Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы


еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар



бет5/7
Дата23.02.2016
өлшемі0.77 Mb.
#5945
1   2   3   4   5   6   7

               еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар

Р/с


Қосымша ақылардың атауы

Қосымша ақылар түрлері

Қосымша ақылардың мөлшері

Ескертпе

1

2

3

4

5

1.



Ауыр (ерекше ауыр) қол еңбегі жұмыстарымен және еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және қауіпті (ерекше қауіпті) жұмыстармен айналысатын қызметкерлерге қосымша ақы



2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес және еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген еңбек жағдайлары зиянды өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдар дың тізімі (тізбесі) негізінде

1)

Мәйіт материалдарымен, зиянды (улы) химиялық заттармен, дыбыс шығарушы аппаратпен, психикалық науқастармен, ультракүлгін сәуле көздері бар микроскоптармен, кернеулігі 30 кВт асатын электрондық микроскоптармен, сот сараптамаларын жүргізу кезінде дербес электрондық есептеу машиналарымен жұмыс істегені үшін



Жұмыс өтіліне байланысты:
2 жылға дейін – БЛА-дан 50 %;
3 жылдан 5 жылға дейін – БЛА-дан 75%;
5 жылдан астам – БЛА-дан 100%



2)

Сараптама жүргізгені үшін



Жүргізілетін сараптамалардың күрделілігіне қарай БЛА-дан 100 %-ға дейін

Кәсіпорын басшысы белгілеген тәртіппен

2.



Ерекше еңбек жағдайы үшін қосымша ақы





1)

Сот сараптамаларының әр түрін жүргізу бойынша біліктілік куәлігі бар сарапшыларға



Сараптаманың 2 түрі – БЛА-дан 50 %;
сараптаманың 3-тен 5 түріне дейін – БЛА-дан 75 %;
5 түрден астам – БЛА-дан 100 %



2)

Сыныптық шендері бар қызметкерлерге:
III сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі I және II сыныпты әділет кеңесшісі III сыныпты әділет кеңесшісі және I сыныпты заңгер II сыныпты заңгер III сыныпты заңгер



ЛА-дан 25 %

ЛА-дан 22 %

ЛА-дан 20 %

ЛА-дан 17 %

ЛА-дан 15 %




3)

Мемлекеттік және қызметтік құпияны қамтитын құпия және өте құпия құжаттармен жұмыс істейтін Орталық қызметшілеріне



БЛА-дан 30 %

«Мемлекеттік құпиялар туралы» 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес.
Нақты лауазымдар тізбесі бойынша төлеу тәртібі мен шарттарын мемлекеттік басқару органы белгілейді

3.



Лауазымдарды қоса атқарғаны (қызмет көрсету аймағының кеңейгені) үшін қосымша ақы







Орталық басшысына, оның орынбасарларына, құрылымдық бөлімшелердің басшыларына және олардың орынбасарларына өздері штатына кіретін ұйымдарда негізгі лауазымы бойынша жұмыс уақытының шегінде біліктілік куәлігіне сәйкес мамандығы бойынша жұмыс жүргізуге рұқсат беріледі



Тиісті мамандық сарапшысының ЛА-нан 30 %-ға дейін

Негізгі мамандығы бойынша жұмыс уақытының шегінде

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1193 қаулысымен бекітілген
15-қосымша       

    Ауыл шаруашылығы, орман, балық және аң аулау шаруашылығы


     саласындағы азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет
      қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне,
    қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбек жағдайлары
               үшін қосымша ақылар мен үстемеақылар

Р/с


Қосымша ақылар мен үстемеақылардың атауы

Қосымша ақылар мен үстемеақылардың түрлері

Қосымша ақылар мен үстемеақылардың мөлшері

Ескертпе

1

2

3

4

5

1.



Ерекше еңбек жағдайлары үшін үстемеақы







Мекемені дамытуға бағытталған жұмыстары, тәжірибеде озық әдістерді пайдаланғаны үшін, жұмыстағы жоғары жетістіктері, аса маңызды немесе шұғыл жұмыстарды орындағаны үшін, еңбектегі күрделілік және қауырттылық үшін



БЛА-ның 50 %-ынан аспайды

Уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және шарттармен

2.



Ауыр (ерекше ауыр) қол еңбегі жұмыстарымен және еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және қауіпті (ерекше қауіпті) жұмыстармен айналысатын қызметкерлерге қосымша ақы



2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес және еңбек жөніндегі мемлекеттік уәкілетті орган белгілеген еңбек жағдайлары зиянды өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімі (тізбесі) негізінде

1)

Қауіпті және аса қауіпті індеттердің қоздырғыштары және оларды жұқтыруы мүмкін және жұқтыру әлеуеті бар материалдармен (жануарлар мен құстардың, кене, шыбын-шіркей, балпақ сарышұнақ тышқандар мен тышқан тектес кеміргіштердің аса қауіпті індеттерінің қоздырғыштарын жұқтырған патологиялық материалдармен байланысы) жұмыс істегені үшін



БЛА-дан 140 %

Жұмысты нақты орындауына қарай

2)

Улармен және улы химикаттармен тікелей жұмыс істегені, улармен және улы химикаттармен өңделген, карантинге жатқызылған ішкі және импорттық өнімді тексеріп қарағаны, сараптама жүргізгені, тексергені үшін



БЛА-дан 60 %



3)

Химиялық-токсикологиялық және радиологиялық зерттеулерді: сынамаларды іріктеу және жануарлардың қырылуын анықтау бойынша патологиялық материалдарға зертханалық зерттеу жүргізгені, жоғары сапалы улар, радионуклидтер және химиялық заттар (қышқылдар, сілтілер, прекурсорлар), зерттеу кезінде олармен жанасқаны және жұмыс істегені үшін



БЛА-дан 60 %



4)

Орман өрттерін, оның ішінде арнайы құрал-жарақтарды қолдана отырып сөндіруге қатысқаны үшін, тікұшақ техникасы арқылы десант түсіру, сондай-ақ орман зиянкестері мен ауруларына қарсы күрес жүргізу жұмыстары үшін



Әр сағат үшін сағаттық мөлшерлеменің 100 %



Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1193 қаулысымен бекітілген
16-қосымша       

Геологиялық ақпарат статистикасы, ақпаратты техникалық қорғау,
    ақпараттық қауіпсіздік саласында мамандарды даярлау және
     біліктілігін арттыру жүйесінің азаматтық қызметшілеріне,
    мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдарының
    қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындарының қызметкерлеріне
       еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар мен үстемеақылар

Р/с


Қосымша ақылар мен үстемеақылардың атауы

Қосымша ақылар мен үстеме-ақылардың түрлері

Қосымша ақылар мен үстемеақылардың мөлшері

Ескертпе

1

2

3

4

5

1.



Кәсіби шеберлігі үшін үстемеақы







Геологиялық ақпарат статистикасы жүйесі мемлекеттік мекемелерінің, «Қазгеоақпарат» республикалық геологиялық ақпарат орталығы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне



БЛА-ның 60 %-нан аспайды

Уәкілетті орган белгілеген тәртіппен

2.



Ерекше еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы







«Ақпаратты техникалық қорғау орталығы», «Ақпараттық қауіпсіздік саласында мамандарды даярлау және олардың біліктілігін арттыру орталығы» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік және қызметтік құпияны қамтитын құпия және өте құпия құжаттармен тұрақты жұмыс істейтін мамандарға



БЛА-дан 25 %

Лауазымдардың нақты тізбесі бойынша төлеу тәртібі мен шарттарын уәкілетті орган белгілейді

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1193 қаулысымен бекітілген
17-қосымша       

   Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстандық


    стратегиялық зерттеулер институты, Қазақстан Республикасы
      Заңнама институтының қызметкерлеріне еңбек жағдайлар
                          үшін үстемеақылар

Р/с


Үстемеақылардың атауы

Үстемеақылардың түрлері

Үстемеақылардың мөлшері

Ескертпе

1

2

3

4

5

1

Қазақстан Республикасы Заңнама институтының ғылыми қызметкерлеріне

Құқық саласында іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізгені үшін үстемеақы

ЛА-дан 100 %

Мекеме басшысы белгілеген тәртіппен және шарттармен

2

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми қызметшілеріне

Ғылыми зерттеулердің және ел басшыларына ұсынылатын есеп беру материалдарының жоғары сапасы үшін үстемеақы

ЛА-дан 100 %

Мекеме басшысы белгілеген тәртіппен және шарттармен

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1193 қаулысымен бекітілген
18-қосымша       

   Азаматтық қызметшілер, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен


  ұсталатын ұйымдардың қызметкерлері, қазыналық кәсіпорындардың
   қызметкерлері үшін бірыңғай қосымша ақылар мен үстемеақылар

Р/с


Қосымша ақылар мен үстемеақылардың атауы

Қосымша ақылар мен үстемеақылардың түрлері

Қосымша ақылар мен үстемеақылардың мөлшері

Ескертпе

1

2

3

4

5

1.



Ауылдық жердегі жұмысы үшін арттыру





1)

Ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға, жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша арттырылған айлықақылар (тарифтiк мөлшерлемелер) белгiленедi



25 %-дан кем емес

2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес

2)

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын және ауылдық елді мекендерде орналасқан мекемелерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға арттырылған айлықақылар (тарифтiк мөлшерлемелер) белгiленедi



25 %-дан кем емес

2015 жылы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес

2.

Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне кешкі сағат 22-ден таңғы сағат 6-ға дейін әр сағаты үшін

Түнгі уақыттағы жұмысы үшін қосымша ақы

Сағаттық мөлшерлемеден 50 %

2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес

3.

Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне мереке немесе демалыс күндерінің әр сағаты үшін

Мереке және демалыс күндеріндегі жұмысы үшін қосымша ақы

Сағаттық мөлшерлемеден 50 %

2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес

4.

Мемлекеттік мекемелердің және қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне мерзімнен тыс жұмыстың әр сағаты үшін

Мерзімнен тыс жұмыс істегені үшін қосымша ақы

Сағаттық мөлшерлемеден 50 %

2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес

5.

Мемлекеттік мекемелердің және қазыналық кәсіпорындардың негізгі лауазымы (мамандығы) бойынша жұмыс уақытының шегінде қосымша жұмыс орындайтын қызметкерлеріне

Лауазымдарды қоса атқарғаны (қызметтер көрсету аймағының кеңейгені) үшін қосымша ақы

Қызметкердің өзінің ЛА-нан 50 %-ға дейін

2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес Көрсетілген қосымша ақылар мемлекеттік мекемелердің, қазыналық кәсіпорындардың басшыларына және олардың орынбасарларына қолданылмайды

6.

Мемлекеттік мекемелердің және қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне

Уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін орындағаны үшін қосымша ақы

Нақты көлеміне қарай

2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес

7.

Экологиялық апат аймақтарында, оның ішінде:
экологиялық апат
экологиялық дағдарыс
экологиялық дағдарыс алдындағы жағдайдағы аймақтарда тұратын және еңбек қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне

Экологиялық апат аймақтарында жұмыс істегені үшін қосымша ақы

ЛА-дан 50 %

ЛА-дан 30 %

ЛА-дан 20 %


2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және «Арал өңіріндегі экологиялық апат салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» 1992 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес

8.

Радиациялық қатер аймақтарында, оның ішінде:
төтенше радиациялық қатер
ең көп радиациялық қатер
жоғарғы радиациялық қатер
ең аз радиациялық қатер
жеңілдікті әлеуметтік-экономикалық мәртебесі бар аймақтарда тұратын және еңбек қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне

Радиациялық қатер аумағында жұмыс істегені үшін қосымша ақы

2 АЕК*

1,75 АЕК* 1,5 АЕК*

1,25 АЕК* 1 АЕК*


2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес

9.



Ауыр (ерекше ауыр) қол еңбегі жұмыстарымен және еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және қауіпті (ерекше қауіпті) жұмыстармен айналысатын қызметкерлерге қосымша ақы



2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес және еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен Еңбек жағдайлары зиянды кәсіптер және қызметтер өндірістерінің, цехтарының тізімі (тізбесі) негізінде

1)

Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметшілері мен жұмысшыларына



БЛА-дан 30 %



2)

Тазалаушыларға:
дезинфекциялық құралдарды пайдаланатын өндірістік және қызметтік үй-жайларды;
дезинфекциялық құралдарды пайдалана отырып, дәретханаларды жинаған кезде



БЛА-дан 20 %

БЛА-дан 30 %





10.



Сыныптық біліктілігі үшін үстемеақы







«1-сыныпты жүргізуші» (В, С, Д, Е санаттары болғанда)

«2-сыныпты жүргізуші» (В, С, Е немесе В, С, Д немесе Д (Д және Е) санаттары болғанда) сыныптық біліктілігі бар жүк және жеңіл автомобильдер, автобустар жүргізушілеріне





БЛА-дан 35 %

БЛА-дан 20 %





11.



Құрметті атағы үшін үстемеақы







Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының «Халық» деген құрметті атағы бар және республиканың құрметті атақтарына ие болған қызметкерлерге Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының «Еңбек сіңірген» құрметті атағы бар және республиканың құрметті атақтарына ие болған қызметкерлерге



БЛА-дан 50 %

БЛА-дан 30 %



«Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес

12.



Ғылыми дәрежесі үшін қосымша ақы







Ғылым кандидаттарына, философия докторларына (PhD), бейіні бойынша докторларға

Ғылым докторларына





1 ЕТЖМ**

2 ЕТЖМ**


Көрсетілген қосымша ақы біліктілігі жоғары ғылыми кадрларды аттестаттау жөніндегі уәкілетті орган берген тиісті дипломы болған кезде белгіленеді және негізгі жұмыс орны бойынша төленеді

13.

Персоналдың жұмысын ұйымдастырғаны үшін

«Аға» мәртебесі үшін қосымша ақы

БЛА-дан 25 %



14.

Ұйымның негізгі персоналына

Бөлімшені (кабинет) меңгергені үшін қосымша ақы

БЛА-дан 50 %



15.

Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне

Ерекше еңбек жағдайлары үшін үстемеақы

ЛА-дан 10 %



      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
      * АЕК – заңнамалық актілерде белгіленген айлық есептік көрсеткіш.
      **ЕТЖМ – заңнамада белгіленген ең төменгі жалақы мөлшері.

Қазақстан Республикасы  


Үкіметінің       
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1193 қаулысымен бекітілген
19-қосымша       

    Мемлекеттік мекемелерде оқу сабақтарын өткізуге тартылатын



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет