасыз ету
қағидасына 11-қосымша  
нысан
Әуеайлақтық механикаландыру жұмысын есепке алу журналы



р/с №

Жүргізушінің Т.А.Ә

Машина маркасы

Гараж нөмірі

Келу уақыты

Жұмыс сағаты және орны

Кету уақыты

Мотосағат жұмыс істелді

Техникаға тапсырыс берілді

Техника бөлінді

Ескертулер















наряд

Жұмыс істеп тұрған қозғалтқышпен

Жұмыста барлығы
































Азаматтық авиацияда   


әуеайлақтық қамтамасыз ету
қағидасына 12-қосымша  
Қарды тығыздау әдісімен ТҰҚЖ дайындау және ұстау технологиясы
      1. Қарды тығыздау тегістегіштермен және катоктармен (ағаш, металл, резіңке-бетон және пневматикалық-резіңке) жүргізіледі.
      Жаңа жауған қар алдымен тегістегішпен, содан кейін катоктармен тығыздалып, ұшу жолағы осінен шеңбер схемасы бойынша бүйірлік қауіпсіздік жолақтарына қарай тегістегіштермен тегістеледі. Тығыздау құралдарының әрбір кейінгі өтуі алдыңғыны кемінде 0,3 м (30 см) жабуы тиіс.
      2. Тығыздалған қар беріктігінің артуы уақыт бойынша қар бөлшектерінің қайта кристалдануы мен қатуы есебінен жүреді және тапталғаннан кейін 7 және одан артық сағат бойына жалғасады (кесте). Осыған байланысты тығыздалған қардың беріктігін бақылап өлшеуді тығыздағаннан кейін 1,08х104-1,44 (3-4 с) өткен соң жүргізу керек.  
Тығыздалған қар беріктігінің арту кестесі
      3. Қардың тығыздығы тығыздағыш құралдардың өту санына, сондай-ақ, олардың арасындағы аралыққа байланысты болады.
      Бір ізбен өту саны мыналар үшін:
      омбы қар жарғыштарға – 1-2;
      тегістегіштерге – бір, үрлегіштері мен сүргілері болған кезде – 2-3;
      ағаш және металл катоктарға – 2-3;
      пневматикалық шиналары және резеңке-бетоны бар катоктарға – 1-2.
      Тегістегіштер мен катоктардың бір ізбен өту саны қолданылатын тығыздау құралдарының сипаттамаларына және қардың физикалық механикалық ерекшеліктеріне байланысты орындарды нақтыланады. Тығыздау құралдарының бір ізбен өту арасындағы уақыт аралығын былайша белгілеу ұсынылады:
      ауа температурасы 5 0С-ден төмен болған кезде 1200 с (20 мин);
      ауа температурасы 5 0С-ден төмен болған кезде 1800 с (30 мин).
      4. Тереңдігі 0,2 м (20 см) асатын қарды тығыздау кезінде мынадай жұмыстарды орындау қажет:
      қарды тісті немесе дискілі тырмамен қопсыту және араластыру, олардың көмегімен қар кристалдарын қопсытумен және сыпырумен қатар, оны бүкіл қалыңдығы бойынша бастықтыру және біркелкі тығыздау жүргізіледі. Тісті немесе дискілі тырмамен бір ізбен өту саны екіден кем болмауға тиіс;
      қарды тегістегіштермен және катоктармен бір ізбен 2-3 реттен өтіп тығыздау.
      Тырмамен араластыру (оның екінші өтуімен) және тегістегіштермен және катоктармен өту арасындағы уақыт аралығы барынша аз болуға тиіс, сондықтан тегістегіштері мен катоктары бар тракторларды бірден тісті немесе дискілі тырмадан кейін жіберу орынды.
      5. Тың қары бары учаскелер сыртында ТҰҚЖ дайындағаннан кейін тығыздалған тек қана үстіңгі емес, төменгі қабаттағы да қардың тығыздығы мен беріктігін тексеру қажет. Егер тексеру тығыздық пен беріктік ӘК талап етілетін типін пайдалану үшін жеткіліксіз екенін көрсетсе, онда жұмыс қайта жасау қажет (сол жүйелілікпен).
      6. ТҰҚЖ-дағы (соқпақтар, ойықтар, атыздар және қар бұрқасыны) кедір-бұдырлық жүйелі түрде тегістегіштермен тегістеліп, катоктармен тапталуға тиіс. Бір мезгілде ТҰҚЖ үстіңгі бетіндегі басқа да шамалы кедір-бұдырлықты жоя отырып, тереңдігі 0,03 м (3 см) дейінгі соқпақтарды тегістеу бойлай өту арқылы жүргізілуге тиіс. Тереңдігі 0,03 м (3 см) соқпақтары бар учаскелерді алдымен көлденеңнен, содан кейін бойлай өңдеп алу қажет.
      7. Тығыздалған қардың үстіңгі бөлігін мұз басқан кезде мұз қабығын кертікті немесе бұдырлы катоктармен, тісті, дискілі тырмалармен бұзу керек. Мұз қабығын бұзғаннан кейін қар жамылғысының үстіңгі беті тиісті түрде жүктей отырып, тегістегіштермен және катоктармен қарқынды тығыздалып, қайта қалпына келтірілуге тиіс. Тығыздауды мұз қабығын бұзғаннан кейін дереу бастау керек.
      8. Әуеайлақтардың қарлы үстіңгі бетін тегістеу және тығыздау үшін АА кәсіпорындарының күшімен жасалатын әртүрі тегістегіштер қолданылады. Тегістегіштер 147,15 кПА (1,5 кгс/см2) дейінгі қарға ауыспалы үлестік қысым жасауға мүмкіндік береді. Тегістегіштердің әрбір кейінгі өтуінен ең жоғары ықтимал үлестік қысым алу үшін қардың тығыздығының арту шамасына қарай оларды балластпен жүктеуді ұлғайту қажет. Егер тегістегіштің алдында қар белдеуі пайда болса, тегістегішті жүктеуді азайту қажет.
      9. Қарды тығыздау үшін қолданылатын ағаш және металл катоктарға құрғақ құм немесе қиыршықтас тиелуге тиіс. Қардың ағаш катоктарға 0 0С жуық температурада, металл катоктарға +0,5 0С – ден жоғары және 7 0С-ден төмен ауа температурасында жабысуын болдырмау үшін соңғысы қағылуға немесе қалыңдығы 3х10-3 м (3-5 мм.) табақ резеңкемен қапталуы тиіс. Ағаш және металл катоктар 196,2 кПа (2 кгс/см2) үлестік қысым қалыптастырады.
      10. Тығыздаудың барынша жақсы дәрежесіне қарды пневматикалық резеңке және резеңке-бетон катоктармен тегістеу кезінде қол жеткізіледі.
      11. Үлестік қысымы балласт санына байланысты 392,4-588,6 кПа (4-6 кгс/см2) құрайтын массасы 10 және 25 тонна пневматикалық-резеңке катоктарын, сондай-ақ, дербес доңғалақ асқыштары бар (ДУ-39 типті) пневматикалық доңғалақты катоктарды қолдану ұсынылады.
      Тіркеме резіңке-бетон катоктарды АА кәсіпорындары жасауы мүмкін. Бұл катоктар қақпақ қызметінің мерзімі өткен ерітінді қоспадан құйылған сегіз бетоннан тұратын бір осьтік конструкцияны білдіреді.
      12. Қарды пневматикалық-резіңке және резіңке-бетон катоктармен тегістегеннен кейін тығыздалған қардың үстіңгі бетінде тегістегіштермен тапталуға тиіс пневматикалық каток іздері қалады. Тракторлардың тарту күшіне байланысты 2-3 тегістегіштер мен 3-5 ағаш және металл катоктардан тұратын тіркеме қолданылады.
      13. Тығыздалған қар жамылғысының беріктігін (көтеру қабілетін) анықтау үшін НИАС қаттылықты өлшеу құралын қолдану ұсынылады. НИАС қаттылықты өлшеу құралы (1-сурет) конустан, адамның аяқ басуына арналған алаңнан, тік бағаннан және тік тіреуіш тақтадан тұрады. Қаттылықты өлшеу құралының биіктігі 1050 мм.
      Қаттылықты өлшеу құралының конусы қаңылтырмен немесе табақты алюминиймен көмкерілген дюральюминийден немесе ағаштан жасалады және аяқ басуға арналған алаңмен қатты етіп жалғанады. Ең төбесіндегі конус бұрышы – 34012`, биіктігі – 130 мм, негіз диаметрі – 80 мм.
      Аяқ басуға арналған алаңның өлшемі 300х120 мм. Тік бағанның биіктігі 700 мм. Төменгі бөлігінде текше тақта - өлшемі 100х100 мм негізі бар. Баған тірек тақтаға бекітілген екі бағыттаушы қапсырмаларда еркін қозғалады. Бағанға конустың қарға бату тереңдігін көрсететін металл тіл бекітілген.
      Өлшемі 900х100 мм тірек тақта аяқ басуға арналған көлденең алаң бар екі фанер үшкілмен бекітілген. Тірек тақтада ол бойынша конустың қарға бату тереңдігі есептелетін және оның көрсеткіштері бойынша тығыздалған қардың көтеру қабілеті айқындалатын шкала бар. НИАС қаттылықты өлшеу құралының сызбалары 2-суретте көрсетілген.
      Қаттылықты өлшеу құралын пайдалану қағидасы:
      1) қаттылықты өлшеу құралын қар жамылғысына қою.
      2) бағанды тірек тақтамен жалғайтын түйреуішті созу, қолмен сапты алып, аяқ басуға арналған алаңға бір аяқпен тұрып, оған өз дененің тарту орталығын ауыстыру, содан кейін аспап көрсеткішін шкала бойынша жазып алу.
      Тығыздалған қардың беріктігі салынатын жүктеме мен конустың бату тереңдігіне байланысты кесте (3-сурет) бойынша немесе мына формула бойынша анықталады:

      мұндағы - қардың беріктігі, кПа (кгс/см2);
       – конусқа жүктеме, кгс;
      h - конустың бату тереңдігі, см.
      Қардың беріктігі шағын серіппелі тығыздықты өлшеу (4-сурет) құралымен анықталады, ол корпустан, серіппеден, шкаладан және өлшеу стаканынан тұрады. Корпусы ішінде 0,5 мм созылатын және массасы 1 г сапалы болаттан жасалған эластикалық серіппе бекітілген дюральюминий түтіктен дайындалған. Серіппенің төменгі ұшына 10 г. кейін басқышталған дюральюминий пластинкадан жасалған өлшеу стаканы бекітілген. Өлшеу стаканы дюральюминийден жасалады және өлшеу шкаласына имек тұтқамен ілінеді. Егжей-тегжейлі 5-12 суреттерде көрсетілген.
      Шағын тығыздықты өлшеу құралымен өлшеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:
      1) өлшеу учаскесінде пышақ-қалақпен өлшемі 0,2 х 0,2 м алаң тегістеледі. Тегістеуді тек қана қарды ою есебінен жүргізу керек;
      2) өлшеу стаканы ұшталған жиектермен дайындалған үстіңгі бетке орнатылып, стаканның түбі қардың тегістелген үстіңгі бетіне жеткенге дейін тереңдетіледі. Тереңдету барысында стаканның алаңның үстіңгі бетіне қатысты тік қалпының сақталуын бақылау қажет;
      3) сынамасы бар стакан көміледі және пышақ-қалақ көмегімен қардан ақырын шығарылып, содан кейін түбімен төмен аударылады. Қардың үстіңгі беті кескіш қабықтармен біркелкі тегістеледі;
      4) сынамасы бар өлшеу стаканына имек тұтқа кигізіледі, сол арқылы серіппелі таразылар шкаласына ілінеді және тартылады.
      
      1-сурет. НИАС қаттылықты өлшеу құралы
      1 – конус;
      2 – аяқ басуға арналған алаң;
      3 – тік баған;
      4 – тік тірек тақта.
      
2-сурет. Конустық қаттылықты өлшеу құралының сызбалары
      
3-сурет. Бату тереңдігінің қардың беріктігіне байланыс кестесі
      
      4-сурет. Серіппелі тығыздықты өлшеу құралы
      А – өлшеу стаканы бар серіппелі таразы; В – сынама іріктегіш
      1 – сақина (орны бойынша); 2 – төлке; 3 – корпус; 4 – серіппе (созылуына қарай іріктеліп алынады); 5 – шкала; 6 – бағыттағыш шкала;
      7 – имек тұтқа (орны бойынша); 8 – өлшеу стаканы; 9 – басы;
      10 – сынама іріктегіш корпусы; 11 – тірек алаңы.
      3-б материалы
      Қардың тығыздығы мына формула бойынша есептеледі:

      мұндағы Q – шкала бойынша анықталған сынама массасы, г
              V – өлшеу стаканының көлеміне тең сынама көлемі, см3
      5. Мерзімді түрде (айына екі-үш рет) серіппелі таразы шкаласының көрсеткіштерін бақылап, тексеру жүргізіледі, ол үшін өлшеу стаканға 10, 20, 30 және 100 г. гирь жинағы салынады. Шкаладағы көрсеткіштер сәйкес келмеген жағдайда жаңа бөлуді белгілеу қажет.
      
Диаметрі түтіктің ішкі диаметріне сәйкес келеді
      
      Диаметрі түтіктің сыртқы диаметріне сәйкес келеді
      6-сурет. Корпус (3)
      Ескерту. Материалы – дюралюминий түтік
             
      
      5-сурет. Төлке
      3-б. материалы
      
      
      7-сурет. Шкала (5)
      Материалы - дюралюминий
Азаматтық авиацияда   
әуеайлақтық қамтамасыз ету
қағидасына 13-қосымша  
Әуеайлақ төсемдерін қардан және мұздан тазарту технологиясы
1. Қардан тазарту
      1. Әуеайлақтың қар жамылғысын тазартуға арналған негізгі машиналар әуеайлақтық жинау машинасы, щеткалы соқасы бар қар тазалағыштар және жел машиналары болып табылады.
      2. Қардан тазартуды мыналар жүргізеді:
      а) әуеайлақтық жинау машиналары және щеткалы соқасы бар қар тазалағыштар:
      ҰҚЖ осінен жол жиегіне бүйірлік желдің жылдамдығы 3 м/с жеткен кезде;
      екі тең емес бөліктен бүйірлік желдің жылдамдығы 3–5 м/с болған кезде, үлкен бөліктен (2/3 дейін) қардан жел бағытымен, кіші бөліктен (1/3 дейін) желге қарама-қарсы тазартады;
      бүйірлік желдің жылдамдығы 5 м/с болған кезде жел бағытымен тазартады, әрбір жүрудің соңында машинаның үйіндіден бұрылып, бос жүруіне рұқсат етілмейді. Бұл ретте тазартуды қар төселген орынға қарама-қарсы ҰҚЖ жиегінен бастау керек;
      б) жел машиналары:
      ҰҚЖ осінен жол жиегіне бүйірлік желдің жылдамдығы 3 м/с дейін жеткен кезде;
      бүйірлік желдің жылдамдығы 3 м/с асқан кезде жел бағытымен ҰҚЖ жиегінен бастап қар төселген орынға қарай. Жел машиналары РД-ны төсем жиегінен 6-8 м аралықта ЖЖ жиегі бойымен қозғала отырып, бір рет өту арқылы тазартады.
      Жел машиналарымен перронды және ТО қардан тазартуды төсемде ӘК және басқа техника болмаған кезде ғимараттар мен құрылыстардан басқа жаққа қарай жүргізу керек.
      3. ҰҚЖ қардан тазарту бүкіл ендік бойымен жүргізілуге тиіс.
      Үйілген қарды роторлы қар тазартқыштар тез арада тазартылатын жолақтардың сыртына шығарады немесе оларға жақын жатқан әуеайлақтың топырақты бөліктеріндегі біркелкі қабатпен теңестіріп тегістейді. Қар жауу кезінде келеңсіз температура жағдайларында, егер оның суық жаңбырға немесе қырауға айналуы күтілсе, төсемнен қары ысырылмайды, өйткені бұлай болмаған жағдайда жаңбыр немесе қырау қардан тазартылған үстіңгі бетке түсіп, көктайғақ болады.
      4. ҰҚЖ қардан тазартуды щеткалы соқасы бар қар тазартқыштардың немесе жел машиналарының табиғи әдісімен жүргізу керек. Қардан және жер жылымықты қардан ПМ - 130, ДЭ – 7, ДЭ – 224 және ПМ – 63 машиналарымен табиғи тазарту рұқсат етілетін ұшып көтерілу-қону операцияларының арасындағы ең төменгі уақыт аралығы А және Б сыныпты әуеайлақтар үшін 30 минуттан, ал әуеайлақтардың басқа сыныптары үшін 25 минуттан кем болмауға тиіс. Төсемдерді қардан тазарту кезінде өнімділігі құрғақ қарды тазартуда 139 м2/с (50 га/сағ.) дейін, дымқыл қарды тазартуда 55,5 м2/с (20 га/сағ.) дейін жететін жел машиналарына айрықша мән беру керек.
      Жаңа жауған қарды ысыру жел машинасының ҰҚЖ төсемі бойымен 6,9-8,3 м/с (25-30 км/сағ.) жылдамдықпен қозғалуы арқылы жүзеге асырылады. Жел машиналарын қолданудың барынша жоғары тиімділігіне төсемді құрғақ қардан ауа температурасы минус 100 С-ден төмен болғанда, дымқыл қардан ауа температурасы 00 С-ге жуық болғанда тазарту кезінде қол жеткізіледі.
      Ауа температурасы минус 70 С-ге дейін жеткен кезде қарды жел машиналарының көмегімен жинау ұсынылмайды, өйткені бұл жағдайда қар еріп, еріген қар төсемге жабысып қатады.
      5. Щеткалы соқасы бар қар тазалағыштардың жұмысы бірінің соңнан бірі алдыңғы ізді 0,30-0,40 м басып өтіп, ҰҚЖ осінен жиектерге қарай қозғалатындай түрде ұйымдастырылуға тиіс. Қозғалыстағы щеткалы соқасы бар машиналардың арасындағы ең аз арақашықтық 30-35 м болуы керек.
      6. ҰҚЖ-да қар күреу қар жауған кезден бастап ұшақтардың ұшып көтерілуі мен қонуы аралығындағы үзілістерде жүргізілуге тиіс. Қар жауа бастағанда ҰҚЖ-да жауған қар қабаты шамалы (2-3 см.) болған кезде оны тек қана щеткалармен тазартады. Одан кейін қар қабатының ұлғаюына қарай щеткалардың және ауа үрлегіштердің жұмысы тоқтатылмай бір ысырғышы бар соқалар жұмысқа қосылады. Егер қар жауып біткен соң қар күреуді бастау қажет болса, қар қабаты қалың емес кезде щеткалы соқасы бар қар тазалағыштар машиналардың жұмысын екі топқа бөлген жөн: машиналардың бір тобы қарды соқамен күрейді, ал екінші тобы – щеткамен сыпырады. Шнекороторлы тазалағыштар әуеайлақтың жинау машиналары соңғы рет өткеннен кейін үйілген қар үйіндісін ҰҚЖ сыртына лақтырады.
      7. ТҰҚЖ тығыздалған қардың астында ұстау барысында бірінші қабат кейіннен үстіңгі бетті тегістегіштермен таптай отырып, қарды пневматикалық катоктармен тығыздау арқылы түзіледі. Бұл ретте тығыздалған қар қабатының төсеммен жеткілікті қабысуын қамтамасыз ету үшін тығыздауды 8 сағаттан кем емес ұшудағы үзіліс және ауа температурасы –50+100 С болған кезде жүргізу керек. ТҰҚЖ қарды кейіннен тығыздауды алдымен тегістегіштер, одан кейін катоктар жүргізіп, тегістегіштер таптайды. Қалыңдығы 6-8 см. тығыздалған қар қабаты түзілгеннен кейін ТҰҚЖ одан әрі ұстау қардан тазарту жолымен жүргізіледі.
      ТҰҚЖ пайдалану барысында доңғалақтардың әсерінен ӘК қозғалтқышынан шығатын әуе газы ағынынан қар бұзылып, үрленеді. Ерекше күшті бұзылуға старттық учаскелер мен ТҰҚЖ ені бойындағы орталық бөлік ұшыраған. Бұл учаскелердегі тығыздалған қар қабатын қалпына келтіру үшін қажеттілігіне қарай тазартудың орнына қарды тығыздау керек.
      Қолайлы ауа температурасы қалыптасқанға дейін екі-үш апта ішінде тығыздалған қар қабаты ТҰҚЖ төсемдерінен ысырылуға тиіс. Тығыздалған қарды қалыңдығы 1-2 см. қабаттармен автогрейдермен ойып алу керек, оның қозғалысы ТҰҚЖ осінен бастап төсемдердің жиектеріне қарай айналма өту арқылы жүргізіледі. Ойып алынған және үйіндіге айналған қар роторлы қар тазалағыштармен ҰҚЖ сыртына шығарылады. ҰҚЖ тығыздалған қардан тазарту төсем қардан толық тазартылып біткенге дейін жалғастырылады.
      8. Перрондағы РД, ТО және ангар жанындағы алаңның қарлы-мұзды қабатын кертікті немесе бұдырлы катоктармен және тісті пышағы бар автогрейдерлермен бұзу керек. Төсемде қалыңдығы 6 мм кем емес қарлы-мұзды қабық қабат болса, оны химиялық реагент немесе жылу машиналарының көмегімен жою керек.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет