1-xаттама
ЮРИСДИКЦИЯ, ПРОЦЕСТІК НОРМАЛАР ЖӘНЕ МӘЖБҮРЛЕП ОРЫНДАУ ТУРАЛЫ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕР
ЖОҒАРЫ УАҚДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР ТӨМЕНДЕГІЛЕР ТУРАЛЫ УАҒДАЛАСТЫ:
1-бап
1. Бір Уағдаласушы мемлекетте жасалған, ОЛекінші Уағдаласушы мелекеттің тұлғаларына тапсыруға тиіс сот құжаттары және соттан тыс құжаттар осы мемлекеттер арасында қолданылатын Конвенциялар мен келісімдерде жазылған тәртіпке сәйкес қайта жолданады.
2. Аумағында тапсыру жүргізіліп жатқан және осыған депозитарийге өтініш білдіру арқылы жасалған қарсылықтары бар мемлекеттерді территориясын қоспағанда, осындай құжаттар құжат жасалған мемлекеттің тиісті лауазымды тұлғасы адресат орналасқан мемлекеттің тиісті лауазымды тұлғасына тікелей жіберуі мүмкін. Бұл жағдайда сұрау салушы мемлекеттің лауазымды тұлғасы құжаттың көшірмесін басқа мемлекеттің адресатқа жеткізуге құзыретті лауазымды тұлғасына жолдайды. Құжат сұраушы мемлекеттің заңнамасында ұйғарылған тәсілмен қайта жолданады. Қайта жолдау сұрау салушы мемлекеттің тікелей лауазымды тұлғасына жолданатын құжатпен тіркеледі.
3. Еуропалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттер 2000 жылғы 29 мамырдағы № 1348/2000 Регламент Кеңесінің (EҚ) шеңберінде немесе 2005 жылы 19 қазанда Брюссельде қол қойылған Еуропалық қоғамдастық пен Дания Корольдігі арасындағы азаматтық және сауда істері жөніндегі сот құжаттарын және соттан тыс құжаттарды беру туралы келісімнің шеңберінде көрсетілген Регламентті және көрсетілген Келісімді өзара қатынаста қолданады.
2-бап
1. 6-баптың екінші абзацында және 11-бапта жазылған юрисдикция міндеттемелер және кепілгерліктер бойынша іс-әрекеттерде немесе кез келген басқа үшінші тараптың сот процесінде 9-қосымшада көрсетілген Уағдаласушы мемлекеттерде толығымен қолданылмайды. Басқа Уағдаласушы мемлекетте домицилі бар кез келген тұлға 9-қосымшада көрсетілген қағидаларға сәйкес осы мемлекеттердің соттарында жауапкер бола алады.
2. Ратификациялау кезінде Еуропалық қоғамдастық 6 (2) және 11-баптарда аталған процестік іс-қимылдар кейбір басқа мүше мемлекеттерде қолданылмайтынын мәлімдей алады және осындай қағидалар туралы мәліметтермен қамтамасыз ете алады.
3. 6 (2) және 11-баптардың ықпалымен басқа Уағдаласушы мемлекеттерде шығарылған сот шешімдері мойндалады және 3-тарауға сәйкес бірінші және екінші абзацтарда көрсетілген мемлекеттерде мәжбүрлеп орындалады.
3-бап
1. Швейцария 34 (2)-баптың ережелерінің келесі бөлімдерін бекіту бойынша қолданбайтыны туралы мәлімдеу құқығын өзіне қалдырады:
«мүмкіндігі бола тұра, сот шешіміне дау айтуды бастамаған жауапкерді қоспағанда».
Егер Швейцария осындай өтініш жасаса, басқа Уағдаласушы мемлекеттер Швейцария соттары шығарған сот шешімдеріне қатысты жақ сол ескертулерді қабылдайды.
2. 70 (1)-бапта аталған қосылатын мемлекетте шығарылған сот шешімдеріне қатысты Уағадаласушы тараптар өтініш арқылы:
a) бірінші абзацта көрсетілген құқықты; және
b) 41-баптың ережелеріне қарамастан, 39-бапта көрсетілген өкілетті органның сот шешімдерін танудан және мәжбүрлеп орындаудан бас тарту үшін кез келген негіздің болуына өтінішхатын қарау құқығын өзіне қалдырады.
3. Егер Уағдаласушы мемлекет екінші абзацта көрсетілгендей қосылатын мемлекетке қатысты осындай ескерту жасаған болса, осы қосылатын мемлекет өтініш арқылы сол Уағадаласушы мемлекеттің соттары шығарған сот шешімдеріне қатысты құқықтарды өзіне қалдыруы мүмкін.
4. Бірінші абзацта көрсетілген ескертулерді қоспағанда, өтініш бес жыл бойы жарамды болады және осы кезеңнің соңына қарай қайта жаңғыртылады. Уағдаласушы тарап екінші абзацқа сәйкес өтініштің қайта жаңғыртылғаны туралы осы өткен кезге дейін алты айдан кешіктірмей хабарлайды. Қосылатын мемлекет үшінші абзацқа сәйкес жасалған өз өтінішін тек екінші абзацқа сәйкес тиісті өтініш қайта жаңартылғаннан кейін ғана қайта жаңғырта алады.
4-бап
Осы хаттамада көрсетілген өтініштер депозитарийді хабардар ету арқылы кез келген уақытта күшін жоюы мүмкін. Хабарлама ағылшын және орыс тілдеріндегі аудармамен беріледі. Уағдаласушылар өз тілдерінде аумарманы қамтамасыз етеді. Кез келген осындай күшін жою хабарлама берілгеннен кейінгі үшінші айдың бірінші күнінен бастап жарамды болады.
2-хаттама
КОНВЕНЦИЯНЫ ТҮСІНДІРУДЕГІ БІРКЕЛКІЛІК ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯ ТУРАЛЫ
ЖОҒАРЫ УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР
Осы Конвенцияның 75-бабын ескере отырып,
Осы Конвенция, 1988 жылғы Лугано Конвенциясы мен осы Конвенцияның 64 (1)-бабында аталған құжаттар арасындағы елеулі байланысты ҚАРАСТЫРА ОТЫРЫП,
Еуропалық қоғамдастық СотыНЫҢ осы Конвенцияның 64 (1)-бабында аталған осы Конвенция құжаттарының ережелерін түсіндіру бойынша қағидалар белгілеуге юрисдикциясы бар екенін қарастыра отырып,
Осы Конвенция Еуропалық қоғамдастық қағидаларының бір бөлігі болатынын және осының салдарынан Еуропалық қоғамдастықтың Соты Еуропалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттер соттарының қолдануына қатысты осы Конвенцияның ережелерін түсіндіру бойынша қағидаларды белгілеуге юрисдикциясы бар екенін қарастыра отырып,
Осы Конвенцияның 64 (1)-бабында аталған құжаттарды түсіндіру бойынша қаулыны Еуропалық қоғамдастықтың Соты осы Конвенцияға қол қойылғанға дейін кейінге ауыстырғанына және қаулыны Уағдаласушы мемлекеттердің соттары 1988 жылғы Лугано Конвенциясына осы Конвенцияға қол қойғанға дейін кейінге ауыстырғанына көз жеткізе отырып,
Осы конвенциялардың түзетілген мәтініне қорытынды жасауға алып келген Лугано және Брюссель конвенцияларының осындай қайта қаралуы 1968 жылғы Брюссель Конвенциясының және 1988 жылғы Лугано Конвенциясының жоғарыда көрсетілген қаулыларына елеулі түрде негізделгенін қарастыра отырып,
Брюссель Конвенциясының түзетілген мәтіні Амстердам келісімі күшіне енгеннен кейін № 44/2001 (ЕҚ) Регламентімен біріктірілгенін қарастыра отырып,
Сондай-ақ түзетілген мәтін осы Конвенцияның мәтініне негізін құрағанын қарастыра отырып,
Тәуелсіз соттарға аса құрметпен қарай отырып, Конвенцияның және осы Конвенция және осы Конвенцияның 64 (1)-бабында аталған басқа да құжаттарда елеулі түрде қалпына келтірілген № 44/2001 (ЕҚ) Регламентінің ережелерін әртүрлі түсіндіруге жол бермеуге және түсіндірмені мүмкіндігінше біркелкі жасауға ұмтыла отырып,
ТӨМЕНДЕГІЛЕР ТУРАЛЫ УАҒДАЛАСТЫ:
1-бап
1. Кез келген сот осы Конвенцияны қолдана және түсіндіре отырып, 1988 жылғы Лугано Конвенцияның ережелерін немесе кез келген осындай ережелері қозғалатын кез келген тиісті шешімдеріне қатысты дерек көздері және осы Конвенцияның Уағдаласушы мемлекеттің соттары мен 64 (1)-бапта аталған Еуропалық қоғамдастықтың Соты беретін құжаттары үшін тиісті шығыстарды төлейді.
2. Еуропалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің соттары үшін бірінші абзацта жазылған міндеттемелер Еуропалық қоғамдастықтың Сотына қатысты, Еуропалық қоғамдастықты бекітетін Шарттан немесе 2005 жылғы 19 қазанда Брюссельде қол қойылған Еуропалық коғамдастық пен Дания Корольдігі арасындағы юрисдикция азаматтық және сауда істері жөніндегі сот шешімдерін тану және мәжбүрлеп орындату туралы келісімнен туындайтын өз міндеттемелеріне қайшылықсыз қолданылады.
2-бап
Кез келген Уағдаласушы мемлекетке, сондай-ақ, Еуропалық қоғамдастыққа мүше болып табылмайтын мемлекетке, сот ісі бойынша өтініш немесе Еуропалық қоғамдастықтың Сотының заңнамалық актісі жөніндегі хаттаманың 23-бабына сәйкес жазбаша ескерту беру құқығы беріледі, онда сот немесе Еуропаның қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің трибуналы осы Конвенцияны түсіндіру немесе осы Конвенцияның 64 (1)-бабында аталған құжаттарды түсіндіру туралы мәселе бойынша алдын ала қаулы шығару үшін Еуропалық қоғамдастықтың сотына жүгінеді.
3-бап
1. Еуропалық қоғамдастықтың комиссиясы осы Конвенцияға сәйкес жолдаған сот шешімдеріне, сондай-ақ 1988 жылғы Лугано Конвенциясына сәйкес сот шешімдеріне және осы Конвенцияның 64 (1)-бабында аталған құжаттарға қатысты ақпарат алмасу бойынша жүйе құрады. Бұл жүйе соңғы инстанция соттарының және Еуропалық қоғамдастық Сотының мемлекеттік және ішкі сот құжаттарын, сондай-ақ түпкілікті болаып табылатын және осы Конвенцияға, 1988 жылғы Лугано Конвенциясына және осы Конвенцияның 64(1)-бабында көзделген құжаттарға сәйкес жолданатын ерекше маңызды сот шешімдерін жіберу үшін қол жетімді болады. Сот шешімдері жіктеледі және қысқаша шолумен бірге жіберіледі.
Жүйе Сот шешімдері жөніндегі комиссияның Уағдаласушы мемлекеттері құзыретті органдарының, жоғарыда, атап көрсетілгендей, осы мемлекеттер соттарының істерді беруін қамтиды.
2. Конвенцияның қалыпты жұмыс істеуі үшін ерекше мүдделі жағдайларды іріктеп алуды осы хаттаманың 5-бабына сәйкес сарапшылардың кеңесінде іріктеп алынған прецедентті ұсынатын Еуропалық қоғамдастық Сотының тіркеуші-хатшысы орындайды.
3. Еуропалық қоғамдастық бірінші абзацқа сәйкес жүйені құрмайынша, Еуропалық қоғамдастықтың Соты осы Конвенцияға және 1988 жылғы Лугано Конвенциясына сәйкес жолданған сот шешімдері үшін 1988 жылғы Лугано Конвенциясының 2-хаттамасында белгіленген ақпарат алмасу жүйесін сақтайды.
4-бап
1. Уағдаласушы тараптардың өкілдерін қоса отырып, тұрақты комиссия құрылады.
2. Уағдаласушы тараптарға қатысты Конвенцияның депозитарийі Комиссияның жиналысын:
- осы Конвенция мен басқа да халықаралық құжаттар арасындағы өзара қатынастар бойынша консультациялар;
- 67 (1)-бапқа сәйкес ерекше істер бойынша құжаттарға арналған қолжетімділікті қоса алғанда, 67 (1)-бапты қолдану бойынша консультациялар және 3-хаттамаға сәйкес ұсынылған заң жобасы;
- жаңа мемлекеттердің қосылуын қарастыру шеңберінде шақырады. Атап айтқанда, Комиссия 70 (1) (с)-бапта аталған мемлекеттердің заң жүйесіне және Конвенцияның ережелерін орындауға қатысты мәселелер бойынша осы мемлекеттерден үйлесімділікті талап ете алады. Комиссия кондай-ақ Конвенцияны қосылатын мемлекеттерде қолдану үшін қажетті оған бейімделу мүмкіндігін қарастыра алады;
- осы Конвенцияның 73 (3)-бабына және 8-қосымшаға қажетті түзетулерге сәйкес, жаңа тілдерге төлнұсқа аудармасын мақұлдау;
- 76-бапқа сәйкес Конвенцияны қайта қарау бойынша консультациялар;
- 77 (1)-бапқа сәйкес 1-4 және 7-қосымшаларға түзетулер бойынша консультациялар;
- 77 (2)- бапқа сәйкес 5 және 6-қосымшаларға түзетулерді растау;
- 1-хаттамаға және 9-қосымшаға қажетті түзетулерге сәйкес Уағдаласушы тараптар жасаған ескертпелер мен өтініштердің күшін жою шеңберінде шақырады.
3. Комиссия өзінің функциларына және шешімдерді қабылдауға қатысты процестік қағидаларды белгілейді. Бұл қағидаларда жазбаша рәсімде консультация беру және шешім қабылдау мүмкіндігі көзделеді.
5-бап
1. Депозитарий, қажет болған жағдайда, Конвенцияның функцияларын қайта қарау бойынша, атап айтқанда, прецеденттік құқықты және Конвенцияның қолданылуына әсер ете алатын жаңа заңнаманы дамыту бойынша сарапшылар жиналысын әрдайым шақыра алады.
2. Бұл жиналыс Еуропалық қоғамдастық Сотының Уағдаласушы мемлекеттерінің және Еуропалық еркін сауда қауымдастығының сарапшыларын қамтиды. Ол қатысуға лайықты деп есептелетін кез келген сарапшылар үшін ашық.
3. Конвенцияның жұмыс істеуі бойынша туындайтын кез келген проблемалар әрі қарай әрекет ету үшін осы хаттаманың 4-бабында аталған Тұрақты комиссияға берілуі мүмкін.
3-хаттама
ОСЫ КОНВЕНЦИЯНЫҢ 67-БАБЫН ҚОЛДАНУЫ ТУРАЛЫ
Жоғары Уағдаласушы тараптар төмендегілер туралы уағдаласты:
1. Конвенция шеңберінде сот шешімдерінің юрисдикциясын, оларды тануды немесе мәжбүрлеп орындатуды айқындайтын және Еуропалық қауымдастықты құру туралы актілерде қамтылған немесе қамтылатын ерекше істерге қатысты ережелер 67 (1)-бапта көрсетілгендей конвенциялар сияқты пайдаланылатын болады.
2. Егер Уағдаласушы тараптың бірі Еуропалық қоғамдастықтың құрылуы туралы ұсынылған актілерде қамтылған ережелер Конвенциямен үйлеспейді деген пікір білдірсе, онда Уағдаласушы мемлекеттер 76-бапқа сәйкес Конвенцияның өзгеруін 2-хаттаманың бекітілген рәсіміне қайшылықсыз дереу қарайды.
3. Уағдаласушы тарап немесе бірнеше тарап бірінші абзацта аталған Еуропалық қоғамдастықты құру туралы актілерде қамтылған бірнеше немесе барлық ережені ұлттық заңнамада біріктіретін болса, содан кейін ұлттық заңнаманың бұл ережелері 67 (1)-бапта аталған конвенциялар сияқты қолданылады.
4. Уағдаласушы тараптар үшінші абзацта келтірілген ережелердің мәтінін депозитарийге хабарлайды. Мұндай хабарламалар ағылшын және француз тілдеріндегі аудармасымен бірге беріледі.
1-қосымша
Конвенцияның 3 (2) және 4 (2)-баптарында көрсетілген юрисдикцияның қағидалары мыналар:
-
Бельгияда: халықаралық жеке құқық бойынша 2004 жылғы 16 шілдедегі заң бойынша 5-14-баптар;
-
Болгарияда: халықаралық жеке құқық жиынтығы бойынша 4 (1)-бап;
-
Чех Республикасында: № 99/1963 актінің 86-бабы, енгізілген өзгерістерімен азаматтық іс жүргізу құқығының жиынтығы бойынша;
-
Данияда: Әділет Басқармасы 246 (2) және (3)-бап;
-
Германияда: азаматтық іс жүргізу құқығының жиынтығы бойынша 23-бап;
-
Эстонияда: азаматтық іс жүргізу құқығының жиынтығы бойынша сексен алтыншы абзац;
-
Грецияда: азаматтық іс жүргізу құқығының жиынтығы бойынша 40-бап;
-
Францияда: азаматтық құқықтың жиынтығы бойынша 14 және 15-баптар;
-
Исландияда: азаматтық іс жүргізу актілері бойынша 32-баптың төртінші абзацында;
-
Ирландияда: Ирландияда уақытша қатысуы кезінде жауапкерге табыс етілген, сот ісінің негізі болып табылатын құжаттың юрисдикциясын анықтау мүмкін болатын қағидалар;
-
Италияда: 1995 жылғы 31 мамырдағы 218-актінің 3 және 4-баптары;
-
Кипрде: енгізілген түзетулерімен 1960 жылғы № 14 Соттардың заңнамасы бойынша 21 (2)-бөлім;
-
Латвияда: азаматтық заңнама бойынша 27-бөлім және 28-бөлімнің 3, 5, 6 және 9-абзацтары;
-
Литвада: азаматтық іс жүргізу құқығының жиынтығы бойынша 31-бап;
-
Люксембургте: азаматтық құқықтық жиынтығы бойынша 14 және 15-баптар;
-
Венгрияда: халықаралық жеке құқық бойынша 1979 жылғы № 13 декрет-заңның 57-бабы;
-
Мальтада: ұйымдастырушылық және азаматтық іс жүргізу құқығының жиынтығы бойынша 742, 743 және 744-баптар және сауда жиынтығы бойынша 549-бап;
-
Норвегияда: жанжалдар туралы заң бойынша 4-3 (2)-бөлімдердің екінші сөйлемі;
-
Австрияда: сот юрисдикциясы заңнамасы бойынша 99-бап;
-
Польшада: азаматтық іс жүргізу құқығының жиынтығы бойынша 1103 және 1110-баптар, олар жауапкердің Польшада тұратын жерін негізге ала отырып, юрисдикцияны, жауапкердің Польшада меншікті немесе оның Польшада меншік құқығына құжатты иеленуін, даудың нысанасы Польшада болуының фактісін және тараптардың бірі Польшаның азаматы болу фактісін қалай белгілесе, сондай дәрежеде;
-
Португалияда: азаматтық іс жүргізу құқығының жиынтығы бойынша 65 және 65 А-баптары және Еңбек кодексінің жиынтығы бойынша 11-бап;
-
Румынияда: халықаралық жеке құқыққа қатысты № 105/1992 заңнама бойынша 148-157-баптар;
-
Словенияда: азаматтық іс жүргізу актілері бойынша 47 (2)-бабына қатысты халықаралық жеке құқықтың және іс жүргізу актілерінің 48 (2)-бабы және азаматтық іс жүргізу актілері бойынша 59-бапқа қатысты халықаралық жеке құқықтың іс жүргізу актілерінің 58-бабы;
-
Словакияда: халықаралық жеке құқық регламентінің № 97/1963 актінің 37-бабы;
-
Финляндияда: сот рәсімінің жиынтығы бойынша оныншы тараудың бірінші бөлімі бірінші абзацының екінші, үшінші және төртінші сөйлемдері;
-
Швецияда: сот рәсімінің жиынтығы бойынша оныншы тараудың үшінші бөлімі бірінші абзацының бірінші сөйлемі;
-
Ұлыбританияда: мынадай юрисдикцияны табуға болатын қағидалар:
a) жауапкерге оның Ұлыбританияда уақытша қатысуы кезінде табыс етілген сот ісін қозғайтын құжат немесе
b) Ұлыбритания аумағында жауапкерге тиісті меншіктің болуы немесе;
с) Қуынушының Ұлыбритания аумағында орналасқан меншігіне тыйым салу.
2-қосымша
Конвенцияның көрсетілген 39-бабын қолданатын соттар немесе құзыретті органдар мыналар арқылы өкілдік ете алады:
-
Бельгияда: «tribunal de premiere instance», «rechtbank van eerste aanleg» немесе «erstinstanzliches Gericht»,
- Болгарияда: «Софийски градски съд»,
- Чех Республикасында: «okresni soud» немесе «soudni executor»,
- Данияда: «byret»,
- Германияда:
(a) «Landgericht»; судьялардың төрағалық етуші палатасы,
(b) төлнұсқалы құжаттарды мәжбүрлеп орындау туралы өтініш рәсімі бойынша нотариус,
- Эстонияда: «maakohus»,
- Грецияда: «Μονομελες Πρωτοδικειο»,
- Испанияда: «Juzdago de Primera Instancia»,
- Францияда:
(a) «greffier en chef du tribunal de grande instance»,
(b) нотариалды куәландырылған құжаттарды мәжбүрлеп орындау мүмкіндігі туралы өтініш қолданылған жағдайда кезде «president de la chambre departementale des notaires»,
- Ирландияда: Жоғарғы Сот,
- Исландияда: «herathdomur»,
- Италияда: «corte d’appello»,
- Кипрде: «Επαρχιακο ικαδτριο», немесе сот шешімдерін қолдаған жағдайда«Οικογενειακο ικαδτριο»,
- Латвияда: «rajona tiesa»,
- Литвада: «Lietuvos apeliacinis teismas»,
- Люксембургте: «tribunal d’arrondissement» төрағалық етуші сот,
- Венгрияда: «megeyei birosag szekhelyen mukodo helyi birosag» және Будапештте «Budai Kozponti Kertuleti Birosag»,
- Мальтада «Prim’ Awla tal-Qorti Civili» немесе «Qorti tal-Magistrati ta’ Ghawdex filgurisdizzjoni superjuri taghha», «Ministru responsabbli ghall-Gustizza» беретін сот шешімдерін қолдаған жағдайда «Registratur tal-Qorti»,
- Нидерландта: voorzieningenrechter van de rechtbank,
- Норвегияда: tingrett,
- Австрияда: Bezirksgericht,
- Польшада:sad okregowy,
- Португалияда:Tribunal de Comarca ,
- Румынияда:Tribunal,
- Словенияда: okrozno sodisce,
- Словакияда: okresny sud,
- Швейцарияда:
(a) «juge de la mainlevee» ақшалай қаражат сомаларын төлеуді жүйеге келтіретін сот шешімдеріне қатысты «loi federale sur la poursuite pour dettes et la faillite» 80 және 81-баптармен шектелген процесс шеңберінде,
(b) басқа да ақшалай қаражат сомаларын төлеуді жүйеге келтіре отырып, сот шешімдерін қатысты
- Финляндияда: «karajaoikeus/tingsratt»,
- Швецияда: «Svea hovratt»,
- Ұлыбританияда:
(a) Англияда және Уэльсте, Жоғарғы Сот немесе сот шешімдерін қолдаған жағдайда мемлекетттің министрінің табыстауы бойынша Магистрат соты;
(b) Шотландияда СессиялықСот немесе сот шешімдерін қолдаған жағдайда мемлекет министрінің табыстауы бойынша Шерифтік сот;
(c) Солтүстік Ирландияда Жоғарғы Сот немесе сот шешімдерін қолдаған жағдайда мемлекетттің министрінің табыстауы бойынша Магистрат соты;
(d) Гибралтарда Гибралтардың Жоғарғы Соты немесе сот шешімдерін қолдаған жағдайда Гибралтардың Бас Атторнейінің табыстауы бойынша Магистрат соты.
3-қосымша
Осы Конвенцияның 43 (2)-бабында көрсетілген апелляция соттар мыналар арқылы өкілдік ете алады:
- Бельгияда:
a) жауапкердің апелляциясына қатысты «tribunal de premiere instance», «rechtbank van eerste aanleg» немесе «erstinstanzliches Gericht»;
b) өтініш берушінің апелляциясына қатысты «cour d’appel»или «hof van beroep»,
- Болгарияда: «Апелативен съд – София»,
- Чех Республикасында: округтік сотқа қарасты апелляция соты,
- Данияда: «landesret»,
- ФРГде: «Oberlandesgericht»,
- Эстонияда: «ringkonnakonus»,
- Грецияда: «Εφετειο»,
- Испанияда: «Juzgado de Orimera Instancia»,
- Францияда:
(a) апелляцияға мүмкіндік беретін шешімдер бойынша «cour d’appel»;
(b) апелляцияға қарсылық білдіретін шешімдер бойынша «tribunal de grande instance» төрағалық етуші соты,
- Ирландияда: Жоғарғы Сот,
- Исландияда: «herathsdomur»,
- Италияда: «corte d’apello»,
- Кипрде: «Επαρχιακο ικαδτριο» немесе сот шешімдерін қолдаған жағдайда «Οικογενειακο ικαδτριο»,
- Латвияда: «Apgabaltiesa»,
- Литвада: «Lietuvos apeliacinis teismas»,
- Люксембургте: азаматтық апелляциялар бойынша сот ретінде төрағалық етуші «Cour superieure de justice»,
- Венгрияда: округтік соттың орнында орналасқан жергілікті сот (Будапештте, Буданың орталық округтік соты), округтік сот рұқсат беретін апелляция (Будапештте, Астаналық Сот),
- Мальтада: «Kodici ta’ Organizzjoni u Procedure Civili» апелляция үшін белгіленген тәртіпке сәйкес сот шешімдерін қолдаған жағдайда «Qorti ta’ L-Appel» немесе «Prim’ Awla tal-Qorti ivili jew il-Qorti tal-Magistrati ta’ Ghawdex fil-gurisdizzjoni superjuri taghha»,
- Нидерландта: «rechtbank»,
- Норвегияда: «lagmannsrett»,
- Австрияда: «Landesgericht» «Bezirksgericht» арқылы,
- Польшада: «sad apelacyjny» «sad okregowy» арқылы,
- Португалияда: «Tribunal da Relacao» құзыретті соты. Апелляциялар даулы шешімді шығаратын сотқа жолданатын өтініштің көмегімен қолданыстағы заңнамаға сәйкес қолданыла бастайды,
- Румынияда: «Curte de Apel»,
- Словенияда: «okrozno sodisce»,
- Словакияда: шешімге шағым берілетін округтік сот арқылы апелляция соты,
- Швейцарияда: «Kantonsgericht»,
- Финляндияда: «hovioikeus/hovratt»,
- Швецияда: «Svea hovratt»,
- Ұлыбританияда:
(a) Англияда және Уэльсте, Жоғарғы Сот, немесе сот шешімдерін қолдаған жағдайда Магистрат соты;
(b) Шотландияда, Сессиялық Сот немесе сот шешімдерін қолдаған жағдайда Шерифтік сот;
(c) Солтүстік Ирландияда Жоғарғы Сот немесе сот шешімдерін қолдаған жағдайда Магистрат соты;
(d) Гибралтарда, Гибралтардың Жоғарғы соты, немесе сот шешімдерін қолдаған жағдайда Магистрат соты.
4-қосымша
Осы Конвенцияның 44-бабына сәйкес мына апелляциялар ұсынылуы мүмкін:
- Бельгияда: Греция, Испания, Франция, Италия, Люксембург және Нидерланд кассациямен апелляция,
- Болгарияда: «обжалване пред Върховния касационен съд»,
- Чех Республикасында: «dovolani» және «zaloba pro zmatecnost»,
- Данияда: «hojesteret»,
- ФРГ-де: «Rechtsbeschwerde»,
- Эстонияда: «kassatsioonikaebus»,
- Ирландияда: Жоғарғы Сотттың заңнамасы бойынша апелляциялар,
- Исландияда «Hoestirettur» апелляциясы
- Кипрде: Жоғарғы Соттың апелляциясы,
- Латвияда: «Augstakas tiesas Senats» апелляциясы «Apgabaltiesa» арқылы,
- Литвада: «Lietuvos Auksciausiasis Tiesmas» апелляциясы,
- Венгрияда: «felulvizsgalati kerelem»,
- Мальтада: сот шешімін қолдаған жағдайда, «kodici ta’ Organizzazzjoni u Procedura Civili» апелляциясы үшін белгіленген тәртіпке сәйкес «Qorti ta’ l-Appell»,
- Норвегияда: «Hoyesterett» апелляциясы,
- Австрияда: «Revisionsrekurs»,
- Польшада: «skarga kasacyjna»,
- Португалияда: заңнамаға сәйкес апелляция,
- Румынияда: «contestatie in anulare» «revizuire»,
- Словенияда: «Vrovno sodisce Republike Slovenije» апелляциясы
- Словакияда: «dovolanie»,
- Швейцарияда: «Beschwerde beim Bundesgericht»,
- Финляндияда: «korkein oikeus» апелляциясы,
- Швецияда: «Hogsta domstolen» апелляциясы,
- Ұлыбританияда: заңнамаға сәйкес әрбір келесі апелляция.
5-қосымша
Азаматтық және коммерциялық істер бойынша сот шешімдерінің юрисдикциясы, оларды тану және мәжбүрлеп орындату туралы конвенцияның 54 және 58-баптарында көрсетілген сот шешімдері мен сот келісімдері бойынша құжаттар
1. Сұрау салатын мемлекет
2. Сот немесе құжаттарды шығаратын құзыретті орган
2.1. Атауы
2.2. Мекенжайы
2.3. Тел/факс/е-мейл
3. Сот шешімдері жіберілетін және сот келісімдерін мақұлдайтын сот
3.1. Соттың типі
3.2. Соттың орны
4. Сот шешімдері/сот келісімдері
4.1. Күні
4.2. Шығыс нөмірі
4.3. Сот шешімдері/сот келісімдері бойынша тараптар
4.3.1. Қуынушының (қуынушылардың) аты
4.3.2. Жауапкердің (жауапкерлердің) аты
4.3.3. Басқа тараптың (тараптардың) аты, егер мұндай бар болса
4.4. Сотқа келмегені үшін сот шешімі шығарылған сот процесі басталатын құжатты беру күні
4.5. Сот шешімінің/сот келісімінің осы құжатқа қосымша ретінде мәтіні
5. Заң көмегі көрсетілген тараптардың атауы
Сұрау салынатын мемлекетте сот шешімдерін/сот келісімдерін ықтимал мәжбүрлеп орындатудың қарсыластары (осы Конвенцияның 38/58-баптары)
Аты
Жасалды…………….....… күні
Қол таңба және/немесе мөр………………………..
Керексізін сызып тастау қажет
6-қосымша
Азаматтық және коммерциялық істер бойынша сот шешімдерінің юрисдикциясы, оларды тану және мәжбүрлеп орындату туралы конвенцияның 57 (4)-бабында көрсетілген құжаттың төлнұсқалығы
1. Сұрау салушы мемлекет
2. Сот немесе құжаттарды беретін құзыретті орган
2.1. Атауы
2.2. Мекенжайы
2.3. Тел/факс/е-мейл
3. Құжатты куәландырған орган
3.1. Төлнұсқалы құжатты рәсімдеуге қатысатын орган
3.1.1. Мекеменің атауы және белгіленуі
3.1.2. Мекеменің орны
3.2. Төлнұсқалы құжатты тіркеген орган
3.2.1. Органның түрі
3.2.2. Органның орны
4. Төлнұсқалы құжат
4.1. Құжаттың сипаттамасы
4.2. Күні
4.2.1. құжат жасалған күн
4.2.2. егер құжат тіркелгеннен басқа күн болса
4.3. Сілтеменің нөмірі
4.4. Құжатқа қатысушылар
4.4.1. Кредит берушінің аты
4.4.2. Борышкердің аты
5. Мәжбүрлеп орындату бойынша міндеттеменің мәтіні осы Конвенцияға қоса беріледі.
