«Азаматтық құқық (ерекше бөлім)»



бет15/18
Дата17.06.2016
өлшемі1.43 Mb.
#141963
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

2.ҚР АК 917-бабының 2-тармағында зиян келтірушінің егер зиян өзінің кінәсінен келтірілмегендігін дәлелдесе, оны өтеу жауапкершілігінен босатылатындығы көзделген. Заңнама мен тұлғаға зиянды өтеу жауапкершілігі оның кінәсінің болу болмауына қарамастан жүктелетін жағдайлар көзделуі мүмкін.Сонымен зиян келтіргені үшін жауапкершіліктің жалпы негіздері (шарттары) болып мыналар табылады: 1) құқыққа қайшы іс-әрекет (әрекетсіздік); 2) зияннның болуы; 3) тұлғаның іс-әрекеті (әрекетсіздігі) мен туындаған құқыққа қайшы салдардын (зиянның) арасындағы себепті байланыс; 4) кінә. Аталған төрт шарт бір-бірінен ажырағысыз орын алады. Олар азаматтық құқық бұзушылықтың (деликтінің) өзара байланысты элементтері болып табылады. Осыған сүйене отырып, біз зиян келтіруден туындайтын міндеттеменің пайда болу (азаматтық-құқықтық жауапкершілікті қолданудың) лездемесі болып аза-маттық құқық бұзушылық табылады.Құқыққа қайшылық түсінігі азаматтық құқықта көп қырлы болып табылады. Құқықка қайшылық ең алдымен тұлғалар іс-әрекетінің (қадамдарының) құқықтық әртүрлі салаларына нормаларына қайшы келуіне сүйене отырып бағаланады. Бұл конституциялық құқық, қылмыстык құқық, әкімшілік құқық және т.б. болуы мүмкін. Іс-әрекеттердің (әрекетсіздіктің) объективтік құқық нормаларына қайшы келу бел-гілері олардың құқыққа қайшылығын оңай және сенімді бағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бірқатар басқа мемлекеттердің құқықтарында сияқты, Қазақстан Республикасының да азаматтық құқығында бас деликт қағидасы әрекет ететіндігін ұмытпаған жөн. Соның салда-рынан, егер зиян келтіруші оған заң актілерімен уәкілденген болмаса немесе тұлғаның оған зиян келтіруге деген келісімі (ниеті) болмаса, кез келген зиян келтірушілік құқыққа қайшы деп танылатын болады. Егер адамдардың іс-әрекеттері болашақта зиян келтіру қаупін тудыратын болса, онда бұл іс-әрекеттерге тиым салу туралы талап қоюға зиян келтірудің алдын алуға бағытталған талап-арызға негіз бола алады. Әрине, мұндай талап-арызды қою кезінде іс-әрекетпен (әрекетсіздікпен) зиян келтірілу міндетті емес болып табылады. Бұл талап келтірілген зиянды өтеу туралы талап-арызбен бірге қойылуы мүмкін. Кейбір жағдайларда адамдар (басым жағдайларда бұл кәсіпкерлер) зиянды өтегеннен кейін, өздеріне тиесілі кәсіпорындардың, құрылымдардың қызметін, өзге де өндірістік қызметті жалғастыра береді, ол өз кезегінде зиян келтіруді де жалғастыруы немесе жаңа зиян келтірумен қауіп төндіруі мүмкін, сот мұндай жағдайларда жауапкерді зиянды өтеумен қатар тиісті қызметті токтатуға міндеттеуге тиіс.Кейбір жағдайларда тұлғаның тиым салуға арызданып отырған қызметтің әлеуметтік маңызын ескере отырып, оның талап-арызын қанағаттандырудан да бас тартуы мүмкін. Егер субъектінің қызметінде заңнаманы бұзу орын алып отырса, мұндай бас тарту негізсіз деп танылады. Сот, егер бұл оны алып отырса, заңнаманы бұзумен жүзеге асырылып отырған іс-әрекеттерге тиым салуға тиіс. Талап-арызын қанағаттандырудан бас тартылған субъект өзіне келтірілген зиянды өтеуді талап ету құқығынан алдағы уақытта айрылмайды. Зиян азаматтық құқықта материалдык немесе материалдық емес игілікті (адам өмірі, денсаулығы) кеміту (жою) арқылы бағаланады. Зиян азаматтық құқықта мүліктік және мүліктік емес деп бөлінеді. Өтемеуге жататын зиян нақты залал түсінігімен біріктіріле отырып, мүліктің (қозғалатын немесе қозғалмайтын. жеке анықтауға немесе біртектес белгілерімен анықталған) бүлінуінен, жойылуынан келтірілген шығындардан көрініс табады (ҚР АК 9-бап, 4-т). Сондай-ақ зиян құрамына жәбірленушінің дағдылы айналым жағдайында алуына болатын, бірақ алынбай қалған табыстары (айырылып қалған пайда) да кіреді. Айырылып қалған пайда деп жоспарланған табысты ғана емес, сондай-ақ бүлінген мүліктен нәтижелер төл түрінде алынуы мүмкін болған табиғи өсімдерді де түсінген жөн. Басым жағдайда нақты залал тікелей "бастапқы" зиян бола отырып айқын көрінеді. Бірақ ол жанама түрдегі "кейінгі" зиян ретінде де көрініс беруі мүмкін. Зиян адам өмірі, оның денсаулығы, ар-намысы, іскерлік беделі, жеке өмірге қол сұғушылық, жеке және отбасылық құпия сияқты игіліктер бойынша туындайтын жеке мүліктік емес құқықтарды бұзатын, сондай-ақ атауға, өзіндік бейнеленуіне және басқа да материалдық емес игіліктерге деген құқықтар бұзылған кездегі құқыққа қайшы іс-әрекеттердің салдары болуы мүмкін. Денсаулықты зақымдаумен, адам өмірін айырумен келтіріліген зиян еңбек ақыны, заңды тұлғаны құрумен немесе құрусыз жеке кәсіпкерлік қызметтен түсетін табысты жоғалтудан мүліктік залал түрінде де көрініс табуы мүмкін. Бұл орайда мүліктік зиянның құрамына емделуге, күтімге, тамақтануға, протездеуге, көлік құралдарын алуға, жерлеуге және т.б. кеткен шығындар кіретін болады. Сонымен денсаулықты зақымдаумен келтірілген зиян белгілі бір бөлігінде нақты мүліктік залал болып табылады, бірақ ол алынбай қалған пайда нысанында да көрініс табуы мүмкін.Мүмкін емес зиян деп қол сұғылатын обьектіге қарамастан мүліктік емес зиян түсініледі. Яғни моральдық зиян жеке және заңды тұлғалардың мүлкіне де және субъектілердің жеке мүліктік емес игіліктері мен құқықтарына да қол сұғушылықтың салдары болуы мүмкін.Себепті байланыс - бұл азаматтық құқық бұзушылықтың элементі. Соған сүйене отырып деликтілік құқық нормаларын қолданатын субъектілер құқықтық және іс жүзінде көзқарастар тұрғысынан зияннның туындаған құқыққа қайшы салдары, тұлғаның жауапкершілікке тарту көзделіп отырган дәл сол іс-әрекеттердің нәтижесі екендігі туралы негізделген қорытынды жасайды.Себепті байланыс - объективті категория. Бірақ ол белгілі бір материалдык көрініске ие емес, сондықтан оның болу болмауы мен сипаты деликтілік және соған орай туындайтын іс жүргізушілік құқықтық қатынастар қатысушыларының субъективтік танымы арқылы анықталады. Әрине, деликтінің басқа да қырлары, тіпті іс жүзіндегі шынайылықтың кез келген жағдайы белгілі бір шамада субъективтік тұрғыдан бағаланатындығын айта кеткен жөн, бірақ себепті байланысты бағалаудың мүмкін болатын субъективизациясының дәрежесі елеулі түрде жоғары. Бұл оның ерекшеліктеріне байланысты.Себепті байланыс, біздің ойымызша, екі түрлі маңызға ие. Біріншіден, ол жауапкершілікті сол бір немесе өзге тұлғаға жүктеу мүмкіндігі туралы қорытынды жасауға көмектеседі. Екінші жағынан, себеп-салдар байланысы зиянды өтеу шектерін белгілеуге мүмкіндік беретін объективті критерийі болып табылады. Қойылған міндеттердің екіншісін шешу үшін себепті байланысты ескеру кезінде тұрған мәселенің мәнісі мынада: субъектіге жауапкершілік жүктеу үшін құқыққа қайшы іс-әрекетпен туындаған нәтиженің зерттеліп отырған себеп-салдар байланыстары ықпалының шынайылық дәрежесін қандай шектерге дейін мойындау жеткілікті болады.


Кейбір жагдайда жеке мүліктік емес игілікті кемігу тікелей кұқык бұзушы мен жәбірлеиуші арасында зиян келтіруден туындайтын мін-деттемелік күкыктык қатынасқа себепші болады, басқаша айтқанда, жеке мүліктік емес кеміту кредитор түлғасымен тікелей байланысты (мысалга. ар-намысты корлаган кезде), Егер де азамат қайтыс болса бұл жагдайда біз оның жеке мүліктік емес игілігін жою туралы айта

Азаматтық-құқықтық жауапкершілік жүктелген кезде жәбірленген тараптық кінәлігі ескеріледі. Жәбірленушінің теріс пиғылының салдарынан туындаған зиян өтелуге жатпайды.Егер жәбірленушінің өзінің өрескел абайсыздығы зиянның пайда болуына немесе ұлғаюына себеп болса, жәбірленуші мен зиян келтіруші кінәсінің дәрежесіне қарай өтеу мөлшері азайтылуға тиіс.Жәбірленуші өрескел абайсыздық жасап, зиян келтірушінің кінәсі болмаған жағдайда, оның жауапкершілігі кінәсіне қарамастан туындаған кезде егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, өтеу мөлшері азайтылуға тиіс немесе зиянды өтеуден бас тартылуы мүмкін. Азаматтың өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген жағдайда зиянды өтеуден толық бас тартуға жол берілмейді.Жәбірленушінің денсаулығына келтірілген зиянды өтеу кезінде жәбірленушінің кінәсі ҚР АК 937-бабына сәйкес қосымша шығындар бөлігінде ескерілмейді. Азаматтың қайтыс болуы салдарынан асыраудан айырылған тұлғаларға зиян өтелгенде, сондай-ақ оны жерлеуге кеткен шығындарды өтеу кезінде жәбірленуші кінәсінің болуы маңызды болып табылмайды.Кінәні (оның нысанын) ескерудің тағы бір жағдайын атап өтейік, бұл жолы біз зиян келтірушінің кінәсі туралы айтамыз (кінәні ескеру зиян келтірушінің мүліктік жағдайын ескерумен қатар жүзеге асырылады). ҚР АК 935-бабының 5-тармағына сәйкес, зиян азаматпен келтірілген кезде оның нашар мүліктік жағдайын ескере отырып сот одан келтірілген зиян үшін өндірілетін сома мөлшерін азайта алады. Егер зиян тұлғамен қасақана келтірілсе, бұған жол берілмейді.Басқа адамдардың іс-әрекеттерімен келтірілген зиянды өтеу міндетін жүктеу жауапкершілік ретінде шартты түрде қарастырылады. Бұл жәбірленуші тараптың мүдделеріне сүйене отырып, анықталатын зиянды өтеу туралы мәселені шешудің мәжбүрлі тәсілі. Мысалы, сот, прокуратура. тергеу және анықтау органдарының кінәсіз іс-әрекеттері үшін сондай-ақ олармен ҚР АК 923-бабында аталған іс-әрекеттерді жасаумен зиян келтірілгенде мемлекет жауапкершілігі туралы сөз болғанда. Аса қажеттілік кезінде тұлға тікелей өзінің немесе өзге тұлғалардың өміріне, денсаулығына құқықтары мен заңды мүдделеріне қоғам немесе мемлекет мүдделеріне кауіп төндіретін қауіпті жою үшін кейінге қалдырылмайтын іс-әрекеттерді жасау жолындағы жағдайда іс-әрекет етеді. ҚР АК 920-бабының нормасына сәйкес аса қажеттілік жағдайындағы зиян, зиян келтірушінің өзіне қатер төндіріп тұрған қауіпті жою үшін келтірілген жагдайларда ол мүлік иесіне осы зиянды келтірген тұлғамен өтелуге тиіс. Бірақ, сот бұл жағдайда да, осы құқықтық қатынастар субъектілерінің көңіл аударуға түрарлық мүдделерін ескеруге тиіс. Мысалы, зиян келтіру елеусіз болғанда ал меншік иесі тарапынан мүлікті сақтауда олқылықтар жіберілсе. Кейбір жағдайларда, тағы да тұлғалардың мүдделерін ескере оты-рып, зиян келтірген тұлғамен үшінші бір тұлғаға зиянды үлестік тәртіпте өтеу міндеті жүктеле алады. Олар сот пен келтірілген зиянды өтеуден толығымен немесе ішінара босатылуы мүмкін.

3. Зиян келтірудің жекелеген жағдайларындағы жауапкершілікті қарастыра отырып біз өзгеше субъектілік құраммен (мысалы, бір тұлғалардыңщ басқаларының іс-әрекеті үшін жауапкершілігі көзделгенде) туындайтын, тікелей заңмен көзделген негіздер бойынша туындайтын кінә болмаған кезде және басқа да ерекшеліктері бар міндеттемелерге тоқталамыз.Мұндай жауапкершілік туындайтын жағдайлардың бірі болып өзінің еңбек (қызметтік, лауазымдық) міндеттерін атқару кезінде жұмыскер мен келтірілген зиянды өтеу кезіндегі міндеттеме табылады. Зиянды өтеу міндеті жүктелуі мүмкін болатын субъектілер болып азаматтармен еңбек ққықтық қатынастарына (басымды түрде) түсе алатын кез келген тұлғалар табылады. Оған барлық мүмкін болатын ұйымдастырушылық құқықтық нысандардағы кез келген меншік нысанына негізделген заңды тұлғалар жатады. Сондай-ақ оларға сол бір немесе өзге азаматтармен еңбек шарттарын жасасқан заңды тұлғаны құрмай-ақ әрекет ететін жеке кәсіпкерлер де жатады.Зиян еңбек шартының шарттарымен немесе заңнамамен жұмыс уақыты ретінде анықталған кез келген уақытта келтірілуі мүмкін. Ол мерзімінен тыс жұмыс жасағанда, демалыс және жұмыс күндері жұмыс істеген кезде келтірілуі мүмкін. Бұл арада ең бастысы, зиян еңбек (қызметтік, лауазымдық) міндеттерді атқару аясындағы немесе жұмыс берушінің біржолғы тапсырмаларына сүйене отырып жасалған іс-әрекеттермен келтіруте "тиіс". Егер жұмысшылар кәсіпорындағы үзіліс уақытында ішімдік суларын ішіп алып, артынан төбелес шығарса және өз іс-әрекеттерімен біреуге залал келтірсе, жұмыс беруші олар үшін зиянды етеуге міндетті емес.Жаңа азаматтық заңнамамен аталған тұлғаларға зиянды өтеу жөніндегі міндетті жүктеудің мүмкін болатын жағдайлары елеулі түрде кеңейтілген. Белгілі бір тұлғалардың қызметіне, олармен бекітілген азаматтық-құқықтық шарттардың негізінде бақылау жасауға тиіс болған, сондай-ақ жұмыстар жүргізуге тапсырма берген заңды тұлғалар мен азаматтар өздерімен шарт жасасқан тұлғалардың (мердігерлердің) келтірген зияны үшін егер зиян келтірген іс-әрекеттер олармен тапсырма аясында жасаласа, немесе зиян келтіру тапсырыс беруші тарапынан тиісті бақылаудың болмауынан орын алса, жауап береді.Шаруашылық серіктестіктер, акционерлік коғамдар мен өндірістік кооперативтер өздерінің қатысушылары (мүшелері) серіктестіктің акционерлік қоғамның немесе кооперативтің кәсіпкерлік өндірістік немесе өзге де қызметін жүзеге асыруы кезінде соңғылары келтірген зиянды өтейді. Мемлекеттік органдардың заң актілеріне сәйкес келмейтін актілерді шығарғаны үшін жауапкершілікті көздейтін Азаматтық кодекстің ережесі де жаңа норма болып табылады. Қазақстан Республикасы Президентінің заңдарына, халықтарына, Қазақстан Республикасының Парламентінің қаулыларына сәйкес келмейтін актілер мемлекеттік басқару органдарымен, жоғары атқарушы органдармен, лауазымды тұлғалармен шығарылуы мүмкін. Олар жеке реттеушілік маңызға не нормативтік сипатқа ие болуы мүмкін.Заңға сәйкес келмейтін актілерді шығару нәтижесінде азаматтар мен заңды тұлғалардың әртүрлі құқықтарына шек қойылуы мүмкін (меншік құқығы, өзге де заттық құқықтар, кәсіпкерлікпен айналысу құқығы және т.б.). Аталған актілерді шығару нәтижесінде келтірілген зиян сот шешімінің негізінде өтелуге жатады. Бұл арада акті шығарған органдар мен лауазымды тұлғалар кінәсінің болуы талап етілмейді. Зиян мемлекеттік қазына есебінен өтеледі. Актілер қандай органдармен немесе лауазымды тұлғалармен жергілікті не жоғары атқарушы орган-дарымен шығарылғанына байланысты өтеу республикалық немесе жергілікті қазына қаражатының есебінен жүзеге асырылуға тиіс. Қа-зына өкілдері болып, әрбір жеке жағдайда қаржы органдары не ар-найы тапсырма бойынша басқа органдар мен азаматтар шығады.Жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен лауазымды адамдар кез келген заңға қайшы іс-әрекеттерімен келтірілген зияны үшін өз алдына дербес жауап береді. Оларды жауапкершілікке тарту кезінде жергілікті өзін-өзі басқару органдары өз иелігіндегі қаражаттармен жауап беретін болады. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жауапкершілік мәселесін қарастыра отырып, олардың Қазақстанда енді ғана құрылатынын ұмытпаған жөн. Оларды ұйымдастырумен олардың қызмет ету тәртібі туралы заң әлі қабылданған жоқ.Зиян заң актілеріне сәйкес келмейтін акітлерді шығару мен ғана емес, сондай-ақ мемлекеттік басқару аясындағы мемлекеттік органдар лауазымды тұлгаларының кез келген басқа да іс-әрекеттерімен де келтірілуі мүмкін. Бұл орайда зиянды өтеу жалпы ережелер бойынша, яғни зиян келтірушінің кінәсі болған кезде жүргізілуге тиіс. Мысалы, салық органының өкілі саудагерлерден оның тауарын алып қоюдың заңдығын білетұра оны алып қояды және артынан тауардың бүлінуіне жол береді. Зиян мемлекеттік басқару органының иелігіндегі қаражат есебінен өтелуге тиіс. Қаражаттың жетіспеушілігі орын алған кезде зиян мемлекеттік қазына есебінен субсидиарлық тәртіпте өтелетін болады.ҚР АК 921-бабының 1-тармағында аталған іс-әрекеттерді жасау нәтижесінде аталған органдардың іс-әрекеттерімен келтірілген зиян анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдары лауазымды тұлғалары зиян келтірудегі кінәсіне қарамастан мемлекетпен өтеледі.Яғни мұнда сот, тергеу, қателіктері туралы сөз болып отыр. Жасалатын іс жүргізушілік әрекеттердің формалды заңдылығына қарамастан, нәтижесінде қылмыстық қудалау немесе іс жүргізушілік шараларды заңсыз қолдану орын алуы мүмкін. Басқа да заңсыз іс-әрекеттер болуы мүмкін.Атап айтқанда, субъект заңсыз сотталуы, заңсыз қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін, оған алдын алу шарасы ретінде қамауға алу, үйде ұстау ешқайда кетпеу қолхатын алу заңсыз қолданылуы мүмкін. Адамға қамау немесе түзеу жұмыстары түріндегі әкімшілік жаза заңсыз белгіленуі мүмкін. Адам психиатриялық стационарға немесе өзге де емдеу мекемесіне заңсыз жатқызылуы мүмкін.Егер зиян азаматқа немесе заңды тұлғаға соттың прокуратура, алдын ала тергеу және анықтау органдарының заң актілеріне сәйкес келмейтін актілерді шығарумен келтірілсе, онда келтірілген зиян, егер ол ҚР АК 923-бабының 1-тармағына сәйкес өтелуге жатпаса, ҚР АК 922-бабының 1-тармағына сәйкес өтелетін болады. Егер азамат жала жасаса, оған келтірілген зиян өтелуге жатпайды. Алайда егер іс бойынша тергеу жүргізудің рұқсат етілмеген әдістерін қолдану не сезіктімен, айыпталушымен, сотталушымен жала жабуға немесе жалған жауап беруге алып келуі мүмкін болған басқа да заңсыздықтар анықталса, тұлғаға заңсыз соттау мен немесе қылмыстық процесс жүргізетін органдардың өзге де заңсыз іс-әрекеттерімен келті-рілген зиян өтелуге жатады. Кәмелетке толмағандар мен келтірілген зиян үшін көзделетін жауапкершіліктің ерекшеліктерін қарастырайық.14 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар жауапкершіліктің дербес субъектілері болып табылмайды. Олармен келтірілген зиян үшін ата-аналар (асырап алушылар), қамқоршылар. егер зиян олардың кінәсінен болмағанын дәлелдемесе жауап береді. Ата-аналардың қамқоршылардың кінәсі деп балаларды тәрбиелеуге кеткен олқылықтар түсініледі. Олар заңнама мен ата-аналардың тәртібіне қатысты ғана қарастырылады. Қазақстан Республикасы Жоғарғы сот пленумының 28 маусым 1993 жылғы ''Балаларды тәрбиелеумен байланысты дауларды шешу кезінде соттар мен заңнаманы қолдану тәжірибесі туралы" қаулысы бар. Жоғарғы соттың аталған қаулысының 14-тармағында өз міндеттерін орындауда ата-аналардың жалтаруларын анықтау белгілері туралы айтылады. Мұндай бұзушылықтар ретінде баланы адамгершілік, дене және рухани тұрғыдан дамыту оны қоғамдық пайдалы еңбекке үйрету мен дайындау жөніндегі ата-аналық парызды жүйелі түрде орындамау қарастырылады. Ата-аналар балаларға өздерінің аморальді қоғамға қарсы тәртібімен де зиянды ыкпал етуі мүмкін. Осы аталғандар ата-аналардың өз балаларына зиян келтірудегі кінәлі болуының ауыр жағдайлары болып табылады.Егер қорғаншылыққа мұқтаж жас бала тиісті тәрбиелеу, емдеу мекемесінде халықты әлеуметтік қорғау мекемесінде немесе заңға орай өзінің қорғаншысы болып табылатын осы сияқты басқа мекемеде болса, егер зиян өзінің кінәсінен болмағанын дәлелдемесе, жас бала келтірген зиянды сол мекеме өтеуге міндетті. Аталған субъектілерден басқа, жас балалардың іс-әрекеттері үшін оларды асырауға емес, ал оларға қадағалау жасауға міндетті мекемелер, (тәрбие, емдеу немесе басқалары) жауап беруі мүмкін. Яғни кәмелетке толмаған бала, күндізгі бала оқуға, емделуге, ақталуға және т.б. келіп одан кейін үйіне қайтады. Мекемелер жас балалардың өздері (мекемелер) қадағалау жасауға міндетті болған уақытында жасаған іс-әрекеттері үшін жауапты болады. Олар егер зиян олардың қадаға-лауды жүзеге асырудағы кінәсінен болғанын дәлелдесе, жас балалар мен келтірілген зияны үшін жауапкершіліктен босатылуы мүмкін.Заңсыз іс-әрекеттермен зиян келтіргені үшін жауапты болатын барлық тұлғалардың зиянды етеу жөніндегі міндетті жас баланың кәмелетке толуы мен немесе оның зиянды өтеу үшін жеткілікті мүлік алуымен тоқтатылмайды. Егер ата-аналары (асырап алушылар), қорғаншылары қайтыс болса, бала тәрбиелеу, емдеу оқыту және басқа да соған ұқсас мекемелер таратылса,онда міндеттеме өзімен өзі тоқтатылады. Сондай-ақ егер жас баланың іс-әрекеті үшін жауапты азаматтар төлеуге мүмкіндіктері болмаса (жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу үшін жеткілікті қаражаты болмаса) оларды зиянды өтеуден сот-пен босатылуы мүмкін. Егер әрекетке қабілетті болған зиян келтірушіге зиянды өтеу үшін жеткілікті қаражаттар болса бұл мүмкін болады.Сот жәбірленуші мен зиян келтірушінің мүліктік жағдайын сондай-ақ басқа да мән-жайларды ескере отырып, зиян келтірушінің өзінің мүлкі есебінен толық немесе ішінара өтеу туралы шешім қабылдауға құқылы. Тиісінше аталған тұлғаларда зиян өтеуден толығымен немесе ішінара босатылатын болады.14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар өздері келтірілген зиян үшін жалпы негіздер үшін дербес жауап береді. 14 жастан 18-жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың зиянды өтеу үшін жеткілікті мүлкі немесе өзге кіріс көздері болмаған жағдайда егер олар зиянның өз кінәсінен болмағанын дәлелдемесе, зиянды толық немесе оның жетпей тұрған бөлігін ата-аналары (асырап алушылары) немесе қамқоршылары өтеуге тиіс. Яғни бұл жерде аталған тұлғалардың кінәлі субсидиарлық жауапкершілігі туралы сөз болып отыр, кінәлілік белгілері жас балалармен зиян келтіргені үшін туындайтын жауапкершілікті анықтау кезінде қолданылатын белгілер боп табылады. Егер 14 жастан 18-жасқа дейінгі кәмелетке толмаған адам тиісті емдеу мекемесінде, халықты әлеуметтік қолдау мекемесінде немесе заңға орай оның камкоршысы болып табылатын сол сияқты басқа да мекемеде болса, зиян өздерінің кінәсінен болмағанын дәлелдемесе зиянды толық немесе оның жетіспей тұрған бөлігін сол мекемелер өтеуге міндетті.Ата-аналардың (асырап алушылардың) қамқоршының және тиісті мекеменің зиянды өтеу жөніндегі міндетті зиян келтірушінің кәмелетке толуы бойынша немесе онда кәмелетке толғанға дейін зиянды өтеуге (мысалы, мұра алды). Жеткілікті мүлік немесе кіріс көздері пайда болса тоқтатылады. Аталған тұлғалардың міндетін тоқтатудың тағы бір негізі болып кәмелетке толмаған адамның кәмелетке толғанға дейін әрекет қабілеттілігіне ие болуы (мысалы, некеге тұру) табылады. Осы келтірілген тәсілдер мен міндетті тоқтату мүмкіндігі осы жауапкершіліктің жас балалардың жауапкершілігінен ерекшелерін көрсететін белгі оның субсидиарлық сипаты.Жаңа азамттық заңнамада ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарға да оларды кәмелетке толмаған балалары мен келтірілген зиян үшін жауапкершілік жүктеу мүмкін екенін белгілейтін норма көзделген (ҚР АК 927-бап). Мұндай тұлғаларға жауапкершілік жүктеу үшін екі түрлі шартты сақтау қажет: 1) ата-ана құқықтарынан айырылған сәттен бастап үш жылдан артық емес уақыт өту керек: 2) зиян келтірілуге әкеп соқтырған баланың тәртібі ата-ананың баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін дұрыс жүзеге асырмауының салдары болып табылады.Өз іс-әрекетінің мәнін түсіне алмаған немесе өзіне өзі ие бола алмайтын жағдайда зиян келтірген әрекетке қабілетті азамат, сондай-ақ он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар өздері келтірген зиян үшін жауап бермейді. Егер зиян жәбірленушінің өміріне немесе денсаулығына келтірілсе, сот жәбірленуші мен зиян келтірушінің мүліктік жағдайын сондай-ақ басқа да мән-жайларды ескере отырып, зиянды өтеу жөніндегі міндетті зиян келтірушіге толық немесе ішінара жүктей алады.Егер спирт ішімдіктерін, есірткі заттарды пайдаланып немесе өзге әдіспен өзін осындай жағдайға келтірсе, зиян келтіруші зиянды өтеу жөніндегі (жауапкершіліктен) міндеттен босатылмайды.Шынайылықты қабылдаудың бұзылуы қысқа мерзімді емес, ал денсаулықтың қатты ауруға шалдығуы орын алуы мүмкін, яғни тұлғаның жүйке ауруы және ақыл-ойының кемістігі салдарынан өз іс-әрекетінің мәнін түсіне алу немесе өзіне өзі ие бола алу мүмкіндігінің болмауы. Алайда, осы тұлғаның әрекетке қабілетсіздігі туралы құқықтық қорытынды сотпен бұрын жасалмағандықтан, осындай тұлғамен зиян келтірілген кезде, тұлғаның өз әрекетінің мәнін түсіне алмаған немесе өзіне өзі ие бола алмайтын жағдайда зиян келтіру туралы нормаларды қолдану қажет болады. Егер зиян келтірушімен бірге тұратын еңбекке қабілеттілер жұбайы, ата-анасы, кәмелетке толған балаларының осындай жағдайын білген бірақ оны әрекетке қабілетсіз деп тану және оған қорғаншылык жасау туралы мәселе қоймаған болса, онда сот зиянды өтеу міндетін осы тұлғаларға жүктеуі мүмкін.Жоғары қауіптілік көздерімен келтірілген зияны үшін жауапкершілік мәселелерін карастырайық. Азаматтық кодекс бұл түсініктің заңды анықтамасын қамтымаған Қазақстан Республикасының 3 сәуір 2002 жылғы "Зиянды өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы" Заңының 3-бабында қауіпті өндірістік объектілердің анықтамасы берілген. ҚР АК 931-бабында қызметі айналасындағылар үшін жоғары қауіптілікпен байланысты заңды тұлғалармен азаматтар туралы айтылады. Яғни әрбір өз алдына жеке жағдайда, өзі заңнамалық сілтемеге сүйене отырып, соттар сол бір немесе өзге қызметтің жоғары қауіптілікке жататындығын немесе жатпайтындығын анықтайтын болады.931 - баптың тікелей нұсқауына орай қызметі жоғары қауіптілікпен байланысты субъектілер болып көлік ұйымдары, өнеркәсіптік кәсіпорындар, құрылыстар (құрылыс ұйымдары) көлік құралдарының иелері және т.б. танылады. Олардың жауапкершілігі кінәсіз сипатқа ие. Аталған және соған ұқсас басқа да субъектілер жоғары қауіптілік көздерінің иелері, егер зиян дүлей күштердің немесе жәбірленушінің теріс пиғылының салдарынан пайда болғанын дәлелдемесе, жоғары қауіптілік көздері келтірген зиянды өтеуге міндетті.Әрекет етуші заңнамамен тұлғаның жоғары қауіптілік кө-зінің иесі болып табылатындығы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік беретін негіздер елеулі түрде кеңейтілген. Бұрын меншік құқығы және оралымды басқару құқығы негізінде ғана ал кейіннен толық шаруашылық жүргізу негізінде түсінілетін болды.Енді жоғары қауіптілік көздерінің иелері ретінде жоғары қауіптілік көзін меншік құқығының, шаруашылық жүргізу, оралымды басқару құқығының не басқа кез келген заңды негізде иеленетін азаматтар немесе заңды тұлғалар танылады. Яғни, субъект мүлікті оны жалға алу шарты бойынша, көлік құралын жүргізу құқығын сенімхат негізінде, затты беру туралы (мысалы, жауапты сақтауға) құзіретті орган өкіміне орай және т.с.с. негіздер бойынша иелене алады. Мүлікті меншік иесінің еркінен тыс құқыққа қайшы іс-әрекеттер жасаумен иеленген тұлғалар жоғары қауіптілік көздерінің иелері ретінде жауап бере-тін болады.Жоғары қауіптілік көзінің иесімен еңбек қатынастарында тұрған және тікелей оның пайдаланылуы мен қызмет көрсетуін жүзеге асыратын субъектілер оның иелері ретінде қарастырылмайды. Жоғары қауіптілік көздерінің өзара іс-қимылы салдарынан олардың иелеріне келтірілген зиян жалпы негіздерде өтеледі. Зиян келтірудегі жоғары қауіптілік көзі иелерінің әрқайсысынын кінәсін ескеру кажет. Жоғары қауіптілік бір иесінің кінәсі бойынша келтірілген зиян соның тарапынан толық көлемде өтелуге тиіс. Екі немесе бірнеше тараптың кінәсінен келтірілген зиян олардың әрқайсысының кінәсінің дәрежесіне сай өтеледі. Тараптардың әрқайсысының кінәсінің дәрежесін белгілеу мүмкін болмаған кезде жауаптылық олардың арасында тең бөлінуге тиіс. Егер зиян келтіруде тараптардың кінәсі болмаса, олардың бірде біреуінің зиянды өтеуді талап етуге құқығы жоқ. Тараптардың әрқайсысы мұндай жағдайда өзі шеккен шығындар тәуекелін көтереді.Азаматтарға денсаулығының зақымдануына немесе жәбірленушінің қайтыс болуына байланысты төленетін зиянды өтеу сомалары күн көріс құны артқан жағдайда заң актілерімен белгіленген тәртіппен индекстелуге тиіс. Жалақының ең төменгі мөлшері заң актілерімен белгіленген тәртіп бойынша артқан жағдайда жоғалтылған табысты (кірісті), жәбірленуші денсаулығының зақымдануына және қайтыс болуына байла-нысты тағайындалған өзге төлемдерді өтеу сомалары айлық есептік көрсеткіштің артуына бара-бар көбейтіледі. Жәбірленуші заң актілеріне сәйкес міндеттемені тоқтатуды немесе мерзімінен бұрын орындауды талап етуге құқығы болған жағдайларда, мұндай талап тиісті мерзімдік төлемдерді капиталдандыру жолымен қанағаттандырылады.Қылмыстық әрекеттен жәбірленген тұлға емделуге кеткен шығындарды өтеуді талап етуге құқылы. Емделумен байланысты барлық шығындарды (ол тегін емделген жағдайлардан басқа) жәбірленуші зиян келтірушіден өндіріп алуға құқылы. Бұдан баска жәбірленушіге қосымша тамақтануға, протездеуге, сырттан күтім жасауға, санаториялық-курорттык емделуге, арнайы көлік құралдарын алуға басқа мамандыққа дайындауға және т.б. кеткен шығындар өтеледі. Бұл шығындар, егер ол тиісті көмекке мұқтаж екені және оларды тегін алмайтындығы танылса, жәбірленушіге өтеледі. Шығындарды өндіріп алу медициналық сараптама қорытындысының негізінде белгіленген мерзімдер шегінде алдагы уақытқа жүргізілуі мүмкін. Мұндай қажеттілік қызмет көрсету мен мүлік құнын (жолдама сатып алу, жол ақысын төлеу, арнайы көлік құралдарына ақы төлеу) алдын ала ақы төлеу қажет болған кезде туындауы мүмкін. Жәбірленушіге күтім жасауға кеткен шығындар, олардың кіммен жасалатындығына (зайыбымен, ата-анасымен немесе бөтен адамдармен) және мүлдем жасалмағандығына қарамастан өндірілуге тиіс. Олар қосымша дәрігерлік немесе тұрмыстық күтімге деген қажеттілік дәрігерлік қорытындымен анықталғандығына байланысты өндіріліп алуға тиіс. Егер олар күтім үшін нормативті түрде белгіленген өтема-қыдан асып кетсе, жәбірленуші нақты жасалған шығындарды өндіріп алу мүмкіндігіне ие болуға тиіс.Егер жәбірленуші көлік құралына мұқтаж болса, онда оған қызметтік (еңбек) міндеттерін орындау барысында жарақат алған жұмысшылар мен қызметшілерге сияқты қолмен басқаратын (мотоколяскалар) арнайы көлік құралының құны өтелуге тиіс.Азамат қайтыс болған жағдайда қайтыс болған адамның асырауындағы немесе ол қайтыс болған күнге дейін одан жәрдем ақша алуға құқылы болған еңбекке жарамсыз адамдардың, қайтыс болған адамның ол қайтыс болғаннан кейін туған баласының, сондай-ақ ата-анасының біреуі, зайыбы не еңбекке қабілеттілігіне қарамастан жұмыс істемейтін және қайтыс болған адамның асырауында болған балаларын, немерелерін, жасы 14-ке толмаған не аталған жасқа толса да, медицина орындарының қорытындысы бойынша денсаулық жағдайына байланысты басқа адамның күтуіне мұқтаж аға-інілері мен апа-қарындастарын күтумен айналысатын, отбасының басқа да мүшесінің зиянды өтетіп алуға құқығы бар.Қайтыс болған адамның асырауында болған және ол қайтыс болғаннан кейін бес жылдың ішінде енбекке жарамсыз болып калған адамдардың да зиянды өтетіп алуға құқығы бар.Ата-аналарының біреуі, зайыбы не жұмыс істемейтін және қайтыс болған адамның балаларын, немерелерін, жасы 14-ке толмаған не аталған жасқа толса да денсаулық жағдайына байланысты басқа адамның күтуіне мұқтаж аға-інілері мен апа-қарындастарын күтумен айналысатын және күтуді жүзеге асыру кезеңінде енбекке жарамсыз болып қалған отбасының басқа мүшесі осы адамдарды күту аяқталғаннан кейін зиянды өтетіп алу құқығын сақтап қалады.Зиян, кәмелетке толмағандарға - 18-жасқа толғанға дейін, 18-дегі және одан да ересек жастағы оқушыларға - күндіз оқыту нысанындағы оқу орындарындағы оқуы аяқталғанға дейін, бірақ әрі кеткенде 23-жасқа дейін, 58-жастан асқан әйелдер мен 63-жастан асқан ер адамдарға - өмір бойы; мүгедектерге- мүгедектік мерзіміне; ата-аналарының біреуіне, жұбайына не қайтыс болған адамның асырауында болған балаларын, немерелерін, аға-інілері мен апа-қарындастарын күтумен айналысатын отбасының басқа мүшесіне 14-жасқа толғанға дейін не денсаулық жағдайы өзгергенге дейін өтеледі.ҚР АК 940-бабының мәнісіне сәйкес еңбекке жарамсыз асыраудағы адамдар қайтыс болған адамның отбасы мүшелері болып табылады (олардың қатарына отбасына тәрбиелеуге алынған балаларды да жатқызуға болады). Отбасының кәмелетке толмаған мүшелері, олар қайтыс болған адамнан нақты жәрдем ақша алғандығына немесе алмағандығына қарамастан, зиянды өтету құқығына ие болуға тиіс. Зиянды өтету құқығының болуының негізгі белгісі ретінде қайтыс болған адамнан жәрдем ақша алуға деген құқықтың оның көзі тірісінде болуы танылады.Азаматтың қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге құқығы бар адамдарға зиян оның көзі тірісінде өзінің асырауына алған немесе алуға құқылы қайтыс болған адамның табысының (кірісінің) үлесі мөлшерінде өтеледі. Табысты есептеу тәртібі денсаулыққа зиян келтірудегі тәртіп сияқты жүзеге асырылады. Қайтыс болған адамның кірістерінің құрамына оның табысымен қатар көзі тірісінде алып жүрген зейнетақысы, ғұмырлық жәрдем ақшасымен осы сияқты басқа да төлемдер қосылады.Заңнама мәнісі бойынша ата-анасының екеуінен де айырылған балаларға өтелетін зиянның мөлшерін анықтаған кезде қайтыс болғандар табысының жалпы сомасына сүйену керек. Жәбірленушінің қайтыс болуымен байланысты зиян үшін жауапты тұлғалар жерлеуге қажетті шығындарды осы шығындарды көтерген тұлғага өтеуге міндетті. "Республика соттарымен денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу бойынша заңнаманы қолданудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Пленумының 9-шілде 1994 жылғы қаулысының 12-тармағына сәйкес мұндай шығындарға жерлеумен тікелей байланысты шығындар жатқызылады. Оларға табыт жасауға, қайтыс болған адамға киім алуға, гүлдерден өрілген шең-берлер алуға, бейіт қазуға, өлген адамды жерлеу жеріне жеткізуте және т.б. кеткен шығындар жатады. Оларды жасаудың нақты құнына сүйене отырып, ескерткіштер мен қоршаулар орнатуға кеткен шығындар да өтелуте жатады. Бірақ олар сол елді-мекенде белгіленген стандартты ескерткіштер мен қоршаулардың шекті құнынан асып кетпеу керек.Жерлеуге кеткен артық шығындар тараптардың келісімі бойынша өтелетін зиянға енгізілуі мүмкін. ҚР АК 945-бабы заңды тұлға тоқтатылған ретте зиянды өтеуді көздейді (яғни деликвент болып заңды тұлға танылғанда). Өмір мен денсаулыққа келтірілген зиян үшін белгіленген тәртіппен жауапты болып танылған заңды тұлға қайта ұйымдастырылған жағдайда тиісті төлемдерді төлеу жөніндегі міндетін оның құқық ми-расқоры алады. Оған зиянды өтеу туралы бұрынғы жүзеге асырылмаған немесе кейіннен пайда болған талаптар да қойыла алады.Өмір мен денсаулыққа келтірілген зиян үшін белгіленген тәртіппен жауапты болып танылған заңды тұлға таратылған жағдайда тиісті төлемдер оларды жәбірленушіге төлеу үшін капиталдандырылуы тиіс. Таратылатын заңды тұлғада мүліктің болмауы немесе оның жеткіліксіз болуына байланысты төлемдерді капиталдандыруды жүргізу мүмкін болмаған жағдайларда тағайындалған соммаларды жәбірленушіге заң актілерінде белгіленген тәртіппен мемлекет төлейді.Енді моральдық залал (зиян) үшін туындайтын жауапкершілік мәселелеріне тоқталайық. Азаматтық құқық теориясында моральдық зиян жәбірленушіге жан азабы мен тән азабын келтіруден, азаматтық ар-намысы мен абыройын кемсітуден көрінетін мүліктік емес зиян ретінде анықталады.Моральдық зиянның бірінші заңды анықтамасы жоғарыда келтірілгеннен мүлдем ерекшеленген жоқ. Моральдық зиян деп азаматқа заңға қайшы іс-әрекеттермен келтірілген жан, дене азабы түсінілетін.Азаматтық заңнамада мұндай азаптар жәбірленушінің қорлануды, ызалануды, түңілуді, тән ауруын, залал шегуді, қолайсыз жағдайда қалуды және т.б. бастан кешіруі ретінде нақтыландырылған еді. Осы анықтамалар үстүрт болғандықтан олар одан әрі нақтылануды талап етті. Олар бойынша моральдық зиянды зиянның бұрын қалыптасқан жалпы анықтамасына туралау қиын екендігін бірден түсінуге болады. Сол бір немесе өзге зиян құқықтық мағынада - бұл белгілі бір шектерде болуға тиіс өтетіп алу құқығын беретін белгілі бір нысандағы нақты бір игілікті кез келген жағдайда кеміту. Қазіргі уақытта моральдық зиян заңмен қорғалатын кез келген игіліктер мен құқықтарға қол сұғушылық нәтижесі ретінде түсініледі. Әрекет етуші заңи анықтамаға сәйкес, моральдық зиян жеке және заңды тұлғалардың өзіндік мүліктік емес игіліктері мен құқықтарының бұзылуы, кемсітілуі немесе олардан айырылуы соның ішінде жәбірленушінің өзіне қарсы құқық бұзушылықтың жасалуы салдарынан басынан кешірген (төзімін тауысқан, уайымға салған) жан азабы немесе тән азабы (қорлау, ызаландыру, қысым жасау, ашуландыру, ұялту, түңілту, тән қиналуы, залал шегу, қолайсыз жағдайда қалу және т.б.).Моральдық зиянды өздеріне қарсы құқық бұзушылық жасалатын игіліктер мен құқықтарды тікелей келісумен барлық жағдайларда теңдестіруге болмайды. Заң шығарушылар моральдық зиянның өтелуге тиіс мүліктік зиянға қарамастан өтелетіндігіне нұсқай отырып (ҚР АК 952-бап 3-т) мұны ішінара көздеген. Сірә бұл баптың формулировкасын өзгертіп, оны мынадай мазмұнда жазу керек: "моральдық зиян мүліктік зиянға қарамастан өтеледі". Сол кезде ол моральдық зиян деликтілік міндеттеменің жалғыз негіздемесі болып табылатын жағдайларды да қамтиды.Моральдық залал келтіруден туындайтын міндеттеме деликтілік міндеттемелердің бір түрі ретінде танылады. Ол өзі негізі ретінде зиян келтіру бойынша басқа да міндеттемелер сияқты шарттарға ие, моральдық зиян келтірудегі кінәнің болуы талап етіледі. Азаматтың мүліктік құқықтарын бұзатын іс-әрекеттермен (әрекетсіздікпен) келтірілген зиян үшін жауапекершілік тек заңнамада тікелей көзделген жағдайларда ғана туындайтын болады. Азаматтар мүліктік емес зиянды деликтілік міндеттемелердің негізі болып табылатын барлық жағдайларда өтетіп алуға құқылы болады. Заңды тұлғаларға келтірілген мү-ліктік емес залал шектеусіз өтелуге жатады.Зиян келтірушінің кінәсіне қарамастан моральдық зиян мына жағдайларда егер:

- зиян азаматтың өмірі мен денсаулығына жоғары қауіптілік көзі арқылы келтірілсе;

- зиян азаматқа онын заңсыз сотталуының, заңсыз қылмыстық жауапқа тартылуының, бұлтартпау шарасы ретінде заңсыз қамауға алуды, үйде қамауда ұстауды немесе ешқайда кетпеуі туралы қолхат алуды қолданудың, қамауда ұстау, психиатриялық емдеу мекемесіне немесе басқа емдеу мекемесіне орналастыру түрінде әкімшілік жазаны заңсыз қолданудың салдарынан келтірілсе;

- зиян ар-ожданына, қадір-қасиетімен іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтер тарату арқылы келтірілсе;

- заң актілерінде көзделген өзге де жағдайларда өтеледі.
Моральдық (мүліктік емес) зиян - элементі өзіне ғана тән болып табылады. Оны анықтау қиынға соғады және әдетте оны бағалаумен ол үшін өтемақы белгілеу шартты болады. Заңнама бұл орайда моральдық залал үшін өтемақының төменгі және жоғарғы шектерін бекітпейді. Оны келтіргені үшін белгіленген негізгі талап - өтемақы әділетті болуға тиіс. Ол үшін белгіленетін өтемақы ақшалай нысанда болуға тиіс. Моральдық зиянның мөлшерін анықтаған кезде жәбірленушінің ізгілік қасиетіне келтірілген адамгершілік залалдың ауырлығын онын субъективті түрде бағалауы ескеріледі. Сондай-ақ жәбірленушінің жан азабымен тән азабының дәрежесін дәлелдейтін объективті деректер де ескеріледі. Есепке қол сұғу объектісі болған игіліктің өмірлік маңыздылығы алынады. Мысалы, заңмен қорғалатын барлық игіліктердің ішінде ең маңыздысы болып өмір табылады. Тиісінше оған қол сұққан үшін белгіленетін өтемақы ең жоғары болуға тиіс. Денсаулыққа, ар ожданға, қадір қасиетке, бостандыққа, тұрғын үйге және т.б. қол сұғу ауыр қол сұғушылыктар деп есептеледі. Сонымен қатар, есепке құқық бұзушылық зардаптарының ауырлығы (жақын туыстарын өлтіру, мүгедектікке әкеп соққан дене жарақатын салу, бас бостандығынан айыру, жұмыстан немесе тұрғын үйден айыру және т.б.) ескеріледі. Ұятқа қалдыратын жалған мәліметтер тарату сипаты мен аясы, жәбірленушінің өмір сүру жағдайлары (қызмет, отбасы, тұрмыс, материалдық, денсаулық жағдайы, жасы және басқалары), өзге де назар аударуға тұрарлық мән жайлар бағаланады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет