2. Біздің отандық ілім халықаралық азаматтық-құқықтық, шетелдермен отбасылық, еңбек немесе халықаралық қатынастарды реттейді деген көзқарасты ұстанады. Осылайша, халықаралық дербес құқық дегенде кең ауқымды бір мемлекеттің аумағында ғана орын алмайтын азаматтық-құқықтық қатынастар туралы айтуға болады, қайсыбір мемлекет азаматтары арасындағы мүліктік және оларға байланысты емес жеке мүліктік емес қатынастарды айтпастан бұрын, бұл мемлекеттер арасындағы сыртқы саяси қатынастарды да козғап өту керек.
Ең біріншіден, мүліктік қатынастағы халықаралық құқық шетелдік элементке ие екендігі туралы айтылуы керек. Осындай шетелдік элемент бар мүліктік қатынастардың негізгі деген үш тобын бөліп қарастыруға болады:
1. Шетелдік болып табылатын субъектінің қатысуымен болатын мүліктік қатынастар. Бұл шет мемлекеттің азаматы, шет мемлекеттің заңды тұлғасы немесе тіптен, шетелдік мемлекеттің өзі де болуы мүмкін. Мәселен, казақстандық өнеркәсіп орны ағылшындық фирмамен тауар партиясын сату туралы шарт жасайды. Мұндай жағдайда шетелдік элемент болып ағылшындық фирма табылады.
- Субъектілердің барлығы бір мемлекетке тиесілі мүліктік қатынастар (мәселен, мұрагерлік мүлік) тиісті қатынастар пайда болатын объект шетел аумағында болатын болса.
- Заңды фактімен пайда болуы не тоқтатылуы тығыз байланысты мүліктік қатынастар (зиян келтіру, шарт жасау, өлім т.б.).
Отандық ілім халықаралық дербес құқық сонымен катар, халықаралық азаматтық іс жүргізу мәселелерін де карастырды. Мұның астарында, азаматтық істе шетелдік элементтің болуы әлдебір процессуалдық салдар туғызады деген пікір туғызады.
Халықаралық дербес құқықтың тарихи негізін коллизиялық нормалар құраған. Шетелдік элементі бар азаматтық құқықтық қатынастарды реттеудің басты ерекшелігі - көп жағдайда халықаралық дербес кұқық мәселелерін шешуде тікелей ереже және қолданылатын ереже жоқ. Бұл ережелер тек қай заңнама қолданылуы керек екендігі туралы меңзейді. Мұндай сипаттағы ережелер коллизиялық деп аталады.
Заң тұрғысынан алғанда коллизиялық нормалар халықаралық дербес құқық құрамына кіретін аса күрделі нормаларды білдіреді. Мемлекеттер қолданатын осындай нормалардың жиынтығы коллизиялық құқықты құрайды. Коллизиялық құқық халықаралық дербес құқықтың аса күрделі және аса маңызды бөлігін құрайды, бірақ коллизиялық сауалдар мен халықаралық дербес құқық мазмұны толығымен ашылмайды.
Халықаралық дербес құқық аясына шетел элементі бар халықаралық азаматтық құқықты реттейтін барлық нормаларды енгізген жөн. Бұл ретте мемлекеттердің арасындағы құқық емес, олардың арасында орнайтын қатынас басты мәнге ие болуы тиіс. Осындай түсініктен кейін халықаралық дербес құқық құрамына халықаралық қатынастар көмегімен унификациялауға көп мән берген жөн. Шаруашылық өмірдің интернационалдануы сауда, көлік және басқа салалардағы материалдық құқықтардың унификациялануына алып келуде.
Халықаралық дербес құқықтың қолданылар кеңістігі мен оның мазмұны туралы сұрақтар құқықтық доктринада қолданыла бермейді. Шетелдік теория мен тәжірибеде белгілі бір дәрежедегі ортақ түсінік қалыптасты, яғни шетелдіктердің статусынын сауалы халықаралық дербес құқыққа бағытталған. Сонымен катар, осы тұста да бірқатар нюанстар бар. Мәселен, Францияда шетелдіктердің құқықтық жағдайы ешқандай сауалдарсыз халықаралық дербес кұқықтың реттеуіне енгізіледі, ал Англияда, Уэльсте және Нидерланта бұл халықаралық дербес құқықтың көрінісі деп танылады. Бірқатар жағдайларда халықаралық дербес құқықтың аясы туралы доктриналық көзқарастар халықаралық дербес құқық туралы заңнамада өз бекімін тапқан. Мәселен, Венгрияның халықаралық дербес кұқық туралы Заңында оның әсер ететін аясы белгіленген: бұл заң бейбітшілік кезіндегі шетел мемлекетімен осы мемлекеттің арасындағы азаматтық, отбасылық, еңбек қатынастарын реттейді деп көрсетеді. Ағылшындық, американдық, голландық ғалымдардың еңбектерінде халықаралық дербес құқықты реттеуге коллизиялық нормалар жатқызылады. Бұл реттегі сұрақтардың барлығы көбіне соттылыққа байланысты болып келеді, яғни белгілі бір даулы қатынастарды реттеуде қай мемлекеттің соты басым рөлді алу керек деген сауалдар, осыған байланысты қай елдің құқығы қолданылатындығы туралы мәселе шешіледі.
Шетелдіктердің құқықтық жағдайын халықаралық дербес құқық мәселелерінің қатарына жатқызу Франция мен оның бұрынғы отарларына тән болып табылады. Сонымен қатар назар аударатын бір мәселе, Францияның халықаралық дербес құқығында шетелдік азаматтың Франция азаматтығын алуы, оның аумаққа енуі, оның азаматтық және саудадағы мәртебесі сияқты мәселелер басым орынды иеленеді. Француздық құқықтық доктриналарда халықаралық дербес құқыққа қатысты көзкарас кездеседі, оған сәйкес халықаралық дербес құқық халықаралық қатынасқа енуші субъектінің құқықтық жағдайын анықтаушы болып табылады.
Халықаралық дербес құқықты зерттеумен айналысатын ғалымдардың айтуы бойынша оның реттеу аясына, сонымен қатар азаматтық сауалын, олардың статусына, жария тәртіпке байланысты мәселелерді де енгізуі керек. Бірақ 1940-жылдардың басынан бастап, күні бүгінге дейін халықаралық дербес кұқықты іс жүргізу құқығымен байланыстыру сауалы ашық түрде қалып отыр.
Жоғарыдағы даулардың тиісті шешімін тапқанша халықаралық дербес құқықтың жалпы танылған және мойындалған пәнін анықтау мүмкін емес. Осы пәннің жүйесіне байланысты даулардың шексіз жалғасуы халықаралық дербес құқықтың құқықтық табиғатын және оның реттелу әдістерін, оның жүйесіне байланысты сұрақтарды шешуге мүмкіндік бермейді, өйткені құқықтың осындай сипаттаушы белгілері құқықтың реттеу пәніне тәуелді болып табылады.
Ен біріншіден айтарымыз, халықаралық дербес құқық реттейтін қатынастардын бір тобын бөліп алу үшін оның тек халықаралық қатынастарды реттейтіндігін атап өту керек. Халықаралық қатынастар күрделі кешенді құбылыс болып табылады. Бірінші кезекте мемлекетаралық қатынастарды ажыратып алған жөн (мұның ішінде мемлекеттен келіп шығатын субъектілерді де міндетті түрде қосамыз). Бұл қатынастардың тобының ерекшелейтін белгісі болып олардың субъектілері - мемлекеттерге тиесілі егемендік болып табылады. Нак осы егемендік арасындағы мемлекетаралық қатынастарды белгілейді. Мемлекетаралық қатынастар халықаралық жария құқықтың реттеу пәні болып табылады.
Мемлекетаралық қатынастар мен көбіне олардың субъектілері азаматгар мен ұйымдар (заңды тұлғалар) арасындағы қатынастар байланысты болып келеді. Мысалы, Қазақстан шетелдік мемлекетпен сауда және экономикалық әріптестік туралы шартқа отырады. Бұл халықаралық құқықтың реттеу пәні болып табылады. Аталған жағдай мемлекеттер арасында жасалатын шарттардың негізінде айқындалады. Бұл қатынастардан басқа сол мемлекеттердің жекелеген ұйымдары мен азаматтарының арасында да сауда, экономика мен коммерциялық қатынастар орнығып қалуы мүмкін. Бұл тұста, жоғарыда аталған мемлекетаралық шарттар оларды реттеуде әлсіз болып қалады. Сондықтан да халықаралық қатынастарда жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың қатысуы ерекше бір спецификалық қатынастарды тудырады.
Халықаралық дербес құқықтың аясында азаматтық құқық: азаматтардың құқықтық қабілеттілігі, шетелдік заңды және жеке тұлғалардың меншік құқықтары, сыртқыэкономикалық мәмілелерден туындайтын қатынастарды реттеу жолдары сияқты өзінің күрделілігі бойынша бұл азаматтық-құқықтық қатынастар, яғни әрбір мемлекеттің өзінің аумағында азаматтық құқықпен реттелетін қатынастар. Құқықтық білім азаматтық-құқық пәніне азаматтар мен заңды тұлғалардың арасындағы жеке мүліктік және мүліктік емес қатынастар жатқызылатындығы мәлім.
Дегенмен, халықаралық дербес құқық пен азаматтық-құқықтардың реттеу пәндерінің бірдей немесе ұқсас болуы олардың пән ретінде ұқсастығын білдірмейді. Халықаралық дербес құқық стаңдартты мүліктік қатынастарды емес, тек кана халықаралық қатынастардан туындайтын қатынастарды реттейді. Мәселен, екі қазакстандық фирма арасында жасалған шарт азаматтық-құқықықпен реттелуге жатады, ал егер сол шартка отырушы мемлекет шетел мемлекеті болса, бұл халықаралық дербес кұқыктың нормаларымен реттелуге жатады.
Осыдан шығатын корытындыны таразылай отырып, халықаралық дербес құқықтың қоғамдық қатынастарының екі белгісін шығарып алуға болады. Олар: біріншіден, халықаралық; екіншіден, азаматтық-құқықтық болып табылады.Тек қана осы екі белгінің бір кезде кездесуі ғана коғамдық қатынастардың құрамынан халықаралық дербес құқықтың пәні болып табылатын қатынастарды бөліп карастыруға жол ашады. Мысалы, Қазақстан азаматының өлімінен кейін оның Қазақстаңдағы аманаты ашылады және оған сәйкес мұрагерлері анықталады. Бұл тұста азаматтық-құқықтық қатынастар туындайды. Егер осы мұра басқа бір мемлекет аумағында ашылса немесе мұрагерлер шетелдік азаматтар болып шықса, онда бұл халықаралық дербес кұқықтың көмегіне жүгінетін қатынас болып шыға келеді.
Сәйкесінше, қазақстандық ішкі қатынастар азаматтық құқықпен реттеледі де, олардың біразы халықаралық сипатқа ие болатын болса, халықаралық дербес құқықтың реттеу пәніне кіреді.
Осыдан келіп, халықаралық дербес құқықтың пәні болып халықаралық азаматтық құқықтық қатынастар табылады деп жауап берумізге болады.
Осыдан келіп азаматтық деген қатынастардан бөлек отбасылық, еңбек қатынастары осы халықаралық дербес құқықтың реттеу объектісіне жатады ма, әлде жоқ па деген заңды сұрақтар туындай бастайды.
Халықаралық дербес құқықтың пәнін құрайтын тағы бір қатынастардың белгілері бар. Бұл жеке адамдар мен заңды тұлғалардың арасында жататын қатынастар. Дегенмен, бұл принцип өз бетіндік сипатка ие емес, өйткені олардың барлығы жеке құқықтық табиғаттан келіп шығады.
3. Халықаралық дербес құқықты құқықтьщ бір саласы ретінде басқа саладан айыра білу қажет.
Құқық жүйесіне байланысты бірқатар мәселелерді айтсақ, халықаралық дербес құқық басқа құқық салаларымен, атап айтканда, азаматтық құқықпен ұқсас болып келеді. Жалпы бөлімде, халықаралық дербес кұқықтың принциптері мен негізгі бастамаларына байланысты жалпы ережелер де шоғырланған. Бұлардың қатарына коллизиялық ережелердің қызмет етуі, шетелдік құқықты қолдануды шектеу мәселелері, сыртқы мәселелер мен ішкі заңнаманың арақатынасы, шетел азаматтары мен заңды тұлғаларына ерекше құқықтық режимді белгілеу сияқты ережелерді жатқызуға болады.
Халықаралық дербес құқықтың ерекше бөлімі, әдеттегідей, негізгі институттардан тұрады: азаматтардың азаматтық құқықтық жағдайлары, мемлекеттердің ерекше құқықтық қатынасқа түсуші ретіндегі ерекшеліктері, меншік құқығы, мәмілелер, түрлі сипаттағы шарттар, зиян келтіру салдарынан пайда болатын міндеттемелер, интеллектуалдық меншік құқығымен байланысты нормалар, мұрагерлік, отбасы-некөлік, сонымен қатар, еңбектік қатынастар. Халықаралық дербес құқық жүйесінде халықаралық арбитраж туралы мәселе ерекше беліп карастырылады. Оны халықаралық дербес құқықтың құқықтық саласына енгізу бірқатар қиындықтар туғызады. Бұл тұрғыда көбіне айтылатыны халықаралық арбитраж халықаралық дербес құқықтың аясында қалып қоймай, сонымен қатар халықаралық процестің сұрағы болып табылады.
Дегенмен, халықаралық коммерциялық арбитражды халықаралық дербес құқықтың аясына жатқызған кезде оның мақсаты мен қолданылуын еске алсақ жетерліктей болатын сияқты.
Оны азаматтық процеске косудың кажеттігі жоқ, себебі ұлттық құқықтың бұл саласы сот мекемелерінің қызметін реттейді, ал арбитраж болса, қоғамдық аралық соттарды білдіреді.
Осыған орай, халықаралық процесті халықаралық дербес құқықтың құрамына енгізген дұрыс па деген сұрақ туындайды. Құқық ғылымында бұл тұрғыда біркелкі ойдын жоқ екендігін айта кетейік. Бұл жердегі басты мәселе - шетелдік элемент материалдық құқықтық салдармен қатар процессуалдық құқықтық салдар туғызуы мүмкін бе деген сұраққа жауаптың табылмауы.
4. Халықаралық дербес құқықтың түсінігі мен мәнін айкындап болғанан кейін біз тағы бір сұрақты қарастыруымыз қажет. Бұл сұрақ бізге халықаралық дербес құқықты құқық саласы ретінде айқындап, оның құқық жүйесінде алатын орны қандай деген сұраққа жауап береді.
Аталған сұраққа жауап беру халықаралық құқықтың түсінігімен және оның құқықтық табиғатымен терең байланыста болып келеді, сондықтан да біз бұл тұрғыда да ғалымдардың ойларының кеп ұшқырлығымен кездесеміз. Олар: а) халықаралық дербес құқық кең ауқымда алғанда халықаралық кұқыкқа жатады; б) халықаралық дербес құқық мемлекеттің ішкі заңнамасының құрамына кіреді; в) халықаралық дербес құқық бұл құқықтың кешенді саласы болып табылады, яғни ішінара халықаралық жария құқыққа және дербес құқыққа - мемлекеттің ішкі заңнамасына қатысты болып келеді.
Осы аталғандардың барлығының шеңберінде өздеріне тән айырмашылықтары бар.
Біздің көзкарасымыз бойынша осы тұста бірқатар қорытындыларды жасауға болады:
-
халықаралық құқықтың халықаралық жария құқықпен
тығыз байланысты екендігі даусыз, бірақ бұл тұста ол дербес құқықпен мемлекеттің ішкі заңнамасымен де тығыз байланыста болып табылады;
-
халықаралық дербес құқықтың халықаралық құқықпен тығыз байланыста болуына қарамастан, ол ішкі құқық жүйесіне
кіреді. Бұл құқықтық реттеу пәнінен - дербес құқықтық қатынастардың мазмұнынан келіп шығады. Бұл қатынастар барлық кезде мемлекеттің бастамасында (әрине бұл тұста мемлекеттің заңының астарында деген сөз) болып табылатын субъектілер - жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың арасында болғандықтан жеке құқықтық реттеуге көп ұшырайды. Халықаралық құқықтық реттеу жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың арасындағы жеке қатынастарды реттеуге бағытталмағандығын білеміз;
-
ішкі құқық жүйесінде азаматтық (отбасылық және еңбек) құқықтың бір бөлігі болып табылмайды. Ол осы жүйеде өз бетіндік орынға ие болып табылады, өйткені оның өзіне тән реттеу әдісі мен өзіндік пәні бар болып табылады;
-
бұл құқықтың аты халықаралық дербес құқық деген сөзбен байланысты болғанмен, ұлттық-құқықтық табиғатқа ие болып табылады. Халықаралық жария құқықтан айырмашылығын атап айтар болсақ, халықаралық жария құқық барлық мемлекеттерге тән кұқыктың аясында өмір сүретін болса, халықаралық дербес құқық бұл жекелеген мемлекеттердің құқықтық жүйесінде өмір сүреді. Мысалы, қазақстандық халықаралық дербес құқық, ресейлік халықаралық дербес құқық, украиндық халықаралық дербес құқық т.б.
-
жоғарыда аталғандардың негізінде халықаралық дербес құқыққа анықтама беруге болады. Халықаралық дербес құқық -
бұл шетел элементімен күрделендірілген, жеке құқықтық қатынастарды реттейтін, мемлекеттің унификацияланған жеке құқықтық және коллизиялық құқықтық нормаларының жүйесі болып табылады.
Әрине, халықаралық дербес құқықта мемлекеттің өзінің ұлттық құқығының болуы басқа мемлекеттердің қатысуының жоқтығын білдірмейді. Бізге белгілі болғандай, кез келген мемлекеттің құқықтық жүйесінде ұқсас ережелер мен нормалар кездесіп жатады. Бұл түсінікті де, дегенмен, құқық бұл мемлекеттің ішкі юрисдикциясы бола тұрғанымен, құқық жүйесінде де құқықтардың бір-біріне әсер етуі болып тұрады. Әсіресе, мұндай екі жақты әсер етулер халықаралық дербес құқықта көп кездесіп жатады, өйткені, ол өзінің құқықтық табиғаты бойынша халықаралық қатынастарда жатқан қатынастарды реттеуші.
Халықаралық дербес құқықты зерттеген кезде салыстырмалы құқықтану көп маңызға ие болып табылады. Салыстыру дегеніміз бұл түрлі мемлекеттердің құқықтық жүйелеріндегі институттарды бір-біріне сәйкестендіру болып табылады. Бұл тәжірибенің кажеттіліктеріне жауап береді. Мысалы, шетелдік тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында кәсіпкерлікпен айналысуларының құқықтық негіздері туралы мәселені зерттеген кезде біз сол мемлекеттің құқығына жүгінумізге тура келіп отырады, өйткені бұл негіздер сол мемлекеттің тиісті заңнамасында реттелген болып табылады.
Өзін өзі бақылау сұрақтары
1. Халықаралық дербес құқықтың мазмұны мен мәні
2. Халықаралық дербес құқықтың құқық саласы ретіндегі мәні
3. Халықаралық дербес құқықтың құқық жүйесінде алатын орны
Ұсынылатын әдебиет
-
Богуславский М.М. Международное частное право. М., 1999.
-
Ануфриева П.К. Международное частное право: В 2 т. М.: БЕК, 2000.
-
Лунц Л.А., Марышева Н.И., Садиков О.Н. Международное частное право. М., 1984.
3.Практикалық сабақтың құрылымы
Тақырып 1. Сату сатып алу шарты
-
Сату сатып алу шарты түсінігі,маңызы
-
Сатушының және сатып алушының құқықтары мен міндеттері
-
Сату сатып алу шартының жекелеген түрлері.
Өзін өзі бақылаудың сұрақтары
-
Сатып алу – сату шартының түсінігі
-
Сатып алу- сату шартының мазмұны
-
Сатып алу – сату шартының түрлеріне жалпы сипаттама
Ұсынылатын әдебиет
1.Римское частное право. Учебник. Под ред. проф. И.Б. Новицкого. М; 1996.
2.Назарбаев Н. Казахстан – 2030. Послание Президента страны народу Казахстана. Алматы: 1997.
3.Басин Ю.Г. Общие положения нового гражданского законодательства. Учебник, т. 1. Алматы: 1996.
4.Шершеневич Г.Ф. Учебник русского гражданского права. М; 1995.
5. Гражданское право. Учебник, часть 1. Под ред. А.П. Сергеева, Ю.К. Толстого, М;98.
6. Гражданское право. Учебник пособие (общая часть) том 1. Под ред. К.С. Мауленова, Г.И. Тулеугалиева.
Тақырып 2. Айырбас шарты. Сыйға тарту.
1.Айырбас шартының түсінігі.
2.Айырбас шартының мазмұны.
3. Сыйға тарту шартының түсінігі.
4. Сыйға тарту шартының мазмұны
Өзін өзі бақылаудың сұрақтары
-
Айырбас шартының баска шарттардан айырмашылығы
2. Айырбас шартының мазмұны
3. Сыйға тарту шартының түсінігі.
4. Сыйға тарту шартының мазмұны.
Ұсынылатын әдебиет
1.Римское частное право. Учебник. Под ред. проф. И.Б. Новицкого. М; 1996.
2.Назарбаев Н. Казахстан – 2030. Послание Президента страны народу Казахстана. Алматы: 1997.
3.Басин Ю.Г. Общие положения нового гражданского законодательства. Учебник, т. 1. Алматы: 1996.
4.Шершеневич Г.Ф. Учебник русского гражданского права. М; 1995.
5. Гражданское право. Учебник, часть 1. Под ред. А.П. Сергеева, Ю.К. Толстого, М;98.
6. Гражданское право. Учебник пособие (общая часть) том 1. Под ред. К.С. Мауленова, Г.И. Тулеугалиева.
Тақырып 3. Рента және өмір бойы асыруда ұстау
-
Рента және өмір бойы асырауда ұстау шарттарының жалпы ережелері.
-
Рента шартының түрлері
-
Тұрақты рента шарты.
-
Ғұмырлық рента шарты.
-
Өмір бойы асырауда ұстау шарты.
Өзін өзі бақылаудың сұрақтары
-
Рента шартының түсінігі
-
Рента шартының мазмұны
-
Рентаның түрлері
Ұсынылатын әдебиет
1.Г.А. Жайлин, Б.К. Абдыкадыров. Юридические лица от «А» до «Я». Пособие, А; 2003.
2.Гражданское право РК. Особенная часть. Т.1-2 / Жайлин Г.А. – А., 2003
3.Жайлин, Ғ.А. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Ерекше бөлім. Т.1.Оқулық.-Алматы, 2006
4.Жайлин, Ғ.А. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Ерекше бөлім. Т.2.Оқулық.-Алматы, 2006
5.Жайлин Ғ.А. ҚР азаматтық құқығы.Ерекше бөлім.1т.-Алматы, 2004
Тақырып 4. Мүлікті уақытша иеленуге немесе пайдалануға беру бойынша міндеттемелер. Мүліктік жалдау туралы жалпы ережелер
-
Мүлік жалдау (аренда) шартының ұғымы және элементтері.
-
Мүлік жалдау шартының жекелеген түрлері. Лизинг
-
Кәсіпорындарды жалдау шарты.
-
Көлік кұралдарын жалдау.
-
Прокат.
Өзін өзі бақылаудың сұрақтары
-
Мүлік жалдау шартының түсінігі
-
Мүлік жалдау шартының мазмұны
-
Мүлік жалдау шартының түрлері
Ұсынылатын әдебиет
1.Жайлин, Ғ.А. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Ерекше бөлім. Т.1.Оқулық.-Алматы, 2006
2.Жайлин, Ғ.А. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Ерекше бөлім. Т.2.Оқулық.-Алматы, 2006
3.Жайлин Ғ.А. ҚР азаматтық құқығы.Ерекше бөлім.1т.-Алматы, 2004
4.Жайлин Ғ.А. ҚР азаматтық құқығы. Ерекше бөлім 2 т.-Алматы, 2004
5.Жайлин Г.А.Гражданское право РК. Особенная ч. Т.1.-Алматы,2001
Тақырып 5. Мүлікті тегін пайдалану.
-
Мүлікті тегін пайдалану шартының түсінігі.
-
Мүлікті тегін пайдалану шартының суубъектілік құрамы, нысаны.
Өзін өзі бақылаудың сұрақтары
-
Өтелмелі қызмет көрсетудің түсінігі
-
Өтелмелі қызмет көрсету шартының мазмұны
-
Мүлікті тегін пайдалану
Ұсынылатын әдебиет
1.Г.А. Жайлин, Б.К. Абдыкадыров. Юридические лица от «А» до «Я». Пособие, А; 2003.
2.Гражданское право РК. Особенная часть. Т.1-2 / Жайлин Г.А. – А., 2003
3.Жайлин, Ғ.А. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Ерекше бөлім. Т.1.Оқулық.-Алматы, 2006
4.Жайлин, Ғ.А. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Ерекше бөлім. Т.2.Оқулық.-Алматы, 2006
5.Жайлин Ғ.А. ҚР азаматтық құқығы.Ерекше бөлім.1т.-Алматы, 2004
Тақырып 6. Жұмысты орындау бойынша міндеттемелер. Мердігерлік шарт туралы жалпы ережелер
-
Мердігерлік шарты туралы жалпы ережелер
-
Мердігерлік шартының жекелеген түрлері
Өзін өзі бақылаудың сұрақтары
-
Мердігерлік шартының түсінігі
-
Мердігерлік шарт мазмұны
-
Мердігерлік шарт түрлері
Ұсынылатын әдебиет
1.Римское частное право. Учебник. Под ред. проф. И.Б. Новицкого. М; 1996.
2.Назарбаев Н. Казахстан – 2030. Послание Президента страны народу Казахстана. Алматы: 1997.
3.Басин Ю.Г. Общие положения нового гражданского законодательства. Учебник, т. 1. Алматы: 1996.
4.Шершеневич Г.Ф. Учебник русского гражданского права. М; 1995.
5. Гражданское право. Учебник, часть 1. Под ред. А.П. Сергеева, Ю.К. Толстого, М;98.
6. Гражданское право. Учебник пособие (общая часть) том 1. Под ред. К.С. Мауленова, Г.И. Тулеугалиева.
Тақырып 7 . Тасымалдау шарты.Көлік экспедициясы
1.Тасымалдау шартының ұғымы мен жүйесі.
2.Тасымалдау шартының түрлері
3.Көлік экспидицаиясы шарты.
Өзін өзі бақылаудың сұрақтары
-
Тасымалдау шартының түсінігі
-
Тасымалдау шартының мазмұны
-
Тасымалдау шартының түрлері
-
Көлік экспедициясы шартының түсінігі
-
Көлік экспедициясы шартының мазмұны
Ұсынылатын әдебиет
1.Римское частное право. Учебник. Под ред. проф. И.Б. Новицкого. М; 1996.
2.Назарбаев Н. Казахстан – 2030. Послание Президента страны народу Казахстана. Алматы: 1997.
3.Басин Ю.Г. Общие положения нового гражданского законодательства. Учебник, т. 1. Алматы: 1996.
4.Шершеневич Г.Ф. Учебник русского гражданского права. М; 1995.
5. Гражданское право. Учебник, часть 1. Под ред. А.П. Сергеева, Ю.К. Толстого, М;98.
6. Гражданское право. Учебник пособие (общая часть) том 1. Под ред. К.С. Мауленова, Г.И. Тулеугалиева.
Тақырып 8. Банкілік қызмет көрсету шарты.
1. Банктік қызмет көрсету шарты.
2.Ақша аудару туралы шарт
3. Банк салымы шарты.
Өзін өзі бақылаудың сұрақтары
-
Банктік қызмет көрсету шартының түсінігі
-
Банктік қызмет көрсету шартының мазмұны
-
Банктік қызмет шартының түрлеріне жалпы сипаттама
Ұсынылатын әдебиет
1.Жайлин, Ғ.А. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Ерекше бөлім. Т.1.Оқулық.-Алматы, 2006
2.Жайлин, Ғ.А. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Ерекше бөлім. Т.2.Оқулық.-Алматы, 2006
3.Жайлин Ғ.А. ҚР азаматтық құқығы.Ерекше бөлім.1т.-Алматы, 2004
4.Жайлин Ғ.А. ҚР азаматтық құқығы. Ерекше бөлім 2 т.-Алматы, 2004
5.Жайлин Г.А.Гражданское право РК. Особенная ч. Т.1.-Алматы,2001
Достарыңызбен бөлісу: |