Азаматтық ҚҰҚЫҚ


а) иеленудің заңды негізі; б) адал иелену; в) иелену мерзімінің үздіксіз жүргізілуі



бет4/7
Дата21.02.2024
өлшемі347.32 Kb.
#492732
1   2   3   4   5   6   7
5 лекция РИМ құқығы 4d14864d938486ac6df39ed5679fe6c1

а) иеленудің заңды негізі; б) адал иелену; в) иелену мерзімінің үздіксіз жүргізілуі.

Иелену бір адаммен үздіксіз жүргізілуі кажет бодды.

Қойма. Қойма дегеніміз қандай да болмасын жерде бұрыннан жасырын жатқан, ашқаннан кейін иесін табу мүмкін болмайтын құндылық. Бөтен біреудің жерінен оқыста тауып алған қойма, тауып алған адам мен жердің қожайынының ортақ меншігі болып саналды. Мақсатты іздеу нәтижесінде жердің қожайынының рұқсатынсыз және оны ескертпей тауып алынған қойма олжаға теңестірілді және оны беру қүқықбұзушының міндеті болып саналды. Қасиетті жерлерден тауып алынған қоймаға меншік құқығы пайда болмайтын.

Спецификация - бір немесе бірнеше заттардан жаңа зат дайындау. Ие болу құқығы материалдың меншік иесіне тиесілі болатын немесе өз еңбегімен затты өңдеген адамға тиесілі болатын. Юстинианның құқығы бойынша спецификатор жаңа заттың иесі меншік иесі болып саналды, егер ол бөтен затқа өз затының бір бөлігін қосу арқылы жаңа зат өндеп шығарса. Мұндай жағдайда ол материалдың қүнын беруге тиісті болды.

Заттарды беру - традиция. Традиция - затқа меншік құқығын беру ниетімен затты беру. Традиция негізі шарт болды. Бастапқыда традиция иелікке алушылар рим емес азаматтар болып табылатын манципациялық емес заттарға қатысты қолданылды. Традиция көмегімен меншік құқығының ауысуы - негіз арқылы ауысатын. Бұл негіз тараптардың еркі б.т. Юстиниан Кодификациясында традиция меншік құқығын ауыстыру туралы заттық шартты жасаудың бірден-бір тәсілі болып саналды. Традиция бойынша затты тікелей беру және оның мақсаты болуы міндетті болды.

Заттарды біріктіру. Заттарды біріктіру бір затты екінші затқа қосу және оның бір құрамдас бөлігі болу. Заттарды біріктірген кезде әр түрлі меншік иесіне тиесілі заттар бірігеді. Қозғалатын заттар ұнтақталатын заттар және ұнтақталмайтын заттарды араластыру нәтижесінде бірігетін. Біріктірген заттардың қайсысы негізгі зат деген сұраққа заттың шаруашылық бекітілу маңыздылығына, құндылығына байланысты анықталды. Жаңадан пайда болған заттың меншік иесі біріктірілген заттың құнын төлеуге міндетті болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет