Негаторлық талап. Меншік иесі затты жоғалтпаған кезде де, меншік құқығын қорғауды қажет етті.
Бұл меншік иесіне затқа меншік құқықтарын жүзеге асыру кезінде басқа түлғалардың кедергі келтіру кезінде орын алады.
Бүл жағдайда меншік құқығын қорғау үшін негаторлық талап қолданылды. Негаторлық талап меншік еркіндігін бұзушыларға қарсы бағытталған талап. Негаторлық талаптың виндикалық талаптан айырмашылығы бүл талапты қояр кезде меншік иесі затынан айырылмайды, бірақ меншік құқықтарын жүзеге асыруға байланысты кедергілерді кездестіреді.
Негаторлық талап бойынша жауапкер кез-келген түлға болуы мүмкін. Талапкер өзінің меншік құқығын және оны жауапкердің бұзғандығын дәлелдеуі керек. Егер талап қанағаттандырылатын болса, талапкерге құкықты бұзумен байланысты барлық залалдар өтеледі.
Меншік кұқығының тоқтатылуы. Затқа меншік құқығы тоқтатылды, егер меншік иесі өз еркімен заттан бас тартса, зат жойылса, зат иеліктен шығарылса, немесе меншік иесінен зат еріксіз алынса. Заттың жойылуы физикалық және юридикалық жойылу арқылы болуы мүмкін.
Физикалық жойылу дегеніміз - заттың толық жойылуы немесе ол заттың сапасы жоғалтылған жағдайға келтірілген болса.
Юридикалық жойылу дегеніміз - затты азаматтық айналымнан алып тастау. Меншік құқығы тоқтатылады, егер зат иеліктен шығарылса, яғни жеке-құқықтық мәмілелер арқылы затты басқа біреудің меншігіне беру.
Бұл бөлім Рим империясында болған меншік түрлерін анықтайды.
Квириттік меншік Римде азаматтық заңнамаға сәйкес реттелді. Империяның ерте тарихында бұл елдегі жалғыз меншік құқығы болды. Квирит заңы бойынша затқа иелік ету үшін мүлікке иелік ету құқығы бар Рим азаматы болуы керек еді.
Бонитарлық – преторлық құқыққа негізделген меншік. Меншіктің бұл түрі, жоғарыда айтылғандай, квириттік заңға қайшы болды, өйткені мұндай мәміле манипуляциялық рәсімді қамтымайды, сондықтан оны олар мойындамады.