Сұрау салатын мемлекетте борышкерлерге қатысты мәжбүрлеп орындату бойныша төлнұсқалы құжаттар (осы Конвенцияның 57 (1)-бабы).
Жасалды…………………………… күні
Қол таңба және/немесе мөр……………………………..
7-қосымша
Осы Конвенцияның 65-бабына сәйкес Конвенциялар ауыстырылады, оның ішінде келесідей:
- 1896 жылғы 19 қарашадағы Мадридте қол қойылған Швейцария Конфедерациясы мен Испания арасындағы азаматтық немесе сауда істері бойынша екі жаққа бірдей сот шешімдерін мәжбүрлеп орындау жөніндегі келісім,
- 1926 жылғы 21 желтоқсанда Бернде қол қойылған Чехословакия Республикасы мен Швейцария Конфедерациясы арасындағы хаттаманы қоса сот шешімдерін тану және мәжбүрлеп орындау туралы конвенция,
- 1929 жылғы 2 қарашада Бернде қол қойылған Швейцария Конфедерациясы мен Германия Рейхі арасындағы Сот және төрелік шешімдерін тану және мәжбүрлеп орындау туралы конвенция,
- 1932 жылғы 16 наурызда Копенгагенде қол қойылған Дания, Финляндия, Исландия, Норвегия және Швеция арасындағы Сот шешімдерін тану және мәжбүрлеп орындау туралы конвенция,
- 1933 жылғы 3 қаңтарда Римде қол қойылған Швейцария Конфедерациясы мен Италия арасындағы Сот шешімдерін тану және мәжбүрлеп орындау туралы конвенция,
- 1936 жылғы 15 қаңтарда Стокгольмде қол қойылған Швеция және Швейцария Конфедерациясы арасындағы Сот және төрелік шешімдерін тану және мәжбүрлеп орындау туралы конвенция,
- 1959 жылғы 29 сәуірде Бернде қол қойылған Швейцария Конфедерациясы мен Бельгия арасындағы Сот және төрелік шешімдерін тану және мәжбүрлеп орындау туралы конвенция,
-
1960 жылғы 16 желтоқсанда Бернде қол қойылған Австрия мен Швейцария Конфедерациясы арасындағы Сот шешімдерін тану және мәжбүрлеп орындау туралы конвенция,
- 1977 жылғы 17 маусымдағы Ослода қол қойылған Норвегия мен Ұлыбритания арасындағы Азаматтық және сауда істерінде сот шешімдерін және талаптық құжаттарды тану және мәжбүрлеп орындауда екі жаққа бірдей іс-әрекеттерді қамтамасыз ететін конвенция,
-
1977 жылғы 11 қазанда Копенгагенде қол қойылған Дания, Финляндия, Исландия, Норвегия және Швеция арасындағы Азаматтық және сауда істері бойынша сот шешімдерін тану және мәжбүрлеп орындау туралы конвенция, және
- 1984 жылғы 21 мамырда Венада қол қойылған Норвегия мен Австрия арасындағы Азаматтық істер бойынша сот шешімдерін тану және мәжбүрлеп орындау туралы конвенция.
8-қосымша
Осы Конвенцияның 79-бабында аталған тілдер: болгар, чех, дат, нидерланд, ағылшын, эстон, фин, француз, неміс, грек, венгр, исланд, ирлан, итальян, латыш, литва, мальти, норвег, поляк, португал, румын, словак, словен, испан және швед тілдері.
9-қосымша
1-хаттаманың 2-бабында көрсетілген мемлекеттер және қағидалар мыналар:
- Германия: үшінші тараптың ескертулеріне қатысты азаматтық іс жүргізу құқығының жиынтығы бойынша 68, 72, 73 және 74-баптар,
- Австрия: үшінші тараптың ескертулеріне қатысты азаматтық іс жүргізу құқығының жиынтығы бойынша 21-бап,
- Венгрия: үшінші тараптың ескертулеріне қатысты азаматтық іс жүргізу құқығының жиынтығы бойынша 58-60-баптары,
- Швейцария, осы Конвенцияның 6 (2) және 11-баптарында көрсетілген юрисдикциямен қамтамасыз етпейтін азаматтық іс жүргізу құқығының жинақтауы қолданылатын кантондарға қатысты: үшінші тараптың азаматтық іс жүргізу құқығының жиынтығын қолдану туралы ескертулеріне қатысты тиісті ережелер.
Достарыңызбен бөлісу: |