Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы


өкілдігінің қызметкерлері лауазымдық айлықақыларының схемасы



бет7/7
Дата23.02.2016
өлшемі0.77 Mb.
#5945
1   2   3   4   5   6   7

өкілдігінің қызметкерлері лауазымдық айлықақыларының схемасы
(қызмет бабында пайдалану үшін)

Қазақстан Республикасы  


Үкіметінің       
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1193 қаулысымен бекітілген
24-қосымша       

Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне үнемдеу есебінен


сыйлықақы беру жүзеге асырылатын, материалдық көмек
көрсетілетін және ынталандырушы үстемеақы белгіленетін шығыс
түрлерінің тізбесі

      Сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және үстемеақылар белгілеу шығыстардың мынадай түрлері бойынша үнемдеу есебінен жүзеге асырылады:


      1) қаржыландыру жоспары бойынша үнемделген қаражаттың жалпы көлемінің 30% асырмай жыл ішінде, ал желтоқсанда - бір жылда үнемделген қаражаттың толық көлемінде:
      ел ішіндегі іссапарлар және қызметтік жол жүрулер;
      елден тыс жерлерге іссапарлар және қызметтік жол жүрулер;
      үй-жайларды жалға алу ақысын төлеу;
      коммуналдық қызметтерге ақы төлеу;
      байланыс қызметіне ақы төлеу;
      көлік қызметіне ақы төлеу;
      электр энергиясына ақы төлеу;
      жылуға ақы төлеу;
      техникалық персоналдың еңбекақысын төлеу;
      техникалық персонал бойынша жұмыс берушілердің жарналары;
      ғимараттарды, үй-жайларды, жабдықтарды және басқа да негізгі құралдарды ұстау, қызмет көрсету, ағымдағы жөндеу;
      өзге де қызметтер мен жұмыстар;
      өзге де ағымдағы шығыстар;
      2) қаржыландыру жоспары бойынша үнемделген қаражаттың толық көлемінде:
      негізгі жалақы;
      өтемақы төлемдері;
      әлеуметтік салық;
      Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар;
      автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруға арналған жарналар;
      мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің жеке басын мемлекеттік міндетті сақтандыруға арналған жарналар;
      қосымша ақшалай төлемдер.
      Шығыстардың қалған түрлері бойынша қаржыландыру жоспары бойынша үнемделген қаражатты сыйлықақы беруге, материалдық көмек көрсетуге және үстемеақылар белгілеуге жұмсауға жол берілмейді.

Қазақстан Республикасы  


Үкіметінің       
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1193 қаулысымен бекітілген
25-қосымша       

Қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне үнемдеу есебінен


сыйлықақы беру жүзеге асырылатын, материалдық көмек
көрсетілетін және ынталандырушы үстемеақы белгіленетін шығыс
түрлерінің тізбесі

      Сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және үстемеақылар белгілеу шығыстардың мынадай түрлері бойынша үнемдеу есебінен жүзеге асырылады:


      1) даму жоспары бойынша үнемделген қаражаттың жалпы көлемінің 30 % асырмай жыл ішінде, ал желтоқсанда – бір жылда үнемделген қаражаттың толық көлемінде шығыстардың мынадай түрлері бойынша:
      іссапарлар шығындары;
      коммуналдық көрсетілетін қызметтер;
      электр энергиясы;
      жылу;
      байланыстың көрсетілетін қызметтері;
      көліктің көрсетілетін қызметтері;
      негізгі құралдарды ағымдағы жөндеу;
      негізгі құралдар бойынша жалға алу ақысы;
      кредиттер бойынша сыйақыны (мүддені) өтеу шығындары;
      өзге де ағымдағы шығыстар;
      2) даму жоспары бойынша үнемделген қаражаттың толық көлемінде шығыстардың мынадай түрлері бойынша:
      жалақы;
      салықтар және бюджетке түсетін өзге де міндетті төлемдер.
      Шығыстардың қалған түрлері бойынша даму жоспары бойынша үнемделген қаражатты сыйлықақы беруге, материалдық көмек көрсетуге және үстемеақылар белгілеуге жұмсауға жол берілмейді.

Қазақстан Республикасы  


Үкіметінің       
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1193 қаулысымен бекітілген
26-қосымша       

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір


шешімдерінің тізбесі

      1. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 51, 648-құжат; 2011 ж., № 13, 161-құжат).


      2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 наурыздағы № 282 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 16, 148-құжат).
      3. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Мемлекет тарихы институты» мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 мамырдағы № 416 қаулысының 6-тармағының 2) тармақшасы.
      4. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы» мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 тамыздағы № 785 қаулысының 5-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 35, 386-құжат).
      5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 тамыздағы № 797 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 36, 395-құжат).
      6. «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1306 қаулысының 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 47, 531-құжат).
      7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 12 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 1-2, 4-құжат).
      8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 5 ақпандағы № 111 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 9, 44-құжат).
      9. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 ақпандағы № 190 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 12, 79-құжат).
      10. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1726 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 46, 442-құжат).
      11. «Қазақстан Республикасындағы норма шығармашылығы қызметін жетілдірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 қаңтардағы № 19 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 6, 83-құжат).
      12. «Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 252 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 11-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 25-26, 198-құжат).
      13. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 сәуірдегі № 353 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 31, 247-құжат).
      14. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 қаңтардағы № 11 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 13, 161-құжат).
      15. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін мекемелерде ұстау негіздерін, тәртібі мен шарттарын бекіту мәселелері бойынша өзгерістер енгізу және Министрлер Кабинеті мен Үкіметтің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 маусымдағы № 703 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 43, 565-құжат).
      16. «Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесін одан әрі жетілдірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 тамыздағы № 900 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 8-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001ж., № 51, 695-құжат).
      17. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 тамыздағы № 976 қаулысы (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 52, 736-құжат).
      18. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 1122 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 55, 789-құжат).
      19. «Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының жекелеген кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 наурыздағы № 310 қаулысының 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 36, 479-құжат).
      20. «Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқармасының жекелеген кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 наурыздағы № 311 қаулысының 4-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 36, 480-құжат).
      21. «Назарбаев орталығы» көп функциялы ғылыми-талдамалық және гуманитарлық-ағартушылық мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 наурыздағы № 338 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 37, 495-құжат).
      22. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 сәуірдегі № 491 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 44, 591-құжат).
      23. «Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің «Коммуникация орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесін құру, Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 814 қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 57, 791-құжат).
      24. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 шілдедегі № 987 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 64, 896-құжат).
      25. «Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің республикалық оқу орындарының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1109 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 67, 974-құжат).
      26. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 қыркүйектегі № 1196 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 7-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 71, 1028-құжат).
      27. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң кейбiр мәселелерi» туралы 2004 жылғы 29 қазандағы № 1132 және «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қыркүйектегі № 1209 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 71, 1036-құжат).
      28. «Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің «Коммуникациялар орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесін тарату және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 2 қарашадағы № 1396 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 77-78, 1139-құжат).
      29. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қарашадағы № 1424 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 79, 1154-құжат).
      30. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің «Кеме қатынасының тіркелімі» республикалық мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 1669 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 5, 103-құжат).
      31. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 45 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 12, 223-құжат).
      32. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 675 қаулысының 7-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 40, 587-құжат).
      33. «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің «Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының дирекциясы» мемлекеттік мекемесін тарату туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 10 қазандағы № 1083 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 59, 811-құжат).
      34. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1553 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 82, 1062-құжат).
      35. «Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 наурыздағы № 238 қаулысының 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 21, 158-құжат).
      36. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 269 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 24, 178-құжат).
      37. «Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Астана» ұлттық сурет галереясы» республикалық мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 наурыздағы № 274 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 24, 181-құжат).
      38. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 мамырдағы № 598 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 37, 360-құжат).
      39. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Достық үйі – Этносаралық қатынастар орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесін тарату және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 1081 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 64, 582-құжат).
      40. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 қазандағы № 1098 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 6-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 64, 585-құжат).
      41. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 қазандағы № 1114 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 65, 594-құжат).
      42. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және «Заң шығару қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 2 ақпандағы № 15-ө өкіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 1401 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және «Заң шығару қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 2 ақпандағы № 15-ө өкіміне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 10-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 83-84, 722-құжат).
      43. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» 2007 жылғы 27 қыркүйектегі № 850 және «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1427 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 88-89, 733-құжат).
      44. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1439 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 88-89, 737-құжат).
      45. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және кейбір шешімдері мен «Ықтимал жер сілкіністері аймақтарында құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 44-ө өкімінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 173 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 8-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 18-19, 94-құжат).
      46. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 295 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 24-25, 153-құжат).
      47. «О. Жәутіков атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математика орта мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 358 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 27-28, 178-құжат).
      48. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 957 қаулысы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет