Азаматтық ҚҰҚЫҚ


Меншік құқығы шексіз емес. Тіпті ерте рим заңдарының өзі меншік құқығына шектеулер қойды



бет2/7
Дата21.02.2024
өлшемі347.32 Kb.
#492732
1   2   3   4   5   6   7
5 лекция РИМ құқығы 4d14864d938486ac6df39ed5679fe6c1

Меншік құқығы шексіз емес. Тіпті ерте рим заңдарының өзі меншік құқығына шектеулер қойды.

Занды шектеулер 12 кесте заңдарымен бекітілген болатын.


- Меншік иесі өзінің учаскесіне бір күн сайын көршісінің учаскесінде өсіп тұрған ағаштан түскен өнімін жинау үшін көршісін жіберіп түру;
- 15 футтан асатын бұтақ өскен жағдайда, егер меншік иесі оны кеспейтін болса, бұтақты кесіп, тіпті ағаштың өзін кесу, егер оны меншік иесі өзі жасамайтын болса;
- Өзінің учаскесінің үстінен жарты футтан асатын құрылыс салуға;
- Меншік иесі белгілі бір сыйақыға өз учаскесінен өткізіп тұруға міндетті болды.

Меншік құкының 3 түрлері. Олар:


Квириттік меншік
Преторлық меншік
Перегриндік меншік

Квириттік меншік ерте Римдегі меншіктің ертеректегі түрі б.саналады. Квириттік меншік құқығының белгілері:

  • квириттік меншіктің субъектісі болып тек рим азаматы саналатын;
  • квириттік меншіктің объектісі тек манципациялық заттар;
  • квириттік меншік құқығы тек манципация жолымен пайда болатын.
  • (Мансипация (лат. mancipatio, лат. manus – “қол” және лат. capio – “алу”) – рим құқығында бір тұлғадан екінші адамға меншік құқығын беруді (манусты иемдену) тіркеу актісі, онда иеліктен шығарылған зат 5 куәгердің қатысуымен және қатаң белгіленген ауызша формаларды айтып, мыс құймасы бар таразымен рәсімді орындаған соң таразышы сатып алушыға берілді.)

    Шаруашылық өмірдің дамуына байланысты азаматтық айналымның тұрақтылығын қамтамасыз ету қажеттілігі туындады және рим емес азаматтардың құқықтарын қорғау қажет болды.

Біртіндеп меншіктің жаңа түрі пайда болды және ол квириттік құқықпен танылмады және қорғалмады, бірақ претордың қорғауында болды.

Претордың қорғауымен жүзеге асырылған меншіктің түрі преторлық меншік деп аталды. Преторлық меншік бойынша манципациялық заттар манципациялық емес жолмен иеліктен шығарылатын. Квириттік меншік бойынша мұндай мәмілелер жарамсыз деп танылып, виндикациялық талап берілетін және бұл азаматтық айналымның тұрақтылығына кері әсерін тигізетін. Кейін мұндай нысан шаруашылықтандырудың жаңа нысанына сәйкес келмеді. Сондықтан претор мұндай жағдайда жауапкердің құқықтарын қорғайтын және мәміле орындалған болса, претор судъяға талапты қанағаттандырусыз қалдыру туралы жазба жазатын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет