«Азаматтық құқық (ерекше бөлім)»



бет6/18
Дата17.06.2016
өлшемі1.43 Mb.
#141963
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

2.Тұрмыстық мердігерлік шарты бойынша, кәсіпкерлік кызметті жүзеге асырушы мердігер тапсырысшының тапсырмасы бойынша, тапсырысшының тұрмыстық немесе басқа да жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған белгілі бір жұмысты орындауға міндеттенеді, ал тапсырысшы жұмыстың нәтижесін қабылдап алуға және оған ақы төлеуге міндеттенеді.Тұрмыстық мердігерлік шарты жария шарттарға жатады. Сонымен бірге бұл шарт консенсуалды, өзара және қайтарымды болады. Жалпы ереже бойынша сгер заң актілерінде немесе шартта, оның ішінде формулярлар ережелерінде немесе тапсырысшы қосатын өзге де стандартты нысандарда басқаша көзделмесе, тұрмыстық мердігерлік шарты мердігердің тапсырысшыға түбіртек немесе шарттың жасалғандығын растайтын өзге құжат берген кезден бастап тиісті нысанда жасалған болып есептеледі.Жұмысты орындауға берілген тапсырыста (шартқа немесе нысандағы құжатта) мыналар көрсетілуі тиіс: орындаушының заңды мскен-жайы; тапсырысшының тегі және аты, оның мекен-жайы және телефоны; тапсырыс қабылданған мерзім, тапсырысты орындаудың басталу және аяқталу мерзімі, аванс сомасы (толық сомасы), тапсырысты қабылдаған және өткізген тұлғалардың қолы, қызмет көрсету (жұмыс) түрлері, орындаушы меы тұтынушының материалдарының (заттарының) толық тізімі, бағасы жөне саны (қанша материалдар жұмыс орындау үшін қажет екені көрсетіледі), жөндеуге берілген заттың зауыттық нөмірі және өзге де реквизиттер. Түбіртектегі бұндай толық ақпарат болуына талаптар тұрмыстық мердігерлік шарты жазбаша нысанда жасалатынын білдіреді. Алайда тапсырысшыда аталған құжаттардың болмауы оны шарттың жасалу фактісін немесе оның ережелерін растауда куәгерлік айғақтарға сілтеме жасау құқығынан айырмайды.Тұрмыстық мердігерлік шарттары ауызша нысанда да жасалуы мүмкін. Және жетон, талон, кассалық түбіртек және тағы басқаларды берумен расталуы мүмкін. Барлық жағдайда да затты дайындауға тапсырыс, тұтынушының немесе мердігердің эскизі бойынша немссе үлгілері бойынша қабылданады. Тапсырысшы өзіне жұмыс нәтижелерін өткізгенге дейін кез келген уақытта шарттан бас тартуға құқығы бар. Бас тартуы алдында ол орындалған жұмыс үшін мердігерге белгіленген бағаның бір бөлігін төлеуі керек. Бұл міндет мердігер жұмысты тапсырысшыдан ол шартты бұзатыны туралы хабарлама алғанға орындалса ғана келеді. Тапсырысшы мердігердің мәлімдеме жасау сәтіне дейін орын алған өзге де шығындарын өтеуге міндетті. Ал негізінен тапсырысшының әрқашан шартты бір жақты бұзуға құқығы бар және одан айыратын тұрмыстық мердігерлік шартының жағдайлары жарамсыз болып келеді.Мердігердің негізгі міндеті шарт талаптарына және міндетті талап етілген стандарттарға сай жұмысты орындау. Кейбір жағдайларда жұмыс мердігердің материалдарымен орындалады. Мұндай жағдайда ол материалдар сапасының стандарттар мен шарт талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуге міндетті. Мердігер жұмысты шартта қарастырылған мерзімде бітіруге тиіс. Тапсырысты орындау мерзімі азаматтық құқықтағы мерзімдерді есептеудің жалпы ережелеріне сәйкес жүргізіледі. Мерзім жұмыстың орындалып біту уақытымен және жұмысты орындауға кірісу уақытымен анықталынады. Мердігер, егер төтенше және бой бермейтін (дүлей) күш жағдайлары орын алса, осының себебінен материалдардың бүлі-нуі, жұмыстың тиісінше орындалмағаны үшін жауапкершілікті көтермейді.Жиһаздарды жөндеу және дайындау, құрылыстарды салу, жөндеу, аяқ киімдерді, тігін және тоқыма бұйымдарды ірі жөндеу, жаңарту мердігерлік шарттары бойынша, тапсырысшы көрсетілген мөлшерде аванс төлеуі мүмкін.Тапсырысшы орындалған жұмыс нәтижесін алуға келмеген немесе тапсырысшы оларды қабылдаудан жалтарған жағдайда, мердігер тапсырысшыға жазбаша түрде ескерте отырып, сол ескерткен күннен бастап 2 ай өткен соң мердігерлік нысанасын қисынды бағаға сатады. Одан түскен соманы мердігер өзіне тиесілі барлық төлемді шегеріп, қалғанын тапсырысшының атына нотариустың депозитіне салуға құқылы. Мердігер өзінің таңдауы бойынша мердігерлік нысанасын сатудың орнына, оны ұстап қалу немесе тапсырысшыдан келтірілген залалды өндіріп алу құқығын пайдалана алады.Тапсырысшы жұмыс нәтижесін қабылдаған сәтте анықталған кемшіліктер 7 күн ішінде жойылуы тиіс, шартпен бұдан қысқалау мерзім қарастырылуы мүмкін. Шарттың тоқтатылу салдары тиісті тараптың құқықтық мирасқоры мен оның келісімшарт жасасушы агентінің арасындағы келісім бойынша, ал олар келісімге келмесе орындалған жұмыстың мөлшері мен бағасы, жұмсалған және сақталған материалдың құны, сондай-ақ басқа да елеулі жағдайлар ескеріле отырып сот арқылы айқындалады. Құрылыс мердігерлігі шарты бойынша мердігер тапсырысшының тапсырмасы бойынша шартта белгіленген мерзімде белгілі бір объектіні салуға не өзге де құрылыс жұмысын орындауға міндеттенеді, ал тапсырысшы мердігерге жұмысты орындауы үшін қажетті жағдайлар жасауға, оның нәтижесін кабылдап алуға және ол үшін келісілген бағаны төлеуге міндеттеледі.Көрсетілген шарттың субъектілік құрамының ерекшеліктері бар, яғни шартта әрқашан мердігер жағынан кәсіпкерлік қызметінің субъектілері, әртүрлі лицензияланатын құрылыстық жұмыстарды жүргізу үшін рұқсаты (лицензиясы) бар құрылыстық ұйымдар немесе жеке кәсіпкерлер қатысады. Объектінің салынуы, салынатын жер учаскесін белгілеуден басталады. Қазіргі заңға сәйкес, салынатын объектінің болашақ иесі жер учаскесін бөліп керек. Ол құрылыс салу үшін жер учаскесін шартта көр-сетілген көлемде және сондай күйде уақытылы беруге міндетті.Шартта мұндай нұсқау болмаған жағдайда, жер учаскесінің көлемі мен күйі жұмыстың уақытылы басталуын, оның қалыпты жүргізілуін және мерзімінде аяқталуын қамтамасыз етуге тиіс. Шартпен жер учаскесін алу және құрылыс үшін керекті дайындық жұмыстарын, кіріс жолдарын тазалау және т.б. міндеттер мердігерге жүктелуі мүмкін. Бірақ, бұл жағдайда, мердігерлік шарт тапсырма шартының элементтерімен күрделенеді немесе мердігер жеке тапсырма шартының негізінде мұндай қызметті орындайды.Шартта құрылыс ұйымы өз күшімен тұрғын үйді, ғима-ратты салатындығы қарастырылуы мүмкін. Мұндай шарт құры-лысты толық аяқтау туралы шарт деп аталады. Шарт ережелеріне сәйкес тапсырысшыға пайдалануға дайын объекті тапсырылады. Мұндай шартта сатып алу-сату шартының тиісті мазмұны басым болады, мердігерлік (құрылыс мердігерлік) туралы нормалар тек керекті мөлшерде пайдаланылады. Құрылысты толық аяқтау туралы шартта құрылыста болуы ықтимал барлық тәуекелді мердігердің көтеретіндігі көзделеді. Егер өзгешелік шартында қарастырылмаса құрылысты толық аяқтағанға, тапсырысшыға жұмыстың нәтижесін тапсырғанға және жұмысқа ақы төлеуге дейін салынып жатқан объектінің иесі мердігер болып саналады. Құрылыстың материалдық жағынан қамтамасыз етілуін жартылай немесе толығынан тапсырысшы жүзеге асыратын құрылыс мердігерлік шартында қарастырылуы мүмкін. Құрылыс мердігерлік шарты бойынша, бір немесе өзге са-ладағы міндетті талаптарға сәйкес келуі тиіс күрделі жұмыстар жүргізілуіне байланысты, мердігер жұмысты өзінің қамқорлы-ғымен орындауымен бірге, құрылысты және онымен байланысты жұмыстарды жобалау құжаттамасына да сәйкес жүргізуге міндетті. Тапсырысшы қосымша жұмысқа және оған ақы төлеуге келісім берген кезде, жұмыс мердігердің кәсіби қызмет аясына кірмейтін не мердігерге байланыссыз себептермен орындал-майтын болған жағдайларда ғана мердігердің аталған жұмысты орындаудан бас тартута құқығы бар.Тапсырысшы жобалау-сметалық құжаттамаға мердігер үшін қосымша шығындарға не (немесе) жұмыстың орындалу мерзімін үзартута байланысы жоқ өзгерістер енгізуді талап етуге құқылы. Мердігер үшін қосымша шығындарды керек ететін жобалау-сметалық құжаттамаға өзгерістер енгізу тараптардың келісілген қосымша сметасының негізінде тапсырысшының есебінен жүзеге асырылады. Егер мердігерге байланыссыз себептермен жұмыс құны сметадан кемінде он процентке асып кетсе, ол сметаны қайта қарауды талап етуге құқылы.Жобалау-сметалық құжаттамадағы, мұндай құжаттама өзінің тапсырысы бойынша жасалған жағдайларды қоспағанда, мердігер жобалау-сметалық құжаттамада жаңсақтықтарды анықтауға және жоюға байланысты шығарған қисынды (керекті) шығындарды өтеуді талап етуге құқылы. Мердігер құрылыс барысында тапсырысшыдан алған нұсқауларды, егер ондай нұсқаулар шарттың талаптарына қайшы келмесе және мердігердің жедел-шаруашылық қызметіне залалы болмаса, орындауға міндетті. Тапсырысшы шартта көрсетілген мақсат үшін жұмыс нәтижелерін пайдалана алмайтындай кемшіліктер анықталған жағдайда және оларды мердігер, тапсырысшы немесе үшінші тұлға жоя алмайтын болса, жұмыс нәтижелерін қабылдаудан бас тартуға құқылы.Кемшіліктер анықталған жағдайларда олар жөнінде актіде көрсетілуге тиіс. Кейбір жағдайларда, егер олар заң актілерінде көзделсе, салынған объектілерді мемлекеттік комиссия кабыл-дауға тиіс, салынған объектілерді мемлекеттік қабылдаудың тәр-тібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеу қажет және онымен мемлекеттік органдардың аралық қабылдауларға қатысу мүмкіндігі айқындалуы керек.Құрылыс мердігерлігі шартымен әдетте орындалған жұмыс нәтижелері сапасының кепілдіктері қарастырылады. Мердігер, егер өзгешелік шартпен қарастырылмаса, бүкіл кепілдік мерзімі ішіндс құрылыс объектісінің жобалық-сметалық құжаттамасында көрсетілген көрсеткіштерге ие болуына және объектіні пайдалану мүмкіндігіне кепілдік береді. Егер заңнама актілерімен немесе шартпен кепілдік мерзімі көзделмесе, АК 665-бабының 1-тармағына сәйкес, кепілдік мерзімі тапсырысшы объектіні қабылдаған күннен бастап он жылды құрайды.Кепілдік мерзімі шегінде анықталған кемшіліктер үшін, егер кемшіліктер объектінің немесе оның бөліктерінің қалыпты то-зуының, оны дұрыс пайдаланбаудың немесе тапсырысшы өзі не-месе ол тартқан үшінші тұлғалар жасаған пайдалану жөніндегі нұсқаулықтардың дұрыс болмауының салдарынан болғанын дә-лелдей алмаса, мердігер жауапты болады.Шартпен тапсырысшының талап етуі бойынша және тапсырысшының есебінен мердігер жауапты болмайтын кемшіліктерді (ақаулар мен шала істелген жұмыстарды) мердігердің жою міндеті көзделуі мүмкін. Кемшіліктер шарттың нысанасымен байланысты болмаған немесе жұмыстар өзіне қа-тысы жоқ себептермен мердігермен орындалуы мүмкін болмайтын жағдайларда мердігер кемшіліктерді жоюдан бас тартуға құқылы. Жобалау және іздестіру жұмыстарына мердігерлік шарт бойынша мердігер (жобалаушы, іздестіруші) тапсырысшыньщ тапсырмасы бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге және (немесе) іздестіру жұмыстарын жүргізуге міндеттенеді, ал тапсырысшы оларды қабылдап алуға және ақы төлеуге міндеттенеді..Тапсырысшы мердігерге жобалауға тапсырманы, сонымен қатар жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау үшін қажетті өзге алғашқы мәліметтерді беруге міндетті.Тапсырысшы шарт бойынша тапсырманы дайындауды мердігерге тапсыруға өкілденуі мүмкін. Мұндай жағдайда тапсырма жобасы әзірленгеннен кейін тапсырысшы қисынды немесе шартта белгіленген мерзімде тапсырманы (жобаны) бекітуге немесе оны қайтаруға міндетті. Тапсырысшымен бекітілген тапсырма, мердігерге міндетті болып табылады.Жобалау және іздестіру жұмыстарын орындау кезінде, тап-сырысшы мердігерге шартта карастырылған көлемде және жағ-дайларда қызмет көрсетіп тұруы керек. Жобалау және іздестіру жұмыстарын жүргізуді реттейтін нормалардың мағынасы бойынша тапсырысшы өзінің берілген тапсырмасын алғашқы берілген мәліметтерді жағдайлардың өзге-руіне сәйкес өзгертіп тұруға құқылы.Мердігердің негізгі міндеті жұмыстарды шарт жасасу кезінде жобалауға берілген бас-тапқы деректерге сәйкес орындау. Әрине, мердігер бұл жұмыс-тарды тиісті түрде мамандығына сәйкес орындауға міндетті. Мердігер дайын жобалау-сметалық құжаттаманы тапсырыс-шымен келістіруі қажет. Қажет болса ол тапсырысшымен бірге жобалау-сметалық құжаттаманы мемлекет органдарымен және жергілікті басқару органдарымен келістіруде қатысуы керек. Бұл міндетті мердігерге жүктеудің өз себебі бар, мердігер маман болған соң оған жобалау-сметалық құжаттаманы құзыретті мем-лекеттік органдармен жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен келістіру, оның бөлек тармақтарының, құрамаларының негіз-ділігін көрсету жеңілдеу болады. Мердігердің мемлекеттік орган-дарымен жобалау-сметалық құжаттама туралы келісуіне қатысуы белгілі бір дәрежеде жобалау жұмыстарының тиісті орындал-ғанына бақылауды жүзеге асыруға мүмкіншілік береді.Жобалау және іздестіру жұмыстарының нәтижелерін беру мердігердің біртұтас (бөлінбейтін) міндеті болып келмегенімен міндеттеменің мәнісінен олардың бірге орындалып, олардың нәтижелерінің бірге берілгенінің тиімділігі көрініс табады, өйткені бұл жұмыстар (олардың нәтижелері) өзара тығыз байланысты. Сондықтан, егер шартта басқаша көзделмесе, мердігер тапсырысшыға дайын жобалау-сметалық құжаттаманы және іздестіру жұмыстарының нәтижелерін бірге беруге міндетті.Мердігер тапсырысшының келісімінсіз жобалау-сметалық құжаттаманы үшінші тұлғаларға бермеуі керек.Мердігерден орындалатын жұмыстың сапасының кепілдіктері мердігерлік туралы жалпы ережелерге сәйкес белгіленеді. (ҚР АК 630-633-б.). Жобалау және Іздестіру жұмыстарының өзгешелігі, олардың кемшіліктері жобаны іске асырғанда, іздестіру жұмыстарының деректерін пайдалану кезінде ғана табылуы мүмкін. Немесе сараптама (маман қорытындысы) қажет болады. Бірақ сараптама негізсіз тағайындалмайтыны түсінікті. Сондықтан, біздің ойымызша, мердігерге мердігерліктің бұл түрі бойынша нәтиже саласына қойылатын талаптың мерзімі жобаларды жүзеге асыру, іздестіру жұмыстарының мәліметтерін пайдалану басталған соң ағымын бастайтыны бекітілуі керек.ҚР АК-ның мердігерлік кепілдіктері деп аталатын арнайы нормасы бар (617-б.), оның мазмұны өте тар, ол әрине тапсы-рысшының құқықтарының кепілдіктерінің бәрін қамти алмайды.Аталған нормада жобалау және іздестіру жұмыстарында мердігерліктің өзгешелігі тікелей ескеріледі. Мердігер жобалау және іздестіру жұмыстарына арналған мердігерлік шарты бойынша тапсырысшыға мердігер әзірлеген жобалау-сметалық құжаттаманың негізінде оның жұмысты орындауына үшінші тұлғалардың бөгет жасау немесе шектеу қою құқығының жоқтығына кепілдік беруге міндетті.Мердігер тапсырысшыдан оның заңда немесе шартта көзделген барлық міндеттерін орындауды талап етуге құқылы. Тапсырысшының жауапкершілігі жалпы тәртіп бойынша белгіленеді. Жобалау және Іздестіру жұмыстарына мердігерлікті реттейтін нормаларда жобалау-сметалық құжаттаманың кемшіліктері үшін мердігердің жауапкершілігі бөлек қарастырылған. Мердігер жобалау және іздестіру жұмыстарының кез келген кемшіліктері үшін жауапты болады. Одан басқа, мердігер құрылысты салу барысынан кейін, сондай-ақ орындалған жобалау-сметалық құжаттама және іздсстіру жұмыстарының деректерінің негізінде салынған объектіні пайдалану барысында анықталған кемшіліктерді қоса алғанда, жобалау-сметалық құжаттаманың және іздестіру жұмыстарының кемшіліктері үшін жауапкершілікті көтереді.Ғылыми-зерттеу жұмыстарына жасалған шарт бойынша мердігер (атқарушы) тапсырысшының тапсырмасында көзделген ғылыми зерттеулерді жүргізуге міндетті. Тапсырысшы мердігерге (атқарушыға) техникалық тапсырма беруге, жұмыс нәтижелерін қабылдауға және оларға ақы төлеуге тиісті. Мердігер тәжірибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердігерлік шарты бойынша жаңа бұйымның үлгісін, оның конструкторлық құжаттамасын, жаңа технология жасауға не-месе үлгісін дайындауға міндеттенеді. Жобалау және іздестіру жұмыстарын жұргізу шарттарынан айырмашылығы ғылыми-зерттеу, тәжірибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердігерлік шарттарында бірқатар жағдайларда мердігерлер болып кәсіпкерлер қатыспайды. Мердігерлер болып көбінесе жеке зерттеушілер, ғылыми ұйымдар, жоғарғы оқу орындары шартқа қатысады (осылар коммерциялық емес ұйымдар). Ғылыми зерттеу құрылымдары коммерциялық ұйымдар құрамында болуы мүмкін. Тапсырысшылар болып жеке тұлғалар мемлекеттік немесе жеке меншік нысанында негізделген заңды тұлғалар келеді.Бұл мердігерлік тараптардың кейбір ерекшелігі бар құқықтары мен міндеттерін қарастырады. Ғылыми-зерттеу немесе тәжірибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердігерлік шарты бойынша тапсырысшы мердігерге техникалық тапсырма беруге тиіс. Тапсырысшының осы міндетінің ерекшелігі бар, себебі, ол мердігермен жасалатын жұмыстың тақырыптары (көрсеткіштері) жөнінде келісуі тиіс. Ғылыми-зерттеу, тәжірибе-конструкторлық және техноло-гиялық жұмыстарына мердігерлік шарты бойынша тапсырысшы өзіне берілген жұмыс нәтижесін, шартта көзделген негіздер мен шектерде ғана қолдануға құқылы.Тараптарға шарттың өзі туралы мәліметтердің таратылмауы бойынша міндеттер жүктеледі. Тапсырысшыға, сондай-ақ мердігерге шарттың орындалуы мен жұмыс нәтижелері туралы мәліметтердің құпиялығын сақтау міндеті жүктеледі. Мердігер жұмыс нәтижесін патенттеуді тапсырысшының келісімімен ғана жүргізеді.

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

  1. Мердігерлік шартының түсінігі

  2. Мердігерлік шарт мазмұны

  3. Мердігерлік шарт түрлері

Ұсынылатын әдебиет

1.Римское частное право. Учебник. Под ред. проф. И.Б. Новицкого. М; 1996.

2.Назарбаев Н. Казахстан – 2030. Послание Президента страны народу Казахстана. Алматы: 1997.

3.Басин Ю.Г. Общие положения нового гражданского законодательства. Учебник, т. 1. Алматы: 1996.

4.Шершеневич Г.Ф. Учебник русского гражданского права. М; 1995.

5. Гражданское право. Учебник, часть 1. Под ред. А.П. Сергеева, Ю.К. Толстого, М;98.

6. Гражданское право. Учебник пособие (общая часть) том 1. Под ред. К.С. Мауленова, Г.И. Тулеугалиева.
Тақырып 8. Тасымалдау шарты.Көлік экспедициясы

1.Тасымалдау шартының ұғымы мен жүйесі.

2.Тасымалдау шартының түрлері



3.Көлік экспидицаиясы шарты.

1.Көлік - бұл жоғары дәрежелі техногендікпен, техникалық жабдықталумен, қоғам мен мемлекеттің тіршілік әрекетін қамтамасыз ету үшін стратегиялық маңызымен сипатталатын салалардың бірі. Әрекет етуші заңнамамен көлік шарттарының төмендегідей түрлері белгіленген: а) жүкті тасымалдау шарты; б) жолаушыны (және қол жүгін) тасымалдау шарты; в) кеме жалдау (чартер) шарты; г) тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарттар; д) көлік ұйымдары арасындағы шарттар; е)жалпы пайдаланыстағы көлікпен тасымалдау шарты; ж) көлік экспедициясы шарты. Сонымен қатар, аталған шарттардың кейбіреулері тасымалдау қандай көлікпен жүзеге асырылатынына қарай түрленетінін ескерсек, онда көлік шарттарының құрылымы өте үлкен болып көрінеді.Жүктерді, жолаушы мен теңдеме жүкті тасымалдау шартының негізінде жүзеге асырылады. Тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы жүкті немесе жолаушыны (теңдеме жүкті) белгіленген мекенге жеткізуге міндеттенеді, ал жүк жөнелтуші немесе шартта көзделген басқа да тұлға, жолаушы көрсетілген көлік қызметі үшін ақы төлеуге міндеттенеді. Тасымалдау шарты аталған міндеттемелердің ішінде аралық болып табылады.Объективті сипаттағы себептер бойынша бөлінуі қажет болатын, көліктің бірнеше түрі бар, олардың ерекшеліктері мен колданылу аясы пайдалану ерекшеліктеріне себеп болады және олардың қайсыбірімен тасымалдауға бекітілетін шарттардың мазмұнына елеулі түрде ықпал етеді. Тасымалдау шарты - екі жақты және ақылы шарт, оның бұл сипаттамалары оның элементтерін, соның ішінде ерекше тұрғын жүктерді тасымалдау шартының мазмұнын, одан әрі қарастыру кезінде көрінетін болады. Заңнама (жүктерді) тасымалдау шартына қатаң талаптар қояды. Ол көлік накладнойын, коносаментті, тауарлы-көлік накладнойын немесе көлік туралы заңды актілермен көзделген, жүкке деген баска да құжаттарды толтырумен рәсімделеді. Тауарлы-көлік наклад-нойында (накладной мен коносаментте) шарттың негізгі жағдайлары туралы ақпарат болады. Оның (басқа да тасымалдаудың кұжаттарының) нысаны Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігімен жасалады. Осылайша тасымалдау шарттары ерекше формулярлы жазбаша нысанда бекітілетіндігі туралы айтуға болады. Тасымалдау шартының ерекшелігі - оның қатысушыларының құқықтары мен міндеттерінің көпшілігі тікелей нормативтік актілермен реттелгендігінде. Жалпы алғанда тасымалдау шарты жария сипатқа ие. Қазақстан Республикасының "Көліктуралы" Заңының 11-бабына сәйкес тасымалдаушы, Қазақстан Республикасының көлік кодекстері мен жарғыларымен көзделген жағдайлардан басқа жеке және заңды тұлғаларға тасымалдаудан бас тартуға құқылы емес. Жүктерді тасымалдау шартының бір тарабы болып тасымалдаушы - заңды немесе жеке тұлға болып табылады. Тасымалдаушы -заңды тұлға ретінде негізінен (мамандырылған) көлік кәсіпорны болады, оның орнында басқа да ұйымдар болуы мүмкін. Көлік кәсіпорындары жүктерді жолаушыларды тасымалдау бойынша көлік құралдарын сақтау, оларға техникалық кызмет көрсету мен жөндеу жүргізу бойынша шаруашылық коммерциялық қызметпен айналысады. Клиент (жүк жөнелтуші, жүк алушы) яғни көлік кызметтерін тұтынушы - бұл жеке немесе заңды тұлға. Мемлекет те клиент болуы мүмкін. Жүк жөнелтуші ретінде жүктін иесі және ол жөнелтілу үшін сеніп тапсырылған тұлға да болуы мүмкін. Кейбір жағдайларда жүк жөнелтуші мен жүк қабылдаушы бір тұлға болуы мүмкін. Көп жағдайларда жүк алушылар болып жеткізудің азаматтық-құқықтық шарттары бойынша несие берушілер, мүлікті бөлу әкімшілік актісіне сәйкес мүлік алатын субъектілер табылады. Жолаушыларды тасымалдау шарты бойынша клиент ретінде, әр уақытта көліктің кайсыбір түріне билет алған немесе ауызша тасымалдау шартын бекіткен жеке тұлға танылады.Тасымалдау шартының пәні болып тасымалдаушы көрсететін қызмет табылады. Тасымалдау шартының өзі мәнісі жағынан кызмет көрсету шарты болып табылады. Сондықтан оны реттеу кезінде, белгілі бір шамада өтелмелі кызмет көрсету туралы жалпы нормаларды да ескеру қажет. Көлікте керсетілетін қызмет (қызметтер) қандай да бір заттық нысанға ие емес, және оларды тұтыну дер кезінде жүзеге асады. Көлік кызметі - бұл жүктерді (жолаушыларды) кеңістікте тасымалдау болып табылады және осы қасиетіне орай ол тауарлық сипатқа ие жалпы міндеттеменің жеке пәні бар және бұл жағдайда тасымалдау шартының заңдық құрылымының негізі де бар. Жүктерді жолаушылар мен көтерме жүк тасымалдағаны үшін тараптардың келісімімен белгіленетін тасымалдау ақысы төленеді. Автомобиль, әуе, су көліктерімен тасымалдау кезінде еркін шарттық баға қолданылады. Тасымалдаушылар бұл жағдайда өздерінің бағалары мен тарифтерін басшылыкқа алады. Орталықтандырыла белгіленген тарифтер жүктерді, жолаушылар мен қол жүгін қоғамдық көлікпен тасымалдау кезінде қолданылады. Бұрын орталықтандырыла белгіленген бағалар темір жол тасымалдаулары үшін де көзделген болатын. Тасымалдау процесі барысында козғалыс қауіпсіздігі қамтамасыз етілуге тиіс. Клиенттің көлік қызметі нарығында көлік таңдау еркіндігі шектелмеуге тиіс. Тасымалдаушы жөнелтілетін жүктің өз сертификатына сәйкестігін куәландыратын құжаттарды алуға әлеуметтік маңызды және қорғаныс тасымалдарын жүзеге асыруға мемлекеттік және жергілікті өкілді және атқарушы органдардың талаптарын сақтауға міндетті. Реітелетін тасымалдаулардан басқа, тасымалдаушы баға қалыптастыру ережелеріне сәйкес тасымалдаудың бағаларын еркін белгілеуге құқылы.Тараптардың құқықтары мен міндеттерін (жүктерді тасымалдау шартын мысалға келтіре отырып) карастырайық. Жүктерді тасымалдау шартын орындау кезінде тасымалдаушы тиісті жүкті тасымалдау үшін жарамды күйдегі көлік құралын беруге міндетті. Яғни, тасымалдаушы қандай да бір жағдайда, қажетті көлік құ-ралының түрін өзі анықтайды. Ол жүк пен кыл-қыбырдың қалдыктарынан таза, реквизиттері алынған күйінде, қажет болған жағдайларда жуылған, дезинфекцияланған күйінде бермейді. Жүк жөнелтуші жүкті жөнелтпеуге (тасымалдауға) бірқатар талаптарды сақтай отырып береді. Олардың бір бөлігі жалпы сипатқа ие және тасымалдаудың барлық жағдайларында қолданылады. Жалпы талаптар жүктің саны мен атауына, оның салмағын, салатын ыдысы мен буып түюін анықтауға таралады. Сондай-ақ олар маркировка не бағалығын хабарлауға қатысты. Арнайы талаптар тасымалдауға қабылданатын жүктің ерекше сипатымен немесе кайсыбір талаптар қойылатын көлік түріне байланысты. Мәселен, жарылған, тез жанатын, радиактивті, улы және басқа да қауіпті жүктерді жөнелтетін және алатын жүк жөнелтушілер мен жүк алушылар және темір жолдар, олардың қауіпсіз тасымалданатына кепіл болуға, бұл жүктерді тасымалдау кезінде авариялык жағдайлар мен олардың салдарын, олар пайда болған жағдайда, жоюға қажет құралдар мен мобильді бөлімшелерді иеленуге міндетті.Жүктерді вагондар мен автомобильдерге тиеу, сондай-ақ, оларды одан түсіру мыналармен жүзеге асырылады: а) жалпы пайдаланыс орындарында темір жолмен, жүктерді тиегені мен түсіргені үшін темір жол жүк жөнелтушіден, жүк алушыдан еркін тарифтер бойынша алым алады; б) жалпы пайдаланыстағы емес орындарда жүк жөнелтуші мен жүк алушымен сондай-ақ, жалпы пайдаланыстан, орындарда қауіпті және тез бұзылатын заттарды, ішкі жануар өнімдерін, ауыр (бір орында 0.5 тоннадан артық) және габаритті емес жүктерді. Құю үйінді және төгу арқылы мамандандырылған жылжымалы составпен тасымалданатын жүктерді және жүк жөнелтуші мен жүк алушылардың жолсеріктерінен жөнелтілетін жүктерді де. Осылайша, аталған жүк-тердің түрлерін дұрыс тиеумен байланысты тәуекел қауіптері тікелей жөнелтушілер мен жүк алушыларға жүктеледі. Жүктерді тиеу, бекіту мен тасымалдау үшін қажет құрылғылар материалдарды жүк жөнелтуші беруге тиіс. Жекелеген тасымалдау құрылғылар (нан және көкөніс қалкандары) және буып-түю кұрал-дары (тұғырықтар, арқандар, қысқыштар) шарттық жағдайларда, тиісті алымдарды ала отырып, темір жолмен де берілуі мүмкін. Бұл құрылғылар мен материалдарды тиеу кезінде орнату мен түсіру кезінде алу, тиеу мен түсіру кімнің құралдарымен жүзеге асырылатынына қарай, жүк жөнелтушімен, жүк алушымен немесе темір жолмен жүзеге асырылады. Механизацияланған және механизацияланбаған әдістермен жүзеге асатын тиеу белгіленген мерзімдерде аякталуға тиіс. Бұл мерзімдерден асып кеткен жағдайда тиеу міндеті жүктелген тарап мерзімді өткізіп алғаны үшін жауапты болады. Шартқа сәйкес жүк жөнелтуші немесе жүк алушы тасымлдаушы қызметіне ақы төлеуге міндетті. Тиісті төлмдерді төлеушілер қолма-қол ақшамен, чектер негізінде қолма-қол ақшасыз есептеу жолымен, төлем тапсырыстары арқылы жүзеге асырады. Белгілі бір жүкжөнелтушілер мен жүк қабылдаушылар үшін есеп айырысудың өзге тәртібі көзделуі мүмкін. Бұл кезде есеп айырысу тәртібін Көлік және коммуникация министрлігі бекітуі мүмкін, ол өз кезегінде несиелік және есеп айырысу қатынастарын реттейтін заңнаманы басшылыққа алады. Әдетте, төлеушілер тасымалдау төлемдерін жүк станциядан жөнелтілгенге дейін енгізеді. Тасымалдаушы пайдасына тасымал төлемінің жеткіліксіз бөлігін төлету жүк баратын жерге жеткеннен кейін жүзеге асырылады. Сондай-ақ, артық төленген сомалар да қайтарылуы мүмкін. Қазақстан Республикасының "Темір жол көлігі туралы" Заңының 74-бабының 2-тармағына сәйкес тасымалдаушыға тиесілі төлемдерді төлеу мерзімін өткізіп алғаны үшін бөтеннің ақшаларын заңсыз пайда-ланғаны үшін жауапкершілік мөлшерінде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген айыппұл алынады. Тасымалдаушыға төлем жүзеге асырылғанға дейін жүкті жөнелтуді кідірту жолымен шұғыл санкциялар қолдану құқығы беріледі. Жүкті жөнелткенге дейін есеп айырысу кезінде төлемдерді енгізу мерзімі тасымалдауға қабылдау күнімен анықталады, ал жүк баратын жерге есеп айырысу кезінде, тасымалдау құжатында көрсетілген жүкті жүк қабылдаушыға беру күнімен анықталады. Тасымалдау төлемдерін кем төлеу және артық төлеу бойынша есеп айырысу мерзімдері қайсыбір тарап есепті көрсеткен сәттен бастап анықталады.Заңнамамен (ҚР АК 699-бап) жүк жөнелтушінің (басқа тұлғаның) жүкке билік ету құқығы көзделген. Жүк жөнелтуші немесе жүкке билік ету құжатының иесі тасымалдаушыға тасымалдауды токтатуды немесе жүкті қайтаруды талап ете алады не басқа да өкім бере алады. Бұл жағдайда тасымалдаушы жасалған тасымалға ақы төлеуді, сондай-ақ жасалған өкімге байланысты келтірген шығындарды өтеуін талап етуге құқылы. Жүк баратын жеріне жеткеннен кейін жүк алушыға жүкті берген кезде жүк жөнелтуші аталған құқықтардан айырылады. Темір жол тасымалдаулары кезінде жүктерді жаңа мекен-жайға жолдау мүмкіндігі көзделеді. Жаңа мекен-жайға жолдау дегеніміз жүк алушыны немесе тасымалдауға қабылданған жүктің баратын станциясын өзгерту. Темір жол жаңа мекен-жайға жолдауды жүк жөнелтушінің немесе жүк алушының мәлімдемесі бойынша жүзеге асырады, мәлімдемесі бойынша өзгеріс жүзеге асырылған ұйым бастапқы адресат алдында сол өзгерістің салдары үшін жауапты болады және ол жүк жөнелтуші, бастапкы және соңғы жүк алушылар арасында есеп айырысуды реттеуге міндетті. Теңіз тасымалдау шарты бойынша, егер тиелген жүктің басқа да шығындарын өтемесе, ал жүк жөнелтуші немесе кеме жалдаушы кеме кеткенге дейін тасымал төлемін толық енгізбесе не қосымша қамтамасыз етуді жүзеге асырмаса, тасымалдаушы шарттан бас тарта алады. Бұл жағдайда жүк жөнелтуші тасымалдаушыға толық фрахтының (тасымал төлемінің) екіден бірін ал, бос тұрып қалу орын алған жағдайда бос тұрғаны үшін ақы төлеуге және тасымалдаушының өзге де шығындарын өтеуге тиіс. Тасымалдаушыньщ келісіміндегі - өзіне тапсырылған жүкті белгіленген мерзімде жеткізіп беру. Жүктерді темір жолмен тасымалдауу шарты бойынша жүкті жеткізіп беру мерзімдегі басқа шарттардағыдай ерікті түрде белгіленбейді, ол орталықтан анықталады, өйткені тасымалдаушының жүкті жеткізіп беру бойынша өз міндетін орындауы тек тараптардың еркіне ғана емес, сонымен қатар тасымалдау жүзеге асырылатын жағдайларға да байланысты (жолдың өткізу қабілеттілігіне, поездар қозғалысының белгіленген жылдамдығына, жолдағы аялдамалардың саны мен уақытына және т.б.). Егер жеткізу мерзімі өткенге дейін жүк темір жолдың құралдарымен баратын станцияда түсіріліп қойса немесе жүк тиелген вагон, контейнер жүк алушының құралдарымен түсірілуге берілсе жүк мерзімінде жеткізілді деп есептеледі. Жүктерді тасымалдаудың басқа түрлері бойынша мерзім заңнамамен белгіленбеуі де мүмкін, мұндай жағдайларда тараптар оны шартта көздеуге құқылы. Егер вагондарды, контейнерлерді түсіруге беру түсірушілердің бос болмауы салдарынан немесе жүк алушыға немесе оның атынан әрекет етіп жатқан көлік-экспедициялык кәсіпорынға тәуелді басқа да себептер бойынша кідіртіліп жатса және бұған қатысты жалпы нысандағы акт рәсімделіп қойса, жүк мерзімінде жеткізілді деп есептеледі егер ол баратын станцияға жеткізудің белгіленген мерзімі өткенге дейін келсе. Жүктің келгендігі туралы темір жол жүк алушыны жүк келген күннен кейінгі 12 сағаттан кем емес мерзім ішінде хабарландыруға міндетті. Сондай-ақ, жүк алушы вагондарды, контейнерлерді жүк алушының құралдарымен түсіруге беру уақыты туралы оларды бергенге дейін екі сағаттан кем емес уақыт ішінде хабарландырылады. Кейбір жағдайларда темір жол жүк алушыны хабарландыруды шарт бойынша жүргізеді. Темір жол жүк алушыны жүктің келгендігі туралы хабарландырмаған жағдайда жүк алушыға вагондар мен контейнерлердің тұрып қалғандығы үшін жауапкершілік жүктелмейді және ол жүктің келгендігі туралы хабарландыру жіберілгенге дейін жүктерді сақтау үшін алынатын алымды төлеуден босатылады. Тасымалдаушы тасымалдау құжатында көрсетілген жүк алушыға жүкті беруге міндетті, ал соңғысы өз кезегінде, тиісті тасымал бойынша тиесілі төлемдерді төлеуге міндетті.Егер алушының атына жеткізуі шартпен, келісім-шартпен көзделмеген, сондай-ақ атауы темір жол накладнойына сәйкес келмейтін жүк келсе, жүк алушы оны жауапты түрде сақтауға алуға міндетті.Жүк ортақ пайдалану орындарында алынған кезде жүк алушы өз атына келген жүкті қабылдауға және станциядан алып кетуге міндетті. Жүктің сапасы бүліну немесе зақымдану салдарынан оны пайдалану мүмкіндігі толығымен немесе ішінара жоғалтылатындай өзгеріске ұшыраған кезде ғана жүк алушы жүкті қабылдаудан бас тартуға құқылы. Баратын станцияға келген жүктер 24 сағат ішінде тегін сакталады. Бұл мерзімнің ерекшелігі оның басталуы жүк немесе контейнер темір жолдың құралдарымен түсірілген күннің немесе жүк жүк алушының құралдарымен түсірілуге берілген күннің 24 сағатына сәйкес келетіндігінде. Егер жүк аталған мерзімнен артық сақталатын болса онда темір жол еркін тарифтер бойынша алым алады. Тасымалдаушы жеңуге болмайтын күш жағдайларының орын алды нәтижесінде жүкті жеткізуге немесе жүкті сақтаудың шекті мерзімдері ішінде оны құжатта көрсетілген жүк алушыға беруге мүмкіндігі болмаган кезде темір жол жүкке қатысты жүк жөнелтушінің нұсқауы бойынша шара колданады. Жүк жөнелтуші мұндай нұсқауды өзіне хабарландыру келген күннен бастап бір тәулік ішінде беруге міндетті.Темір жол бөлімі бастығының шешімі бойынша түсірілген жүктерді сақтау үшін алынатын ақы ұлғаюы мүмкін. Баламалы түрде жүк алушыға жүк жөнелтушіге байланысты себептер бойынша вагондарды кіріс жолына өткізуге күтуде темір жолдың кіріс жолдарында немесе станция жолдарында белгіленген мерзімдерден асыра 24 сағаттан артық кідіртілген вагондардың, контейнерлердін тұрып калуы үшін айыппұл төленуі немесе вагондарды пайдаланғаны үшін ақы екі есе мөлшеріне дейін ұлгайтылуы мүмкін.Жүк алушы босатылған вагондарды (контейнерлерді) темір жолға тапсыруға міндетті. Тараптар арасында вагондарды кабылдау тапсырумен байланысты міндеттгер бөлінеді. Вагондардың ішкі және сыртқы беттері тазартылуға тиіс, жылжымайтын инвентарлық бекіту соның ішінде турникет дұрыс техникалық жағдайға келтірілуге тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет