«Азаматтық құқық (ерекше бөлім)»



бет14/18
Дата17.06.2016
өлшемі1.43 Mb.
#141963
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

2. Конкурстық міндеттемелер біржақты іс-әрекеттерден туындайтын міндеттемелердің тағы бір түрі болып табылады. Оларда шетелдік мемлекеттердің жеке құқығында квази келісім-шарттық деп аталатын міндеітемелердің белгілері жақын көрініс тапқан. Осы айтылған сөз, жоғарыда қарастырылып өткен басқаның мүддесіне тапсырмасыз әрекет етуден туындайтын міндеттемелерге де қатысты.Қазақстан Республикасының міндеттемелік құқығында топтастырудың мұндай негізі қолданылмайды, алайда квази келісім-шарттық міндеттемелерді атап өту конкурстық міндеттемелерді дұрыс түсінуге және бағалауға мүмкіндік береді. Олардың кейбіреулері шарттық міндеттемелерге өте ұқсас, өйткені конкурстық міндеттемелер қатысушылардың еріктерін іс жүзінде келістіру алдағы уақытта бәрібір орын алады, бірақ заңнама сол бір немесе өзге нысанда конкурсқа бастамашылдық білдірген субъектінің еркіне ғана және егер оның ерік білдіруі құқықтық қатынастың негізі ретінде жеткілікті болса, басымды құқықтық маңыз береді.Қалған субъектілердің еркі есте ұсталады және олар көмекші маңызға ие болады (олардың міндеттемелерге қатысуы, бірқатар жағдайларда олармен конклюденттік іс-әрекеттерді жасаумен қамтамасыз етілуі мүмкін, алайда олардың белсенді іс-әрекеттерді де жасауды, конкурстың барлық талаптарын сақтауы жоққа шығарылмайды).Осы міндеттемелердің мазмұны конкурстық тапсырма бойынша конкурсанттардың әдетте борышқорлармен бірқатар азаматтық-құқықтық шарттарды мердігерлік тапсырма, комиссия және т.б жасалатын іс-әрекеттерді қамтуы мүмкін. Конкурсант-тардың заңдық қылықтарды – ғылым, әдебиет және өнер туындысын жасауы жоққа шығарылмайды.Бірінші жағдайда конкурсанттармен конкурсты жария еткен субъектінің пайдасына заңдық маңызы бар іс-әрекеттерді іс жүзінде жасау туралы емес, сол конкурсты жария еткен тұлғамен өз талапта-рын сақтаудың орнына өздерінің заңдык міндеттеуге дайын екендігі туралы сөз болып отыр. Егер конкурсанттардың қайсібірімен іс-әрекеттер жасалса (жұмыс орындалса, тауарлар берілсе, қызметтер көрсетілсе) және конкурс жария еткен тұлға оны қабылдаса(олармен келіссе) және соңғысының мүліктік аясы конкурсант іс-әрекеттерінің салдарынан белгілі бір игіліктермен толықса, онда тараптардың ара-қатынасына белгілі бір шарт туралы ережелер қолданылуға тиіс.Конкурс жария еткен шарттарды бекітуге қатысты тұлға оферталар жасауды ұсынуды және өзіне ең жақсы жағдайлары бар офертаға қосылу міндеттемесін алады. Ғылым, әдебиет және өнер туындыларын жасауға конкурс жария еткен кезде, нақты іс-әрекеттерді жасау талап етіледі. Конкурстық міндеттемелердің көмегімен тараптардың ара қатынасы және қажет болған кезде шарттар мен интеллектуалдық меншіктің әртүрлі обьектілерін жасаудан басқа өзге де заңдық маңызы бар іс-әрекеттер реттелуі мүмкін.Конкурстық міндеттемелер туралы нормалар ҚР Азаматтық кодексінің "конкурстық міндеттемелер" деп аталатын 46-тарауында (910-914-баптар) қамтылған. Аталған баптардың нормаларымен сыйақы беруге көпшілік алдында уәде беруден туындайтын конкурстық міндеттемелер және саудаластық негізінде (тендерлер, аукциондар) туындайтын міндеттемелер реттеледі. Конкурстық міндеттемелер Қазакстан Республикасының өзге заң актілерімен де реттелуі мүмкін. Біз Қазақстан Республикасының 16 ма-мыр 2002 жылғы "Мемлекеттік сатып алу туралы" заңын атап өткен болатынбыз. Сондай-ақ, міндеттемелердің аталған түрлері үшін ма-ңызды болып табылатындардың қатарын Қазақстан Республикасы Президентінің 23 желтоқсан 1995 жылғы "Жекешелендіру туралы заң күші бар Жарлығы және басқа да бірқатар заңды актілер кіреді.Конкурстық міндеттемеде оның бастамашысы оның пәнін,. сондай-ақ конкурстың бастапқы шарттарын өзі немесс заңнама талаптарына сәйкес анықтайды. Ол осының негізінде тұлғалардың белгісін немесе белгілі бір тобына оған қатысуға ұсыныс жасайды және конкурстың жеңімпазына белгіленген сыйақы төлеуге және (немесе) онымен конкурстық міндеттемелердің мазмұнына сәйкес шарт жасауға міндеттенеді.Конкурсқа қатысу туралы ұсынысты конкурстық бастамашысы тікелей өзі немесе конкурстық делдал - ұйымдастырушысы арқылы жасауы мүмкін. Конкурсты ұйымдастыру тәсіліне қарамастан ол бойынша міндеттеме конкурстың бастамашысында пайда болады. Делдал мен бастамашының құқықтары мен міндеттері олардың арасындағы шартпен анықталады, ол шарт, өз кезегінде, табиғаты жағынан комиссия немесе тапсырма шарты болады. Конкурс ашық болуы мүмкін. Ол бойынша конкурс бастамашысының конкурсқа қатысу туралы ұсынысы барлық тілек білдірушілерге арналады. Мұндай ұсыныс баспасөз немесе өзге де бұқаралық ақпарат құарыл арқылы хабар жолдаумен жасалады.Конкурсқа қатысуға тілек білдіруші тұлғаларға алдын ала іріктеу жүргізгенде ашық конкурс оған қатысушылардың біліктілігімен байланыстырылуы мүмкін. Ашық конкурсқа қарағанда, конкурсқа қатысуға шақырған ұсыныс конкурс бастамашысының таңдауы бойынша тұлғалардың белгілі бір тобына жалданғанда жабық конкурс жариялануы мүмкін. Жоғарыда атап өткеніміздей, міндеттеменің бір түрі болып сыйақыға жария уәде беруден туындайтын міндеттеме табылады. Мұндай міндеттеме де бөлінеді. Сыйақыға жария уәде беруден туындайтын міндеттеме тұрмыстық аяда пайда болуы мүмкін. Кейде азаматтар өздеріне тиесілі заттарды (құжаттарды, үй-жануарларын және т.с.с.) жоғалтып алып, оларды іздеп тауып өздеріне қайтаруға талпынады. Соған орай азаматтар оларды қайтаруға үміттене отырып бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе хабарлама ілуге арналған арнайы тақтайшаларда хабарламсы бар жария етеді. Азаматтардың осындай іс-әрекеттерінің салдарынан сыйақыға жария уәде беруден туындайтын міндеттемелер пайда болуы мүмкін. Олардың пайда болу талаптары мен элементтерін қарастырып өтейік.Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің жалпы бөлімін қабылдаумен байланысты аталған қатынастар тек конкурстық міндеттемелер туралы нормалармен ғана емес, сонымен қатар тікелей олжа туралы (АК 245-6) нормалармен де реттелуі мүмкін. Кеңестік азаматтық құқықтың әрекет ету кезеңінде олжа табу мен затты тапқан адаммен оны қайтару кезіндегі тараптардың ара қатынастарын реттеу үшін ұқсастыру бойынша конкурстық міндеттемелер туралы нормалар қолданылды және олжа тапқаны үшін сыйақы төлеу тек соған сәйкес сыйақы алуға деген тікелей құқық туындамаған болатын. Енді, жоғарыда айтылғанға сүйене отырып, біз міндеттемелер сыйақыға жария уәде беру туралы норманың затын екінші тұлғамен тауып алуға байланысты тараптардың құқықтық қатынастарының аясында да туындай алады.Егер еске түсірер болсақ, 245-баптың 6-тармағына сәйкес затты тауып алған тұлға затты алуға заңды құқығы бар адамнан зат құнының отыз пайызы мөлшерінде сыйақы алуға құқылы. Бұл заң нұсқауына орай туындайтын міндеттеме. Затқа онын меншік иесі немесе өзге де құқық иесі сыйақы беруге уәде бере алады. Бұл орайда сыйақының ескертілген мөлшері заңда көрсетілген мөлшерден кем болуы да мүмкін. Егер затты тауып алған тұлға сыйақының уәде етілген мөлшерімен келіспесе, онда ол не жоғарыда аталған норма негізінде онымен құқықтық қарым-қатынасқа түсе алады, не аз мөлшердегі сыйақыны алуға келіседі (конкурстық міндеттеме түзуге). Егер зат тек оның меншік иесі үшін ғана қызығушылық тудыратын болса, онда сыйақы мөлшері тікелей сыйақыға жария уәде беруден туындайтын міндеттеменің талаптарымен анықталатын болады. Сыйақының нақты мөлшерінің көрсетілмеуі маңызды емес. Мұндай жағдайларда ол сыйақыға жария уәде беруден туындайтын міндеттеме бойынша тараптардың қосымша келісімімен белгіленетін болады, егер келісімге қол жеткізілмесе, онда сот тәртібімен анықталады. Олжа табу кезінде сыйақыға жария уәде беруден туындайтын міндеттеме туындау үшін сыйақы беру уәдесінің жария болуы кажет. Жариялылықтың басты белгісі болып адамдардың белгісіз тобына жүгіну табылады. Сондай-ақ мұндай жүгіну сыйақыға уәде берген субъектіні айқындауға мүмкіндік беруге тиіс. Кейбір осыған ұқсас жағдайларда да міндеттеме туындау мүмкін. Мысалы, қылмыскер туралы ақпарат бергені үшін сыйақы беруге уәде етіледі. Сыйақыға уәде берген тұлға оны төлеуді өз пайдасына, өз мүддесіне мүліктік және (немссе) мүліктік емес сипаттағы іс-әрекеттерді жасаумен шарттай алады. Сыйақының өзі бұл орайда әрқашан мүліктік (ақшалай немесе заттай) нысанда болуға тиіс.Жоғарыда қарастырылып өткен осы жағдайлар конкурс туралы нормаларды ұқсастық бойынша қолдануға қатысты. Ал сыйақыға жария уәде беруден туындайтын конкурстық міндеттеме өз қолданысы көрініс табатын белгілі бір аяларға ие. Олар ҚР АК-ң 910, 911 және 912-баптарының нормаларына толык көлемде жүзеге асырылуына мүмкіндік береді.Конкурстық міндеттемелердің көмегімен мәдениет, ғылым, білім ұйымдарының мемлекеттік органдар, коммерциялық құрылымдар, қоғамдық бірлестіктер алдында тұрган әртүрлі мәселелер шешімін табады. Кейбір жағдайларда конкурс конкурсанттардың өз мүдделері, яғни оларды ынталандыру, қолдау және т.б. үшін ұйымдастырылады. Конкурс арқылы интеллектуалдық меншік объектілерін (оларға басым түрде әдебиет, ғылым және өнер туындылары жатады) құру қажеттіліктері жиі қанағаттандырылады.Конкурстық негізде әртүрлі бағдарламалар (аймақтарды дамыту, қала құрылысы, жастармен жұмыс істеу және т.с.с.) жасала алады. Конкурстық міндеттемелердің ерекшелігі - олар заңнаманың тек жалпы талаптарын ғана ұстануға міндетті. Конкурстық нақты шарттары мен оның мақсаты, пәні (құқық қайшыларын қоспағанда) тұтастай және толығымен конкурс ұйымдастырушыларымен анықталады. Сонымен қатар, сыйақыға жария уәде беру міндетті түрде тапсырма мәнісін, нәтижелерді ұсыну белгілері мен тәртібін, сыйақы мөлшері мен нысанын көздейтін шарттарды қамтуға тиіс. Конкурстың шарттары нәтижелерді жария етудің тәртібі мен мерзімдерін де көздеуге тиіс.Бастамашы конкурсты ұйымдастыру кезінде өзінің жария хабарламасына сәйкес өзіне жұмысты жақсы орындағаны немесе өзге де нәтижелерге қол жеткізгені үшін ақшалай немесе өзгеше нысанда сыйақы төлеу туралы міндеттеме алады. Яғни, ол барлығына емес, тек аталған талаптарға сай келетін тұлғаға ғана төленеді. Орын алған жағдайға қарай бұл ережелер біршама өзгеруі де мүмкін, мысалы, егер конкурстың ұйымдастырушылары сыйақы төленетін бірнеше номинация көздеген болса.Сыйақы төлеу жөніндегі міндеттемені орындау конкурс шарттарына сәйкес жүргізіледі. Оны төлеу тәртібін конкурстық міндеттемеде тікелей реттеу, әрине, орын алмайды, ол ақшалай немесе өзге де мүліктік міндеттемені орындаудың жалпы ережелеріне сәйкес анықталатын болады, бірақ оны орындау мерзімі аса маңызды болып табылады. Сыйақы төлеу туралы шешім және оны іс жүзінде төлеу уәдеде белгіленген мерзімдерде қабылдануға және жүзеге асырылуға тиіс.Сыйақыға жария уәде беру бойынша өз міндеттемелерін орындаған конкурс бастамашысы, егер сыйақыға жария уәде беруде өзгеше белгіленбесе, туындыны жасаушымен оған қаламақы төлей отырып, оны пайдалануға шарт жасауға басымды құқық алады. Яғни белгілі бір шамада конкурсқа қатысу конкурстантты да міндеттейді. Ол ұсынылған талаптарға алдын ала келісім береді және сондықтан ол жасаған туындыны пайдаланғаны үшін сыйақы азайтылуы мүмкін немесе автор конкурс бойынша сыйақыны алып қойғанына байланысты белгілі бір кезеңде мүлдем төленбейді. Мұндай жағдайларда тараптардың құқықтары мен міндеттерін анықтай отырып, сыйақыға жария уәде беру шарттарына, сондай-ақ интеллектуалдық меншік объектілерін жасауға байланысты қатынастарды реттейтін заңнамаға сүйену керек.Сыйақы туралы жария уәде берген тұлға, егер конкурс шарттарында өзгеше көзделмесе, сыйақы тағайындалмаған жұмыстарды олардың жасаушыларына қайтарып беруге міндетті. Жұмыстар қайтарылмайтын жағдайда, конкурстың ұйымдастыру-шылары авторлардың айрықша құқықтарын сақтамайынша оларды пайдалануға құқылы емес. Сыйақы төлеу туралы жария хабарлама берген жеке тұлға немесе ұйым дәл сондай нысанда берілген уәдеден бас тартуға құқылы. Егер бұл конкурс шарттарында тікелей ескертілсе, олардан бас тартуға жол берілмейтіндігі айқын көрсетілсе немесе сыйақы уәде етілген іс-әрекеттерді жасау үшін белгілі бір мерзім берілген болса, бас тартуға жол берілмейді.Жария уәдеден бас тартуға үн қоскан адамдардың ен болмағанда біреуі хабарламада көрсетілген іс-әрекеттерді орындап қойған кезде де жол берілмейді. Өз уәдесінен бас тартқан субъект хабарламада көзделген іс-әрекеттерді жасаған кез келген үн қосқан тұлғаға іс-әрекеттер жасауға байланысты көтерген шығындарын өтеуге міндетті. Аталған ережені конкурс бастамашысы үшін белгіленетін жауапкершіліктің санкциясы ретінде қарастыруға болады. оның мөлшері бұл жағдайда конкурстанттардың нақты залалдарымен шектеледі. Сонымен қатар барлық жағдайларда өтемнің мөлшері хабарландыруда аталған сыйақыдан аспауға тиіс.Конкурстың күші жойылмайтын ал конкурсант сыйақы алуға лайық болмайтын кәдімгі жағдайларда оның шығындары өтелмейді. Сыйақыға жария уәде беруге лотереялар, тотализаторлар және өзге де ойындар өткізу де жатады. Конкурс бұл жерде басқа маңызға ие, үміткерлерді іріктеу кездейсоқ негізде жүзеге асады жәме лотереяларды тотализаторлар мен өзге де ойындарды өткізген кезде конкурстық міндеттемелердің шарттан тыс табиғаты неғұрлым айқын көрініс табады.Бұл конкурстық міндеттеме субъектілік құраммен ерекшеленеді. Лотереялардың тотализаторлардың, ойындардың ұйымдыстырушылары болып уәкілетті органдар (немесе олардың өкілдері) арқылы мемлекет немесе әкімшілік аумақтық бөлініс не уәкілетті мемлекеттік органнан лотереялар, тотализаторлар мен тәуекелге негізделген басқа да ойындар өткізуге лицензия алған субъектілер табылады. Лотереялардың (тотализаторлардың, ойындардың) ұйымдастырушысы ретінде субъектілердің соңғы аталған тобы қатысқан кезде лотереяларды, тотализаторларды ойындарды өткізуден туындайтын міндеттеме кәсіпкерлік те болып табылуы мүмкін.ҚР АК 913-бабында сөз болып отырған лотереялар, тотализаторлар немесе өзге де ойындар тәуекелге негізделген. Оларға қатысу жөніндегі ұсыныс әр уақытта адамдардың белгісіз тобына арналады. Аталған баптың 1 -тармағында лотереялық билет, түбіртек немесе өзге құжат берумен рәсімделетін және ойынға қатысушы лотереялық билеттің құнын немесе ойынға қатысудың өзге төлемін төлеген кезден бастап жасалған боп танылатын шарт туралы айтылған. Мұндай шарттың болуы конкурстық міндеттеменің пайда болуының тек бір ғана алғышарты болып табылады. Шарт ойынға қатысу үшін қатысушының төлем енгізуіне және оны ойынға қатысуға ойындардың ұйымдастырушысымен жіберуге (қажетті акпаратты, толтыру карточкалары және т.б. беруге) қатысты тараптардың құқықтары мен міндеттерін бекітеді.Ойындарды ұйымдастырудан туындайтын міндеттеменің өзі ойынның қатысушысы сол бір немесе өзі де ойын (лотерея тотализатор) бойынша ұтыскер критерийлеріне (ұтыскердің сол бір немесе езге категорияларына) сай келген жағдайда ғана туындайды.Лотереяларды өткізу шарттары жалпылама түрде заңнамамен анықталады. Лотереялардың, ойындардың, тотализаторлардың нақты шарттары ұйымдастырушылардың өздерімен анықталатын болады.Ұйымдастырушы міндеттемесінің мәнісі мынада: лотерея, тотализатор немесе өзге де ойындар өткізу шарттарына сәйкес ұтыскер болып танылатын адамдарға ұйымдастырушылар ойындарды өткізудің шарттарында көзделген мөлшер мен нысанда ақшалай немесе заттай) ұтысты төлеуге тиіс. Ұтысты төлеу мерзімдері ойындардың шарттарымен анықталуға тиіс. Егер мерзім көрсетілмесе ұтыс ойындардың нәтижелері шыққан кезден бастап он күннен кешіктірілмей төленуге тиіс. Егер ойындардың ұйымдастырушысы ұтысты төлеу жөніндегі өз міндетін орындамайтын болса, онда оларды ұтып алған қатысушы оған ұтысты төлеуді, сондай-ақ өзіне келтірілген залалдарды өтеуді талап етуге құқылы.Заңнама ережелеріне сәйкес, тиісті органдардың бақылауымен лотереяларды, тотализаторларды және өзге де ойындарды ұйымдастырудан туындайтын міндеттемелерден жекелеген азаматтар мен заңды тұлғалар арасында ойындар мен бәстесуді өткізуге және оларға қатысуға байланысты туындайтын міндеттемелерді ажыратқан жөн. Әрекет етуші заңнамада ойындар мен бәстесуден туындайтын талаптардың пайда болу мүмкіндігі танылады. Бірақ оларды осы құқықтық терминнің толық мағынасында міндеттемелер деп атауға да болмайды. Осы "міндеттемеден" туындайтын талаптар сот тарапынан қорғалуға жатпайды және соған орай, оларды орындау "борышқордың" еркіне қалдырылады.Тендерден немесе аукционнан туындайтын конкурстық міндеттемелерге сәйкес оларды өткізудің бастамашылары оларға қатысу жөніндегі ұсынысты қабылдаған тұлғаларға сыйақы төлеуге міндеттенбейді. Ұйымдастырушылар жеңімпаз болып табылған (қойылған барлық талаптарға сай келетін) субъектімен шарт жасауға міндеттенеді. Бұл өз нәтижесінде жеңімпазға мүліктік пайда (немесе олардың мүддесін өзгеше қанағаттандыру) алып келуге тиіс. Тендер нысанында саудаластық өткізген кезде оның бастамашысы өзі ұсынған бастапқы шарттардың негізінде тендер бастамашысы үшін шарттың ең жақсы талаптарын ұсынған тендер қатысушысымен шарт жасасуға міндеттенеді. Бұл орайда бастамашы өзін ненің қызықтыратынына қарай, яғни басқаның тауарларын жұмыстары мен қызмет көрсетулерін иеленуге немесе өз тауарларын жұмыстары мен қызмет көрсетулерін сатуға байланысты әртүрлі мазмұндағы шарттар бекіте алады. Яғни ол сатушы, сатып алушы, мердігер, тапсырыс беруші, атқарушы, жалға беруші, жалға алушы және т.б. болуы мүмкін.Тендерлік міндеттеме туындау үшін күрделі заңдық құрылым қажет. Атап айтканда:

-жария етілген талаптардың негізінде оған қатысуға адамдардың белгісіз тобын шақыруға арналған тендер бастамашысының ерік білдіруі;



-тендерге қатысатын тұлғалардың ерік білдіруі талап етіледі.

Соңғы аталғандардың ерік білдіруі заңнамамен белгіленген нысанда жүзеге асады. Олар тендер шарттарында белгіленген мерзімнің шегінде, тендер бастамашысына (ұйымдастырушысына) тендермен ұйғарылған барлық құжаттаманы қоса бере отырып, өз ұсыныстарын жазбаша түрде жібереді. Тендердің шарттарында ұсыныстарды желімдеген конверттермен және девиздермен жіберу көзделуі мүмкін.Егер тұлға ұсыныстарды беру мерзімін бұзса, онда бұл мерзімді өткізіп алған тұлғаны тендерге қатысушылардың қатарынан шығаруға әкеп соғады. Тендер бастамашысының (ұйымдастырушы) шешімі бойынша оның жазбаша хабарламасымен ұсыныстарды беру мерзімін өткізіп алған тұлға тендерге қатысуға жіберілуі мүмкін.Тендер шарттарымен тендерге қатысатын әрбір қатысушының кепілдік жарна енгізу міндеті көзделуі мүмкін, Ол тендер қорытындылары шығарылғаннан кейін қатысушыларға (жеңімпаз болмағандарға) қайтарылуға тиіс. Егер тендерге катысушы тендердің мерзімі өткенге дейін өз ұсынысынан бас тартса немесе оны өзгертсе, кепілдік жарна қайтарылмайды. Жеңімпаз өз ұсыныстарына жауап беретін жағдайларда тендер бастамашысымен тиісті шарт жасаудан бас тартқан жағдайда да кепілдік жарна жеңімпазға қайтарылмайды. ІІІарт жасасқан кезде кепілдік жарна жеңімпаздан шарт бойынша тиесілі төлемнің есебіне жатқызылатын болады.Тендерге қатысушылардың арасынан оның жеңімпазын таңдауды тендер бастамашысы немесе ол құрған тендер комиссиясы жүргізеді. Тендер шарттарына қарай жеңімпазды таңдау ашық не жабық тәртіпте жүргізілуі мүмкін. Егер тендерге қатысушылар екеуден аз болса немесе тендерге қатысушылардың ұсыныстарын оның бастамашысы тендердің талаптарын қанағаттандырмайды деп таныса, оның бастамашысы тендерді өткізілмеген деп тануы мүмкін. Онда оны өткізу құқықтық маңызға ие болмайды.Тендердің жеңімпазымен оның бастамашысы тиісті шарт жасасуға міндетті. Егер соңғысының шарт жасасудан бас тартуы орын алса онда тендердің жеңімпазы өзіне келтірілген залалдарды өтетіп алуға құқылы.Аукцион да, тендер сияқты саудаластық жүргізудің ерекше нысаны болып табылады. Аукцион оның ұйымдастырушысының ал бірқатар жағдайларда пайдасына аукцион өткізілетін үшінші тұлғалардың мүдделерін барынша ескеруге мүмкіндік береді. Аукционнан туындайтын міндеттемеге сәйкес, конкурстық сауда-ластық нәтижелері бойынша сатушы аукционның затын ол үшін не-ғұрлым жоғары баға ұсынатын аукцион қатысушысына сатуға міндеттенеді. Аукционның пәні болып азаматтық айналымнан шығарыл-маған кез келген қозгалатын немесе козғалмайтын мүлік табыла алады. Бұған қоса, аукциондарда интеллектуалдық меншік объектілеріне деген құқықтар, импорттық, экспорттык және өзге де квоталар мен лицензияларды қоса алғанда, шарттар бойынша және мүліктік құқықтар сатыла алады. Аукцион сатушымен бастапқы кезде жария етілген бағаны көтеру шарттарында ағылшын әдісі бойынша, не бағаны түсірумен голландық әдіс бойынша өткізілуі мүмкін. Бағаны төмендетуге өткізілетін аукционның шарттарымен минималды баға (ең төменгі баға) көзделуі мүмкін. Яғни аукцион пәнінің сатылу бағасы осы төменгі бағадан ары қарай төмендетілмеуге тиіс.Аукционға қатысу туралы ұсыныстар аукцион пәні туралы мәліметтерді қамтуға, сондай-ақ сол бір немесе өзге сатып алушы қандай аукциондық, саудаластыққа қатысқысы келетінін нақты анықтауға мүмкіндік береді. Әрбір сатып алушы, егер аукционды өткізудің шарттарында өзгеше белгіленбесе, аукцион басталғанға дейін аукционга қатысуға өтініш беруге және кепілдік жарнаның белгіленген сомасын енгізуге тиіс. Егер аукционға кемінде екі сатып алушы қатысса, ол өткізіле алады. Егер аукционныц затын сатып алушылардың (қатысушылардың) бірде бірі сатып алғысы келмесе, бастапқы баға төмендетілуі (арине егер ол белгіленсе төменгі шекке дейін) немесе аукционның заты осы аукционнан алып тасталуы мүмкін. Егер аукцион шарттарында өзгеше белгіленбесе, аукцион міндет-темесіне сүйене отырып ең жоғары баға ұсынған аукционға қатысу-шымен оған аукционның затын сату туралы шарт жасалуға тиіс.Егер сатып алушы шартты жасасудан бас тартса, ол аукционға қатысушылардың қатарынан шығарылады, оған кепілдік жарна қайтарылмайды. Сатып алушы сатып алудан бас тартқан аукционның заты қайтадан саудаластыққа шығарылуы мүмкін. Егер тұлға аукционға қатысып онда ештеңе сатып алмаса оған ке-пілдік жарна қайтарылуға тиіс. Аукционның қандай да болсын затын сатып алған тұлғаға кепілдік жарнасының сомасы төленген сатып алу бағасының есебіне есептеледі.

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

1. Басқаның мүддесінде тапсырыссыз іс әрекет жасау міндеттемесінің түсінігі мен мазмұны.

2 . Конкурстық міндеттемелердің түсінігі және ерекшелігі.

Ұсынылатын әдебиет

1. Г.А. Жайлин, Б.К. Абдыкадыров. Юридические лица от «А» до «Я». Пособие, А; 2003.

2.Гражданское право РК. Особенная часть. Т.1-2 / Жайлин Г.А. – А., 2003

3.Жайлин, Ғ.А. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Ерекше бөлім. Т.1.Оқулық.-Алматы, 2006

4.Жайлин, Ғ.А. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Ерекше бөлім. Т.2.Оқулық.-Алматы, 2006

5.Жайлин Ғ.А. ҚР азаматтық құқығы.Ерекше бөлім.1т.-Алматы, 2004


Тақырып 18 . Шарттан тыс міндеттемелер.

1. Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелердің түсінігі мен маңызы.

2. Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелердің пайда болу шарттары

3. Зиян келтірудің жекелеген жағдайлары үшін туындайтын жауапкершілік.



1.Адамардың өзара қарым-қатынасында бір тұлғаның екіншісіне зиян келтіруге алып келмейтін адам өмірінің бірде бір аясы жоқ.Ол басқа азаматтар мен заңды тұл,алардың әртүрлі іс-әрекеттерінің салдарынан азаматтық-құқықтық қатынастар субъектілеріне тиесілі игіліктер мен құқықтарға келтірілуі мүмкін.Зиян келтіру өндіріс аясында орын алады, ол автокөліктер мен басқа да көлік құралдарының иелерімен, қауіпті заттармен, жануарлармен, тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді сатудан, лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік билік пен басқару органдарының заңсыз іс-әрекеттерімен және т.б. келтіріледі.Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарына (игіліктеріне) және заңмен қорғалатын мүдделеріне зиян келтіру заң шығарушының назарынан тыс қала алмайтындығы сөзсіз. Олай болмаған жағдайда қоғамдық қатынастардың реттеушісі ретіндегі азаматтық құқықтың құндылығы елеулі түрде төмендетілер еді. Сол бір немесе өзге субъектілерге зиян келтіру жағдайларын тиісті назардан тыс қалдыру әртүрлі құқықтық және өзге де өзекті мәселелерді одан әрі туындайтын. бір немесе бірнеше құқық бұзушылықтар жасаған құқық бұзушы тарапынан құқық бұзушылықты одан әрі ұшықтыруға алып келуі әбден мүмкін. Бұл, өз кезегінде жәбірленген тарапты озбырлыкқа (рұксат етілген шектен шығуға) және жауап ретінде құқық бұзушылық жасауға итермелеуі мүмкін.Тұлғалардың бұзылған құқықтары мен мүдделерін бірдей қалпына келтіруге, аталған тенденциялардың қауіптілігін елеулі түрде төмендетуге мүмкіндік беретін азаматтық құқықтың институты болып азаматтық-құқықтық жауапкершілік табылады.Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің қырлары шарттық міндеттемелерді қарастыру кезінде зерделенген болатын. Онда шарттық жауапкершілік туралы сөз болған. Бұл жауапкершілік көп жағдайда азаматтық құқықтық шарттар қатысушыларының арасындағы даулы құқықтық қатынастарды реттеуге септесетіндігімен сипатталады. Сонымен қатар белсенді қолданысқа деликтілік жауапкершілік те ие. Оны субъектілер өзара шарттық қатынастармен байланысты болмайтын жағдайларда құқық бұзушылықтар жасағаны үшін туындауға тиіс болатын азаматтық құқықтық жауапкершіліктің бір түрі деп атауға болады (қазіргі құқық аясында оны бұрынғыдай бір жақты түсінбейді).Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің аталған түрлерінің ортақтығына қарамастан олардың айырмашылықтарын да атап өту қажет. Деликтілік жауапкершілік дәстүрлі түрде азаматтық құқықтық өз алдына бөлек институты болып табылады. Оның өзіне тән ерекшеліктері бар, олар ең алдымен оның құрамында императивтік нормалардың басым болуымен сипатталады.Азаматтық-құқықтық жауапкершілік - заңдык (құқықтық) жауапкершіліктің бір түрі болып табылады, Оған да заңдық жауапкершіліктің белгілері тән. Олар:

1) мемлекеттік мәжбүрленумен ажырағысыз байланыс;

2) іс-жүзіндегі негіздеме – құқық бұзушылық болуы;

3) құқық бұзушы тәртібінің мемлекеттік және қоғамдық айыптаумен байланысы.



Алайда, азаматтық-құқықтық жауапкершілік спецификалық өзіне тән ішкі белгілерге ие. Ол қылмыстық-құқықтық, әкімшілік-құқықтық, тәртіптік жауапкершілікпен қатар жеке өзіне арналған мақсаттарға ие. Азаматтық-құқықты жауапкершілік субъектілері іс-әрекеттерінің айрықша азаматтық-құқытық салдарына реакция білдіру ретінде қолданылады және өзі сонымен бірге өзін қолдану үшін түрткі болғандардан ерекшеленетін, белгілі бір азаматтық-құқықтық салдарға алып келеді.Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктен деликт жасаған құқық бұзушыға әсер ету шарасы болып табылатын, оның санкцияларын ажыратқан жөн. Зиян келтіргені үшін (шарттан тыс, деиліктілік) жауапкершілік аясында негізгі санкция болып келтірілген зиянды өндіріп алу табылады.Азаматтық-құқықтық жауапкершілік жеке сипатқа ие. Яғни оның қолданылуы құқықтары мен мүдделеріне зиян келтірілген субъектінің немесе жәбірленушінің атынан талап-арыз қоюға құқылы тұлғаның еркіне тәуелді болады. Кәмелетке толмағандардың мүдделеріне зиян келтірілген кезде, егер олар ата-анасының қамқорлығында болмаса, талап-арыз бала тәрбиелеу мекемелерімен, қорғаншылар мен қамқоршылармен, тікелей қорғаншылық және қамқоршылық органдарымен немесе прокурормен қойылады. Өз құқықтарын өздері қорғай алмайтын тұлғаларға зиян келтірілген жағдайларда азаматтық-құқықтық жауапкершілік мүмкіндігінше мүлтіксіз жүзеге асырылуға тиіс. Ол үшін қажетті жағдайлар заңнамамен қалыптасуға тиіс, мұндай қажеттілікті деликтілік құқық нормаларын қолданатын мемлекеттің құзіретті органдары мен соттары тарапынан ескерген жөн. Мемлекетке, жария мүддеге зиян келтіру жағдайларына да қатысты осындай ой айтыла алады.Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің жеке сипаттылығының тағы бір қыры азаматтық-құқықты жауапкершілік лекциялары жәбірленушінің өз пайдасына қолданылады, ал жария-құқықтық жауапкершілікті қолдану санкцияларды салыстырмай-ақ біреудің пайдасына (мысалы бас бостандығынан айыру) не мемлекет пайдасына (мүлікті конфискациялау, әкімшілік айыппұл) қолдануға алып келеді.ҚР АК 917-бабының 1-тармағына сәйкес азаматтар мен заңды, тұлғалардың мүліктік немесе мүліктік емес игіліктері мен құқықтарына заңсыз іс-әрекеттермен (әрекетсіздікпен) келтірілген мүліктік және (немесе) мүліктік емес зиянды, оны келтірген тұлға толық көлемде өтеуге тиіс. Сондай-ақ заң актілерінде зиянды өтеу міндеті зиян келтіруші болып табылмайтын тұлғаға жүктеледі, сонымен қатар өтеудің неғұрлым жоғары мөлшері белгіленуі мүмкін екені ескертіледі. Аталған бап, негізінен зиян келтіруден туындайтын жауапкершіліктің жалпы негіздерін белгілеу үшін арналғанмен, ол, сондай-ақ зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттеме түсінігінің өзін де анықтау үшін қолданылады.Зиян келтіруден туындайтын міндеттеме - бұл зиян келті-рушінің немесе заңнамада аталған өзге де тұлғаның келтірілген зиянды толық көлемде өтеу міндетін қамтыған, жеке немесе заңды тұлғалардың (мемлекеттік немесе әкімшілік-аумақтық бөліністің) заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделеріне құқыққа қайшы іс-әрекеттермен (әрекетсіздікпен) мүліктік және (немесе) мүліктік емес зиян келтіру салдарынан тікелей заңнама нұсқауларынан туындайтын міндеттеме.Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелерді жүзеге асырумен азаматтық-құқықтық жауапкершілік және сонымен қатар, оның функциялары жүзеге асырылады. Оның функцияларын компенсациялык, айыппұлдық, тәрбиелік және алдын алушылық ретінде анықтауға болады. Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің компенсациялық функциясы өз мақсаты ретінде бұзылған құқықтар мен мүдделерді олардың бұзылуына тепе-тең түрде қалпына келтіруді көздейді. Аталған жауапкершілікті қолдану құқық бұзушыны, оның сірә өзі деликт жасай отырып байып кетпеген мүліктік аясын кеміту жолымен жазалайды.Оларға азаматтық-құықтық жауапкершіліктің санкцияларын қолдану салдарынан және сот процестеріне негізінен жауапкерлер ретінде қатысқандықтан, құқық бұзушылар азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің белгілі бір тәрбиелік ықпалында сезінері анық. Бұл азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің белгілі бір шамада құқық бұзушыларды одан да ауыр құқық бұзушылықтар жасаудан ұстап қала алатын, алдын алушылық маңызына себепші болады.Зиян келтіруден туындайтын міндеттеменің элементтерін қарастырайық. Міндеттеме субъектісі болып кредитор (жәбірленуші) және борышқор (зиян келтіруші немесе оның әрекеті үшін заң бойынша жауапты өзге де тұлға) табылады. Міндеттеме қатысушыларының көптігі кредитор тарапынан да, борышқор тарапынан да орын алуы мүмкін. Жәбірленуші ретінде кез келген жеке және заңды тұлғалар, мемлекет және әкімшілік-аумактық бөліністер бола алады. Объективті түрде өмірі мен денсаулығына зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша кредиторлар ретінде, егер сөз регрестік міндеттемелер туралы болып отырмаса, жеке тұлғалардан басқа өзге субъектілер бола алмайды.Борышқорлар ретінде де, құқыққа қайшы іс-әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) салдарынан зиян келтірген, кез келген субъектілер танылады. Басқа тұлғалардың әрекеттері үшін заң бойынша жауап беретін тұлғаларға ата-аналар (асырап алушылар), қамқоршылар, оку, емдеу, тәрбие және кәмелетке толмағандар мен әрекетке қабілетсіз тұлғаларға қадағалауды жүзеге асыруға тиіс өзге де мекемелер мемлекеттік ұйымдар (өз жұмысшыларының іс-әрекеті үшін) жатқызылуы мүмкін.Орын алған жағдайға, зиян келтіруден туындайтын міндеттеменің пайда болу себебіне (не мүліктің не мүліктік емес зиянды келтіру), міндеттемелер қатысушыларына байланысты оларды әмбебап құқық мирасқорлығына немесе суброгацияға жол берілуі мүмкін. Мысалы, мұрагерлер, құқық мирасқорлығының нәтижесінде, қайтыс болған азаматтың мүлкіне келтірілген зиянды өтеуді талап ету құқығына ие болуы мүмкін. Сақтандыру ұйымы азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шартына қатыса отырып, сақтандыру жағдайы туындаған және ол зиянды өтеу кезінде зиян келтіруден туындайтын міндеттемеде кредитор орнын иеленетін болады.Борышқор үшін зиянды өтеген тұлға (мысалы, солидарлы борышкорлардың бірі) да оған қатысты регрестік міндеттеме аясында кредитор болады. Міндеттеме түрі болып ол бойынша тиесілі өтем табылады. Өзге міндеттемелерге қарағанда зиян келтіруден туындайтын міндеттеме пәні өте жиі жағдайда анықталмаған болып табылады. Зиян келтіруден туындайтын талап-арыздар "бәсекелесе" алатын талап-арыздарға жатады. Зиян мөлшері және тиісінше тиесілі өтемақы мөлшері талап- арыз бергенде, тәжірибе жүзінде дәлме-дәл есептеле алмайды (егер де оның калькуляциясы жәбірленушімен берілсе де, ол даулана алады). Сол себептен міндеттеме пәні әдетте сотпен нақтыланады. Міндеттеме пәні зиянды өтеудің сотпен таңдап алынған тәсіліне байланысты болады. Сот зиянды өтеу туралы талапты қанағаттандыра отырып, істің мән-жайына сәйкес зиян үшін жауапты тұлғаны келтірілген залалдарды толығымен өтеуге немесе оны заттай өтеуге (сол тектес және сол сападағы затты беру, бүлінген затты қалпына келтіру және т.с.с.) міндеттейтін болады. Адам өмірі мен денсаулығына және моральдық зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша міндеттеме пәні өзіндік ерекшеліктерге ие болады.Зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттеме бір жақты міндеттеме болып табылады. Сондықтан оның мазмұнына зиян келтіруші тұлғаның (өзге де тұлғаның) келтірілген зиянды өтеу міндеті кіреді. Оны өтеу тәртібі, мерзімдері заңнамамен, сот шешімімен, тараптардың келісімімен анықталатын болады немесе міндеттеме мәнісінен туындайды. Жәбірленуші зиянды өтеу жөніндегі міндетті онын алдында іс жүзінде орындауды талап етуге құқылы.Жәбірленушілер тарапынан тұлғалардың көптігі, мүлік екі және одан да көп тұлғалардың ортақ бірлескен меншігінде болған кезде немесе өзге де соған ұқсас жағдайларда орын алады. Зиянды бірлесе отырып келтіру ретінде зиян келтіру сол үшін жауапты бірнеше тұлғалардың ортақ ниеттерімен (бірлескен іс-әрекет-термен жүзеге асырылған) қамтылатын жағдайлар бағаланады.Ол заңнамаға сәйкес солидарлы (немесе ортақ) жауапкершілікке алып келеді. ҚР АК 932-бабына сәйкес, бірлесіп зиян келтірген тұлғалар жәбірленушінің алдында ортақтасып жауап береді. Ортақ жауапкершілік кезінде зиян келтірушілердің әрқайсысы жәбірленуші алдында толық көлемде жауап береді. Зиян келтірушінің әрқайсысы төлеуге тиіс өтемнің мөлшері олардың сол бірі немесе өзге біреуі іс жүзінде келтірген зиянның мөлшеріне сәйкес айқындалатын болады. Егер мұндай анықтау мүмкін болмаса, онда оларға бірдей үлестегі жауапкершілік жүктелуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет